Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с книга кож. 11.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Малдың қате және жеткіліксіз азықтандырылуынан пайда болатын тері ақаулары.

Жідеулік (тощеватость)– терінің ортаңғы бөлігінің қалыпты тығыздығы жағдайында оның етектері мен бүйір жағаның сәл жұқалығы және бостығы, бұл жануардың нашар азықтандырылуы немесе ауруы нәтижесінде пайда болады. Мұндай терілердің қылшықтары күңгірт және шел қабаты май жинақталмаған құрғақ болады. Көбінесе жүдеу терілер малды қыстың ортасында не ерте көктемде, қысқы жеткіліксіз азықтандырудан әлі көтеріле қоймаған кезінде сойған шақта алынады.

Арықтық жүдеуліктің күшті көрінуі. Арық терінің бүкіл ауданы бойына тығыздығынан айрылуы мен ғана емес, сондай қылшық пиязшаларының көрініп тұруымен және шұбарлығымен сипатталады. Шұбарлықтың болуымалдың ауырғандығын көрсетеді. Көп жағдайда арық терілердің шел қабаты жағынан қан тамырлары айқын білініп тұрады.

Мұндай терілерден алынған жартылай фабрикат жұқа, құрғақ, былғарының бетінде қан тамырларының бұтақ тәрізді терең басылған таңбалары бар (сіңірлілік) болады, ол көбінесе кедір-бұдырлы болады.

Шалаға – қыстың аяғында және ерте көктемде сойылған, аса қатты арықтаған қой мен ешкі терілері. Жүні күңғірт, әлсіз, оңай жұлынады. Биязы жүнді қой терісінің қылшығы мақта тәрізді болады. Шалағаланған қой терілері үлбір-тондық және былғарлық жартылай фабрикат алуға жарамсыз болады және жүн алуға жұмсалады, ал шел қабаты түрлі галантереялық бұйымдар, төмен сапалы астарлық және қалған терілерін өңдеу үшін пайдаланылады.

Переслежистость (ала-құлалық) – биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және жартылай қылшық жүнді қойлардың жүн жамылғысында мол ауырған кезеңде немесе азықтану тәртібі бұзылған кезде өскен талшықтардың бөлігіндегі қылшықтың жуандығының әркелкілігі. Мұндай учаскелердегі жүннің беріктігі әлсіреген, сынғақ болады және қой терісін өңдеген кезде жыртылып кетеді. Ала-құлалық әдетте терілердің жүдеулігіне байланысты болады.

Маклак – кәрі арық малдардың ортан жілігі мен жанбасының қосылған жерлеріндегі терісінің қан тәрізді қатпары. Дайын былғарыда зақымданған жерлер жанындағы бөліктерге қарағанда жұқалау болады және томпайып шығып тұрған күйінде қалады; өңдеу операциялары кезінде тері бетін тегістеу үшін оларды тілуге немесе кесіп алып тастауға тура келеді.

Қалың қатпарлар (Борушистость) – терінің мойын тұсында тері асты май қабаты мен эпидермистің қатты өсуіне байланысты қалың қатты қатпарлар пайда болады. Олар көбінесе нашар азықтандырылған, пішетірілмеген өгізшелердің, сондай-ақ торпақтардың терілерінде байқалады. Қалың қатпарлар екінші жыныс белгісі болып табылады. Терең қатпармалар және тері бетінің басқа зақымдануылары кездеседі. Қатпарлар, әсіресе хроммен илеу кезінде, тегістеуге келмейді деуге болады. Қалың қатпарлы жағаларды жауапты бөлшектерге пайдалануға болмайды.

Арам тері – арам өлген малдан алынған тері, әдетте шел қабаты жағы булы күйінде қышқыл қызыл түсті, қан тамырлары айқын білініп тұрады және теріде ет кесінділері едәуір болады. Арам терілердің көпшілігіне арықтық тән. Арам терінің жүні күңгірт, жансыз, реңкі күңгірт болады. Бұзау терісіндегі, қой және ешкі терілеріндегі бұл ақаудың маңызы зор, өйткені одан алынған жартылай фабрикат қалыңдығы жөнінен жарамдылығы аз болады.

Күстену (моржевина) – шошқа терілерінің эпидермисінің елеулі түрде қабатталуынан емізікті қабаты бетінің тегіс болмауы (үгіңдіқатпар). Дайын былғарыда бет жағындағы жазылмайтын қыртыстар мен қатпарлар түрінде көрінеді. Күстену малды ұзақ уақыт бойына лас жерде ұстағаннан пайда болады. Күстенуді жабайы қабандар терілеріне тән бет жағының табиғи қаттылығымен шатастырмау керек. Былғары бетінің туа біткен өзгерістері де байқалады (балық қабыршағы). Мұндай ауру кезінде терілер түгел дерлік қылшығынан айырылып, мүйіз тәрізді қабыршақтармен жабылады.(28-сурет).Бұл ақаулар былғары сапасын қатты төмендетеді.

Заполистость – көп бұзаулаған сиыр терісінің ақауы. Мұндай терінің етектері мен шаптары қатты созылуымен, жұқалығымен және босандығымен сипатталады, олардың ауданы терінің жалпы ауданының 30 %-ға дейін жетеді, бұл ұлтандық былғарыларды шығарған кезде ұлтан пішімінің құндылығын төмендетеді. Мұндай терілер шикізат ақауына есептелмейді, тек оларды өңдірістік партияларды жинақтаған кезде бөлек іріктейді.

Мал сойылғаннан кейінгі ақаулар.

Шикізат сапасының елеулі түрде төмендеуі сондай-ақ малды қате сою, терілерді қалай болса солай сыпыру және консервілеу, оларды сақтау және тасымалдау жағдайларының нашарлауы есебінен де болады.

Мал сойылғаннан кейіңгі ақауларды пайда болу себептеріне қарай мынадай топтарға бөлуге болады: малды сою және терілерді сыпыру кезіндк пайда болған ақаулар:

терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар; терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болған ақаулар.