Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogika_psikhologia_ioa_emtikhan_suraktary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188 Кб
Скачать
☆

2. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі аннотация, баяндама, тезис және жоспар.

3. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты

Адамзат iс-əрекетiнiң тарихи қалыпты түрi - еңбек. Еңбек жалпы психологиялық емес, əлеуметтiк категория. Сондықтан да оның заңдылықтарын қоғамдық ғылымдар зерттейдi. Ал психологиялық тұрғыдан зерттелетiн нəрсе жалпы еңбек емес, еңбектiк iс- əрекеттiң психологиялық бiрлiктерi. Еңбек - белгiлi нəтижеге жету үшiн бағытталған, белгiлi мақсатқа орай ерiк күшiн қосумен реттелушi мақсатты бағдарлы, саналы iс-əрекет. Басты ниетке байланысты нəтижеге жетiсу шарасы болумен бiрге еңбек - жеке адам қалыптастырудың негiзгi жолы да. Еңбек процесiнде субъектi өнiмi ғана пайда болып қоймастан, сол субъектiнiң өзi де осы еңбекте кемелденедi. Еңбектенуден адам қабiлетi дамиды, оның мiнезi тұрақтанады. Еңбектiк қызметтiң психологиялық ерекшелiктерi ең алдымен оның қоғамдық пайдалы өнiм жасауға бағытталған iс-əрекет болуында. Еңбек процесiндегi əрекеттердiң бəрi тұтасымен ең соңғы кезеңге, қорытынды нəтижеге тəуелдi болуы еңбектiк сеп- түрткiлерге өзiндiк сипат бередi: мақсат iс-əрекеттiң өзiнде көрiнбей, оның өнiмiнен байқалады. Ал еңбектiң қоғамдық бөлшектенуi бұл ерекшелiктi айқындай түседi. Əрқандай адам өз қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн барша заттарды өндiре алмағандығынан, адам əрекетiнiң сеп-түрткiсi оның өз iс-əрекетiнiң өнiмiмен емес, басқа тұлғалардың қоғамдық қызметiнiң өнiмiмен байланыста болады. Еңбек желiсiнде тек еңбек құралдары ғана емес, адамның сол еңбекке деген қатынасы да үлкен мəнге ие. Адам еңбегiнiң түрткiлерi де нақ осы қатынастан. Адамның еңбекке бағытталған субъектив қатынасы санада бейнеленетiн объектив қоғамдық қатынастарға тəуелдi. Əдетте, еңбек адамның қалыпты қажеттiгi. Еңбек ету - өзiңдi iс- əрекетте көрсете бiлу. Əрқандай нақты iс-əрекеттегiдей, еңбекте адамның барша қасиеттерi мен сапалары қатысып, көрiнiс бередi. Əрқандай еңбек түрiнде өзiне сай еңбек құралдары қолданымын таба бiлуi қажет, адам мiндетi сол құралдарды қолдану тəсiлдерiн игеру. Ал бұл үшiн жүйелi бiлiм мен дағдылардың рөлi күштi. Мұнсыз ешқандай еңбек болуы мүмкiн емес. Баланың əрқандай даму кезеңдерiне сай еңбек əртүрлi болады. Бүгiнгi нақты iс- əрекет ендiгi iс-əрекеттiң дайындығы: тиiстi қажеттiлiктер дамиды, танымдық мүмкiн- дiктерi мен əрекет-қылық ерекшелiктерi ашылады. Осыған орай психологияда iс- əрекеттiң жетекшi түрi ұғымы қалыптасқан. Қай жас кезеңiнде болмасын iс-əрекеттiң үш түрi де (ойын, оқу, еңбек) өз маңызына ие, бiрақ белгiлi бiр кезеңде олардың əрқайсысына деген қажетсiну əртүрлi, өзiндiк мазмұнға ие. Ал осылардың iшiнде жас кезеңiне байланысты бала психикасына маңызды өзгерiстер енгiзiп, ондағы танымдық процестер мен жеке адамдық қасиеттердiң қалыптасуына ықпал жасай алатыны ғана iс-əрекеттiң жетекшi түрi деп есептелiнедi. Мектепке дейiнгi жастағы бала үшiн (оның еңбек-тенуге де, оқуға да ықласы болғанымен) мұндай əрекет түрi - ойын. Ал мектепте (бiрiншi сыныптағылардың ойын- құмарлығы басылмаса да) оқу еңбегi басым келедi. Кемелденген сайын еңбектiң рөлi арта түседi. Жетекшi қыз-метпен шұғылдану барысында субъектi дамуымен қатар келесi жас кезеңiне сай жаңа жетекшi iс-əрекет қалыптасып барады. Осы жетекшi iс-əрекет түрiмен айналысса, бала өзiнде əлеуметтiк ортамен болатын жаңа қатынастарды, жаңа бiлiмдер қоры мен оларды игерудiң əдiстерiн үйренiп, өзiнiң танымдық аймағы мен психологиялық құрылымын өзгерiске келтiредi. Бұл тұрғыдан iс-əрекеттiң барлық түрлерi де теңдей мəндi де маңызды.

№ емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]