Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otvety_mtp.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

47. Темір жол көлігі арқылы тауар және жолаушыларды халықаралық құқықтық тасымалдау Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы

Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Жолаушылар поездарының қозғалыс кестесі жарқағаздарда, әртүрлі анықтамалықтарда, Интернетте көрсетіледі.       Тасымалдаушы темір жол вокзалдарында және жолаушылар поездарында жолаушылар поезының қозғалыс кестесі туралы ақпаратты орналастырады.       Жолаушылар темір жол вокзалдарында жолаушылар поездарының аттану және келу уақыты, жолаушылардың жүру құны мен багажды (жүк-багажды) тасымалдау құны, поездарда бос орындардың бар-жоғы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітабының орналасқан жері, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал орын-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы қажетті де дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіледі.       Темір жол көлігі қызметтерін пайдаланушыларға арналған барлық ақпарат тасымалдау шарттарының өзгеруіне байланысты уақтылы жаңартылып отырады. Анықтама бюросы жолаушыларға ауызша және/немесе жазбаша ақпарат береді.       Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, рельефті-нүктелі Брайль қарпін, түйсік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.

Жолаушылар, багаж, жүк-багаж оларды тиісінше тасымалдау операцияларын орындауға арналған ашық темір жол станциялары мен аялдау пункттерінен темір жол станциялары мен аялдау пункттеріне дейін тасымалданады.       Станциялар мен аялдау пункттерінің ашылуы мен жабылуы, олардың атаулары мен олар орындайтын коммерциялық операциялар сипатының өзгеруі туралы ақпарат тиісті тарифтік нұсқауларда жарияланады.

48. Факторинг қызметінің құқықтық реттелуі

Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі. Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы. Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу – барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг нарығының 60 пайызынан артығы факторинг фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады.

«Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг – коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор — фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға регресс құқығымен – кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі.

Бұл ретте факторинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне алғашқы рет енгізілген. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін.

Коммерциялық кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді. Ақша қаражатының қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік талаптарымен берілуі тән банктік заем шартынан айырмашылығы сол, талап құқығын беріп қаржыландыру шартына банктің алушының талабы құқығын, үшінші тұлғамен (борышкермен) қандай да болмасын шарт бойынша қаражатты беруі талабымен беруі тән ақшаларды осылайша беру, әдеттегідей, мерзімділігі және қайтарымдылығымен сипатталмайды. Талапты құқығын беріп қаржыландыру шартының өзара байланысқан талаптары болып табылады. Талапты беру шартта, әдеттегідей, талап құқығын ақылы беру, ал ақшалай талап құқығы тек қана объектісі (нысанасы) болып келеді. Факторинг қаржы нарығының пайдалы құралы болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын және дебиторлық берешек әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады.