Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз әдебиет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482 Кб
Скачать
☆

65. Ғабит Мүсірепов драматургиясы

Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкийтеатрында және Мәскеу қаласындағы театрларда, Франциядағы Нанси қаласы театрында (1984) қойылды. Бұл спектакльПариж қаласында өткен театр фестивалінде 1-орын алды (1981).

Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. Мүсірепов драматургиясы шиеленіскен әлеуметтік тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ, диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. СценарийінБ.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған “Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар.

Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» атты трагедиясы күні бүгінге дейін өзінің көркемдік құндылығының арқасында қазақ театрларының сахнасынан түспей келеді. Осы уақыт ішінде бұл шығарма туралы сан түрлі сын-пікірлер мен мақалалар жарық көрді. Солардың ішінде көрнекті әдебиет сыншысы М. Қаратаев пьесаға жоғары баға берген болатын. Пьеса туралы былай деген: «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы бүкіл қазақ драматургиясының құнды туындыларының қатарына қосылды"

Жазушының 1941 жазған «Ақан сері – Ақтоқты» тарихи трагедиясы  қазақ әдебиетінің дараматургия саласындағы шоқтығы биік туындысы.  Бұнда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, әрі ақыны, сал-серісі Ақан Қорамсаұлының  өмірдерегін суреттейтін және замана шындығын танытатын тарихи шындық сипатталады. Бұл пьеса 4 перделі, 5 суретті драма. Драматург осы шығармасының 2 түрлі нұсқасын жазған. Яғни, ол бірі драмалық шығарма болса, екіншісі «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясының опера либреттосы болып табылады

66. Шығарма жазуға үйретудің əдіснамалық негіздері

Шығарма жазуға үйретуде, алдымен, мынадай дайындықкезеңдер мен жаттығуларұйымдастырылады:

1.     Ойын дұрыс қарап, дұрыс байланыстыра білу;

2.     Сөзді тыңдап, сұрыптай білу;

3.     Тақырыпқа байланысты материал жинау;

4.     Тақырыпқа сәйкес жай күрделі жоспар жасау;

5.     Кіріспе, қорытынды жазуға үйрету;

6.     Тақырып бойынша, ойын реттеп жаза білуге үйрету т.б.

VI-VШ сыныптарда шығармалар тақырыбына қарай баяндау, хабарлау, суреттеу, мінездеу түрінде жазылатындығына белгілі: Мысалы, *Шекарашы*, *Ауылға барғанда*, *Өзенжағасында*, *Менің қуанышым*, *Халықтар достығы* т.б. әрине, ығарма жазу жұмысы әр оқушының білімі мен сөз байлығына, талабына, қабілетіне байланысты. ТәжірибеміздеҮ-ІХ сыныптарда әдебиет және қазақ тілі сабақтарында шығарма жазуға даярлық жұмысын былай топтастыруға болады.

І.Көргені мен білгені бойынша шығарма жазуға даярлау. Балалар үшін ең жеңілі — осы көрген-білгені жайлы шығарма жазу, Өйткені оқушы өз көрген-білгенін, өз басынан өткеноқиғаны есіне түгел сақтайды. Шығарманың мазмұнын басынан аяғына дейін ойланады оның жоспарын жасауға талаптанады, өзінің ой желісін тиянақтайды, сөз сөйлемдер құрастыру жолдарын қарастырады.

67.Тұрмыс салт жырлары.

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),

өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.

Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Бекмұрат Уақатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.