Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 НСА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.Тәуелсіз қр шектесетін емлекеттерді карта бойынша көрсет

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км жәнеҚырғызстан — 980 км, ал шығысында —Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізіменшайылады[6].

2017 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 926 500 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем 

№24 Билет

1.Мезолит ададарының өміріндегі өзгерістерді анықта

Мустье кезеңінде өмір сүрген адамдар неандерталь деп аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанньщ Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100- 35 мың жыл бүрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан қүрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған.Мустье кезеңінде еңбек өнімділігі артып, алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері байқалды. Адамдардың алғашқы ұжымы тұрақты қауымға айнала бастады. . Неандертальдықтар негізінен аңшылық және терімшілікпен айналысты. Ірі аңдардан бизон, мамонт, үңгір аюларын аулаған.

Адам уақыт өткен сайын өзгеріп отырды. Байқағыштығы жетіліп, өз білгендерін бір-біріне үйрете бастады. Еңбек құралдарын жетілдіре түсті, қол қашауын жасауды үйренді. Ол үшін қалақ тасты екі жағынан қашады, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапкылар мен қырғыштар жасалды.

Алғашқы еңбек кұралдарын дайындау тәжірибесі баяу жинакталды. Мустье кезеңінде құралға арналған тас жаңқалар домалак, үшбұрышты келген өзектастардан сындырылып алынды. Уақыт өткен сайын адамдар тастан үсақ әрі жұка кұралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үшбүрышты калақшалар, өлтірілген жануарлардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шокпарлармен катар найзалар да пайдаланылды. Сүйектен ине мен біз дайындалды. Сөйтіп адам бірте-бірте тастан пышак, найзаның ұштарын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады.Адамдар біртіндеп тасты өңдеуді, оны бұрғылауды үйренді, еңбек құралдары үнемі жетілдіріліп отырылды. Қазақстанның орталык және шығыс аймақтарын адам баласы мустье заманының басында игере бастаған. Олардың осы аймактардағы Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б. қоныстары табылды. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас кұралдардың пайдаланылған уақыты 140-132 мың жыл бұрын екені анықталды.

2.Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. "Көшпелілер отырықшылардың мөдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды" деген пікірлер де жиі кездеседі.Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.

Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.

Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.

Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.

Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]