- •Информатиканы оқытудағы мұғалімнің рөлі
- •Психология ғылымының тарихы, даму кезеңдері
- •Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі әдеби көздерді зерттеу әдістері
- •Информатиканы оқытуды жобалау. Тақырыптық жоспарлау. Сабақты жоспарлау
- •1. Тақырыптық жоспарлау
- •2. Сабақты жоспарлау
- •Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
- •3. Жалпы психология пәні, оның объектісі
- •Информатиканы оқыту әдістемесі пәні
- •Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Жас ерекшелік туралы ұғым, белгілі кезеңдерге бөлінуі.
- •Бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі
- •2. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау,
- •3. Қиял туралы жалпы ұғым. Қиялдың түрлері
- •Үй жұмысының формалары. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Үй тапсырмасын беру әдістері
- •2. Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мағжан Жұмабевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
- •Дербес компьютерде жүмыс жасау алдында қауіпсіздік ережесінің талаптары:
- •3. Оқушы дербес компъютермен жүмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- •4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- •2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
- •3. Ойын және оның психологиялық сипаты, ойын түрлері
- •Информатиканы оқыту құралдарының құрамы. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі
- •2. Жеке адам туралы жалпы түсінік, топтар психологиясы
- •3. Сабақ типтері мен құрылымы
- •«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттер.
- •2. Зейін туралы жалпы ұғым. Зейін түрлері
- •3. Дидактика туралы ұғым, оның міндеттері.
- •Инфоматика сабағының ерекшеліктері
- •2. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңа түрлері, лицей, гимназия
- •3. Ес туралы жалпы ұғым. Ес саласындағы дара айырмашылықтар
- •Информатика кабинетінің қызметі. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар.
- •5.1.2. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістемесіндегі аннотация, баяндама, тезис және жоспар.
- •3. Еңбек әpeкeтiнің психологиялык сипаты
- •Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
- •Шағын жинақталған мектептің ерекшеліктері
- •3. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент түрлері
- •Информатика пәні бойынша үй жұмысы
- •2. Педагогтар, көрнекті адамдардың еңбек тәрбиесі туралы пікірлері.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениеті.
- •2. Жан қуаттарының топтастыруы
- •3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы, принциптері. Білім туралы Заңы
- •1. Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Ұстаздық қабілеттің түрлері.
- •Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты және міндеттері.
- •2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары.
- •3. Мінез туралы жалпы ұғым. Типтік мінез бітістері
- •Информатика сабағының құрылымы
- •Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет және нышан
- •3. Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын бақылау әдісі
- •Информатика пәні бойынша білімді тексеру
- •Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.
- •2. Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
- •Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсатары мен міндеттері
- •2. Түйсік жөнінде түсінік. Түйсіктердің түрлері
- •2. Түйсік қасиеттері.
- •3. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесінің тарихы.
- •1 Информатика курсын бағдарламалық қамсыздандыру .
- •1. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап енгізудің алғы шарттары. Пропедевтикалық курстың негіздемелері. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесінің бағыттары.
- •2. Ерік туралы жалпы ұғым. Ерік сапалары
- •3. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.
Информатиканы оқытуды жобалау. Тақырыптық жоспарлау. Сабақты жоспарлау
Информатиканы оқытуды жобалау
Сабаққа және жалпы оқытуға дайындық кез келген саналы әрекет сияқты жоспарлаудан басталады. В.И.Загвязинский атап өткендей, мұғалімнің бұл жұмысын шартты түрде жанама және тікелей деп бөлуге болады [13].
Жанама дайындық мұғалімнің білім, әсер, тәжірибе жинақтауымен, мәдениетпен шұғылдануымен, бүтіндей қабілеттері мен жеке бас ерекшеліктерінің дамуымен байланысты. Бұл үрдістер әдебиеттерді оқу кезінде, телебағдарламалар, кинофильмдер қарау, театрлар мен мұражайларға бару, әңгімелесу кезінде өлшеусіз және еріксіз жүреді. Жанама дайындыққа іргелі ғылыми негіздерді және пән мұғалім-ұстаз үшін базалық ғылымның жаңа жетістіктерін және де онымен шектес басқа да ғылым салаларын оқуды жатқызуға болады.
Курсты немесе курс бөлімін оқытуға тікелей дайындық бағдарламаларды, кітаптарды, оқу құралдарын, ғылыми және әдістемелік әдебиететтерді оқудан тұрады.
Тікелей дайындықтың міндетті элементі – оқытуды жоспарлау, ол білім беру үрдісін ұйымдастырудың ең маңызды кезеңі болып саналады.
Жоспарлаудың төрт түрі бар, нәтижесінде олардың әрқайсысына сәйкес жоспар болады. Олар: білім беру мекемесінің жұмыс жоспары және оқу бағдарламасы, тақырыптық (күнтізбелік-тақырыптық) және сабақ жоспарлары. Соңғы екеуі мұғалімнің негізгі жоспарлары.
1. Тақырыптық жоспарлау
Тақырыптық жоспар бүтіндей оқу жылына әзірленіп, оқу курсының барлық ірі тақырыптары мен бөлімдерінің қысқаша мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар – бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау және оларға қажет уақытты есептеу болып табылады.
Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады:
1) тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары;
2) сабақтардың формалары;
3) оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны;
4) тірек білім мен ептілік;
5) алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары;
6) көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі;
7) оқу-әдістемелік құралдар;
8) пәнаралық байланыстар;
9) сабақ формалары (жалпылаушы және сынақ тапсырмалар бекітіледі, өздік жұмыстардың тақырыптары мен формалары белгіленеді). Әрбір тақырып бойынша негізгі ұғымдар, әрекет тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады.
Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір тақырып немесе оқу бағдарламасының бөлімі бойынша, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар жүйесіндегі оқу-тәрбиелік үрдістің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын анықтауға арналған. Олар сабақты белгілі бір жүйеге салуға, жұмыстың келешегін көруге мүмкіндік береді, жабдықтарды сабаққа алдын ала даярлауға, жаңа материалды меңгеруге, қажетті білім мен ептілікті өзекті етуге бағытталған оқушыларға алдын ала тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып арқылы жетекші ережелерді өткізу, оқушылардың бүтіндей түсінігін және әрекеттің аяқталған тәсілін қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші құралдарын ұғыну.
Заманауи дидактика мен әдістемеде оқу үрдісін жоспарлау технология деңгейіне жетті [45 және т.б.]:
1. Курс бойынша жұмыс бағдарламасын зерттеу немесе өздігінен әзірлеу, білім беру стандарттарына және педагогтің өзіндік ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу курсына бөлінген сағатты есептеу (мерекелік күндерді ескеріп). Курстың (бөлімнің) басты тақырыптық блогтарын және оқушылардың басыңқы әрекет формаларын бөліп алу. Оқу материалын логикалық аяқталған бөлімдерге бөлу.
2. Тақырыптық және әрекеттік компоненттерін есепке алып, курстың негізгі бөлімдері бойынша жылдық сағаттың жалпы санын үйлестіру (мысалы, оқу жылының соңында курстың барлық тақырыбы бойынша практикумға немесе қайталауға уақыт бөлу). Сабақтан тыс жұмыстарға уақыт бөлу (жеке жоспар бойынша сабақтар, шығармашылық жұмыстарды қорғау, конференциялар, олимпиадалар, консультация, сынақтар, емтихандар және т.б.)
3. Түрлі факторларды ескеріп, тақырыптық жоспар бөлімдеріне бөлінетін оқу уақытын есептеу (мысалы, оқушылардың білім алу нәтижелерін бақылау тоқсандық бақылау жұмыстарының тақырыптарымен сәйкес келу үшін ірі бөлімдерді немесе тақырыптарды демалыс күндері басталғанға дейін аяқтаған дұрыс).
4. Әрбір бөлім ішіндегі сабақтарды жоспарлау:
- оқулық тақырыбы бойынша оқу материалының мазмұнымен танысу, қойылған мақсатқа сәйкес оқушылар меңгеруге тиісті негізгі ғылыми және тәрбиелік ойларды, ұғымдарды, заңдарды, ептіліктер мен дағдыларлы бөліп алу; әрбір сабақтың тақырыбын белгілеу, неғұрлым ұтымды сабақ тақырыбын таңдау;
- бөлім бойынша сабақтың оңтайлы технологиялық құрылымын таңдау;
- оқытылатын сабақ формаларын, оқытудың әдістемелік тәсілін және басқа да ерекшеліктерін нақтылау (соның ішінде білімді игеру заңдылықтарына, дидактикалық қағидаларға сәйкес тақырыпты ашу логикасын дәлелдеу, әрбір сабақтың тақырыптарын белгілеу, негізгі тапсырмаларды тұжырымдау, олардың жиынтығы оқытылатын тақырыптың жалпы тапсырмалар кешенін орындауды қамтамасыз етуі тиіс).
Курстың тақырыптық және іскерлік тарауы мына мәліметтер көрсетілген тапсырмалардан тұрады:
тапсырманың осы тараудағы және жыл басындағы нөмірі, мысалы: 2/23 сабақ, яғни осы тақырып бойынша екінші сабақ, жыл басынан бастап жиырма үшінші сабақ;
сабақ тақырыбы (білім беру стандарттарында, бағдарламалар мен оқулықтарда белгіленген тақырыптар мен сұрақтарға сәйкес құрастырылады);
сабақ түрі (формасы) (дәріс, семинар, экскурсия, зертханалық жұмыс және т.б.);
сабақ мақсаты (оқушылардың жетілдіруін жоспарлауға жататын басты мақсат жазылады; сабақты жоспарлау кезінде мақсаттар бөлшектеліп нақтылануы мүмкін). Әр бөлімнің дидактикалық және тәрбиелік мақсатын белгілеу;
дидактикалық құралдар (таратылатын материал, плакаттар, компьютерілк бағдарламалар және т.б.);
нақты сабақтағы бақылау және кері байланыс, олардың формалары;
үй жұмыстары (шығармашылық, оқулықтағы параграф нөмірі, тапсырмалар кітапшасындағы тапсырма нөмірі, жеке бағдарламалар бойынша және т.б.).
Мұғалім басқа әдістерді де қоса қолдана алады. Мысалы, оқыту әдістері, негізгі мәселелер, оқушылардың әрекет формалары және т.б.
5. Жылдық тақырыптық жоспардың соңғы құрастырылуы, қажет болғанда бөлімдер жүйесін және оларға алдын ала бөлінген уақытты түзету.
М.И. Махмутов мұғалімдерді біліктілігі жоғары мамандармен құрастырылған тақырыптық жоспармен қамтамасыз ету керектігін айтады. Ол бағдарламаны оңтайлы меңгеруді, оқушылардың интеллектуалдық дамуын және жан-жақты тәрбие алуын қамтамасыз ететін тақырыптық жоспардың бірыңғай дидактикалық сызбасын ұсынды. Бұл сызба үлгі ретінде қолданылады, мұғалімдер оны оқу-тәрбиелік үрдіс кезінде нақты шарттарға сәйкес қана өзгерте алады (2.2-кесте). Күнтізбелік-тақырыптық жоспар алуан түрлі тәсілмен әзірлене алады. Мұндай жоспар құрылымдарының мысалдары 2.2-2.5- кестелерде көрсетілген.
