Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор ИОТ (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

50. Құрылымдық сызық, бетті талдау.

Рельеф пен жобалық беттердегі ерекше аймақтарды үлгілеу үшін құрылымдық сызықтар қолданылады. Құрылымдық сызықтар профильге ие үшөлшемді сызық болып саналады, оның профилі құрылымдық сызықтың жоғарғы орналасуын анықтайды. Құрылымдық сызық үшін керек жағдайда екінші профильді де құруға болады. Бір ғана профильдің болуы беттерді үлгілеу кезінде жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар тік немесе тігірек беттерді (тік жар, тіреу қабырғалары, жүретін аудандардың жиегі, бордюрлармен шектелгендер және т.б.) суреттеу керек кезде орын алады.

Осындай тапсырмаларды шешу үшін екі профильді құрылымдық линиялар арналған. Бір профильді құрылымдық сызықтар – жоғарғы (мысалы, тіреу қабырғаларының немесе бордюрлардың жиегі) және басқа – төменгі, вертикалды беттерді анықтайды.

КРЕДО жүйелерінде құрылымдық сызықтар үшін дұрыстық ұғымы енгізілген. Дұрыс емес құрылымдық сызықтар деп жоспарда құрылу барысында басқа құрылымдық сызықпен немесе өзімен өзі қиылысса немесе тиіп кетсе, ал профильде сол құрылымдық сызықтардың белгілерінің қиылысу немесе тиген нүктелері сәйкес келмей қалуын айтады. Құрылымдық сызықтар қиылысқан кезде, екінші профиль тек біреуінде ғана болатын болса, екеуінің біреуі дұрыс емес сызық болып қалады. Дұрыс емес құрылымдық сызықтар беттерді құруда қатынаса алмайды.

Құрылымдық сызықтар Поверхность/Структурная линия командасы арқылы құрылады. Құрылымдық сызықтарды құру процесін шартты түрде екі этапқа бөлуге болады. Бірінші этапта құрылымдық сызықтың жоспарлық геометриясы анықталады (әлдеқашан бар полилиниялар мен примитивтарды көрсетеді немесе жаңа элементтер құрылады), екінші этапта құрылымдық сызықтың жоғарғы орналасуы анықталады. Интерактивті құрылыстың аяқталуынан кейін құрылымдық сызықтың параметрлері ашылады. Онда бірінші профильдің құрылу әдісін анықтау қажет, сонымен қатар, керек болған жағдайда екінші профильдікін де. Жүйеде бірінші профильдің құрылу әдістері берілген.

Жоспарда құрылымдық сызықтың түзету командалары және профильдер терезесіне өту командасы Поверхность/Редактироватьструктурную линию мәзірінде орналасқан. Құрылымдық сызықтың қасиеттерін (сақтау қабаттары, құрылу бағыттары (төңкеру)) және оның жоғарғы орналасуын (бірінші профильді алдын ала анықтау, екінші профильді өзгерту және тағайындау) өзгерту үшін Параметры командасы қызмет етеді. Құрылымдық сызықтың жоспарлы орналасуын өзгерту үшін Изменить узлы и звенья командасы қолданылады.

Согласовать отметки при пересечении Командасы дұрыс емес құрылымдық сызықтардың алдын алу үшін раналған. Работа с профилями Командасы Профиль терезесін ашып береді, онда бірінші және екінші профильді көруге, талдаға, сонымен қоса жобалауға және түзетуге болады.

Бетті талдау

Құрылған беттерді талдау үшін разрезді көруге арналған функциясы құрылған (Поверхность/Разрез). Беттердің қиылысуы еркін нүктелер арқылы немесе таңдалған жоспар сызықтары арқылы іске асуы мүмкін. Құрылымдық сызықтардың профильдерін Профильдер терезесінде талдауға болады. Сонымен қатар беттерді көру үшін 3D-вид қарастырылған.