Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogika_psikhologia_ioa_emtikhan_suraktary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
188 Кб
Скачать
☆

5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар

Информатика курсы мен басқа да жалпы бiлiм беретiн жекелеген пәндердi оқытуда жаңа ақпараттық технологиялық құрылғыларды пайдалану барысында информатика кабинетiнiң құрамына келесi құралдар және құжаттар енедi:

  •  Психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техни-калық талаптарды қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы.

  •  Арнайы жиһаз бен оргтехника.

  •  Информатика кабинетiнде жұмыс iстеу барысында техника қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар.

  •  Болашақта әлемдiк деңгейде және аймақтық телеком-муникациялық желiлердi жүйелеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлiк желiлер мен телефондық, теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдарының синтезi).

  •  Информатикадан ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық әдебиеттер кешені.

  •  Жалпы білім беретін пәндерді жүргізу үшін арналған (электрондық оқулықтар, энциклопедиялар, оқыту бағдарламалары, ойын бағдарламалары) компакт-дискілеріндегі мультимедиалық шығармалар.

  •  Информатика кабинетінде қауіпсіздік техника ережесінің бұрышы.

  •  Информатика кабинетінен эвакуация жоспары.

  •  Өртті сөңдіру құралдары.

  •  ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен1 бекітілген «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі;

  •  Алғашқы көмек көрсету аптечкасы, оның құрамында дәрігерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң мына түрлерi болуға тиіс:

  • Информатика кабинетінің құжаттары:

1) Қалалық (аудандық) басқармаларының СЭС–ымен берілген рұқсат.

2) Кабинеттің паспорты.

3) Оқу жылына информатика кабинетiнiң дайындық актiсi.

4) Өткен жылы информатика кабинетiнiң жұмысына талдау.

5) Кабинеттің даму және жұмыс жоспарлары (мектеп директоры бекітеді).

6) Информатика кабинетінің жұктемесінің графигі.

7) Оқытудың техникалық құралдары тiркелген инвентарлық журнал.

8) Әрбір дербес компьютерді қолдану жұмыс орнының журна-лы.

9) Машиналардың істен шығу және жөндеуде тұрғанын тіркеу журналы.

10) Оқушыларға техника қауiпсiздiгi бойынша кiрiспе және деңгейлi нұсқаулардың өтiлуiн қадағалау журналы.

11) Бағдарламалық жабдықтаманың тізімі (электрондық оқулықтар және т.б.).

Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асырушы мына нормативтiк-ұйымдастырушылық құжаттары:

1) ҚР “Бiлiм туралы” Заңы;

2) Қазақстан Республикасы орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы;

3) орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың аймақтық бағдарламасы;

4) мектеп ішінде оқыту процесін ақпараттандыруын даму бағдарламасы;

5) 7-11-сыныптарға арналған информатикадан мемлекеттiк бiлiм стандарты;

6) сыныптар бойынша информатикадан оқу бағдарламалары;

7) 7-11-сыныптарға арналған информатикадан күнтiзбелiк-тақырыптық жоспар;

8) сабақтан тыс жұмыстарының оқыту бағдарламалары;

9) дарынды балалармен жұмыс істеу бағдарламасы.

«Информатика» курсы бойынша базалық және мамандыққа баулу бағыттарына негiзделген мына бағдарламалық құралдар:

1) информатикадан дидактикалық материалдарына тақырыптық картотекасы;

2) оқушылардың компьютерде өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған әрбір тақарып бойынша материалдардың жинағы;

3) әрбір сынып бойынша тексеру, бақылау жүмыстарының мазмұнымен (кіру және шығу үзіктері, тақырыптық, жартыжылдық) талдаулары;

4) сынып бойынша тестік тапсырмалар;

5) информатикадан олимпиадалық тапсырмалар;

6) информатикадан бақылаушы және жаттығушылық бағдарламалар.

Мектептің оқыту процесін ақпараттандыруын дамыту құжаттары:

1) Педагогикалық ұжымды компьютерлік сауаттылыққа оқытудың бағдарламасы, мектеп бойынша бұйрық, оқытылатын мұғалімдердің тізімі (мектеп директорымен бекітілген).

2) Internet-ті пайдалану және жұмыс істеу журналы.

3) Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып әртүрлі оқыту тәртіптерін жұргізу журналы мен графигі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]