Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 НСА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.Қаңлылар

Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеуде қолданылды. Бұдан басқа қолөнер кәсібімен, егін егумен шұғылданды. Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Өйткені көшпелі мал шаруашылығы жағдайында бір жерде жұмыс күшінің көп болуы қажетсіз еді.Арыстың сол жағалауында 100 шаршы шақырым аумақта 20 шақты төбе жатыр. Соның бірі – Көк-Мардан қаласының орны. Бұл жерден табылған үй балшықтан соғылып, пешпен жылытылған. Үйдің екінші бөлмесі – қоймада құмандар және тары, күріш, бидай, арпа, асбұршақ сақталған балшық кеспектер орналасқан. Ошақ қасынан дәнүккіштер мен диірмен табылды.Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Ал қытайдың “Цянь Ханьшу” дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты мен шекарасы туралы мәліметтер көрсетілген.Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстар тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады.Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысына сүйенеді. Сондай қазба жұмыстарының бірі – Жетіасар ескерткіштерінің таралу аймағы Жаңадария мен Қуаңдария аңғарларын алып жатыр.Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен.Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта ағысы тұсындағы Қаратау-Талас аралығын алып жатыр.Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады.Пұшық-Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қонысынан б.з. I мыңжылдығының алғашқы жартысына жататын қала орны табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына жатқызуға болады.Қаңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған.Қаңлылар Сырдария арқылы Еділге қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған.Қаңлылар туралы қытай деректерінен білеміз. Осыдан 2 мың жыл бұрын Қытай билеушісі батысындағы елдерге елшілік жібереді. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралып, жазғандарын Қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары баяндалып сипатталған. Арасында қаңлы елі де аталады. Қаңлылар б.з.б. 3-2 ғасырлар – б.з. 5 ғасыры аралығында өмір сүрген.Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған.Қаңлы мемлекетінде жазу болған. Қытайдан барған елшілер хан сарайында Заң жарғыларын көрген.Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы) болған деп көрсетілген.Б.з.б. 6 ғасырда жазылған ежелгі Иранның қасиетті кітабы “Авестада”: “Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді” - деп жазылған. “Канха”, “кангүй” сөздері Қаңлы атауына ұқсас.

Шаруашылығы Ежелгі Құлата қаласының орнынан 50 гектар жерді алып жатқан металл өңдеудің ірі орталығы табылды. Кенді балқыту үшін дөңгелек және төрт бұрышты пештер пайдаланылды. Бұл пештер кен өндіретін орындарға жақын орналасқан.Қаңлылар жерінде металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған. Металл өндірісінің орталығы Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Бұл аймақта алтын, күміс, темірді өндіру және өңдеу кәсібі дамыған.Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілікке қолайлы жерлерде қаңлылар отырықшы тіршілік еткен. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Cырдария аңғарларында дәнді және бау-бақша дақылдары өсірілді. Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді.Егістікті суару үшін Шыршық өзенінің оң жағалауында 20 шақырымдық Зах каналы, сол жағалауынан Ханарық арығы қазылды. Қаңлыларда тәлімді егіншілік басым болған. Астықты арнайы қыш көзелер мен ыдыстарға салып, ұра-шұңқырларда сақтаған.Қаңлы елінің жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, сондықтан қаңлылар бірқатар елдермен сауда қатынасын жасаған. Отырар ескерткішінен Балтық бойынан әкелінген кәріптастан (янтарь) жасалған моншақ табылды. Сирияның көгілдір фаянсынан тізілген моншақтар Жетіасар, Отырар, Ташкент алқаптарындағы қабірлерде кездеседі.Зерттеушілер Сырдария аймағынан б.з.б. 3-4 ғасырларда соғылған 1300 теңге тапты. Отырар алқабындағы Мардан қорымдарынан б.з.б. 2 ғасырға жататын Қытай теңгелері табылды.Қаңлылар Ұлы Жібек жолының Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін бағытын бақылап отырды.Сырдария мен Арал аймақтарындағы ескерткіштер арасында Қара теңіз бойынан, Ираннан, Сириядан, Үндістаннан, Қытайдан әкелінген заттардың кездесуі қаңлылардың сауда қатынасының жақсы өрістегенін білдіреді.Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.

2.ЕҚЫҰ

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылы Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады. 1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орталық Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Демократилық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас хатшысы Джонкарло Арагон, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери қауіпсіздік — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қызметіндегі маңызды сала. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 жылы жасалған. Оған Қазақстан 1992 жылы қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықаралық заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан

3.

9-билет

1, Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірінің тайпалары рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрген. Кейінгі қола дәуірінде басталған алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы уақыт өткен сайын күшейе түскен. Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі арта түсті. Қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы орныға келе, әлеуметтік теңсіздік туды.

1946 жылы Әлкей Марғұлан бастаған археологиялық экспедиция қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастады. Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекендерінен көптеген қола ескерткіштері табылды. Кейінгі қола дәуіріне жататын бұл кезең Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталды.

Бұл мәдениетте үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленетін зираттардың орнына бір адам ғана жерленген құрылыстар пайда болған.

Қауым мүшелерінің арасынан малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Жеке меншік – малға, ал жерге – қауымдық, рулық меншік болды.

Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар кездеседі. Оны әйелдер самай шашына қыстыратындықтан, самай сырға деп аталады.

Сонымен бірге, андрондықтар әр түрлі жыртқыш аңдардың тісінен мойындарына тұмарша таққан.

Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келген. Құмыраларда тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

Мал басының артуына байланысты жайылым жиі ауыстырылды. Жайылым қажеттілігі малшыларды бір жерден екінші жерге көшіп отыруға мәжбүр етті. Осыдан жартылай көшпелі мал шаруашылығы шықты. Қоныстар малшылардың қыстауына, егіншілік шаруашылықтың көмекші түріне айналды.

Тебіндеп жайылуға байланысты қой мен жылқы саны артып, ірі қара азайды. Қой, жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы бақташылықтан алысқа көшіп бағу әдісіне әкелді. Мал шаруашылығының дамуында жылқыны мініске үйретудің, күш-көлік ретінде пайдаланудың орны ерекше болды.

Қола дәуірінің қоныстары өзен-көлдердің жағасында орналасты. Қоныстар 5-10, кейде 20 шақты үйден тұрған. Үйлердің аумағы 100 шаршы метрден 300-400 шаршы метрге дейін жетті.

Қола дәуірінің соңына қарай қола мен мыс орақтар кеңінен пайдаланылды. Мало-Красноярка (Шығыс Қазақстан), Алексеев (Батыс Қазақстан), Степняк (Солтүстік Қазақстан) қоныстарынан және Жетісудан қола, мыс орақтар табылды.

Қола дәуірінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары – абыздар пайда болды. Абыздар рудың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады. Андрондықтар қайтыс болған адам келесі бір дүниеге ауысады деп ойлаған. Сондықтан жерлегенде қару-жарақ, еңбек құралдарын қоса көмген.

Көкшетау жеріндегі Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды. Қоныстың тұрғындары үй маңындағы бақташылықпен, кетпенді-теселі егіншілікпен айналысқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]