- •1.Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары,олардың негізгі белгілері
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •3.Қарахан мемлекетінің аумағы
- •1.Мезолит адамдарының өмірдегі өзгерістері
- •2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыр
- •1.Түрік қағанаты
- •2.Үш жүз бен Алаш партиясы
- •1.Түргеш қағанаты
- •2.”Мәдени мұра”
- •1.Қарақытай мемлекеті
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы
- •3.Моғолстан мемлекетінің аумағы
- •1.Үйсіндер
- •1.Қаңлылар
- •2, Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы күресі (1856-1857 жылдар)
- •2, Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары
- •2, Кіші Қазан» курсы
- •2, Елді индустрияландырудың қажеттігі.[өңдеу]
- •Сақтардың мәдениеті, дінинанымдары мен әдет ғұрыптары туралы түсінік
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын жаз
- •3.1891Ж ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды картаға бейнеле
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
- •3. Қазақстан Республикасындағы 14 облысты картабойынша көрсет
- •1.Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі
- •2.Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы)
- •3 .Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар орналасқан облыс
- •2/Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның зардаптары
- •Ж Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет
- •1.Қазақ халқының мәдениеті (муыкалық аспаптар)
- •2.Кіші жүз Қазақтарының е.И. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызы
- •3.Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талда
- •3.1950-1960 Жж Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалалары карта бойынша көрсет және оның маңызын анықта
- •1.Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек
- •3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқасы болған өңірлерді карта бойынша көрсет және жылдарын анықта
- •3.Тәуелсіз қр шектесетін емлекеттерді карта бойынша көрсет
- •1.Мезолит ададарының өміріндегі өзгерістерді анықта
- •2.Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз
- •3.Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсет
- •1.Үйсіндер жайлы жазба деректер
- •2.Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелде
- •1.Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі жайлы баянда
- •2.Қр Конституциясы және оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер ментолықтыруларға талдау жаса
- •3.Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсет
- •1.Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эвалюциясы мен даумын сипаттап жаз
- •«Жылымық» жылдарындағы қоғамдық саяси және мәдени өмірге талдау жаз
- •3.Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын картаға түсір
- •1.Ерте орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын талдаңыз
- •1.Кейінгі ортағасырлық тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •3.Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсет
- •1. Дамыған орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жаса
- •3.Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсет
2.”Мәдени мұра”
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы Президенттің бастамасымен 2004 жылы қабылданды. Мәдениеттің озық туындыларын жинап, қайта зерделеу, Кеңес кезінде бұрмаланған Қазақстан тарихының жарқын беттерін қайта жазу, алдыңғы қатарлы өркениеттер мәдениетінің үлгілерін қазақ тіліне аудару жұмыстары қамтылды. Бағдарламаның бірінші кезеңінде (2004-2006 жж) ұлттық және дүниежүзілік мәдениет үлгілерін қамтитын 218 том жарық көрді, 35 сәулет өнері ескерткіштері күрделі жөндеуден өтті. Шетелдерде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, отандық тарихқа байланысты 5000-ға жуық деректер жиналды. Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар ҚР Президенттік мәдени орталығы құрылды.
О.Сүлейменов “Жазу тілі” кітабында дүние жүзі тілдерінің даму заңдылығын саралады. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы” кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды. Ə.Нұрпейісов Арал жəне ондағы адам тағдыры туралы “Соңғы парыз” романын, М.Мағауин “Мен” атты философиялық толғауын, Қ.Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы “Дарабоз” дилогиясын жазды.
Композитор Е.Рахмадиевтің “Абылай хан” (либреттосы Ə.Кекілбаев), А.Серкебаевтің “Томирис” (либреттосы Л.Иманғазинанікі) опералары жанр табысы деп танылды. А.Мұсаходжаева, Ж.Əубəкірова, М.Мұхамедқызы, Н.Үсенбаева классикалық музыка өнерінде шығармашылық жетістіктерге жетті.
Режиссерлер Р.Ибрагимбеков, Т.Теменовтың “Көшпенділер” фильмінде (шетелдерге “Номад” деген атпен таралды) ұлттық мемлекеттің құрылу кезеңіндегі қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ауыр күресі, саяси элитаның әрекеті, сарбаздардың ерлігі сипатталды. “Сталинге сыйлық” атты фильмде (режисссері Р.Әбдірашев) соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанға жер аударылып келген еврей баласының ауыр тағдыры көрсетіледі. Белгілі ақын Махамбет туралы фильмді (режиссері С.Тәуекел) сценарий авторы О.Сүлейменов жаңа ғасырдағы алғашқы ұлттық фильм деп атады. “Қош бол, Гүлсары” лентасы (режиссер А.Әмірқұлов) – “Қазақфильм” және Қырғызстанның “Ардфильм” студияларының бірлескен туындысы. Ш.Айтматовтың аттас шығармасының желісіне құрылған бұл фильмде адамдардың тартымды тарихы мен адамзаттық құндылықтар туралы баяндалады. Бұдан басқа “Мұстафа Шоқай” (режиссері С.Нарымбетов), “Тюльпан” (режиссері C.Дворцевой) фильмдері түсірілді.
1999 жылы республика парламенті “Білім туралы заңның” өзгерген редакциясын қабылдады. Негізгі мектеп 9-сыныппен аяқталып, 10-11 сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бағдарлы мектептен білім алатын болды.
2004 жылы “ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы” қабылданды. Жоғары білім беру жүйесіне өзгерістер енгізілді. Кредиттік және екі сатылы жоғары білім беру жүйесіне ауысу жүзеге асырылды.
2007-2008 оқу жылы мектептер 1-11 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарымен және оқу-әдістемелік кешенімен толық қамтамасыз етілді. Қазір республикада 8 мыңға жуық мектеп жұмыс істейді. Сабақ қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүргізіледі. Жексенбілік мектептерде тәжік, украин тілдерінде оқытылады. Бұл мектептерде 3 млн-нан астам оқушы оқиды.
1992 жылғы қыркүйек, қазан айларында Алматыда дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті. Азия, Африка, Еуропа, Американың 40-қа жуық елдеріндегі 3 млн. 200 мың (32%) қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Бұл жиынды өткізу және шетелдерге ауа көшкен қандастарымызды шақыру гуманизмнің көрінісі болды. Құрылтайдың мәнді оқиғасы 1992 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті. “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” атты тақырыпта ғылыми конференция болды. Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды. ҚР Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген баяндама жасады. Түркиядан "Алаш" сыйлығының иегері, қадірменді қария Халифа Алтай келді. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. “Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы бүкіл əлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-əлеуметтік, мəдени-интеллектуалдық мүмкіндігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырады”.
3,Әбілқайыр хандығы
6-билет
