- •1.АйТыс ӛнері және оның зерттелу мәселелер
- •2. А. Байтұрсыновтың көсемсөз саласындағы еңбегі.
- •3. Əдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
- •4. Ы.Алтынсариннің ақындық, жазушылық шығармашылығы.
- •7. Əдебиеттің танымдық мәні
- •8. А. Игүнекидің Ақиқат сыйы
- •9.С.Торайғыров поэзиясының коркемдік жаңалықтары
- •10.Лирикалық тек және оның жанрлық түрлері
- •11. Шешендік өнер, қызметі мен қоғамдағы мәні.
- •12. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
- •13.А.Иассауидің өмірі мен хикметтері
- •14.Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік идеялық ерекешеліктері
- •15. Қазақ әдебиетін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •16.Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны
- •17. Жұбан Молдағалиевтың эпикалық дастандары
- •18. Жазбаша жұмыстар арқылы тіл дамыту
- •19. Фото жіберілді
- •21. Әдебиетті оқыту әдістері
- •22. Сүйінбай толғаулары, арнаулары, айтыстары.
- •23. Көркем шығармалардағы романтизм
- •24. Әдеби-теориялық ұғым түсініктерді оқыту жолдары
- •26. Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары.
- •27. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар.
- •28. Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.
- •29. Драма, оның түрлері
- •30. Драмалық шығармаларды оқытуда қойылатын талаптар
- •31. Көркем бейне жасауда типтендіру тəсілі
- •32. С.Торайғыров поэзиясының жаңалығы
- •33. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау
- •34. Мазмұн мен пішіннің бірлігі.
- •35. Сара Тастанбек қызының ақындық шығармашылығы
- •2. Әдебиет пәні бағдарламасын жасаушы әдістемеші ғалымдар
- •3. Ішкі Монолог пен диалог
- •4. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •37. Жырау,жыршыақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары
- •38. Ұлы Отан соғысы және қазақ әдебиеті
- •39. Оқытудың жаңа технологиясы
- •8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •11. Дамыта оқыту технологиялары.
- •42. Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту
- •44. Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі
- •46. М. Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" сөздігі.
- •47. Бейімбет Майлиннің прозасы
- •48. Мазмұндама жаздыру арқылы сөйлеу тілін қалыптастыру
- •49. Лиро-эпостық жырлар
- •52. Əдебиеттің тектері мен түрлері
- •53.С.Сейфуллин поэзиясының тақырыптық, жанрлық сипаты
- •57. Көркем шығарманы оқытуда оқушының білім-білік дағдысына қойылатын талаптар
- •58. Өлең бунағы мен буын түрлері
- •59. Бұқар толғауларындағы заман шындығы
- •60. Əдебиетті оқыту əдіс-тəсілдері жөніндегі еңбектер.
- •63. Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •64. Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы
- •65. Ғабит Мүсірепов драматургиясы
- •66. Шығарма жазуға үйретудің əдіснамалық негіздері
- •68. Шоқан Уалиханов және ауыз əдебиеті
- •70. Көркем троптар.
- •71. Мақал мен мәтелдердің жанрлық белгілері
- •73. Ақтамберді толғауларындағы басты сарын
- •74. Көркем шығармадағы реализм
- •75. Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда жас ерекшелік мəселесі
- •76. Қазтуған жырау толғауларының тақырыптық арнасы
- •77. М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлер жүйесі.
- •78. Сыныптан тыс оқу сабақтарын өткізудің әдістемесі.
- •79. Ішкі Монолог пен диалог
- •80. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •82.Ұйқас жəне оның шумақта атқаратын рөлі.
- •83. Ертегілер,жанрлық түрі
- •84. Прозалық шығармаларды оқыту.
- •86.Абайдың махаббат,табиғат лирикасы
- •87.Әдеби кейіпкер бейнесін талдау
- •88. Қазақ өлеңіндегі аллитерация мен ассонанс
- •90. Мұғалімдерді даярлау
- •93. Жаңа технологиямен оқытуда қолданылатын тəсілдер.
- •94. Көркем бейне және бейнелілік
- •95.Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •97. Балалар фольклоры
- •98. С. Муканов шыг/нын зерттелуи
- •99. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
- •101. М.Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі ізденістері.
- •102. Сын тұрғысынан ойлау әдісі
- •103. Көркем бейне жəне мінез
- •104. Д. Бабатайұлы шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері.
49. Лиро-эпостық жырлар
Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы , иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір -бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.[1]
Лиро-эпостық жырлардың түрлері
Қазақ Лиро-эпостық жырлары негізінен екі түрге бөлінеді:
Қазақ халқының төл туындылары - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім - Зылиха"
Шығыс әдебиеті негізінде назира гөйлік дәстүрде жазылған қиссалар "Мұңлық - Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир - Зуһра", "Жүсіп - Зылиха", "Шәкір - Шәкірат", т.б.
Лиро-эпостық жырларында тұрмыс-салт жырларының айтыс, жоқтау, жар-жар, жұбату, жұмбақ айтыс, қоштасу, сыңсу сияқты түрлері өте жиі кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін Лиро-эпостық жырларын жинап, жариялауда орыс ориенталистері В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Потанин, т.б. көп еңбек сіңірді. Лиро-эпостық жырларды С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, т.б. ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбектер жазған.
50. Махамбет Өтемісұлының күрескерлік жауынгерлік азаттық әуен жырлары
Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен
батырлар тарихында да, ақындар тарихында да жарық жұлдыздай
жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқ дара да дана тұлға!
(Ж. Құлиев)
«Ерлік істелмесе, ешкім де қалам тербемейді», рас! Абайша айтқанда «қалың елім, қазағым, қайран жұртымның» басына түскен тарих теперіштері қаншама? Өр де ер Махамбеттей жалынды ақын жырлары тарих тереңіне еріксіз үңілуге мәжбүр етпей ме? М. Шахановтың «Төрт ананың» бірі санаған ұлы тарихтың рухани кәусар бұлақ әдебиетімізбен сабақтастығы да осында. Дана Абай сынай бағалаған «өлеңі бірі жамау, бірі құрау» ақындар сапынан табылмай, халық мұңын мұңдап, қайғысы мен қуанышын шынайы жырлаған, жалынды жырларды дүниеге әкелген ақын ол. Махамбет жырлары арқылы өзі өмір сүрген замана шындығы ашылмады ма? Халқымыздың ХІХ ғасырдағы тарихын зерделесек те, әдебиетші қауым, біз, Махамбеттің өлеңдерінсіз ол дәуірге аттап баса алмайтынымыз шындық.
Абайды «ұлы ақын», Сәкенді «төңкерісшіл ақын», Сәбитті «халық жазушысы», Бейімбетті «кедей табының» жыршысы» десек, Махамбетті қазақ әдебиетінде «жауынгер ақын», «күрескер ақын» санаймыз немесе С. Қирабаевша «ерлік пен елдік жыршысы» атайтынымыз да орынды.
Ойшыл Сартр «құдыққа үңіле берсең, ол өзіне тартып әкетеді» дейтіні қандай данышпандық! Ал Махамбет әлемі ше? Тура Абайды, Мұхтардың «»Абай жолын» оқи берсең, жаңа дүниелерге терең бойлайтыныңдай, Махамбет өлеңдері де әр кез қайталап оқыған сайын поэзия әлеміне деген құштарлығыңмен қоса өз әлеміне енгізіп жіберетінін қайтерсіз
Бұл тұрғыда Махамбет жырлары ғылыми айналымда жүрсе де, оның психологиялық та, философиялық бағытта әлі зерттей беруді қажет ететіндігін айтар едім. Оның ішкі әлемі өте күрделі, аса сабырлылықпен, жоғары білімділікпен, ақыл - ой, парасаттылықпен келуді қажет етеді - ау. Бүгінгі махамбеттанушылар да оның ішкі әлеміне қадам басу жолында. Айталық, махамбеттанушы ғалым Оңайгүл Тұржанның «Махамбет – нейролингвистикалық тұрғыдан да, тұжырымдамалық тұрғыдан да шексіз зерттеле беруге қабілетті әлем» деуінің өзі - ақ көп жайттан хабар беріп тұрған жоқ па? Немесе төрт жарым ғасырдан бері ағылшындар ұлы Шекспирді зерттеуін жалғастырып, шегіне жете алмаса, демек оның ұлт тәрбиесіне қатыстылығы жоғары деңгейде болғаны.
Ендеше неге Махамбет жырларының сырына әлемдік дәрежеде үңілмеске? «Шандоз» атты еңбегінде заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбаев: «... табиғаттан қалаған уақытында табыла бермейтін асылдай аса сирек кездесетін құбылысқа» балайды. Тіпті «ондай құбылыс тек қазақ түгіл, барша адамзаттың ғұмырында да көп кездесе бермегендігін» де ерекше атап өтеді. Оның «Махамбет – кәдімгі он екі жілік, бір мығым жұмыр басты пенденің ертегідегідей аңызға айналуының, тек ертегіде ғана кездесетін ғажайып ерлердің қайтадан шындыққа айналуының таптырмас бір мысалы» дегенінен - ақ ұлы ақын жанын түсінуге, зерттеуге қаншалықты қажыр - қайрат пен сезім тереңдігі керек екенін болжау қиын емес. Махамбет ұлттық идеямызды насихаттауымыздың басты тірегі болуға тиіс. Егемен еліміздің тізгінін ұстар болашақ ұрпақ Махамбет жырларымен сусындап, ондағы ерлік сезімімен қаруланулары шарт.
Ондағы отансүйгіштік қуат аса жоғары деңгейде. Белгілі бір көтерілудің нәтижесі, яғни қуаты өз дәрежесінде үлкен патшалықты жоюға дейін апаратыны сияқты өлең қуатының да соншалықты деңгейдегі қасиеті болатынын ескеру де керек болар. Кез келген қоғамда поэзияның орны жоғары. Ол қоғамға қажеттіні дәл таппайтын ба еді? Өйткені поэзия қуатты сөзден тұрмақ. Ерлік пен елдік, көркемдік, махаббат, адами қажеттіліктер – бәрі - бәрін іздесең, поэзия ғана танытар. Поэзия елге, қоғамға қызмет етуге тиіс. Махамбет жырларын түсіну рухани баюға тәрбиелейді. Жылатпайды, жігерлендіреді, күңірентпейді, қуаттандырады, үрейлендірмейді, шабыттандырады. Мұндайда жауынгер ақын жырларының қуатын зерделейік.
Тарихтан белгілі ХІХ ғасырдағы ірі тарихи оқиға – 1936 - 1841 жылдардағы Батыс Қазақстанда Бөкей ордасында болған Ресейлік патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы көтерілген қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалысы. Көтерілісші сарбаздарды жігерлендіре ұлы арман – азаттық әлеміне сеніммен бастау – өр ақынның басты мақсаты. Ал халық мұраты Махамбеттің ақындық жүрегіне нық беки ұялаған. Күні бүгінге дейін өз оқырманын ерекше сезімге бөлейтін ақын жырларының құдіретті күші неде? Отаншылдық рухтылығында, азат өмірге деген сенімде, поэтикалық қуаттылығында.
Махамбет жырларындағы ерлік тақырыбы қос бейне арқылы ашылады: көтеріліс басшысы Исатай бейнесі және өз бейнесі. Олардағы қайсарлық, ер мінез – барша жауынгерге, бүгінгі ұрпақ сарбаздарына ғажайып өнеге.
Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып,
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер білінді,
Исатай – басшы, мен – қосшы.
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.
51. Көркем мәтінмен жұмыс түрлері. Көркем мəтінді талдау түрлері.
Талдау сөзінің алғашқы терминологиялық мағынасы – “зат пен құбылысты танып, ілу”дегенді білдіреді. Талдау əдісі – бұл əдеби талдаудың ғылыми негізделген əр түрлі жолдары мен тəсілдерін іздестірумен айналысатын сала. Əдеби шығарманың мазмұнын меңгергеннен кейін оған талдау жасалады. Əдеби талдау кезінде көркем мəтінді кез келген бөлшектерге бөліп, жіктеуге болады. Мəтінге талдау жасай отырып, біз суреткердің ой‑мақсатын, дүниетанымын білуге ұмтыламыз. Талдау жасағанда мəтіндегі əрбір шағын, жеке элементтер де назардан тыс қалмау керек. Əдеби талдау үстінде көркем шығарманың мазмұн‑пішіні, кейіпкерлер қатынасы мен тілдік құралдар ашылады. Əдебиетті оқытудағы басты мəселе – шығармаға, яғни көркем мəтінге талдау жасау. Əдіскер Т.Ақшолақов көркем шығармаға талдау жасаудың төрт түрлі əдісін көрсетеді. Олар: образ бойынша талдау; проблемалы талдау; тұтас талдау; тақырыптық талдау.
1)образ бойынша талдау - кезінде оқушылар адамды танып‑біле отырып, сол кейіпкер бойындағы ұнамды, адамдық қасиеттерді білуге талпынады. Əрине, шығармадағы қандай орталық кейіпкердің барша қасиеті жеке‑дара ашылмайды. Себебі, автор өз кейіпкерін мəтіндегі əр алуан іс‑əрекеттермен, оқиғалармен, басқа кейіпкерлермен байланыстырады. Яғни, бас кейіпкер шығармада қанша алғы орында көрсетілгенімен, ол басқа кейіпкерлермен қарым‑қатынасқа түсіп, іс‑əрекет үстінде байланысып отырады, сол арқылы толыққанды ашылады. Сондықтан, көркем шығармадағы бейнелер жүйесін өзара тұтастыру қажет.
2)пробоемалы талдау-Көркем шығармада сан тарапты əрекеттер баяндалып, көптеген қарама‑қайшылықты, талас пікірлі оқиғалар туындап жатады. Осыған байланысты жазушы көтерген проблеманы танып‑білу керек. Ол үшін оқушыны ізденіс‑толғанысқа бастайтындай, туындының идеялық‑эстетикалық қуатын танытатындай жұмысқа бастау керек. Осыған байланысты оқушының алдына проблемалық ситуация ұсыну қажет. Мəселен, С.Көбеевтің “Қалың мал”, М.Əуезовтің “Көксерек” т.б. шығармалары өтілгенде тап тартысы, бай мен кедей мəселесі, табиғатты қорғау, жаратылыс байлығын сақтау, халықтық ғұрыптың сақталуы жайлы проблемалы сауалдар əзірлп, оқушылардың бүгінгі күн тұрғысындағы көзқарасын айтқызуға, ой бөлісуге шақыруға болады. М.Əуезовтің повесінде Құрмашқа əкесі қасқырдың бөлтірігін əкеліп береді. Құрмаш енді сол бөлтіріктің айналасынан шықпай, тамақ беріп, қасына алып жатады. Осылайша өскен бөлтірік бірте‑бірте тағы мінезін білдіре бастайды. Күн өте ол үлкейіп, өседі, ауылдан ұзап кетіп қалып жүреді. Қыс түсе, ол тіпті қасқырларға қосылып, малдарға шауып, ауылдың мазасын кетіреді. Сөйткен Көксерек бірде малды бағуға шыққан Құрмаштың өзін мерт етеді. Ауыл болып қасқырды ұстау əрекетіне кіріседі. Осы тұста жемін тартып жеуге үйренген даланың жыртқышы қасқырды кінəлаймыз ба, жоқ оны қолға əкелген адам əрекетін жөнсіз санаймыз ба?
3)тұтас талдау,-Бұл шығарманың желісіне сай жүргізіледі. Мұнда көркем шығарманың бөлімдері бойынша ондағы оқиғаның дамуына сай автор ізімен жүре отырып, талдау жасалады. Мұның тиімді жағы шығармадағы оқиғаны, іс‑əрекетті жан‑жақты, жүйелі қарастырға мүмкіндік береді. Көбіне көлемді мəтіндерді талдағанда, ондағы оқиға ретіауыстырылып, қалыс қалдырылып немесе толық баяндалмай жатады. Бұл талдау осындай мəселеде реттілікті сақтап, оқиға барысын автор баяндауынан ауытқымай жүргізуге көмектеседі.
4)тақырыптық талдау-Бұл да ұтымды əдістердің бірі. Талдау кезінде көркем шығарма жан‑жақты, терең қарастырылады. Яғни, бір көркем мəтінді іштей бірнеше тақырыптарға жіктеп, əрқайсысына атау беріп, сол ретпен талдау жүргіземіз. Бұл
көркем мəтіннің тарауларын, ондағы оқиғаны топтап қарастыруға көмектеседі. Мəселен, “Ер Төстік” ертегісін бойынша “Ер Төстіктің достары”, “Ертегідегі жағымсыз қаһармандар” т.б. түрде тақырыптық жіктеулер жасауға болады. Ал, эпостық жырларда батырларды, арулар бейнесін, хандар мен тұлпарлар бейнесін топтап, тақырыптық үндестік жасауға болады.Мəселен, “Жырдағы батырлар бейнесі”, “Жырдағы əйелдер бейнесі”, “Жырдағы тұлпарлар бейнесі” деп топтап, екі жырдың ұқсастығын салыстырып, жыр мазмұнын толық игеруге болады.
