- •1.АйТыс ӛнері және оның зерттелу мәселелер
- •2. А. Байтұрсыновтың көсемсөз саласындағы еңбегі.
- •3. Əдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
- •4. Ы.Алтынсариннің ақындық, жазушылық шығармашылығы.
- •7. Əдебиеттің танымдық мәні
- •8. А. Игүнекидің Ақиқат сыйы
- •9.С.Торайғыров поэзиясының коркемдік жаңалықтары
- •10.Лирикалық тек және оның жанрлық түрлері
- •11. Шешендік өнер, қызметі мен қоғамдағы мәні.
- •12. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
- •13.А.Иассауидің өмірі мен хикметтері
- •14.Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік идеялық ерекешеліктері
- •15. Қазақ әдебиетін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •16.Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны
- •17. Жұбан Молдағалиевтың эпикалық дастандары
- •18. Жазбаша жұмыстар арқылы тіл дамыту
- •19. Фото жіберілді
- •21. Әдебиетті оқыту әдістері
- •22. Сүйінбай толғаулары, арнаулары, айтыстары.
- •23. Көркем шығармалардағы романтизм
- •24. Әдеби-теориялық ұғым түсініктерді оқыту жолдары
- •26. Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары.
- •27. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар.
- •28. Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.
- •29. Драма, оның түрлері
- •30. Драмалық шығармаларды оқытуда қойылатын талаптар
- •31. Көркем бейне жасауда типтендіру тəсілі
- •32. С.Торайғыров поэзиясының жаңалығы
- •33. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау
- •34. Мазмұн мен пішіннің бірлігі.
- •35. Сара Тастанбек қызының ақындық шығармашылығы
- •2. Әдебиет пәні бағдарламасын жасаушы әдістемеші ғалымдар
- •3. Ішкі Монолог пен диалог
- •4. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •37. Жырау,жыршыақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары
- •38. Ұлы Отан соғысы және қазақ әдебиеті
- •39. Оқытудың жаңа технологиясы
- •8. Кезеңдеп оқыту технологиясы
- •11. Дамыта оқыту технологиялары.
- •42. Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту
- •44. Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі
- •46. М. Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" сөздігі.
- •47. Бейімбет Майлиннің прозасы
- •48. Мазмұндама жаздыру арқылы сөйлеу тілін қалыптастыру
- •49. Лиро-эпостық жырлар
- •52. Əдебиеттің тектері мен түрлері
- •53.С.Сейфуллин поэзиясының тақырыптық, жанрлық сипаты
- •57. Көркем шығарманы оқытуда оқушының білім-білік дағдысына қойылатын талаптар
- •58. Өлең бунағы мен буын түрлері
- •59. Бұқар толғауларындағы заман шындығы
- •60. Əдебиетті оқыту əдіс-тəсілдері жөніндегі еңбектер.
- •63. Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •64. Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы
- •65. Ғабит Мүсірепов драматургиясы
- •66. Шығарма жазуға үйретудің əдіснамалық негіздері
- •68. Шоқан Уалиханов және ауыз əдебиеті
- •70. Көркем троптар.
- •71. Мақал мен мәтелдердің жанрлық белгілері
- •73. Ақтамберді толғауларындағы басты сарын
- •74. Көркем шығармадағы реализм
- •75. Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда жас ерекшелік мəселесі
- •76. Қазтуған жырау толғауларының тақырыптық арнасы
- •77. М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлер жүйесі.
- •78. Сыныптан тыс оқу сабақтарын өткізудің әдістемесі.
- •79. Ішкі Монолог пен диалог
- •80. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
- •82.Ұйқас жəне оның шумақта атқаратын рөлі.
- •83. Ертегілер,жанрлық түрі
- •84. Прозалық шығармаларды оқыту.
- •86.Абайдың махаббат,табиғат лирикасы
- •87.Әдеби кейіпкер бейнесін талдау
- •88. Қазақ өлеңіндегі аллитерация мен ассонанс
- •90. Мұғалімдерді даярлау
- •93. Жаңа технологиямен оқытуда қолданылатын тəсілдер.
- •94. Көркем бейне және бейнелілік
- •95.Әдебиет сабағында көрнекілікті тиімді пайдалану жолдары
- •97. Балалар фольклоры
- •98. С. Муканов шыг/нын зерттелуи
- •99. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
- •101. М.Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі ізденістері.
- •102. Сын тұрғысынан ойлау әдісі
- •103. Көркем бейне жəне мінез
- •104. Д. Бабатайұлы шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері.
70. Көркем троптар.
ТРОП ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Тілдің баюына жаңа сөздердің пайда болуы мен көне сөздердің жаңғыруы ғана ісер етпейді.Сонымен бірге қолданыстағы сөздердің түрлі мән иеленуі де қомақты үлес қосады.Бүл орайда тілімізде ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер құбылтулар (троптар) маңызды роль атқарады.Қаламгердің өз шығармасында алуан үлгідегі топтарды пайдалануы әшекейләк мақсаттан емес, нақты шыңармашылық қажеттіліктен туындайтын жағдай. Себебі шығармадағы қандай да бір троп түрі көркемдік тұрғыдан өзін өзі ақтауы шарт.Үлкен қаламгердің қай қайсыда тропты өзі бейнелемек қүбылыстың аса мәнді қасиетін айқын да көркем жеткізу үшін қолданады.Троптар әр түрлі құбылыстарға тән сипат белгілердің ұқсастық жақындықтарына негізделгенімен, бүл жаұындықтардың өзі түрлі деігейде болатыны түсінікті.Соған сәйкес троптар бірнеше түге бөлінеді:Олардың қатарына: метафора, кейіптеу, аллегория, метонимия, синедоха, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраз сияқты көркемдеу құралдары бар. Метафора(ауыстыру)- екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жаңастырып жақындату негізінде астарлы тың маңына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.М: Абай өлеңдерінде кездесетін жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі. Кейіптеу (ор,олицетворение) – жансыз табиғат бейнесін кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстыра суреттеу.м:Абайдың «қыс» өлеңінен мысал келтірсек. Ақ киімді денелі, ақ сақалды.Соқыр мылқау танымас тірі жанды Троптың құбылтудың бір түрі астарлау яки символ (гр.sumbulon - шарты белгі) - бір нәрсені құбылысты тура суреттемей, бүларға ұқсас басұа бір нәрсеге, не құбылысқақұпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.М. ақ көгершін бейбітшіліктің белгісі. Троптың бір түрі алмастыру, яки метонимия (гр.metenymia – қайтадан атау) өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орныныа бірін өолдану.М. Үй іші мәзб боп қой сойды, сүйіншіге шапқанға. Троптың бір түрі – синедоха яки мегзеу . Мегзеу – алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе жалпының орнына жалқыны қолдану.М. Дүңай салем жазамын Күйісбайға Бермек болған айғырдың көзі қайда Көзді көрсең бересің, тайсаң танып, (Абай) Екі көз де – әр нәрсенің өзі, жай бүтіннің орнына бөлшек алынып отыр. Троптың бір түрі – кекесін я ирония (гр.eironiaкелемеждеу); тағы бір түрі мысқыл я сарказм. Бүл арада кексін мен мысқылдың сһз ажары мен мағынасын һзгерту, түрлендіру қызметіне назар аударып өткен жөн. Қайтсін қолы тимепті Өлеңші, әнші есіл ер. Троптың бір түрі ұлғайту яки гипербола (гр.hyperbole үлкейтілген, қомақты); тақы бір түрі кішірейту яки литота (гр.litotes қарапайым).Бүл суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманығ оқырманға әсерән арттыра түседі. Жоғарғы ерні көк тіреп Төменгі ерні жер тіреп (Қоьыланды батыр)
71. Мақал мен мәтелдердің жанрлық белгілері
Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.
Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.
Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас – бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады.
Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Мысалы, Олақтан салақ жаман; жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме деген мақалдарды тікелей, тура мағынасында ұғынамыз. Ал Болат пышақ қын түбінде жатпайды; Қалауын тапса, қар жанар – деген мақалдарды келтірінді мағынасында қабылдап түсінеміз. Мұның алдыңғысы "асыл нәрсе қашан да жарық көреді, ол үнемі жасырын күйінде қалмайды, қалай да бір жарқ етіп шығады" дегенді, ал соңғысы «ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды» дегенді білдіреді.
Мақал - мәтелдердің көпшілігі образды, бейнелі түрде келіп, астарлы, ауыспалы мағынасында ұғынылады. Мысалы: Темірді қызға кезде соқ. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Сырын білмес аттың сыртынан жүрме.
[21.05, 23:27] Карлыгаш: Мақал - түсінікті тілде жазылған, тікелей айтылған мақалдар. Мысалы, күлме досқа келер басқа, ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос, адамды досына қарап таны, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мәтел - түсінігі қиындау, астарлы тілмен айтылған мәтелдер. Мысалы, Оң көзіңе Сол көзің қарауыл болсын, Жыланның уы басында, Бейқамның жауы қасында, Алажағым кетсе де, Айташағым кетпесін, аузы күйген айранды да үрлеп ішер, Бір кісі мың кісіге олжа салар, Ер мойынында қыл арқан шірімес, Екі жарты – бір бүтін.
[21.05, 23:27] Карлыгаш: Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады.
Менің ойсыз ойымша, мәтел біраз қысқа да түсініксіз болып көрінбек. Мақалдың мәні/ұйқасы болса, мәтел өте қарапайым және "аяқталмаған" күйде жазылмақ. Яғни, сөздердің құрылу тәртібінен ажырата аласың.
72.Лирикалық шығармаларды талдау. Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
Саяси-азаматтық Лирика
Махаббат Лирикасы
Көңіл күй Лирикасы
Табиғат Лирикасы
Лириканың тағы басқа түрлері - арнау, ой, романс, пастораль, эклога, эпиталама, эпитафия, эпиграмма, идиллия. Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір түрі - баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар. Антикалық әдебиетінде көп тараған идиллия уайым-қайғысыз жеңіл өмірді жырласа, одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар. Арнаулы өлшеммен жазылатын Лирикалық сонет үлгісін Е.Әукебаев, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Аманжоловтар қолданған. Элегия да Лирикаға жатады. Онда көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін Лирикалық шығармалар өте көп. С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С. Мұқанов, С. Мәуленов, Ә. Тәжібаев, F.Орманов, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев шығармаларында қазақ Лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.[1]
Лирикалық шығармаларды талдау, әрине, оңай емес,
Бірақ үйрету-біздің мақсатымыз. Ендігі талдау жүргізетініміз Абайдың «Бойы бұлғаң» өлеңінен үзінді. Бұл өлеңнің өзіндік ерекшелігі бар. 1) 4-7 буыннан құралған аралас буынды, 6 тармақты бір шумақ өлең. Өлеңнің шумағы да, тармағы да, буын-бунағы да әр түрлі. Негізінен,егіз ұйқастың тобына жатады. 2) Шығарманың мазмұнын білмей талдау мүмкін емес,сондықтан сөздік жұмысын жүргізіп, шығарманың қыр-сырын ашу керек. а) Бұлғаң-сырт бейнесін түзеген болып былқ-сылқ еткен. ә) Жылмаң-жылпос, жылмақай. б) Састым –абыржыдым, тым сасқалақтадым. г)Бетті бастым-ұялдым. 3) Өлеңнің тақырыбы, идеясына шолу жасау.
Абай өз заманындағы қу, сұм, жылпос жылмақайлардың жиренішті кейпін ашулы ызамен шенейді. Олардан аулақ болуға шақырады. Тіл мен әдебиет –егіз, сондықтан тіл сабағында әдебиетті байланыстыра оқыту әрбір мұғалімнің парызы.
4)Өлең құрылысы жағынан құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас құрмалас,4 сөйлемнен тұрады.а) Бойы бұлғаң,ә) Сөзі жылмаң, б)Мен сонан бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма-жан в) кімді көрсем
5) Сөйлемнің түрлеріне қарай: а)Бойы бұлғаң, сөзі жылмаң,-бастауыш пен баяндауыштан құралған жалаң сөйлемдер,ә)мен сонан бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма-жан-бірыңғай баяндауыштары бар жайылма сөйлемдер,б) Кімді көрсем-шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас.
Әдебиет пәні мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы – осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу. Оның ең бір тиімді жолы – үнемі оқушы пікірін, ойын таңдау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарлап, таныстыру емес, алдын ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5- сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5- сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту - аса күрделі мәселе (әсіресе, төменгі сынып оқушылары үшін). Жалпы бұл жерде айта кететін жағдай – қай шығарма болсын, мұғалім бар баланың ол туралы ойын біліп үлгере алмайды. Сондай – ақ бар бала да өзі оқыған туынды туралы сезімі, әсерін сол қалпында жеткізеді деу де қиын дүние. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынандай көмек – нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады (сабаққа дейінгі тапсырмалар):
1.Өлеңді асықпай,әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.
2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудар.
3. «Күздегі» адамдар іс - әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін есте сақта.
4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.
Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі.Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әр бұл жұмыста мұғалімнің басшылық - «көсемдік» орны да ерекше, Оқу баланың тікелей оз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Ол қандай мақсат? Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып - білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.
Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс - әрекетін дамыту. Сондай – ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік – эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін, т.б.бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.
Талдау кезінде мұғалім оқушылардың сол көркем туынды туралы сезіміне, жүрек лүпіліне, ойына біршама ене алады. Ол үшін қойылатын сұрақ, тапсырма мазмұны нақты, әрі басты мақсатты ашатындай берілуі тиіс. Талдау арқылы оқушы қабылдауын, пікір ашудың бір жолы – жазбаша жұмыстар жүргізу. Соның ішінде шығарма - талдау, шығарма – сырласу, шығарма пікірлердің маңызы зор. Мысалы, М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты еңбегін оқып болған соң, шағын ғана шығарма - толғаныс жаздыруға болады (талдауға дейін). «Маған Ертай мен Нартайдың қазасы қалай әсер етті?» немесе «Балалар қазасы. Ол туралы ойлансаң...» т.с.с.
Оқушы жазушы шығармасын тілге тиек ете отырып, талдауды осыдан бастауына болады. Мұғалім әрі баланың сезіміне бойлай отырып, сол сезімдер арқылы, оқушының қабылдауы арқылы оларды әдеби талдауға жұмылдырады, талдау белсенділігіне ықпал жасайды. Бұдан шығатын қорытынды: әдеби талдауды мұғалім ең алдымен оқушы сезімі, сол шығарманы қабылдау барысымен таныса отырып, соның негізінде жүргізуі керек. Яғни көркем туындыны оқушының қабылдауы мен оған әдеби талдау жасау бірлікте ұйымдастырылған жөн. Жоғарыда сөз болған «Күз» өлеңіне әдеби талдауды мынандай сұрақтармен жүргізуге болады:
1. «Күз» суреттері неге өздерің айтып жатқандай, «түсі суық сұр бұлт», «дымқыл тұман...» «жапырағынан айырылған қурайлар» арқылы беріледі?
2.Қалай ойлайсың, «Күзді» сипаттау үшін,кедей өмірі не үшін суреттелген?
3.Өлең неге жабырқаңқы көңіл күймен, ақынның көңілсіз үнімен жазылған? Осы арқылы өлеңдегі ақын мақсатын, ойын ашып бере аласың ба?
Кей жағдайларда оқушы әсері, сезім – күйін байқау сұрақтары мен талдау сұрақтары ұштастырылып беріледі (жоғарыда екеуінің бөлек құрастырылған үлгісі берілді). Бірақ мақсат – біреу. Екі сұрақ бір – бірінен туындап, бір – бірін толықтырып отыр. Оқытудың ілеспелі (последовательность), жүйелік принциптері әдеби шығармаларды оқу, талдауда ерекше орын алады. Мысал ретінде 5- сыныптағы Ә.Сәрсенбаевтің «Алтын күз» өлеңін талдау, сұрақ тапсырмаларының үлесін берейік (оқушы сезімін байқау, әрі талдау мәселелері бірге қарастырылып отыр).
1.Күзді сипаттайтын бейнелі сөздер, сөз тіркестеріне назар аударыңдар. Абайдың «Күз» өлеңіндегі бейнелі сөздері мен Әбу ақынның күзді суреттейтін сөздерін мына үлгіде теріп жазыңдар.
