Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 НСА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2, Елді индустрияландырудың қажеттігі.[өңдеу]

Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.

1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Индустрияландыру жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды. Сталин индустрияландыруға «КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру» деген анықтама берді. Әңгіме ауыр және жеңіл өнеркәсіптің тиімді арақатынасы, қала мен деревняда қол жұмысын ығыстыру туралы болды. Капиталистік қоршаудың болуы және социализмді жеке алынған бір мемлекетте ғана кұру бағдары тәрізді дәлелдер шешуші маңызға иеленді.

Мұндай жағдайларда партия ішіндегі демократияның шеңбері тарылып, «әскери коммунизм» кезіңдегі әдеттер мен бұйрықтық тәсілдер қайта жаңғырды. Ықпал жасаудың экономикалық емес, әкімшілік тетіктеріне артықшылық берілді. Тарихтағы ең алғашкы жоспарлы индустрияландыру бағдарламасын ЖЭС-қа көшу жағдайында жүзеге асыру қажеттігі туды. Көпсалалы экономика, тауар-ақша қатынастары, нарықтық байланыстар өмірге енді. ЖЭС қағидалары өнеркәсіп саласында жеткілікті деңгейде орындалмады, ақырында байыпты әрі ұзақ мерзімге ойластырылған бұл саясат ауыстырылды. Қазақстанның дамуы аймақ экономикасының артта қалуымен байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Елеулі әлеуметтік-экономикалық алға басушылықтардың болғанына қарамастан, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдық жерде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлі де өз күшін жоймады.

1926 жылы республикадағы өнеркәсіпті қайтадан калпына келтіру ісі әлі аяқталмады және бүкілодақтық деңгейден төмен болды. Қазақстанның өнеркәсібі өте баяу дамыды. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп ошақтарын құру қажет болды. Өнеркәсіптік кұрылыс жүргізуге болатын пайдалы қазбалардың кең орындары далалы аймақта, шөл аудандарда орналасты. Жерасты байлықтарын пайдалану бұл орындарда жан-жақты игеру жұмыстарын жүргізуді: жаңа темір және автожолдар, жұмысшы кенттерін, жаңа қалаларды салу, сумен жабдықтаудың қайнар кездерін іздеу т. б. жұмыс ауқымын атқаруды талап етті.

Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуга мәжбүрледі. Бұл міндетті орындаудан бас тарткандар қуғын-сүргінге ұшырады. 1928 жылдың қазанынан 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасьша кесілді.

Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру.[өңдеу]

Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашкы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделтетілген геологиялық-барлау жұмыстарының ғылыми елшемдерін толығымен ақтады. Геологиялық зерттеулердің және Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кең байлықтарының енеркәсіптік меңгерілуімен қатар республикадағы геологиялық ғылымдардың қалыптасуына негіз салған іздеу-барлау жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Мыс өнеркәсібін дамыту мәселелерін зерттеумен қатар темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі басталды.

Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты бодды. Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы.

Алғашқы бесжылдықтар құрылыстары.[өңдеу]

Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жол желісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл жол пайдалануға берілмейінше республиканың ауқымды шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарындағы халык шаруашылығын қайта құруды сәтті түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді. Түрксіб темір жол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды. Бұрын жаңа заманғы қатынас жолдары болмаған аумақтар арқылы 1145 шақырымға созылған Түрксіб темір жолы өндірістік күштерді дамытуда және елдің ауқымды аудандарындағы экономиканы қайта құруда маңызды рөлге ие болды, өнеркәсіпті және темір жолға жақын жатқан аудандардың ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторына айналды. Бұл темір жол тармағының құрылысын сәтті жүргізу мақсатында РКФСР ХКК жанынан ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың төрағалығымен Түрксіб құрылысына ынтымақтастық комитеті құрылды. Құрылыс бүкілхалықтық деп жарияланып, республикаға Ресей, Украина, Орталық Азия енеркәсіп орталықтарының жұмысшылары көмекке жіберілді. Темір жолдың жекелеген бөліктерін кезең-кезеңімен іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын жүзеге асып отырды. 1930 жылы 25 сәуірде магистраль бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі айтулы окиға болды, оны Қазақстанның бірінші машинисі - бұрын бақташы болған Көшкінбаев жүргізді. 1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1931 жылы ол Ақмолаға дейін созылды. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола-Қарағанды, Илецк-Орал, Рубцовск-Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. 1928-1940 жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен Орта Азияны байланыстырған Түркістан-Сібір темір жолы іске косылды.

Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық(1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Пайдалы қазбаларға бай кең орындары Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе кең шығару салалары - мұнай, көмір саласы және түсті металлургияны дамытудың негізі болды. Риддер, Қарсақбай полиметалл комбинаттары, Қарағанды көмір кеңдері қайта қалпына келтірілді. Шымкент корғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған мыс қорыту, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды. Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған асқақ жоспарлар мен қарқынды арттыру жағдайында жүзеге асырылды. 1929 жылдың өзінде-ақ бесжылдық жоспарды негізгі экономикалық көрсеткіштерді ұлғайтумен алмастыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде салынып жатқан құрылыс объектілерін жұмыс күшімен, шикізатпен, жабдықпен қамтамасыз етуде қиындықтар туды. Көптеген құрылыстар тоқтап қалды. Өнім шығарса да, кәсіпорындар толық көлемде жұмыс істей алмады. Жалпы индустрияландыру процесі Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жалғасты.

Қазақстандағы индустрияландыру ісінің ерекшеліктері.[өңдеу]

Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы «Большевик» журналына (№1 саны) жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. Жұмысшылардың, әсіресе жеткіліксіз маманданған жұмысшылардың елеулі бөлігін ұжымдастырудың нәтижесінде күйзелген деревнялар мен ауылдардың шаруалары құрады. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді т. с. с. Республикаға мамандар сырттан өкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан - Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады.

Индустрияландырудың жетістіктері.

1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.

Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады.

Алайда осындай жетістіктерге қарамастан КСРО жүйесінде шикізат аймағына айналған Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% - дан аспады. Республика өндіріс көсіпорындары тұтыну бұйымдарының 60% - ын ғана канағаттандыра алды. Осылайша әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың біртұтас халық шаруашылық кешеніндегі табиғи қорларға бай Қазақстанның рөлін анықтап берді.

Индустрияландыруды жүзеге асырудың барысында Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты. 1930 жылдардың ортасында халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 24 пайызын жұмысшылар құрады. Индустрияландыру кезеңінде қалалардың урбанизациялану және ірілену үрдісі жүріп жатты. 1940 жылы қала халқының жартысына жуығы 50 мыңнан астам адам тұратын қалаларға шоғырланды.

Алайда ауыр өнеркәсіптің карқынды түрде өсуі ең алдымен деревняның ендіргіш күштерін күйрету есебінен болғанын айта кету керек. Өнеркәсіптің қарқынды өсуі келікпен, тұрғын үй кұрылысымен, коммуналды - тұрмыстық қызмет керсетуді жаңғыртумен қатар жүрмеді. Индустрияландыру кезінде экономиканың көпсалалығы, жеке меншік және жұмыссыздық жойылды. Әлеуметтік салада байыпты өзгерістер орын алды: жұмысшы табының саны және мамандық дөрежесі өсті, жұмысшылар мен шаруалардан жаңа инженерлік - техникалық зиялылар тобы қалыптасты, басқарушылар аппараты өсті. Халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілдік тәсілмен басқару түпкілікті орнықты.[1]

3,

13-билет

1, Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.

Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.

Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай анимизм қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең ұялаған. Мысалы, Ш.Уәлиханов қазақи түсiнiкте жанның үш түpi бар дейдi: ет жан, шыбын жан, рухи жан.

Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi.

Тотемизм - рулық қоғамдағы адамдар тобынын шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі.[1] Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген.

2, Кеңес өкіметіне қарсы халық наразылығыныц сипаты. Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.

Көптеген аудандарда сотсыз, тергеусіз ату жүзеге асырылды. ОГПУ қызметкерлері мен жергілікті кеңес және партия кызметкерлері тұткындалғандарды кіттті калибрлі винтовкалармен, бытыралы мылтықтармен атып, аяусыз қорлады. Бұл фактілер Қазакстандағы Кеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы қылмыстарын ең қорқынышты, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстармен қатар қоюға болатынын дәлелдеді. Бүтіндей алғанда қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған «Кіші Қазан» ұжымдастыру саясатын геноцид деп есептеуге болады. Онымен бір мезгілде билік органдары казақтардан «босаған» жерлерге КСРО- ның басқа аймақтарынан қуғын-сүргінге ұшыраған, мал-мүлкінен айырылған кулактарды әкеле бастады.

Жаппай бой көрсету тұрғындардың ұжымдастыру саясатына қарсы жауабы болды. Басшылыктың пікірінше Қазақстанда болып өткен көтерілістер таптық күрестің шиеленісуінің салдары, өз қызметін баяғыда тоқтатқан «Алаш» партиясы әрекетінің нәтижесі болды.

1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.

Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты.

Ақпан айында Созактың тәңірегіне 400-дей адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С. Шолаков хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің алғашқы отрядтарын құрды. Созақ көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушы отрядтың қатары жуырдағы елді мекендердегі коммунарлар отрядымен толықты.

Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты.

Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды.

Қарақүмға Ө. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді. Олар мынадай талаптар ұсынды: орташалардан заңсыз төркіленген малды қайтару; ұждан бостандығы, мешіттерді қайтару және дінге сенушілерді істеріне өкіметтің араласпауы; төркілеуге тыйым салатын декрет жариялау, оны өкімет орындарының мүлтіксіз орындауы; күштеп ұжымдастыруды тоқтату; ауылдағы «тап күресін» жасанды шиеленістіруді тоқтату; ауыл ішіндегі барлық мәселелерді «өкілетті өкілдер» емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық мөлшерін малдың санына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін тоқтату; көтерілісші ауылдардан Қарақұмда ерекше әкімшілік аудан құру. Осы шарттар орындалған жағдайда көтерілісшілер қаруларын тастауға келісімін берді. 30 сәуірде сарбаздар қаруларын өткізе бастады. Өкімет орындары өз уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң, ОГПУ органдары көтерілістің жетекшілері мен белсенді қатысушыларын тұтқындай бастады. Ауылдар жаппай ұжымдастыру науқаны қызу жүріп жатқан бұрынғы орындарына қайтарылды.

Өкімет орындарының саясатына наразылық Шығыс Қазақстанда да қарулы көтеріліске ұласты. 1930 жылы 20 ақпанда Өскеменмен Зыряновск аудандарының бесселосының шаруалары көтерілді. Кетерілісішлер «Кеңес өкіметі жойылсын, ерікті еңбек жасасын!» деген ұран кетерді. Бірнеше күннің ішінде көтерілісшілерге көршілес селолар да қосылды. Екі күннен соң ОГПУ бөлімдері жіберіліп, шаруаларды ауылдан қуып шықты. Көтеріліс басшысы тұтқындалды, көтерілісшілердің қалған бөлігі тауға кетіп, Қытайға өтуге әрекеттенді. 1930 жылы көктемде «Кіші Қазан» саясаты мен ұжымдастыру саясатына қарсы бой көрсетулер Қаратал ауданында да орын алды. Мұнда көтеріліс басып- жаншылған соң қазақтар Қытайға жаппай қоныс аудара бастады.

Көтерілісшілерге қарсы қатаң жазалау шаралары. 1931 - 1932 жылдары аштықтан аман қалған халықтың жартысы, яғни 1 млн 30 мың адам көшіп кетті. Олардың тек 414 мыңы ғана қайтып оралды, 616 мыңы қайтқан жоқ, 200 мыңы Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран мен Түркияға кетті.

ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адам болған 31 көтерілісшілер отряды, 1930 - 1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңга, 1932 - 1933 жылдары - 3,2 мың адамға жеткен. Сонымен қатар бұл кезеңде селолар мен ауылдарда жалпы саны 10 мың адам болған 2 мың «дұшпан топтар» анықталып, 10,4 мың «зиянкестер» тұтқындалды.

Голощекиннің Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағындағы 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылды.

Республикада осы уақыт ішінде кейбір жерлерде карулы көтерілістер сипатына ие болған, 80 мыңдай адам катынасқан шаруа- лардың 400-дей бой көрсетулері болып өтті. Осы толкулардың нәтижесінде 1931 жылдың езінде ғана Қазакстанды 281 мыңнан ас- там шаруа шаруашылыктары тастап кетіп, 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне карсы шыкканы үшін сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды, олардың 883-і атылды

3,

14-билет

1, Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ. яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады. Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі- дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды. ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір(бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл- осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты. Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі 58 ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.

2, Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дəстүрі мен мəдениетінің жаңа сипат алуына әсер етті. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен “мұғалімдікке” куәлігі бар адамдар тартылды.

Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал қалаларында орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты. Қазақ жерінде 1789 жылы Азиялық училище ашылып, монғол, маньчжур, қытай, парсы тілдерін оқытты. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда əскери училищелер ашылып, ресейлік əкімшілік үшін шенеуніктер дайындады. Олар кейін 1837 жылы Сібір кадет корпусы, 1844 жылы орынборлық Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. 1841 жылы Кіші Ордада Жəңгір ханның ұйымдастыруымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды. Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп қазақ жастарына білім беру ғана емес, отаршылдық әкімшілікке берілген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен. 1831 жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды. 1831 жылғы 18 қыркүйекте Семейде орысша оқытатын училище ашылды. 1836 жылы Өскеменде интернаты бар училище ашылды. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан орыс мектептері ашылды. Мұғалімдердің, қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі Қазақстанда орыс тілді мектептердің дамуына мүмкіндік бермеді.

В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанындағы шенеунік қызметте жүргенде Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз əдебиетінің үлгілерін жинастырды, әңгімелер жазды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысқан. 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жанашырлық білдірді. “Бикей мен Мəулен” повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.

1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мəлімет жинақтады. “Пугачев бүлігінің тарихы”, “Капитан қызының” баспадан шығуы орыс демократиялық өкілдерінің Орта Азия мен Қазақстан туралы құнды мәліметтердің тарауына септігін тигізді. А.С.Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасымен танысқан.

19 ғасырдың 20-40 жылдары Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1848-1849 жылдары Г.С.Карелиннің Каспий теңізіне, А.Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс болды. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі. Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық зерттеумен шұғылданып, табиғи байлықтарын анықтады.

Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, И.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының өмірін зерттеп, тарихи еңбектер жазды.

19 ғасырдың I жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты. Еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаушылар.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туды. 20 жасынан Жəңгір ханның ұлы Зұлқарнайынмен бірге 1824-1829 жылдары Орынборда тұрды. 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды. Ақын өз шығармаларында үстем таптың озбырлығын айыптады. Ол поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен. Махамбеттің өлеңдері 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Ол шығармаларында езілген еңбекшілер өмірін, билеуші таптың озбырлығын суреттейді. 1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жендеттерінен қаза тапты.

Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туды. 1836-1838 жылдардағы Кіші Ордадағы көтеріліске қатысты. Шернияздың əдебиет саласына қосқан жаңалығы – суырып салма өнерді жетілдіруі. Өлеңдерінде феодалдардың оғаш мінездерін əжуалап, əшкереледі.

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) – Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып өскен. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды. Шөже – ірі эпик ақын, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Шоқан Уəлиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 ) – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракəстек ауылында дүниеге келді. Тілге жүйрік Сүйінбай 14-15 жастан ақындық өнерге машықтана бастады. Оның өлеңдерінде өмір шындығы, еңбекшілердің ой-арманы айқын сезіледі. Сүйінбай – Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанып, Жамбылдың ұстазы болған.

19 ғасырдың музыкалық мəдениетінде елеулі із қалдырған көтеріліс - 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Әр түрлі музыкалық аспаптардың ішінде халық арасына кең тарағаны – домбыра. Өнерімен халыққа жағымды болғандарға сал, сері деген құрметті атақтар қосылып айтылатын болған. Ауқатты қазақтар айбалта, жебесі мен қорамсағы бар садақ ұстады. Белгілі әскербасылар мен батырлардың сауыты, қалқаны, қылышы, металмен ұшталған найзасы болды. Қазақ жасақтарының ішінде мылтық ұстайтындары да кездесетін. Мылтықты негізінен Орта Азия саудагерлерінен малға немесе шикізатқа айырбасқа алатын.

Қазақтың киіз үйлері өлкеге келген орыс және шетел жиhангездерін таң қалдырды. Ал орманды өңірде алты қырлы ағаш құрылыстар мен орыс қонысы типтес бір бөлмелі үйлер кеңінен тарады. Хан, сұлтандар ортасынан шыққан дәулетті ақсүйектер кептірілген бөренеден бірнеше бөлмелі үйлер салдырған. Ресейге қосылу барысында көшпелі өмірден отырықшылыққа ойыса бастауының әсері қазақтардың тұрғын-жайларынан көрінген.

3,

15-билет

1,

Протекторат - [лат. protector - қорғаушы, қамқоршы] - күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа қамқорлық жасауы Экспансия (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі.

Еуроорталықтық

Еуроорталықтық (евроцентризм) - Еуропа әлемдік мәдениет пенөркениеттің орталығы ретінде қарастырылатын мәдени-философиялық және дүниетанымдық ұстаным. Оныңэлементтері антикалық дәуірде шықты (жабайы мен эллинді, «тағылық» пен «өркениеттілікті» қарсы қою), «антикалықтан кейінгі» Еуропада пісіп жетілді, еуропалық тарихтың дамуымен бекітіле түсті (крест жорықтары, саяхаттар, ірі географиялық жаңалықтар, колониалдық соғыстар, ғылым мен философияның дамуы жәнет.с.с.). Еуроорталықтыққа сәйкес Еуропа («Батыс») өзінің тарихи тірегімен, саясатымен, дінімен, мәдениетімен, философия және өнерімен шығыс әлемінің «дұрыс еместігі» мен «жетілмегендігіне» қарсытұратын бірыңғай және сөзсіз қүндылықты қүрайды. Еуроорталықтықтың күшеюі ортағасырлық кезеңдебайқалады, әсіресе христиандық контексте және оның таралуына байланысты. Христиандырылғанеуропалықтың ұғымында Шығыс әлдебір алыстанған (алыс) және экзотикалық ретінде заңды түрде кейінгі қатарға кетеді (жатады). Еуроорталықтықтың күшеюі Ағарту дәуірінде де орын алды. Бұл кезеңде прогрессеуропалық өркениеттің әлемнің барлық аймақтарына біртіндеп енуі ретінде қарастырылды. Осы көзқарасеуропалық тарихтың келесі кезеңдерінде де үстем болды, оны Гердер мен Гегель, Вебер мен Шпенглер, Трельч және басқалар да күшейте түсті. Еуроорталықтық ұстанымның белгілі бір нышандары С. Хантингтонның «өркениеттер қақтығысы» және Ф. Фукуяманың «тарихтың ақыры» ілімдерінде де байқалады. Дегенмен бүгінгі таңда еуроорталықтық көзқарастардың сыңар жақтылығын, шектілігін түсіну басым орыналуда.

2,1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереже», 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ереже» бекітілді. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір (орталығы – Омбы қаласы), Орынбор (орталығы- Орынбор қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) генерал-губернаторлықтары. Батыс-Сібір генерал- губернаторлығына - Ақмола, Семей облыстары, Орынбор генерал- губернаторлығына - Орал, Торғай облыстары, Түркістан генерал- губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870ж. Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы- Астрахан губерниясына қарады. Зардаптары: 1867-1868жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Қазақтарды метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867, 1868) басқарды. Бұл заңдар қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт- дәстүріне көшуге мәжбүрледі. Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер (сұлтан, қожа, би т.б.) село тұрғындарына теңестірілді. Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсаты керек болса, шіркеулер тұрғызуға мемлекеттің өзі мүдделілік танытып,қолдау көрсетіп отырды. 1. Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездерді құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді. 2. Қазақ даласын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иеленді. Қазақтар оларды «жарым патша» деп атады. Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғарғы буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Қазақтарға болыс, ауыл старшыны сияқты ең төменгі қызметтер тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды. Төменгі биліктегі болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл 52 аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда дауысты сатып алу кең тарады және болашақ болыстар орыс үкіметіне жалтақтап, олрадың қолшоқпарына айналды. 3. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылып, тек төменгі буындағы жүйелерде қызмет етті, оның өзінде шектеулі түрде. 4. Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып, құнарлы жерлер қоныс аударушыларға берілді. Қазақстанды Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды. 5. Жаңа міндеттер мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін «қара шығын» деп аталатын қосымша салық салынды.

3, Ақпан айында Созактың тәңірегіне 400-дей адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С. Шолаков хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің алғашқы отрядтарын құрды. Созақ көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушы отрядтың қатары жуырдағы елді мекендердегі коммунарлар отрядымен толықты.

Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты.

Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды

Өкімет орындарының саясатына наразылық Шығыс Қазақстанда да қарулы көтеріліске ұласты. 1930 жылы 20 ақпанда Өскеменмен Зыряновск аудандарының бесселосының шаруалары көтерілді. Кетерілісішлер «Кеңес өкіметі жойылсын, ерікті еңбек жасасын!» деген ұран кетерді. Бірнеше күннің ішінде көтерілісшілерге көршілес селолар да қосылды. Екі күннен соң ОГПУ бөлімдері жіберіліп, шаруаларды ауылдан қуып шықты. Көтеріліс басшысы тұтқындалды, көтерілісшілердің қалған бөлігі тауға кетіп, Қытайға өтуге әрекеттенді. 1930 жылы көктемде «Кіші Қазан» саясаты мен ұжымдастыру саясатына қарсы бой көрсетулер Қаратал ауданында да орын алды. Мұнда көтеріліс басып- жаншылған соң қазақтар Қытайға жаппай қоныс аудара бастады

№16 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]