Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз әдебиет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482 Кб
Скачать
☆

76. Қазтуған жырау толғауларының тақырыптық арнасы

Жырау толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар поэзиясы - халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтары мен елдің сол дәуірдегі саяси-әлеуметтік тұрмыс тіршілігін, ой-санасы мен ақыл ойын, дүниетанымдық болмысын көркем де бай құнарлы да бейнелі тілмен айшықтайды.

Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшелігі философиялық терең ой мен дидактикалық мазмұнға, саналуан экспрессия мен эмоцияға, өсиет-нақыл сөздер мен афоризмдерге, соны тіркестер мен синтаксистік параллелизмдерге, дыбыс үндесулері мен ішкі ұйқастарға, ырғақтық топ пен лингвопоэтикалық интонацияға толы.

Жыраулар мектебінің осындай көрнекті өкілдерінің бірі - Қазтуған Сүйінішұлы.

Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жыр толғауларының көпшілігі сақталмай тек бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзінен-ақ Қазтуған жыраудың қазақ әдебиет тарихынан берік орын алғанына көз жетіземіз. Жыраудың қиялының ұшқырлығы мен кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын айғақтайды.

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ақала ордам қонған жұрт,

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт,

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қоңымды жуған жұрт,

Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт.

Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салуалы менім ордам қонған жер,

Жабағалы жас тайлақ

Жардай атан болған жер,

Жатып қалып бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер,

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең,

Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы жаптырмас,

Бақасы мен шаяны

Кежідегі адамға

Түн ұйқысын таптырмас,

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың,

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт!..

Ноғайлы жұртынан қалған кең жазира қазақ даласының қасиеті мен құндылығын, барлығы мен байлығын сөз өнерімен шендестірген Қазтуған жыраудың ел мұраты идеясы бүгінде заңғар көкпен астасқан мұнараларға, көркіне көз тоймас ғажап ғимараттарға, өндіс пен техникалық зауыттар шоғырланған экономикалық орталыққа айналып отыр. Қазтуған бабамыздың ел мұраты идеясының мазмұны Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясымен астасып жатыр. Оның астарына үңілсек, «Біз – біртұтас халықпыз. Біздің ортақ тағдырымыз – Мәңгілік Ел, біздің лайықты да ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел – жалпықазақстандық шаңырағымыздың ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың аңсаған арманы» деген жолдарға кез боламыз. Қашан және қай жерде болмасын ұлттың ұлт болып қалуы мен өсіп-өркендеуі – тыныштық пен бірлікте екені даусыз. Халқы үшін жан аямай қызмет еткен бабаларымыздың өнегелі өмірі мен жауһар жырларының идеясында да осы ұлт бірлігі алғашқы орынға қойылған еді.