Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogika_psikhologia_ioa_emtikhan_suraktary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188 Кб
Скачать
☆

2. Жеке адам туралы жалпы түсінік, топтар психологиясы

Адам – бір жағынан қарасақ, саналы ойлауға және сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы ортаны танып және оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ағза болып табылады. Екінші жағынан, адам – ол Қоғам мүшесі. Ол – адамға тән  ең басты белгі, себебі қоғамдық өмір  мен қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық ұйымын өзгертіп-өзіне бағындырды. Психологияда «адам» түсінігінен басқа да «индивид», «тұлға», «индивидуалдылық» сияқты ұғымдар қолданылады. Индивид – адамды тек қана биологиялық ағза ретінде қабылдау деген сөз. Ал. «тұлға» немесе «жеке адам» түсінігінің мәні – адам - әлеуметтік қоғам мүшесі. Әр адамның өмірі мен іс-әрекеті, тәрбиесі мен білімі әр түрлі және қайталанбас болып келеді, сондықтан бірдей  тұлғалардың болуы мүмкін емес. Адамның тек қана өзіне тән белгілері мен  психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын «индивидуалдылық» деп атайды.  Жеке адам табиғаты жағынан «әлеуметтік» бола тұрып, өзінде «биологиялық ұйымның» іздерін  ұстап келеді. Жеке адамның дамуында туа біткен биологиялық ерекшеліктер мен  өмір сүру барысында иеленген, әлеуметтік ерекшеліктердің мәні қандай, олардың  бір-бірімен байланысы мен бір-біріне қатынастары қашншалықты зор? Көптеген психологиялық концепцияларда  «адамның психикасына биологиялық жағдай  жасалған» деген пікір айтылады. Бұл көзқарасты ұстанатын болсақ, онда адамның қасиеттері мен ерекшеліктері (мінез, қабілет және т.б.) туа пайда болған. Отандық психологияның өкілдері болса «жеке адам табиғаты жағынан әлеуметтік болып табылады, оның психикалық қасиеттері, творчестволық белсенділігінің даму көздері қоршаған әлеуметтік ортада, қоғамда» деген көзқарасты ұсынады. Жеке адамның даму процесі оның  көп адамдар өтіп кеткен өмір жолын, өмірдің әлеуметтік және қоғамдық жақтарына үйрену процесі ретінде қарастырылады. Биологиялық  ерекшеліктер адамның мінезін, қабілеттерін анықтай алмайды, олар психикалық даму жағдайының алғашқы сатысы, алғышарты ретінде болады.  Жеке адамның басты психологиялық мінездемелері: 1.Қасиеттерінің тұрақтылығы. Психикалық құбылыстардың пластикалығына байланысты жеке адамның психикалық тұрақтылығы болу керек.  2. Жеке адам тұтастығы. Жеке адам  біртұтас ағза болып табылады және оған тән белгілер бір-бірімен өте тығыз байланысты. 3. Жеке адам белсенділігі. Ол сыртқы ортаны, сонымен қатар өзінің психикалық  қорын өзгертуге, тануға бағытталған адамның әр түрлі және жан-жақты іс-әрекет түрінен байқалады, айқындалады. Жеке адам – күрделі тұтастық. Бірақ онда негізгі 3 жақты бөліп алуға болады: 1) Жеке адам бағыттылығы. Оған адамның  сыртқы ортаға қатынасы,  мінез-құлық мотивациясы жатады (қажеттілік, мотив, мақсат және т.б.). 2) Жеке адам мүмкіндіктері, іс-әрекеттерінің нәтижелі болуының психологиялық алғышарттары. 3) Стиль. Жеке адам жүріс-тұрысының психологиялық ерекшелітері (темперамент, мінез).  Осылайша, «жеке адам» адамның «қалай» және «неге солай» әрекет ететінін сипаттайды. Бағыттылық – жеке адамның негізгі мінездемесі. Бағыттылық жеке адамның мақсат қоюымен,  мотивтерімен байланысты. Басқаша айтқанда жеке адамның жүріс-тұрысының жүргізуші күші ретінде адамның мотивациялық өрісі болып табылады. Мотивтік өріске жататын қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар, міндеттер, қызығушылықтар, қалаулар мен ниеттер.   Адамның іс-әрекетін бағытаушы әрі оны нақты жағдайларға икімдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы  жеке адамның бағыт бағдары деп атайды. Бағыт - бағдар кұрамына бірнеше формалар кіреді: құмарлық, ниет, ұмытылыс, Қызығу, бейімділік, мұрат, көзқарас, наным. Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді. Дара адами факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңістіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персониализация, - дара адамның өз басынан басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алу. Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «Мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлексия» деп аталған «Мен» ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне-өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.    Кез келген ұжымдық іс-әрекеттің табыстылығының негізгі қақтығысы және конфортацияға қарсы серіктес және өзара көмек қатынастары болып табылады. Біріккен іс-әрекетте бағытталған жүріс-тұрыс белгілі бір алғышарттардың болуын қажет етеді. Кооперативті өзара тәуелділік қалыптасуында шарттар ретінде келесілер бөлінеді:

  • ақпараттың алмасуының тәуелсіздігімен ашықтылығы;

  • бағдарлы-бағдарсыз болуы мүмкін;

  • өзара қостаушы әрекеттер, олардың шынайылығына деген сенімі;

  • жақтардың арасындағы достық сүйгіштік, сенімділік қатынастар;

Өз кезегінде, жақтардың өзара сенімділігіне мыналар әсер етеді: өзара табыстарды жеңілдететін бейтарап адамдардың бар болуы; басқа адамдардың әрекеті туралы алдын ала ақпарат алу мүмкіндігі; өзара әрекеттегі қатысушылардың жеке адамдық ерекшеліктері. Топ психологиясы – мүшелерінің өзара қанағатану қажеттілігінің тәсілдері мен формалары, ұжымдағы ішкі байланыстардың құрылуы негізінде болатын топтың қалыптасуы мен қызметінің процесі барысында пайда болатын, белгілі бір әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың жиынтығы. Бұған сонымен қатар, моральді-психологиялық климат, қарым-қатынас тәсілдері, қоғамдық көзқарас пен көңіл-күй, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, өзекті мәселелер, ішкі топтың қақтығыстар табиғаты және т.б. жатады. Жұмыс топтағы мүшелер арасындағы қатынастардың  мазмұнын талдауда келесі жүйелерді  бөліп көрсетуге болады: кәсіби, құндылық- дүниетанымдық және жеке адам аралық қатынас  жүйесі.  Кәсіби жүйе өндірістік мәселелерді шешу  кезіндегі пайда болатын қатынастарды қамтиды. Құндылық  - дүниетанымдық жүйе, белгілі бір әлеуметтік топта басым болатын  жеке адамдық және корпоративті құндылықтар, адамгершілік бағдарлар арасындағы өзара қатынастар мен байланыстар.  Жеке адам аралық қатынастар ұжымдағы жеке адамның өзін-өзі бекіту және қарым-қатынас қажеттілігін жүзеге асыру мен, өзінің кәсіби іс-әрекетімен формальді және формальді емес статусы мен қанағаттану дәрежесімен байланысты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]