Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз әдебиет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482 Кб
Скачать
☆

53.С.Сейфуллин поэзиясының тақырыптық, жанрлық сипаты

Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.Сәкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды.Сәкен ең алдымен өзінің өмір сүрген дәуірін жырлап, оны қастерлеудің оңтайлы жолдарын таба білген жаңашыл ұлы тұлға. Құдай берген дарынын сәулелендіруге сазгерлігі едәуір демесін жасап, сал-серілігі ажарлай түскені тағы бар. Сәкеннің өзімен қатарлас қанаттас болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінен бір ерекшелігі оның ұлы ақындығында. Ал ақындығының ең мәнді сыры жаңашыл реформаторлығында. Жаңашылдықтың ең негізігі арнасы өмір сүрген замананың образын жасауында. Ақын жазушылар қай-қайсысы болмасын өз заманының образын жасауға талпынады, бірақ ондай дүние кез-келгеннің маңдайына жазылмайтын бақыт. Өзінің ақындық талантының үлкен бөлігін қоғамдық өзгерістердің жаңашыл сипатын ашатын саяси тенденциясы басым азаматтық әуенге арнағанмен, Сәкен поэзияда лирик ақын есебінде де әдебиетімізде елеулі орын алады. Сәкен лирикасы тақырыптық және жанрлық сыр-сипаты жағынан әр алуан. Ол туған даланың табиғатын, өлмес махаббатты, көңіл-күй әсерлерін жырлады. Соның бәрінде ақын адамның сезім күйін қоғамдық өмірмен тығыз байланыста көрсетті. Бұған дәлел -оның төңкерістен бұрын жазған өлеңдері.Жаңа дәуірдің лирик ақыны ретінде Сәкен өз шығармашылығында осы халықтық гуманизм мен демократизмді дамытушы болды.Сәкеннің табиғат туралы өлеңдері қазақ кеңес әдебиетінде табиғатты жырлаудың жаңа ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.Ол табиғаттың әсем жыршысы атанды. Көкшенің сұлу суреті осы күнге дейін оқырман ұғымында Сәкен есімімен сақталып келеді. Бұл тақырыпқа ақын көптеген өлеңдер жазды.Сәкеннің көңіл күйі лирикаларының ішінде «Сыр сандық» атты өлеңі көрнекті орын алады. Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен бұл шығармада ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды. Екінің бірі сол құздың басына шығып, сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ. Сыр сандығын ашып, адам жанының сым пернесін басқанда ғана дос көңілі, сыры шертіледі.Қиыннан қиыстырып, өлеңді ойға құру, мазмұнды түрмен ашу сияқты ізденістерді дамыта келіп,сылқым сылдыры ойнақы өрнегі бар «Сыр сандықты» дүниеге әкелді.

Сыр сандықты ашып қара, /8/

Ашып қара сырласым. /7/

Сым пернені басып қара, /8/

Басып қара жырласын. /7/

Өлеңді өрнектеуі де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып еріксіз би билеткендей.Сәкеннің ізденістері осындай өлең түрлеріне жеткізіп халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді.,

Сәкен сөз құдіретін еркін меңгерген суреткер.

Қара жерден аспан асып ұшайық,

Жерді, аспанды біріктіріп құшайық.

Аспан жерді қуыршақтай қапсырып,

Алып қолға ырғап-шайқап қысайық, — бұл өлең жолдарындағы бейнеліобраз ақынның қиялының ұшқыр екенін дәлелдейді. Аспандағы қызыл жұлдызды жердің сәніне айналдыру ниетінің өзі өрелі болса, жер мен көкті қуыршақтай ойнату сөз құдіретін меңгергендігінің көрінісі. Бұл айтылғандар Сәкеннің лириканың шекарасын батылдықпен кеңейте алғанын, оны тек нәзік сезімнің көрінісі түрінде қалдырмай, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн бере дамытқанын дәлелдейді. «Ананың хаты», «Анаға жауап» сияқты өлеңдерінде ол ана мен бала арасындағы сағынышты сезімге жаңа қызметшісі- баланың салиқалы ойын қосады. Ол сағынып, «елге қайт» деп үгіттеген анасына тоқтау айтады. Бұл өлеңдерде ескі өмір мехнатын көп тартып, баласын өмір үшін күреске тәрбиелеген ана мен күрескер, жаңа қоғам иесі баланың нақты образдары жасалған. Сөйтіп, Сәкен лирик- ақын есебінде ізгі адамгершілік мінездерді, айнымас достықты, ана деген қасиетті сезімдерді қастерлеуші болды. Мұхтар Әуезов ол туралы былай деген: «Сәкеннің ақындық асуларында әр жотадан атой бергендей тәкәппар сөз үндері «жабы емеспіз, тұлпармыз», «құладын емес, сұңқармыз», — деп, бұрынғы өткен тарихқа бүінгі оянған табына дабыл ұрады. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын ашық. Тұтас бітімді жоталы тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша нық сезім. Шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз Ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса,осындай қайнар көзден шығуға лайық», — деген кемеңгер ой Сәкеннің ұлы ақындығын қалтқысыз түсініп әдебиеттегі орнын айна-қатесіз белгілейді.Демек, өмір шындығына негізделген шығарманың қайсы болса да, қандай деңгейде жазылса да елеусіз қалмайтындығын көреміз. Бұл енді табиғатынан туатын құбылыс.

Сонымен, шын ақындық қуатпен жазылған шығармалар, әсіресе поэма-дастандар қазақ поэзиясына Сәкеннің қосқан інжу-маржандары еді. Сол туындылардың қадір-қасиеті уақыт озған сайын құрметтеле береді, жаңа ұрпақпен табыса береді.

54. Сабақ беруде жаңа технологияны пайдаланудың тиімділігі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс – әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгерту маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан- жақты дамыған басты шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру- оқытушының басты міндеті болып табылады. Қазіргі кезде мектептерде жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары қолдануда. Мәселен академик В.И. Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяшенконың ұжымдық оқыту әдісі принциптері, Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы, М.Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясы» Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибиеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Оқуышы санасына сәуле беріп түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып білімді жүйелі түрде меңгертуіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» мен М.Жанпейісованың «Модулдік технологиясының» маңызы ерекше. Молулдік оқыту технологиясы әдебиет пәніне лайық технология. Себебі – модуль дегеніміз үлкен бір жүйе. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушы бір үлкен тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алады.Өзін- өзі дамытады, бірін- бірі оқытады, білімді сапалы меңгереді, біреуден үйрену, біреуге үйрету арқылы логикалық ойлау, байланыстыру, сөйлеу, салыстыру, т.б. дағдыларды қалыптастырады. Кітаппен жұмыс, негізгі ойды ажырата білу, барлық оқушының бірдей жұмыс істеуі көзделеді. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі, дарынды балалармен тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі болады. Мектептерде «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы кең ауқымда дамуда.Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздену, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл қорытынды жасау « қарапайымнан күрделіге » деп аталады. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда жинақтаған білімді өмірге пайдалан алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады. «Оқу және жазу арқылы» сыни ойлауды дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушылардың білімін жан –жақты тереңірек ашуға, оларға бағыт бағдар беріп, әсер етуге.оқуы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету – ең тиімді жол. Шығармашылық тұлға қалыптастыру – қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі болып табылады.

55. фото

56. фото