- •Емтихан сұрақтары
- •60.Хеджирование
- •Халықаралық сауда құқығының түсінігі
- •3. Халықаралық сауда құқығы курсының жүйесі
- •4. Халықаралық сауда құқығының басқа құқық салаларынан айырмашылығы
- •5. Халықаралық сауда құқығының қайнар көздері
- •6. Халықаралық-құқықтық шарттар Халықаралық сауда құқығының қайнар көзі ретінде
- •7. Халықаралық сауда құқығындағы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі
- •9. Бағалы қағаздар түсінігі және оның негізгі түрлері
- •8. Халықаралық сауда құқығының объектілерінің түсінігі және түрлері
- •10. Қызмет көрсету нарығы
- •13. Сыртқыэкономикалық мәмілелер
- •14. Аукциондар
- •15. Инкотермс-2010
- •16. Аккредитивтің құқықтық реттелуі
- •17. Инкассоның құқықтық реттелуі
- •18. Хеджирование
- •19. Хекшер-Олин теориясы
- •20. Кедендік тариф
- •21. Франчайзинг түсінігі
- •22. Сақтандыру (кепілдік)
- •23. Шетел инвестицияларының режимі
- •24. Мемлекеттік сауда саясаты
- •25. Электрондық сауда
- •26. Халықаралық әуе тасымалы
- •27. Тарифтік емес реттеу шаралары
- •28. Халықаралық көлік тасымалы
- •30. Сауда өкілдігі
- •31. Халықаралық сауда мәмілелеріндегі талап ету мерзімінің ескіруі
- •32. Протекционизм саясаты
- •33. Евразэс аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •34.Нафта қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •35.Ефта қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •36. Асеан аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •37. Меркосур-дың қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •38. Лаг аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •39. Қайта құру және даму банкінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •40. Хвқ қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •41. Халықаралық қаржы корпорациясының қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •43. Ео аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •Экспортты дамыту жөніндегі шаралар
- •44. Портер теориясы
- •45. Рыбчинский теориясы
- •46. Халықаралық құқықтық теңіз тасымалы
- •47. Темір жол көлігі арқылы тауар және жолаушыларды халықаралық құқықтық тасымалдау Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы
- •48. Факторинг қызметінің құқықтық реттелуі
- •49. Лизинг қызметін құқықтық реттеу
- •50. Тримс мазмұнына талдау
- •51. Трипс мазмұнына талдау
- •52. Гатс мазмұнына талдау
- •53. Еркін сауда аймағы
- •54. Рфца қызметінің құқықтық аспектісі
- •55. Салыстырмалы артықшылық теориясы
- •56. Адам Смит теориясы
- •57. Дсұ ғы қр-ның құқықтық саясаты
- •Бірігудің мақсаттары мен міндеттері
- •58. Хсқ арнайы субъектісі
- •59. Дсұ субъектілері
- •Постсоветские страны и вто
- •60. Хеджирование
- •61.Хсқ делдалдық құқықтық мәртебесіне құқықтық сипаттама беріңіз
8. Халықаралық сауда құқығының объектілерінің түсінігі және түрлері
Халықаралық сауда құқығы - бұл халықаралық сауда қатынастарын реттейтін халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Ғасырлар бойында халықаралық экономикалық жалғыз бірден - бір түрі сауда болды. Халықаралық Сауда құқығы Халықаралық Коммерциялық құқық институты ретінде, қатысушылардың автономиялық еркі мен мүліктік дербестігінің теңдігінде негізделген , сатып алу сату нысанындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарының қатысуымен мүліктік және мүлекке қатысты мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың жалпы және арнайы нормаларының жүйесінен тұрады.
ХСҚ объектілері ретінде халықаралық сауда айналымынан алынбаған
азаматтық құқықтың объектілері табылады.
ХСҚ объектілері:
1. Тауар - материалдық дүние заттары. Белгілері: салмағы, сапасы, бағасы
белгілі болады;
2. Ақша;
3. Бағалы қағаздар - мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.
ХСҚ келесі бағалы қағаздар бар:
- Облигация - міндеттеме (қарыздың) бар екендігін бекітеді және оны
шығарған тұлға оның қайтарылуын белгілі бір мерзімнен кейін көрсетеді.
- Вексель – вексельұстаушыға онда көрсетілген мерзімде вексельберушінің
ақша көлемін куәландаратын құжат.
- Чек - банкінің чекте көрсетілген мерзімде чек ұстаушыға төлейтін
міндеттемені сақтайды.
- Коносамент - теңіздегі, өзендегі құнды қағаз, тасымалдау жүгінің
берілуін бекітеді.
- Акция - АҚ қатысушы құқығын бекітеді.
- Варрант - қоймада орналасқан тауарға кепілдеме құқығын куәландырады.
- деливери-ордер – яғни ордерден тұлғаға тауардан партиясын беруді
көрсетеді.
9. Бағалы қағаздар түсінігі және оның негізгі түрлері
(129-бап. Азаматтық Кодекс Бағалы қағаздар)
1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. 1-1. Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін. Борыштық бағалы қағаз — эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар. Үлестік бағалы қағаз — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз. 2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады. 3. Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша: 1) құжатты және құжатсыз; 2) эмиссиялық және эмиссиялық емес; 3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi. Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар. Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар. Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар. Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар. Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. 4. Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн.
136-бап. Облигация
1. Облигация - шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. 2. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады. 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы. 4. Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
139-бап. Акция
1. Акция - акционерлiк қоғам шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлiк қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. 2. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады. 3. Акциялардың түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. Акцияларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi. 4. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер төлеудi жүзеге асырмайды. 5. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзiнiң әрекетiмен немесе әрекетсiздiгiмен акционерлiк қоғамның мүддесiн бұзған акционерден акцияларды сот шешiмi бойынша сатып алу мүмкiндiгi көзделуі мүмкiн. Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн. 139-1-бап. Банктiк депозит сертификаты Банктiк депозит сертификаты - өз ұстаушысының шығару шарттарында белгiленген айналыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн не ол аяқталғанға дейiн номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгiленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз.
