- •Информатиканы оқытудағы мұғалімнің рөлі
- •Психология ғылымының тарихы, даму кезеңдері
- •Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі әдеби көздерді зерттеу әдістері
- •Информатиканы оқытуды жобалау. Тақырыптық жоспарлау. Сабақты жоспарлау
- •1. Тақырыптық жоспарлау
- •2. Сабақты жоспарлау
- •Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •3. Жалпы психология пәні, оның объектісі
- •Информатиканы оқыту әдістемесі пәні
- •Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Жас ерекшелік туралы ұғым, белгілі кезеңдерге бөлінуі.
- •Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
- •2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау,
- •3. Қиял туралы жалпы ұғым. Қиялдың түрлері
- •Үй жұмысының формалары. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мағжан Жұмабевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
- •Дербес компьютерде жүмыс жасау алдында қауіпсіздік ережесінің талаптары:
- •3. Оқушы дербес компъютермен жүмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- •4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- •2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
- •3. Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Информатиканы оқыту құралдарының құрамы. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі
- •2. Жеке адам туралы жалпы түсінік, топтар психологиясы
- •3. Сабақ типтері мен құрылымы
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттер.
- •2. Зейін туралы жалпы ұғым. Зейін түрлері
- •3. Дидактика туралы ұғым, оның міндеттері.
- •Инфоматика сабағының ерекшеліктері
- •2. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, лицей, гимназия
- •3. Ес туралы жалпы ұғым. Ес саласындағы дара айырмашылықтар
- •Информатика кабинетінің қызметі. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар.
- •5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі аннотация, баяндама, тезис және жоспар.
- •3. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты
- •Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
- •Шағын жинақталған мектептің ерекшеліктері
- •3. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент түрлері
- •Информатика пәні бойынша үй жұмысы
- •2. Педагогтар, көрнекті адамдардың еңбек тәрбиесі туралы пікірлері.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті.
- •2. Жан қуаттарының топтастыруы
- •3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы, принциптері. Білім туралы Заңы
- •1. Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Ұстаздық қабілеттің түрлері.
- •Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері.
- •2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мінез туралы жалпы ұғым. Типтік мінез бітістері
- •Информатика сабағының құрылымы
- •Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет және нышан
- •3. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі
- •Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.
- •2. Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
- •Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсатары мен міндеттері
- •2. Түйсік жөнінде түсінік. Түйсіктердің түрлері
- •2. Түйсік қасиеттері.
- •3. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесінің тарихы.
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру .
- •1. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары. Пропедевтикалық курстың негіздемелері. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары.
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
3. Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
№ емтихан билеті
Информатиканы оқыту құралдарының құрамы. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі
Информатиканы оқыту құралдарының құрамы
Оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырудың қажетті компоненті оқыту құралдары болып табылады. Информатиканы оқыту кезінде оқыту құралдарын құрастыру және оларды пайдалану әдістемесі мен теориясы бойынша білім айтарлықтай артады.
Біріншіден, оқулықтардың көптеген авторлары информатиканы компьютерлік техниканың көмегімен ақпаратты түрлендірудің және пайдаланудың түрлі аспектілерін зерттейтін ғылым деп түсіндіреді.
Екіншіден, информатика курсында компьютер оқу әрекетінің құралы және зерттеу объектісі ғана емес, оқыту құралы ретінде де қолданылады.
Соңғы кездері оқыту құралдары түбегейлі өзгеріп кетті: олардың құрамына электронды оқулықтар, Интернет құралдары, мультимедиа, педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) және т.б. енді. Мульти-медиапроектормен электронды тақтаны және Интернетке шығу тетігі бар компьютерді пайдаланып сабақ жүргізетін бүгінгі мұғалім, үйреншікті «бор технологиясын» пайдаланатын әріптесінен басым түсетіні айдай анық.
5.2-суретте ұсынылған сызбада информатиканы оқыту құралдары мына топтар бойынша жіктелген: оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ), бағдарламалық қамсыздандыру, ақпараттық құралдар (баспа және электронды), материал құралдары.
Оқыту құралдарын пайдаланып сабақ өткізу әдістемесі (Л.П. Прессман1):
а) сабақ мақсатын, оның мазмұнын, материалды оқыту логикасын сараптау;
б) оқушылар меңгеруі тиіс басты элементтерді бөліп алу;
в) оқу материалын құрылымдық-мағыналық блоктарға бөлу, бұрын оқытылған материалмен байланысын анықтау; оқыту құралдарын пайдалануды қажет ететін топтарды анықтау;
г) қажетті оқыту құралдарын таңдау және құру;
д) оқыту құралдарының, сондай-ақ оларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыратын әдістер мен амалдардың рөлін және орнын анықтау.
Біздің ойымызша, ұсынылған алгоритм сабақ жоспарының құрамдас бөлігі болуы тиіс.
Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі
Компьютерді жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын (ЖАТҚ) пайдалануға бағытталған, информатика курсын оқыту құралдары жүйесінің бір компоненті ретінде қараған жөн.
Ол келесілерді пайдалану арқылы іске асырылады:
- Информатика курсын бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру, оған оқытуға қолдау көрсететін бағдарламалық құралдар (БҚ), сондай-ақ мұғалімге оқу үрдісін басқару мүмкіндігін, оқу әрекетін бақылау үрдісін автоматтандыруды, нақты педагогикалық мақсаттарға арналған бағдарламалық оқу құралын әзірлеуді қамтамасыз ететін аспаптық бағдарламалық құралдар (АБҚ) кіруі керек.
- оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін нысаналы-бағытталған бағдарламалық жүйелер, олардың негізінде пайдаланушының объектілі әлемінің белгілі бір моделі жатады (мысалы, мәтіндік редактор, мәліметтер қоры, электронды кестелер, алуан түрлі графикалық жүйелер);
- оқыту құралдары, ЖАТҚ негізінде қызмет ететін, жоқ пәндік ортаның орнын толтыратын немесе амортизациялайтын, пәндік қызметті және оның практикалық бағытын қамтамасыз ететін құралдар (оқыту құралдарының мысалы ретінде оқу роботтарын, басқармалы ЭЕМ-ді, электронды құрастырмаларды; ЭЕМ жұмысының принциптерін, оның бөлшектерін және құрылғыларын көрсететін модельдерді айтуға болады).
- телекоммуникация құралдары, білім беру саласы пайдаланушыларына ақпараттың қолжетімділігін, олардың ақпараттық қарым-қатынасқа енуін және т.б. қамтамасыз ететін құралдар.
Жоғарыда аталғандарды ескеріп, информатика курсын оқытудың құралдар жүйесінің құрамына мыналар жатады:
- оқыту үрдісінің бағдарламалық-әдістемелік жабдықталуы;
- оқыту қызметінің мәдениетін қалыптастыруға қажетті нысаналы-бағытталған бағдарламалық жүйелер;
- ДЭЕМ-мен ұштастырылған оқу, көрсету (демонстрациялау) жабдықтары;
- оқыту үрдісіне қолдау көрсететін оқу-көрнекі құралдар;
- ЖАТҚ-ны пайдалануға арналған оқыту құралдары жүйесін пайдалану әдістемесі.
Осындай оқыту құралдарының жүйесі, оқу-әдістемелік әдебиетпен бірлесіп (оқулықтар, оқушыларға арналған оқу құралдары, мұғалімге арналған әдістемелік құралдар) – оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) құрайды.
Жалпы айтқанда, информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі курсты оқыту үрдісіне қолдау көрсетумен қатар, заманауи ЭЕМ мүмкіндіктерін демонстрациялауды қамтамасыз етіп, оқу әрекетінің мәдениетін және оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға себепші бола алады.
Информатика кабинеті оқыту құралдарының жүйесімен бірлесіп, бірыңғай кешенді ортаны құрайды, ол мұғалімге алға қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Метепте информатиканы оқыту құралдары жүйесінің негізгі компоненттерінің тізіміне келесілер кіреді:
- информатиканы оқытудың бағдарламалық-әдістемелік жабдықталуы;
- оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастыруға қажет нысаналы-бағытталған бағдарламалық жүйелер (мәтіндік редактор, мәліметтер қоры, электронды кестелер, алуан түрлі графикалық жүйелер);
- ЖАТҚ негізінде қызмет ететін оқыту құралдары (оқу
роботтары, басқармалы ЭЕМ; электронды құрастырмалар; ЭЕМ жұмысының қағидаларын, оның бөлшектерін, құрылғыларын және т.б. көрсететін модельдер);
- телекоммуникация құралдары;
- дәстүрлі оқыту құралдары.
