- •Информатиканы оқытудағы мұғалімнің рөлі
- •Психология ғылымының тарихы, даму кезеңдері
- •Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі әдеби көздерді зерттеу әдістері
- •Информатиканы оқытуды жобалау. Тақырыптық жоспарлау. Сабақты жоспарлау
- •1. Тақырыптық жоспарлау
- •2. Сабақты жоспарлау
- •Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •3. Жалпы психология пәні, оның объектісі
- •Информатиканы оқыту әдістемесі пәні
- •Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Жас ерекшелік туралы ұғым, белгілі кезеңдерге бөлінуі.
- •Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
- •2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау,
- •3. Қиял туралы жалпы ұғым. Қиялдың түрлері
- •Үй жұмысының формалары. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мағжан Жұмабевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
- •Дербес компьютерде жүмыс жасау алдында қауіпсіздік ережесінің талаптары:
- •3. Оқушы дербес компъютермен жүмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- •4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- •2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
- •3. Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Информатиканы оқыту құралдарының құрамы. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі
- •2. Жеке адам туралы жалпы түсінік, топтар психологиясы
- •3. Сабақ типтері мен құрылымы
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттер.
- •2. Зейін туралы жалпы ұғым. Зейін түрлері
- •3. Дидактика туралы ұғым, оның міндеттері.
- •Инфоматика сабағының ерекшеліктері
- •2. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, лицей, гимназия
- •3. Ес туралы жалпы ұғым. Ес саласындағы дара айырмашылықтар
- •Информатика кабинетінің қызметі. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар.
- •5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі аннотация, баяндама, тезис және жоспар.
- •3. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты
- •Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
- •Шағын жинақталған мектептің ерекшеліктері
- •3. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент түрлері
- •Информатика пәні бойынша үй жұмысы
- •2. Педагогтар, көрнекті адамдардың еңбек тәрбиесі туралы пікірлері.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті.
- •2. Жан қуаттарының топтастыруы
- •3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы, принциптері. Білім туралы Заңы
- •1. Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Ұстаздық қабілеттің түрлері.
- •Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері.
- •2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мінез туралы жалпы ұғым. Типтік мінез бітістері
- •Информатика сабағының құрылымы
- •Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет және нышан
- •3. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі
- •Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.
- •2. Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
- •Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсатары мен міндеттері
- •2. Түйсік жөнінде түсінік. Түйсіктердің түрлері
- •2. Түйсік қасиеттері.
- •3. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесінің тарихы.
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру .
- •1. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары. Пропедевтикалық курстың негіздемелері. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары.
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары.
3. Мінез туралы жалпы ұғым. Типтік мінез бітістері
№ емтихан билеті
Информатика сабағының құрылымы
Сабақ — бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ұжымдық және жеке орындау кезінде жүйелі түрде қолданылатын мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір құрамының (белгілі бір уақыт кезеңінде) өзара нысаналы қарым-қатынасын (әрекеті мен қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі (М.И. Махмутов).
Материалды уақыт бойынша үлестіру сабақтағы зейіннің тұрақтылығын зерттеуге байланысты екенін есте сақтаған жөн [27]:
Сабақтың 0-7 мин. – зейін шашыраңқы. Оқушылардың назарын өзіне аудару үшін мұғалім көп күш жұмсауы керек.
Сабақтың 8-23 мин. – зейіннің неғұрлым ұзақ тұрақтылығы мен жинақылығының кезеңі.
Сабақтың 24-30 мин. – зейіннің тұрақтылығы төмендейді, зейін құбыла бастап, қателер көп жіберіледі. Жұмыс ынтасының азайтылуын, зейіннің босаңсуын талап етеді (теориялық дәлелдерден мысалдарға көшу және т.б.).
Сабақтың 31-45 мин. – қойылған мақсатқа байланысты зейінді жинақтау (ерікті зейін). 2.2-суретте сабақтың оқу уақытын осылай үлестіру сызбасы көрнекі ұсынылған.
Сабақ біртіндеп, бірақ тұрақты түрде өзгерістер үстінде болды. Қазіргі сабақтың ерекшеліктерін анықтау үшін дәстүрлі сабақтың оның негізгі құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Сабақтың құрылымы — бұл оқу үрдісінде пайда болып, оның нысаналы әрекетін қамтамасыз ететін, сабақ элементтері арасындағы қарым-қатынастың түрлі нұсқаларының жиынтығы.
Сабақтың құрылымы – сабақтың негізгі компоненттерінің дидактикалық жағынан өзара дәлелденген байланысы, олардың нысаналы жүйелілігі мен қарым-қатынасы (М.И. Махмутов).
Элементтердің алуан түрлі үйлесімділігі, сондай-ақ оқу пәнінің және білім беру мекемесінің ерекшеліктері сабақтың көптеген формалары мен типтерін тудырады, сабақтың басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты.
Дәстүрлі сабақ оқу материалын көп мәрте қайталауға мүмкіндік береді, бұл жадының дамуына және есте сақтауға, меңгерту сабақтарында білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу әрекетінің формаларын бірнеше рет ауыстыра отырып, жаңа білімдерді жылдам іс жүзінде қолдануға жағдай жасайды. Дегенмен, құрылымның аталған бөлшектерінің ешқайсысы білімді меңгерте отыра, оқушылардың дамуын қамтамасыз етпейді, өздігінен атқаратын оқу әрекетінде оны көрсетпейді.
Аралас сабақтың әртүрлі құрылымы, соған байланысты бірқатар артықшылықтары болуы мүмкін: кері байланысты қамтамасыз етеді, педагогикалық үрдісті басқарады, бағаларды жинайды, оқу кезінде дербес амалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.
Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет және нышан
Темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Тем-перамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейді. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара бай-ланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған
Нышан және қабілет
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.
Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы ж.т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип) байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.
Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі (И.П.Павлов) ажырала-ды: көркемөнерлік(көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген);ой-саналық(көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген);аралас(екі жүйе де бірдей қатысқан). Осы-дан, "суреткерлер" - объектті тұтас бейнелеуге бейім, "ойшылдар" - талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал "аралас" қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән құбылыс.
Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті - музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу - болашақ суреткер болудың алғы шарты.
Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа қажет нәзік есту қасиеті), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирижер, биші, әнші, музыка сыншысы, педагог, композитор ж.т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.
