Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 НСА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2, Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары

Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары туралы қазақша реферат

Басқа республикалар сияқты Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына он жылдан да асты. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.

Экономикалық жағдайды обьективті бағалау үшін ТМД елдері өз басынан тек жәй көшпелі экономиканы емес, оның кеңестік дәуірден кейінгі ерекше түрін өткеріп жатқанын ескеруіміз керек. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс және Орталық Еуропа, Жапония, Шығыс Азия елдеріндегі, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Балтық теңізі жағалауындағы елдердегі социализмнен кейінгі көшпелі экономикадан бөлек. Бірінші топтағы елдерде нарықтық қатынастар мен шаруашылық тәсілдерін соғыс бөліп кеткен-ді, соғыс аяқталысымен олар қайта қалпына келтірілді. Ал екін-ші топтағы елдердің социалистік жоспарлы экономикасы да онша көп уақытқа созылған жоқ, оның үстіне олардағы экономиканың кейбір секторларында шаруашылықтың нарықтық қатынастары сақталды, олар дамыған елдермен қанаттас еді. Сондықтан, бұл елдерде экономиканы өзгер-ту процесі жеңілірек болды.

Ал ТМД елдерінде нарықтық қатынастарды тыңнан бастау қажет болды. Кеңес адамдарында нарықтық әлеуметтік түсінік, кәсіпкерлік рух, демократиялық ой-пікір сияқты қасиеттер кеңінен дамымаған еді. Сондықтан да бұл елдерде нарықтық қатынастардың өмірге баяу енуі, қалыптасуы, бекуі түсінікті, өйткені оларда экономиканы басқарудың барлық буынында бұрынғы кадрлар іс басында отырғаны айдан анық еді.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

— экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;

— нарықтық қатынастарды құру және дамыту;

Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді,  сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғанғ қалыптаса бастаған болатын.

Міне, осындай жағдайда Ресей үкіметі бағаны тез ырықтандыруға, қатаң ақша – кредит және қаржы – бюджет саясатына, рубльдің(сомның) біртұтас жылжымалы курсына, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға және жекешелендіруді шапшаң жүргізуге, яғни «есеңгіретіп емдеу» саясатына негізделген реформаның стратегиясын ұсынды.

Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл бірден-бір жолы және түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Ре-форманың алғашқы сәтінде саналы түрде мақсат етіп қойылған «есеңгіреу» (шок) кеңес өкіметінен кейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмай-

тын қиындығы еді. Өйткені бұл экономикада баға алшақтығы жағдайында жасанды тағайындалған бағалар орын алған-ды, қайта құру заманында экономикалық саясаттың және біліксіз жүргізілген табыс саясатының нәтижесінде шектен тыс көп жиналған ақша массасы бар-тұғын, ал мұның өзі өте тапшы тұтыныс рыногын тудырған болатын. Қысып ұстап, қолдан жасалған жасырын инфлияция ашық түрге айналды. Бұл, осылай болуға тиісті, өйткені бұл қауіпті ісік көп жылдар бойы экономиканы іштен жеп, оның жазылмас дертіне айналған еді. Сондықтан одан жазылу үшін ауыр болғанымен «есеңгіретіп емдеу қажет болды.

Алғашқыда экономиканы ырықтандыруға және қаржыны шектеудің макроэкономикалық тұрақтандыруына негізделген басымдықтан гөрі құрылымдық өзгерістермен қабат жүретін экономиканы қаржыландырумен өндірісті өсіру қызықтырыңқыраған стратегия болды. Бірақ-та, аса зор инфлияция, қаржы жүйесі қаусаған, тұрғындар қолында жиналған ақшаның массасы шектен тыс көп жағдайда мұндай стратегия – экономикалық күйреу болды. Оның үстіне ондай стратегияны жүзеге асыру да мүмкін болмайтын, өйткені бұрынғы біртұтас кеңестік нарық бөлшектенді, бұрынғы шаруашылық байланыстар үзілді, ал басқа нарықтарға біздің тауарлармен шығу мүмкін емес еді. Экономиканы қар-жыландыруға қажетті ақшаны қандай да ақша станогы басып шығарып үлгермейтін еді, ақша тапшылығы күннен – күнге арта берген болар еді.

Бұдан басқа тағы бір қызықтырарлық стратегия нарыққа біртіндеп көшу болды. Алайда, коммунистік көзқарас басым, нарыққа қарсы институционалдық ортада оны жүзеге мүмкін емес еді. Нарыққа деген әр қадам, нарықтық тұрақтандыру тетіктері қатты қарсылық кездестіріп, ақыр аяғы ескі жүйеге қайтып келер еді.

Қалай болғанда да, сомдық аймақта отырған және Ресейдің Үкіметі Орталық банкі және Парламенті жүргізіп отырған экономикалық саясатқа тәуелді, өз валютасын енгізіп, оның курсын реттеп отыруға уақыты да тәжірибесі де және ресурсы, өзінің қаржы жөніндегі институттары жоқ Қазақстан Ресейдің стратегиясын оның кейінгі бұлтарыстарымен бірге қабылдауға мәжбүр болды.

Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды. Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция, өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу жылдарына айналды. Реформа жылдары инфляция деңгейі 13250есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жыл деңгейінің 50 пайызына, ал өмір деңгейі 4 есеге дейін құлдырады.

Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:

-барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;

-сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның

ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын

өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;

-1995 жылғы 1-шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық

саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды. Олардың алым көлемі

ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;

-түбегейлі институциалдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі – ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруа-

шылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80 пайыздан астамы жекеменшікте, мемлекет меншігінде тек 15,5 пайызы ғана қалған;

-рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100 ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30 дан астамы жеке меншіктегі, 72- сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, қосылып, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр. Ұлттық банк қабылданған заң бойынша тәуелсіз банкке айналды. Инвестициялық және қамсыздандыру компаниялары, зейнетақы және басқа қорлар сияқты банкке жатпайтын қаржылық институттар құрыла бастады, толық нарықтық тәртіпке қазақстандық банкаралық валюта – қаржылық биржа, бірнеше тауар биржасы – осының бәрі нарықтық экономиканың өзіне тән айнымас белгілері;

-нарықтық экономиканың, оны мемлекеттік реттеудің құқықтық базасы жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ.

Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:

-мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-

шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;

-экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;

-ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;

-жеке кәсіпкерлікті дамыту;

-отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;

-экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;

-Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.

3,

11-билет

1, Түркі-моңғол зерттеуші-ғалымдарының басым көпшілігінің пікірі бойынша, «казак» этнонимінің дұрыс аталуы – «қазақ». Орталық Азияның ежелгі ескерткіштерінде «казачество» түсінігі «еркіндік, еркін өмір-салт» ұғымының баламасы ретінде қолда­нылған. Ол Шығыс және Батыс елдері ав­тор­ларының жазған әдеби шығармалары куәландырғандай, сол мағынада көптеген ғасырлар бойы түсіндірілді. Түркі-славян қарым-қатынасының және байланысының беделді білгірі, академик Н.А.Баскаков: «казак-козак» сөзі көрші түркі тілдерінен поляк және украин тілдері арқылы алынған болуы мүмкін және орыс тіліндегі жазбаларда алғаш рет 1395 жылы «жұмысшы, батрак» мағынасында, ал кейінірек «козак» мағынасында, яғни әскери шекаралық қорғаныста міндет атқаратындар ретінде тіркелгенін пайымдайды. В. Даль «казак» – «козак» этнонимін «кезу, қаңғу», сол сияқты «гайдук», «гайдамак» сөздерінен пайда болуы мүмкіндігін атады. Н.А. Баскаков көрсетілген жоғарыдағы сөздердің мағыналарының барлығы бір-бірімен өзара байланыстылығын және жалпы мәні – «тәуелсіз адам» ұғымын беретінін нақтылай келе, «бұл мағынамен түркі ұлты – қазақ (казах) – еркін тәуелсіз көшпелі атауымен де байланыстылығын» алға тарта, қорытынды жасайды. Г.Ф.Благова «қазақ» және «казак» этнонимінің үйлесуінің тегін емес екендігі жөнінде жазады. Ежелгі заманда Солтүстік Кавказда «касоги» деген өмір сүрген, қазіргі кабардин, черкес, абхаздықтардың ата-бабасы. Бірақ бұл жағдайда «касоги» мен «қазақ» этнонимдерін фонетикалық ұқсастығы ғана біріктіретін сияқты (Н.М. Карамзин История государства Российского. Соч. в 12-томах. М., 1993), В.О.Ключевский («Курс лекций по русской истории»), қазақтың белгілі ғалымы Ш. Уәлиханов «Қырғыз шежіресі» зерттеуінде казак этнонимі және казачество ұғымы әлеуметтік құбылыс ретінде Русь жеріне Орталық Азия көшпелілерінен ауысты деген тұжырымды қолдайды. Бәріңізге белгілі, Еуразияның түркі және славян тайпалары арасындағы алғашқы және мықты байланыстар б.д.V-VI ғасырларында бекіген-ді. Кейінірек көшпелі түріктер, берендеилер, печенегтер өздерінің ағайындары половцылардан қорғанып, Днепр мен Донға қоныстанды. Ғылыми ортада «половцыларды» түркі тілді кумандар және қыпшақтармен нақты бірегейлендіреді. Ежелгі Русь географиялық жағынан Шығысқа, оның ішінде көшпелі халықтармен де жақын орналасқан, хрис­тиан дінін қабылдамастан бұрын-ақ олармен арада тығыз байланыс болған. Әрине олардың мәдениеті мен тілдерінің өзара әсері болған. Кезінде О. Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабында жазылғандай, «Игорь полкы туралы жырда» көптеген түркі тілінен шыққан сөздердің кездесуі тегін емес және заңды. «Қазақ» сөзі, «казаковать» түсінігі сияқты түркітілді тайпалармен бірге Русь халқы ортасына енуі әбден мүмкін. Ш. Уәлиханов өзінің «Қырғыз (қазақ) шежіресі» еңбегінде былайша жазады: «…казачество Азияда басталғаны және дамығанына күмән жоқ және татарлар арқылы орыстар арасына енді. …Русь үшін Украина сияқты, кең байтақ қырғыз (қазақ) даласы, бостандық пен бай олжа іздеуші батылдар мен батырлардың түйісу орнына айналды». Н.М. Карамзин де осындай көзқарасты ұстанды. Ол: «…1444 жылы Василий Темный кезеңіндегі жылнамашылар рязаньдық казактар туралы, жаңа замандағы даңқты ерекше жеңіл әскер жөнінде жазғанынан…» хабар береді. (Рязаньның татарлар орналасқан жерге тым жақындығына назар сала). Осы тұста, XVIII-XIX ғасырларда Еуразия және Кавказ халықтарын, ноғайларды, қазақтарды, қырымдықтарды және тіпті әзербайжандықтарды да, яғни көптеген түркітілді халықтарды татар атауымен атағанын атап өту керек. Кіші жүз тайпаларының өздерін қазақтар деп атағандығы жөніндегі Ш. Уәлихановтың пайымы, Еділ бойы және Қырым хандары ұлыстарындағы әлеуметтік топтар ретінде – казактардың өмір сүруі туралы біздің қорытындыларымызды тағы да бекіте түседі. Яғни 1517 жылдар шамасында тарих бойын­ша олардың тарихта белгілі болған казактар атауы, бір ғана Украинада ғана емес екендігі айқындала түседі. Бірақ Н.Карамзин ойлағандай, ол Ресейде ежелгі Батый шапқыншылығында және жарлы-құздармен қоршалған, адам жүре алмайтын қамысты және ми батпақты Днепр жағалауында өмір сүрген түріктер мен берендейлерге тән болуы мүмкін. «Қазақ» этнонимінің пайда болу себептерін сипаттай келе, қазақстандық ғалым В.П. Юдин былайша жазады: «Казак сөзінің шығу мәніне қатысты келесіні байқауға болады. Қазақ сөзі қандай мән бергенін айқындау үшін, ол этнонимге айналғанда, оның барлық «семантикалық» тарихын білудің қажеті жоқ. Пікірталасты доғару үшін, этнонимнің семантикалық базасына қандай нақты маңызды мәселе қызмет атқарғанын білудің өзі жеткілікті. Оның мәні бұрыннан бекіген. Ол түрік халықтарындағы казачество институтын көрсететін, казак ретінде іс-қимыл жасайтын казактардың өмір-салтына апаратын бей­несінің белгісі. Бұл сөздің көп аударма­лары ұсынылды. Сол аудармалардың барлығын да дұрыс және бұрыс деп айтуға болады. Аудармалардың басқа бөлігін жабулы күйінде қалдырып, казак қызметінің белгілі бір жағын дұрыс сипаттайды. Басқаша айтқанда, казак сөзі аударылмайды. Сондықтан орыстар оны аудармастан сол күйінде қабылдады» (ауд.– Қ.Ерімбетова). Қазіргі кезеңде этноним ретінде, казак анықтамасы қандай да бір ұжымды белгілеу үшін алғашқы қолданылғанына және бұл жөнінде қандай да бір ауытқу мен сенімсіздікке орын жоқ. Осындай адамдар тобы қоныс аударған кезеңде Керей және Жәнібекке ерді, сәл кейінірек Жетісуда оларға қосылды. Казак атауының этнонимге айналу тарихы осы қоныс аудару кезеңінен басталады. Казак сөзінің Дешті-Қыпшақ көшпелілерінің жеке біреуді немесе топтарын белгілеу үшін, басқа да қолданыс жағдайында, оның этнонимге айналуы кездеспейді. Мұндай жағдайлар Керей мен Жәнібектің қоныс аударуынан бұрын да және кейін де көп болды. Деректерден үзінді келтіре отырып, біз түркі қауымындағы нөкер қазақтар туралы айғақ келтіре аламыз. Біріншіден, бұл «Шыңғыс-наме»-ден алынған үзіндідегі казактар, Өзбек ханның Алтын Киіз үйін Қызыр хан олар (казактар) үшін қиратқан. Өтеміш-қажының белгілі «Шыңғыс-наме» еңбегінде жоғарыдағы оқиғаны сипаттайтын белгілі фактілер келтіріледі. Автор Алтын Ордадағы дау-дамайлар туралы көріністерінде келесі мәселелерді баян­дайды. «Ханша Тайдула (орыс деректері бойынша) Қызыр ханды шақырып алды да оны Саин тағына хан қылды… және Қызыр ханға тұрмысқа шығуды қалады. Ханның да оған үйлену ойы бар еді. Бірақ оның қасында бұл мәселеге келіспейтін найманнан шыққан бек – Құтылық-Бұғы болды. Ол: «Үйленбе!» деді. Оның сөзін тыңдады да үйленбеді. Өзін жар ретінде қабылдамайтынын сезген бегімнің ханға деген сый-құрметі, бұрынғыға қарағанда азая түсті. Оған ашуланған хан да Алтын киіз үйді қиратып, ал алтынды өздерінің казактар арасында бөліп алуға шешім қабылдайды. Мұны естіген бегім, ханға адам жіберіп: «Райынан қайтсын!» деген хабар жібереді. Оның сөзін елемеген Қызыр хан, киіз үйді қиратты және бөліске салды. Ханға ашу-ызасы келген Бегім, өзінің бектерін жинады және оны қуып жібереді. Қызыр хан кеткенмен, кейін әскер жинап, қайта Ақкөлге келеді, Тайдулаға қарсы жорыққа аттанады және Алтын Орданың ханы болады. Тайдула бегімге ауыр өлім жазасы кесілді». Бұл үзіндіде назар аудартатын екі ақпараттың маңызы бар. Біріншіден, Қызыр-хан өздерінің казактары арасында болған, яғни әскери үзеңгілестерімен, нөкерлерімен. Өтеміш-қажы Алтын Орда тұсындағы казак атауын нақты жазады, яғни XIII-XIV ғғ. Демек, әскери қауым ретінде ерекше артықшылығы, ұландар – «казактар», Алтын Орда тұрғындары арасында танымал болған. Жалпы алғанда, Өтеміш-қажы сол кезеңдегі Тоқтамыс және басқа жігіттердің («о казаковании») қазақ болып жүрген іс-қимылдары туралы жиі атап өтеді. Ол кезеңдегі саны аз казактар, кейінірек көбейіп Алтын Орданың кең даласына тарады. Екіншіден, Өтеміш-қажы Қызыр-хан Ақкөлге «кетті» деген мәлімет береді. Еділ бойында, Оралда Ақкөл атауымен көлдер көп кездеседі. Бірақ дәл осындай көлдер қазіргі Қазақстан аумағында да көп. Қызыр ханның Қазақстан жеріндегі Ақкөлге қоныс аударуы да әбден мүмкін. В.П. Юдинннің «В «Устюжском летописном своде» жылнама жинағында Шайбани Ивак пен (Ибак) казактар-шибандар және казактар-ноғайлар қосылып, алтынордалық Ахмад ханның Ақ ордасына жасаған шабуылы туралы беріледі.Ондай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бірақ тек Керей мен Жәнібектің қоныс аударуы ғана казак сөзінің этникалық мазмұнын толықтырды. Бұл қоныс аударудың мәнін кейде әсерлеудің қажеттігі жоқтығы айтылуда және жазылуда. Бірақ, оны бағаламауға да болмайды. Оның себебі, Керей мен Жәнібектің қоныс аударуының қазақ халқының тарихындағы маңыз­ды­лығына, хандықтың құрылу көзі ретінде бағаламау әділетсіз болар еді. Бірақ бұл оқиға, халықтың қалыптасуының бастауы немесе аяқталуы, процестердің басқа да деңгейлері болды ма, ол әлі зерттеу жұмысын жетілдіруді қажет етеді. Болжамдап айтқанда немесе кейбір фактілерге жүгінсек, өз алдына қазақ этносының құры­луының алғашқы кезеңі «казак» атауын қабылдауымен өтті деген пайым айтуға да болады. *** Ұлы тарихшы және философ Арнольд Тойнбидің іргелі «Постижение истории» («Тарихты түсіну», 419-429 бб.) еңбегінен қызықты мысалдар табуға болады. Ол былайша жазады: «Ненадежный татарский «qazaq», одержавший победу над иранским катафрактом, разграбивший Багдад и заморивший голодом аббасидского халифа, был легковооруженным конным лучником устойчивого кочевнического типа, который впервые заявил о себе и заставил себя боять­ся в Юго-Западной Азии в киммерийских и скифских набегах на рубеже VIII-VII вв. до н.э». Автор «qazaq» этнониміне берген түсіндірмесінде «qazaq» – кезбе, тонаушы, теңіз қарақшысы деп көрсетеді. Осының соңынан «казак» сөзі шыға келеді. «Казак-казах» этнонимінің пайда болуы туралы біздің қорытындымыз Арнольд Тойнби тұжырымдамасымен бүтіндей сәйкес келеді. Мұнда есте сақтайтын жайт, ағылшын авторы тек этнонимнің пайда болуы ғана емес, сол сияқты ол ағылшын тілді тарихшылар, басқа тілдегі қолжетімді еңбектеріне және деректеріне сүйенеді. Көптеген авторлар, мәселен, В.Велья­минов-Зернов және М. Худяков казак­тардың Ресейге татарлардан, яғни түркілерден келгенін ашық жазады. Яғни, әскери қауым ретінде кәсіби сапаға иемденіп, олар өздерін «казактармыз» деп атаған. Олай боса, Ш.Уәлихановтың тұжы­рымы толықтай объективті және ғылыми негіз­делген. М.Худяковтан келтірілген дәйек, татар казактары 1546 және 1551 жылдары құрылтайға (Қазанда) қатысқандығы да өте маңызды. Украин тарихшысы Олекса ­Гайворонский өзінің «Повелители двух материков» монографиясында, ертеректе «қазақтар» деп еркін өмір сүру салтын ұстанатын Шыңғыс ұрпағының төре өкілдері аталғанын айтады. Сұлтан болған казактар болды, яғни билік жүргізушілер өкілдері. Қорытындыласақ, «Қазақ» атауы анықтамасының бірнеше нұсқасы болды, бірақ түпкі мағынасы өзгеріссіз қалуы тиіс – олар «еркін адам» болған. Белгілі зерттеуші М.Тынышпаев бұл атауды қолданған келесі мысалды келтіреді: «1356 жылы «казактар» Мауреннахарға шабуыл жасады…». «1397 және 1410 жылдары қырым татарларының бір бөлігі Литваға қоныс аударды және өздерін «казактар» деп атағандар король жанында қызмет атқарды». 1474 жылы Қырым ханы Меңлі-Керей, III Иванға хат жазады: «Мне твоей земли не воевать, моим уланам, ни князьям, ни казакам». 1471 жылы Новгородқа жасалған шабуылға өзінің «казактарымен» Қасымның Данияр ханзадасы қатысты. Басқа да бізге белгілі деректер бойынша, 1481 жылы Шайбани Ибак хан «1000 казакпен» және ноғайдың мырзалары Мұса және Жаңбыршы «15000 казакпен» қосылып, Ахмед ханға шабуыл жасаған. 1499 жылы «орда казактары және Козелск түбіндегі азовтықтар келді және ­Олеша селосын алды». Қазан ханы ­Абдуллатиф 1508 жылы князь Василийге «өздерінің казактарын соғысуға жібермейтініне» уәде береді. Жоғарыдағы мысалдар «казак» терминінің еркін, ерікті, тәуелсіз батылдылар қауымының таза әлеуметтік мәнін білдіреді. 1523 жылы Стамбулда орыс елшісі И. Морозовтың сұлтанға айтқан сөзі былайша беріледі: «Твои казаки азовские наших изымают в поле а водят в Азов и продают». Белгілі мемлекет қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллин қазақтардың шығу тегі, «қазақ» – «казах» этнонимінің пайда болуы туралы терең де мағыналы жұмысын 1931 жылдың наурыз айында жариялады. Украин тарихшысы Олекса Гайворонс­кий­­дің пайымдауынша, Қырым ханды­ғы­ның Буджак Ордасы бойынша славян тілді деректерде «казак» этнонимі «ақ қа­лалық казактар» («белградские казаки») ретінде қолданылды, яғни Қырымдағы «Ақ-кермен» («Ақ бекініс») Ақ-қала қаласы атауымен астасып жатыр (Ақ-Кермен, қазіргі Симферополь қаласы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]