Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз әдебиет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482 Кб
Скачать
☆

23. Көркем шығармалардағы романтизм

Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері əдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде əсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-əрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді.

Қазақтың ғана емес, ғаламның бағына жаралған Абай Құнанбаев əлем əдебиетіне романтизмнің айқын белгілерін көрсетті, өзіндік Абай дəстүрін қалыптастырды, бұл табиғи үрдіс ХХ ғасыр басында рухани жаңғыруға үндейтін М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармаларында өз жалғасын тапты. Абай романтизмінен өзге елдің билігі əсерінен халықтың ыдырап, ұсақталуына қынжылыс байқалды. Ал Ақылбай мен Мағауия сюжетке құрылған романтикалық поэмаларында («Қисса Жүсіп», «Медғат — Қасым») «ерекше жағдайда ерекше мінез жасау» арқылы индивидуалдық романтизмге жол салды.

Мағжан нағыз романтик ретінде өмір, өлім, өнер, табиғат, махаббат жайындағы пікірі ерекше. «Батыр Баян» поэмасын — романтикалық деп алуымызға болады. Мұнда ақын жалғыздықты жырлайды. Қалмақ қызының сұлулығын, əсемдігін автор өз сөзімен жеткізгендей болады. Заман мен ақын, тарих пен ақын, ел намысы, махаббат, туыс сезімі жəне қызғаныш сияқты құбылыстармен астастыра жеткізуі «Батыр Баян» поэмасын рухани сеніммен, келешекке көз тіккен үмітпен аяқтауының өзі кез келгеннің қолынан келе бермейтін жай екендігіне көзімізді жеткізеді. Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалық батыр Баян –деп, Баянды өзге батырдан жоғары қояды. Мағжанның поэмасында бар батырлар кездеседі: Хан Абылай, Қанжығалы Бөгенбай, Ер Жəнібек, Жас Жанатай. Поэманың алғашқы жəне соңғы бөлімдерінде Мағжанның толғанысы бар. «Меннен» бастау алған терең лиризм Баянның оқиғасына əдемі үйлесіммен ауысады. Екі жас аттарынан ұшып түсті, Түскенде бірін-бірі құшып түсті. Жүректен атып, ыршып шыққан қанмен Жалғыз-ақ «Ах» десті де «Жаным!» — десті. «Батыр Баяндағы» жүрек шері, сезім толғауы, -Дариға, жазамнан да күнəм басым, Тəңірден кешірім болмас, дегенмен алты алаш кешер»,-деп аласұрған Батыр Баяндағы жан арпалыс байқалады. Романтизм романтизмге келіп, оның жалпы жүрісін өзгертуге əрекет жасап, шамалары жетпей, кейін одан кетуге мəжбүр болған романтиктердің өздерінің жеке бас тарихтарымен де сəйкес келе бермейді.Романтизмді реализмнен бөліп əкетіп, араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жоқ. Белинскийше айтсақ, «бір-біріне кереқар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас əдістер». Бұл сөзімізге дəлел ретінде «Гүлсімге» өлеңін саралайық: Ботакөз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым, Əр жерде өткізсек те өмір таңын-деп өз жырларын арнайды. Бұл өлеңнен романтизм мен реализм қатар келгенін байқаймыз. Ақын көптеген кəрі жас ақындар жырлаған мамажай, сылбыр көктемге ұқсамайтын, өзгеше жан.

Романтизмнің əдебиетке əкелген жаңалықтарының бірі — адамды тануға деген құштарлық. Романтик қаламгерлер адамның жан дүниесіне, ішкі психологиясына үңіле отырып, оның рухани əлемінің құпиясын, тереңдігі мен күрделілігін, шексіздігін танытуға күш салды.

ХХ ғасыр басындағы əдеби процесте ұлттық психологиялық прозаны қалыптастырып, дамытуға ерекше үлес қосқан жазушы Жүсіпбек Аймауытов болды. «Ақбілек» романында қазақ қызының тағдыры шынайы суреттелгенімен, романтикалық бейнелеу тəсілдерін байқаймыз. Жазушы Ақбілек пен орыс офицерінің «ерекше» қарым-қатынасын, таудағы тосын тіршіліктерін романтикалық ыңғайдағы бейнелі көріністер арқылы суреттейді. Ауылын шапқан, анасын өлтірген, өзін зар жылатқан қас жауын Ақбілектің жек көруі тиіс. Алайда алғашқыда оның санасында туған ашу мен жек көру сезімі кейіннен басқа реңк алады. Екіұдай күйге түскен қыздың ойын, ақылы мен сезімінің қақтығысын жазушы дамылсыз құбылу үстінде бейнелейді. Сонымен қатар романда Ақбілектің өмірге деген құштарлығы анық көрінеді.

Қоғамды қамтитын алуан түрлі көңіл-күйлердің, сезімдердің барлық реңктері романтизмде нақты көрініс табады. Тарихтың қиын-қыстау өтпелі тұсында, болашаққа деген сенім бұлыңғыр тартқан сəттерде романтизм құбылысы түлеп, күшейеді де, келешекті болжаудың көркемдік құралына айналады. Заманының əлеуметтік жағдайына көңілі толмау, айналадағы өмірге сын көзімен қарау, əсем идеал мен нақты болмыс арасындағы ымырасыздық, субъективті əлемге көбірек ден қою — романтизм эстетикасына тəн белгілер. Осы орайда жеке тұлғаны, оның ішкі əлемін жеке ғарыш ретінде қарастыру, адам рухының еркіндігі жəне сол рух еркіндігін бар болмысқа қарсы қоя отырып, өмірдегі бар нəрсе туралы емес, болуы мүмкін дүниелер туралы ойлау романтикалық идеялардың тууына алғышарттар қалыптастырды.

Замана, дүние қайшылығын түгелдей шешіп тастауды армандайтын романтиктер əлем əдебиетінде тұңғыш рет адам жанының аса күрделі ішкі əлемін, оның тұңғиық иірімдерін ашып көрсетті. Адамға, оның сезіміне, санасына əсер етіп, оны тұлға ретінде қалыптастыру романтизмнің көркемдік жетістігі болды.

Романтизм əдебиетке жаңа тақырып, жарқын кейіпкерлер əкелді, сөз өнерін көркемдік ерекшеліктермен байытты. Қазақ əдебиетінде Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ə.Əлімжанов, Ə.Нұрпейісов, Ə.Кекілбаев, О.Бөкеев, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, О.Сүлейменов, тағы басқа қаламгерлер қалап кеткен қабырғалы «pомантизм» бағытын бүгінгі таңда талантты жазушылар да қалт жібермей, өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануда.