Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_mtp.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

37. Меркосур-дың қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі

Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында құрылған Кедендік одақтың жұмыс істей бастағанына үш ай болды. Бұл одақ туралы түрлі пікірлер айтылып жатыр. Бұлай бірігу Қазақстан үшін тиімсіз деген де ойлар айтылуда. Осы орайда сонау 1991 жылы көршілес елдермен дәл біздің Кедендік одақ сияқты «Меркосур» атты экономикалық ұйым құрған Бразилияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Фредерико Мейерден сұхбат алған болатынбыз. Шетелдік дипломаттың айтуынша, жиырма жылдай жұмыс істеп келе жатқан Меркосур ұйымы өзінің өміршеңдігін көрсеткен. Дәл сол кезде экономикасы тұралып жатқан кейбір Латын Америкасының елдері осы ұйымға мүше болу арқылы еңселерін тіктеп, экономикасын аяғынан тұрғызып алыпты.

Фредерико Мейер, Бразилияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі

Меркосур – Бразилия, Аргентина, Парагвай және Уругвай арасындағы аймақтық сауда-экономикалық ұйымы. Бұл одаққа жақында Венесуэла да қосылуды жоспарлап отыр. Бразилия да Қазақстан секілді аймақаралық ұйымдардың құрылуына оң көзбен қарайды. Тек саяси ғана емес, экономикалық та. Мемлекет жетістікке жету үшін оның өзі ғана емес, шекаралас көрші мемлекеттер де дамыған, сауатты болуы қажет. Меркосур құрылған сонау 1991 жылы жер көлемі жағынан да, экономикалық дамуы жағынан да Бразилиядан көп кейін қалып қойған Парагвай бүгінде экономикасы өрлеп келе жатқан мемлекетке айналды.

1989 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде аймақтағы ең ұзақ сақталып келе жатқан Парагвайдағы Альфредо Стресснердің диктатурасы құлатылды. Чилидегі әскери диктатура ең соңғысы болып 1990 жылы құлады.

80 жж. Латын Америкасы тұралау және тіпті экономикалық құлдырауы кезеңіне аяқ басты. Аймақтағы елдердің көпшілігінде жан басына өндірілетін өнімнің мөлшері 1980 жылы деңгейінен кем болды. Осыған байланысты латынамерикалықтар 80 жж. «Зая кеткен он жылдық» деп бағалады.

Төмендегілердің бұқаралық саяси санасы оянып, саяси белсенділігінің артқаны Латын Америкасында «Солға қарай бетбұрыс жасаудың» ерекшелігі мен басты тұтқасы болды. «Солға қарай жасалған бетбұрысты» жеті ж. бойына бір өзі үстемдік еткен жаңа либерализмнен бөліп тұрған шек 1997-1998 жж. болды. «Солға қарай жасалған бетбұрыс» аймақтық көлемде 2002-2003 жж. аяқталды, бұл кезде жаңа либералдық жаңғыру өзіндік ағым болудан қалған еді.

Венесуэлада 1998 жылы өткен президент сайлауы Латын Америкасында солға қарай ілгері басқан алғашқы қадам болды. Онда солшыл бағыттағы жетекшілердің неғұрлым батыл өкілі Уго Чавес жеңіске жеткен еді. Оның ізінше аймақ елдеріндегі сайлауларда өкімет басына өткен кезеңнің жаңа либералдық тәжірибелерінен бас тартып, өз саясатының әлеуметтік бағдарламасын мәлімдеген саяси қайраткерлер келді.

2002 жылы Бразилияның президенті болып еңбекшілер партиясының жетекшісі Л.Инасиу Лула да Силва сайланды. Ол күрестің ортақ үш түрін – кедейшілікке, ашаршылыққа және әлеуметтік қайшылықтарға қарсы түрлерін, әлеуметтік реформалар бағдарламасын жариялады.

2003 жылы Аргентинада солшыл күштердің өкілі Нестор Киршнер президент болып сайланды. 2005 жылы Табаре Васкес Уругвай тарихындағы солшыл бірінші президент болды.

Боливиядағы президент сайлауында 2005 жылы солшыл радикалдық жетекші Эво Моралес жеңіске жетті, ол Латын Америкасындағы бірінші үнділік президент болды. 2006 жылы солшыл күштердің нағыз салтанатты жылына айналды. Бұл жылы солшылдар Чилиде, Коста-Рикада, Перуде, Бразилияда, Венесуэлада, Никарагуада, Эквадорда жеңіп шықты.

1991 жылы Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай төрт елдің кеден одағы нарығын құру туралы өздері арасындағы шартқа қол қойды. Жаңа бірлестік Оңтүстіктің Ортақ Нарығы (МЕРКОСУР) деп аталатын болды.

Соңғы жиырма жыл ішінде Латын Америкасында экономикалық ықпалдастықтың екі үлгісі арасында күрес жүріп жатыр. АҚШ ұсынған бір үлгі Латын Америкасын үстем құқығы бар ел ретінде Латын Америкасының біртұтас еркін сауда кеңістігіне енгізуді ұсынды., өйткені мұндай құрылымның жалпы ішкі өнімдерінің 70%-ы АҚШ-тың үлесіне тиеді.

МЕРКОСУР мысалы болып отырған екінші үлгі АҚШ пен ЕО тарапынан бәсекелестік болып отырғанда Оңтүстік Америка экономикасының топтастырылуын ұсынады.