Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор ИОТ (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

18.Credo бағдарламасындағы мәліметтерінің типтері. Тақырыптық мәліметтер.

Жағдайдың цифрлық моделі CREDO ГЕНПЛАН жүйесінде жергілікті топографиялық объектілердің сандық көрінісі болып табылады. Бұл көрініс объектілердің геометриялық сипаттамасын, олардың шарты белгілерін көрсетілуін және классификаторда құрамы берілген семантикалық сипаттамасының жиынтығын қосады.

Жағдайдың цифрлық моделі элементтерінің түзілуі классификатор құрамын кіретін тематикалық объектілермен орындалады. Арнайы қосымша Классификатор Редакторы арқылы классификатор редакцияланады және толыктырылады.

CREDO жүйесінде тематикалық объектілердің көмегімен проекцияланатын және бар коммуникацияны, жасылджандыру элементтерін және көркейтуді, ғимараттар және оларды салу және т.б. жасауға болады. CREDO III жүйесінде тематикалық объектілер нүктелік, аудандық және сызықтық болып бөлінеді. Нүктелік, аудандық және сызықтықтың семантикалық ақпараты тематикалық объектің қолтаңбасы түрінде моделде көрінеді. Көп жағдайда тематикалық объектілер мынадай ретпен жасалады:

1. тематикалық объектің толқынды жағдайын анықтайтын геометриялық құрылым орындалады. Геометриялық құрылым меню Построения командасының тобымен жүзеге асады. Не болмаса геометриялық построения меню Ситуация (жағдай) команда топтарының көмегімен шартты белгілердің тағайындалуымен бір уақытта орындалады.

2. классификатор объектісіне сәйкес келетін нүктелік, аудандық және сызықтық объектілерді иемдену, семантиканы анықтау меню Ситуация командасымен жүзеге асады.

3. объектінің семантикалық сипаттамасы есебімен қолтаңба жасау және оларды классификаторда реттеу. Қолтаңбаларды рәсімдеуді объектілерді жасау кезінде немесе тематикалық объектің Ситуация/Қолтаңба мәзіріндегі (меню) командалардың көмегімен жасалып болғаннан кейін орындауға болады.

4. Нүктелік тематикалық объект үшін қажеттілік кезінде белгі анықталады, сызықтық тематикалық объект үшін профилдегі биіктік жағдайы анықталады.

25. Credo жүйесінің қосымша компоненттері. Шаблондар редакторы

КРЕДО жүйесінде қосымша компоненттерге: шаблондар редакторы, геологиялық редактор классификаторы, классификатор редакторы, сызық және штрих редакторы, символдар редакторы.

Шаблондар редакторы (тізімдемелер, сызбалар т.б.) – кадастр спецификасының шаблондарын өзгертуге бейімделген КРЕДО ІІІ жүйесінің стандартты редакторы. Шаблондар Редакторы Шаблондарды Басқару диалогы арқылы ашылады (керекті шаблонды белгілеп, Редактировать батырмасын басу керек) бұл редактор құжаттардың шаблондарын (келісім шарт, қосымша келісім) түзетуге арналған. Шаблонды түзету процесінде оның параметрін өзгертуге, құрылымын форматтауға болады. Шаблонның типі мен түрі оны құру кезінде анықталады, соын түзеуге болмайды. Шаблондарды алдын ала дайындау және жөндеу Шаблондар Редакторында жүзеге асады. Шаблондар Редакторы кітапханасында сызбалар, штамптар, планшеттер, профиль торлары және тізімдеме шаблондарынан құралады.