Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 НСА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын жаз

Одақ ведомстволары қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.

КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: 13,4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша 103,2%, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі қарай игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар тың және тыңайған жерді игеру арқылы дәнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды.

Партия комитеттерінің қысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған міндеттемелер қабылданды, олар әрдайым орындала бермеді және жүзеге аспады. Нәтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосьмша 636 мың гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар және МТС-тap 4847 мың, ал совхоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлерді игерді. Осылайша, тың және тыңайған жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі қарқынмен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.

3.1891Ж ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды картаға бейнеле

№17 Билет

  1. Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Сарматтар — көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады шікті жайға айналды. Осы реформаның куәсі болған Абай Қүнанбайүлы, Ыбырай Алтынсарыүлы сияқты алдыңғы қатарлы ойшылдар, оның отаршыл, теріс жақтарын өз шы- ғармаларында талай рет сынап, мысқылдаған еді. Сарматтар қыс кезінде қысқа тон киіп, қайыс белбеу таққан, аяқтарына қысқа қонышты етік киген, кең шалбарының балағын етіктің қоншына салған. Әйелдері де ерлерше киінген, алайда олардың киімдері әртүрлі әшекейлермен безендірілген. Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құмыралардың түбін шұңғыл әрі жайпақ етіп жасаған. Тамақ пісіретін қазандарды темірден құйып жасаған. Обаларда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бірақ оларды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Сарматтар кейбір торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасап пайдаланған

2.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліггін ашып көрсетіңіз Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.Қазақ КСР-і КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының нарядтары бойынша және еріктілердің қатарынан майданға 1,9 млн адам,яғни әрбір бесінші қазақстандық аттанды,сондай-ақ еңбек армиясының құрылыс батальондары мен жұмысшы саптарына 700 мыңнан астам адам аттандырды.Бұлардан бөлек 178мыңға жуық адам соғыс басталар алдында Кеңес қарулы күштерінің қатарында қызмет етті.Сонымен, барлығы 1374 мың қазақстандықтар қолына қару алып сапқа тұрды.Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті және соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы,6 бригада құрылып,майданға жіберілді.Қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құралды.Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп әкелінген 27әскери оқу орны 16мың офицер даярлап шығарды.Соғыстан оралмаған қазақстандықтар саны 601 мыңға жетіп отыр, оның ішіндегі қазақтар саны 350 мың.

Ұлы Отан соғысы жылдарында барлығы 11 600 жауынгер мен офицерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді,солардың 520-сы қазақстандықтар.Олардың ішінде 100-ден астамы қазақтар.Ұлы Отан соғысының батыры атағы алғаш рет 1941жылғы 22шілдеде 19-танк дивизиясының командирі,генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді.Соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы 1991жылы 11желтоқсанда аты аңызға айналған ержүрек жауынгер Б.Момышұлына берілді.Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтар:Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин,С.Баймағамбетов,Қ.Сыпатаев,А.Үсенов,С.Нұрмағамбетов,Ә.Нұрмағамбетқызы,М.Мәметова,А.Үсенов,А.С.Егоров,З.У.Құсайынов сынды батырларымыз.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар-Т.Бигелдинов.Л.Беда,И.Павлов,С.Луганский.Әрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып,10-нан астам жау ұшағын,көптеген соғыс техникасын,100-деген фашистерді жойған.Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі-И.Н.Кожедуб.

Соғыстағы ірі шайқастардың бірі Мәскеу түбіндегі шайқас (1941жылдың 30 қыркүйегінен 1941жылдың 6 желтоқсанына дейін).Күзге қарай дұшпан Балтық жағалауын,Белоруссия,Молдаваны,Украинаның едәуір бөлігін жаулап алып,Ленинградт пен Қырымды қоршады.Мәскеуді алу үшін арнайы « Тайфун» операциясын ойлап тапты.Шабуылға есе,танк бойынша 1,7 есе,қару-жарақ пен миноменттер бойынша 1,8 есе,ұшақтар бойынша 2 есе асып түсті.Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен қазақстандықтар:Б.Момышұлы,Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин,Р.Амангелдиев,Е.П.Рыков,К.А.Семеченко,Б.Бейсекбаев,Л.А.Владимирский,В.Г.Клочков,И.В.Панфилов,П.Б.Вихрев,И.В.Карпов.Мәскеу шайқасының тарихи маңызы-гитлерлік армия жеңіліп,кеңес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алды.Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен,Батыс шекараларында жаумен айқасқандар арасында қазақстандықтар болды.Шекарашылар К.Әбдірахманов,В.Лобанов,атқыш К.Иманқұлов,пулеметші Е.Качанов,минометші В.Фурсов,зеңбірекші Ғ.Жұматов және басқа да Қазақстаннан әскер қатарына алынған жауынгерлер Брест қамалын қорғады.Сталинград түбіндегі шайқас 1942жылдың шілдесінен 1943 жылдың ақпанына дейін жалғасты.Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық әскер құрамалар:17-гвардиялық танк полкі, 19-гвардиялық атты әскер полкі, 27,29,38,72,73,116-гвардиялық атқыштар дивизиялары,74-теңіз атқыштар бригадасы,81-атты әскер дивизиясы, 129-миномет полкі, 152,565-атқыштар бригадасы, 156-жеке көпір құрылысы батальоны, 292,387-атқыштар дивизиясы.Сталинград шайқасында ерлік көрсеткен қазақтар:Н.Әдбіров,А.Жамбылұлы,Ғ.Сафиуллин,Қ.Аманжолов,Т.Мырзаев,Қ.Сыпатаев,М.А.Баскаков.Ленинград шайқасы-1941жылдың қыркүйегінен 1943 қаңтарына дейін созылды.Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.Қоршау жылдарында 850 мыңғ жуық бейбіт тұрғын қаза тапты және қаланы 900 күн әскерлер ерлікпен қорғап тұрды.Ерлік көрсеткет қазақстандықтар:С.Баймағамбетов,Қойбағаров,С.Жылқышев,Д.Шыныбеков,Г.П.Зубков.Ленинград шайқасында Гитлершіл Германия ірі жеңіліске ұшырады,халықтар достастығы мен ерлігінің көрінісі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]