- •Тері шикізатының тауартануы
- •I тарау. Тері және тондық –үлбірлі шикізаттардың тауартану негіздері
- •Тері топографиясы.
- •Терінің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
- •Малды сою және терісін сыпыру.
- •Мал сою пункттері.
- •Терілерді сыпыру
- •III тарау. Былғары және тондық шикізатты бастапқы өңдеу және толық өңдеу
- •Терілерді шелдеу
- •Қиды қи жинағыш машинамен алу.
- •Былғары шикізаты мен тондық –үлбір шикізатты консервілеу. Сыпырылғаннан кейін теріде жүретін процестер.
- •IV тарау. Былғары шикізаты және тондық -үлбір
- •Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар
- •Малдың тері ауруларынан пайда болған тері ақаулар
- •Малдың тірі кезінде терілердің механикалық зақымдануынан пайда болған былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың ақаулары.
- •Малдың қате және жеткіліксіз азықтандырылуынан пайда болатын тері ақаулары.
- •Малды сою және терілерді сыпыру кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болатын ақаулар.
- •Тері ақаулары. (гост 3123-78,1134-73)
- •V тарау. Былғары шикізаты және тондық –үлбірлі
- •Түрлі әдістермен консервіленген былғары және тондық-үлбірлі шикізатты сақтаудың негізгі шарттары.
- •Сақтау үші шикізатты іріктеу
- •Шикізатты қатарларға салу.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Терінің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
Теріні бастапқы өндеу процессінде, сақтау кезінде және әсіресе одан былғары жартылай фабрикатын алу кезінде онда болатын өзгерістер жаңа сыпырылған терінің химиялық қасиет құрамына және физикалық қасиеттеріне байланысты болады.
Терінің химиялық құрамы. Тері өзінің химиялық құрамы бойынша ақуыздардан, майлар мен май тәрізді заттардан, минералдық тұздардан,көмірсулардан және судан тұрады.
Терідегі химиялық заттардың сандық құрамы тұрақты болмайды және жануардың түріне, жынысына, жасына, тіршілік жағдайларына байланысты болады, сондай-ақ бір терінің өзінде қабаттары (қалыңдығы) және оның топографиялық бөліктері бойынша өзгереді.
Мүйізді ірі қараның жаңада сыпырылған булы терісінің химиялық құрамы шамамен мынадай болады (пайыз бойынша): су 65-70%; ақуыз 28-30%; май мен май тәрізді заттар 0,5-1,5%; минералдық заттар 0,3-1,0%; көмірсу 0,2-0,5%.
Терінің құрғақ заты толықтай дерлік құрылысы мен құрамы бойынша әжептәуір күрделі түрлі ақуыздан тұрады; олардың негізгілері мыналар: кератин, коллаген, эластин және ретикулин.
Кератин эпидермистің, қылшықтардың, қылшық қалталарының ішкі бөліктерінің, бездер қабыртқаларының, мүйіздер, тұяқтар және қауырсындардың құрамына енеді. Кератиннің сондық ара қатынасы эпидермис қабаттарында әр түрлі болады, мүйізді қабатта ол шырышты қабатпен салыстырғанда көбірек болады. Кератин амин қышқылдарының бірі – цестин құрамында күкірттің көп мөлшерінің болуымен сипатталады. Оның орташа элементтарлық құрамы мынадай: С-50,65 %; Н-7,03 %; О-20,0 %; N-17,7 %; S-4,61 %. Кератин түрлі физикалық – химиялық әсерлерге әжептәуір тұрақты, қайта коагуляцияланбайтын ақуыз болып табылады. Жай қысыммен суда қайнатқан кезде ол өзгермейді, ал қысыммен қайнатқан кезде температура -150◦-те ыдырап күкіртті сутегімен меркаптандарды (оттегісі күкіртпен алмастырылған және нағыз спирттерге қарағанда қыщқылдық қасиеттері бар спирттер)болып шығарады және суытқан кезде қатпайтын ерітінді түзеді. Нейтралды тұз ерітінділерінде, сондай - ақ сұйытылған негіздерде кератин ерімейді. Кератиннің концентрацияланған қышқылдар мен негіздер әсеріне тұрақтылығы әжептәуір әрқилы болады: қышқылдар тіпті жоғары температурада да оны өзгерте алмайды, ол оны негіздермен өңдеген кезде ол ыдырайды. Әсіресе эпидермистің шырышты қабатының мүйізденбеген ақуыздар негіздер әсеріне тұрақсыз болады.
Бұрын кератинді қаракүйе дернәсілдері бөліп шығаратын ферменттерден басқа ақуызды ыдыратушы ферменттер әсеріне тұрақты деп есептейтін. 1954 жылы Никерсон мен Новаль кератиноза деп өздері ат қойған ферментті ашып, оны былғары шикізатын қылшығынан арылтуға қолданды. Аз концентрацияда бұл фермент тек шырышты қабаттың кератиніне ғана әсер етіп, бұл арада ақуыз пен дерманың ақуыздарына зиянды әсер етпей, тек қылшықтың нағыз терімен байланысын әлсіретеді.
Негіз және негіз-жер металдары сульфидтерінің ерітінділерінде кератин ыдырап кетеді. Былғары өндірісінде терілердің қылшығынан арылту әдісі кератиннің осы қасиетіне негізделген. Эпидермис құрамындағы кератиннің салыстырмалы түрдегі химиялық тұрақтылығы жануарлар денесіне зиянды химиялық реагенттердің енуіне бөгет жасайды.
Коллаген нағыз терінің негізгі ақуызы болып табылады. Тері дермасының жалпы құрамындағы ақуыздардың 90% коллаген болып табылады және ол түрлі дәнекер тіндеріндегі ақуыздың ең бастысы болып табылады.
Таза коллаген құрғақ күйінде суық суға, қышқылдар мен негіздерің сұйытылған ерітінділерінде ерімейтін, бірақ ісініп кететін осал зат болып табылады. Осындай ісінген күйінде коллаген протеалазалаушы ферменттер мен шіріткіш бактериялар әсеріне оңай түседі; бактериялар оны жекелеген амин қышқылдарына, одан кейін ұшпалы өнімдерге дейін ыдыратады. Коллагеннің элементтік құрамы мынадай: С-50,2 %; Н-6,4 %; N-18 %; O-25,3 %; S-0,3 %.
Жануарлар терілерінің коллагенінің құрамында, соңғы кездердегі зерттеулер мәліметтері бойынша, онда күкіртті аминқышқылы – метеонин болуы себебінен 0,3-0,9% күкірт болады. Коллагенді су қосып қыздырған кезде температура +65 С◦-та ол пішінін өзгертіп жиырылады және майысады. Коллагенді негіздер мен қышқылдардың концентрацияланған ерітінділерімен өңдеген кезде және су қосып 70С◦-тан астам температураға дейін қыздырған кезде, ол баяу аммияк бөліп, басқа ақуыз-желатинге айналады, амияктың бөлінуі реакцияның кері жүрмейтігіндігін куәландырады. Желатин коллагенның ыдырауының бастапқы өнімі болып табылады.
Коллагенге сұйытылған қышқылдар мен негіздердің, сондай –ақ кейбір нейтралды тұздар (электролиттер) және ферменттердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі коллагеннің ерігіш күйге (желатин мен басқа өнімдерге) ауысуына жәрдемдеседі. Пепсин ферменті оны оңай бұзып, еритін өнімдерге айналдырады. Трипсин оған әсер етпейді, тек коллагенді алдын-ала қышқылдар мен негіздер ерітінділерінен өңдегеннен кейін трипсин оның құрылымының әжептәуір босауын тудырады.
Коллагеннің ылғалды ортада және жоғары температурада желатинге айналу қасиеті теріні 40С◦-тан астам температурада, күнге және жылу құрылғыларының жанына жайып кептіруге болмайды (коллагеннің жекелеген бөлшектері желатинге температура +40С◦-та айнала бастайды). Коллагеннің былғары өндірісі үшін аса маңызды қасиеті оның илегіш заттармен қосылып, бұл арада тіпті жаңа қасиеттерге ие болуы болып табылады: ол енді қайнап жатқан ортада ерімейді, ылғалды ортада ісінбейді және шіріткіш процестерге тұрақтылығы жоғары болады.
Эластин дерманың эластиндік талшықтарының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, оның терідегі мөлшері барлығы 0,1-0,5% болады. Түсі ақшыл сары. Коллагенге қарағанда ақуыздарды бұзатын қышқылдар негіздер және ферменттер(пепсин, трипсин) әлдеқайда тұрақты болады. Суға салып қайнатқан кезде эластиннің өзгерістері байқалмайды. Концентрациялы минералдық қышқылдармен бірге қыздырған кезде ол ерітіндіге ерекше тез айналады; эластин ескі сілтілік (зольный) сұйықтарда да ериді.
Ұзақ уақыт бойы сілтілеген кезде, сондай-ақ жұмсартқан кезде эластин коллагендікіне ұқсас қасиеттерге ие болады. Эластиннің элементтік құрамы мынадай: С-54,2 %; Н-7,3 %;N16,7 %; O-21,8%.
Ретикулин – дерманың ретикулиндік талшықтарының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ақуыз ыстық су, қышқылдар, негіздер және трипсин ферментінің әсеріне аса тұрақты болады. Қышқылдар мен негіздердің су қосылған ерітінділерінде ретикулин әлсіз ісінеді. Күкіртті натрий әсерінен ретикулин талшықтарының біртіндеп әлсіреуі және олардың бұған жалғас ыдырауы басталады: ретикулин және де пепсин ферментінің әсерінен де ыдырайды. Ретикулиннің химиялық табиғаты әлі толық зерттеле қойған жоқ. Ретикулиннің шамамен алғандағы элеменнтік құрамы мынадай: С-52,9 %; Н – 6,9 %; N-15,6 %; O-22,3 %;S-1,9 %;P-0,4%.
Муциндер мен мукоидтер бұлар күрделі ақуыздар; олардың тері құрамындағы мөлшері 0,1-ден 0,2%-дейін; олар терінің дәнекер тіні бөлігінің талшық аралық заттарының құрамына кіреді және оның құрамындағы углеводтар 4%-дан астам болады. Қыздырғанда ұйымайды және суда, нейтралдық тұздар ерітінділерінде ерімейді. Муциндер мен мукоидтер суда ісінеді, концентрацияланған тұздықтарда, әлсіз негіз ерітінділерінде, пепсин мен тирпсинде оңай ериді. Сірке қышқылының әсерінен олар ерітінділер құрамынан шығып қалады.
Альбуминдер мен глобулиндер қарапайым, яғни тек амин қышқылдарынан тұратын ақуыздарға жатады. Олар қан мен лимфада, сондай-ақ терінің бұлшық ет және нерв жасушаларының плазмасында болады. Олардың тері дермасы құрамындағы мөлшері 0,4-1,9%. Қыздырған кезде олар үйиды, сондықтан оларды «коагуляцияналатын» ақуыздар деп атайды. Альбумин таза суда ериді, глобулин ерімейді. Екеуі негіздердің, қышқылдардың, тұздардың әлсіз ерітінділерінде оңай ериді және қышқыл концентрациясы көбейген кезде осы ерітінділерден тұнба түрінде шығып қалады. Тұздықтау (терілерді тұздың концентрацияланған ерітіндісіне салып консервілеу) процессінде альбуминдер мен глобулиндер тері құрамынан шығып қалады. Олар шіру процесіне оңай көнеді. Химиялық құрамы бойынша альбуминдер мен глобулиндер бір-біріне жақын болады, бірақ альбумин құрамындағы күкірттің жоғары мөлшері мен (1,9%) және амин қышқылы – гликоколдың болмауымен сипатталады. Альбуминдер мен глобулиндер әсіресе жас малдардың терісінде көп болады. Мысалы, олар бұзау терісінің дермасында 5,1 %, ал тайыншаныкінде 1,0 % болады.
Беттік қабаттын ақуыздары.
Олардың химиялық табиғаты жеткіліксіз зерттелген. Химиялық реагенттер әсеріне олар өте тұрақты болады. Суық су оларға еш әсер етпейді ал тіпті қайнап жатқан суға салса да олар өте әлсіз өзгереді. Трипсин ферменті мен улы негіздер ерітінділері (сілтілер) күшті бұзғыш әсер көрсетпейді, бірақ олар шіріткіш микроптар әсерінен оңай бұзылады.
Беттік қабаттың ақуыздары былғары өндірісінде үлкен роль атқарады, өйткені олар былғары «бетін» түзеді. Теріні илеу және бояу кезінде олар дерманың колллаген талшықтарына қарағанда өзгеше түске ие болады. Сондықтан терінің беті бүлінген бөліктері басқа түсті дақтар түрінде болады.
Майлы заттар. Тері құрамына майлар – глицеридтер (глицериннің күрделі эфирлері мен жоғарғы бір негізді майлы қышқылдардан тұратын органикалық қосындылар) және майға ұқсас заттар – липоидтер кіреді. Липоидтерге фосфатидтер жатады. Оның құрамында фосфор қышқылы, балауыз (сабынданып езілмейтін) және басқа бірқатар заттар болады.
Майлар мен майға ұқсас заттарды біріктіріп липидтер немесе табиғи күрделі эфирлер деп атайды. Терідегі липидтер 2 түрлі күйде болады: бос күйінде, кәдімгі еріткіштерге оңай экстракцияланатын (мысалы, ацетонда, нейтральдық эфирде) және тері ақуыздар мен әжептәуір байланысқан күйінде және липопротеидтер деп аталатын қосындылар түзеді, олар тері ақуыздары негіздермен бірге қайнатылған соң немесе қышқылдар әсерінен ғана экстаркцияланады.
Май мен тері асты шел қабаты майлы жасушалары құрамында негізінен фосфатидтер қосылған майлар болады, ал май бездерінің майлы секреті негізінен балауыздар мен азғана мөлшердегі стеридтерден тұрады.
Тері құрамындағы липидтер мөлшері жануарлардың түріне, жасына, жынысына, қоңдылығына және денсаулық жағдайына байланысты болады және 2- 40 % аралығында ауытқиды (құрғақ қалдықтын). Майлы затттар әсіресе қой және шошқа терілерінің құрамында көп болады.
Липидтер терінің қалындығы бойынша да, ауданы бойынша да әр келкі орналасады (терінің сыртқы қабаттарындағы май ішкі қабаттарына қарағанда көп болады, ал етегінде терлікке қарағанда мол болады).
Теріні илеу кезінде липидтерді толықтай алып тастайды, өйткені олар илеу процесіне кедергі жасайды. Майлы теріден әзірленген былғары ерекше бостығымен (май орнында қуыстар қалады) және беріктігі аздығымен ерекшеленеді. Сондай –ақ майлы тері ішіне консервілеуші заттардың енуі де баяулайды.
Малдардың көпшілігінің терілерінде (әсіресе қоңдылығы жақсыларында) тері асты май қабатының құрамына май көп жиналады. Тері асты майы қатты және сұйық нейтралды майлар мен фосфатидтерден тұрады.
Жер бетіндегі аңдар майлары теңіз жануарлары майларынан қаныққан триглициридтердің (стеарин мен пальмитин қышқылдарының) көп мөлшермен ерекшеленеді және соның салдарынан оның конститенциясы қатты немесе май тәрізді болады. Теңіз жануарлары майларының құрамына көптеген жоғары қанықпаған қышқылдар (мәселен, клупанодон) кіреді.
Минералдық заттар. Тері құрамында 0,5 %-ға дейін ақуыздық емес заттар – фосфаттар, карбонаттар, натрий, калий, магний және кальций хлоридтері, сондай-ақ темір, алюминий және күкірт қосындылары болады. Бұл тұздар терінің қаны мен лимфасының құрамында болады.
Тері құрамына кіретін бүкіл минералдық заттардың ара қатынасы малдардың түріне, жынысына, жасына, азықтануына және терінің топографиясына байланысты өзгеріп отырады. Жаңада сыпырылған теріде минералдық заттар неғұрлым көп болса, ол солғұрлым ісіңгіш болады.
Терідегі ылғал. Жаңа сыпырылған тері құрамындағы ылғал 66-73 % шегінде ауытқиды. Бұл ауытқу жануардың түріне, жынысына, жасына және тері құрамындағы майға байланысты болады. Мал неғұрлым жас және оның терісінде май неғұрлым аз болса онда ылғал солғұрлым көп болады. Еркек жануарлар терісінде ұрғашылардікіне қарағанда су аз болады. Дерманың жоғарғы қабаттары суға бай болады, су ең тапшы болатындары мүйізді қабат пен оның терең қабаттары болып табылады. Ылғал мөлшері терінің топографиялық учаскелерінде әр қилы болады. Дерма құрамындағы су талшықтар аралықтарында бос күйінде болатын капиллярлық суға және тері талшықтары затымен берік байланысқан мицеллярлық (гидротациялық) суға бөлінеді.
Дермадағы ылғалдың 60 %-не дейін капиллярлық су болады, ол кептірген кезде теріден бірінші кезекте бөлінеді; кейінірек мицеллярлық суда бөліне бастайды. Теріні консервілеу кезінде, сондай-ақ одан былғары алу кезінде бұл ерекшеліктер ескерілуі қажет.
Терінің физикалық қасиеттері
Былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың тауарлық қасиеттері, былғары жартылай фабрикаттар алу әдістемесі және шикізаттың әр- түрлерінің сатып алу бағалары оның физикалық қасиеттеріне тікелей байланысты болады. Олардың ішінде ерекше маңыздылары мыналар: терінің өлшемі, оның салмағы, қалыңдығы, тығыздығы және үзуге беріктігі.
Терінің өлшемі. Өлшемдері үлкен теріден түрлі былғары бұйымдарды әлдеқайда көп алуға болады, өйткені жартылай фабрикаттарды пішкен кезде қиықтар аз пайды болады. Қой, ешкі, шошқа және бұғы терілерін дайындаушылар олардың ауданына қарай қабылдап алып, ақша төлейді. Терінің ауданы жануардың түріне, тұқымына, жынысына, жасына, азықтандыру және күтім жағдайларына байланысты болады. Сонымен қатар, тері өлшемдері консервілеу әдістеріне байланысты да өзгереді: құрғақтай тұщы консервілеу кезінде ауданы орта есеппен 1%-ға, құрғақтай тұздап консервілеген кезде 6%-ға, және қышқылдап-тұздап консервілеген кезде 4%-ға азайяды. Қой және ешкі терілерінің ауданын шаршы дм-мен терінің құйыршық түбінен (құйрықты қойларда артқы аяқтардың астыңғы шұңқырларын біріктіретін сызықтан бастап) бастап құлағына дейін құлақтары жоқ болса мойынның жоғарғы шетіне дейінгі ұзындығы мен қолтықтардың төменгі шетінен 3-4см төменгі сызық бойымен өлшенетін еніне көбейту жолымен есептеледі (5-1, 5-2 суреттер).
1) 2)
5-сурет.(1) Қойлар мен ешкілердің барлық түрлері терілерінің (құйрықты қойдан басқа) ауданың өлшеу. А-Б – қой терісінің ұзындығын жоны бойымен өлшеу кезіндегі шеткі нүктелері; В-Г – қой терісінің енін өлшеу кезіндегі сызықтын шеткі нүктелері; Д-Е – қолтықтарының төменгі шетінен қашықтығы (3-4см).
5 сурет.(2) Құйрықты, дала қойларының терілерінің ауданын өлшеу. А-Б - терінің ұзындығын жоны бойымен өлшейтін сызықтын шеткі нүктелері; В-Г – терінің енін өлшеу кезіндегі сызықтын шеткі нүктелері; Д-Е – артқы аяқтардың астыңғы шұңқырларына жанасатын, құйрық түбін анықтайтын сызық.
Шошқа терілерінің ауданы терінің мойынның жоғарғы шетінен артқы аяқтардың астынғы шұңқырларына жанасатын сызыққа дейінгі ұзындығын алдыңғы аяқтардың астыңғы шұңқырларының төменгі шетінен 3-4 см төмендеу сызық бойымен өлшенген еніне көбейту арқылы өлшенеді. Ауданын өлшеу үшін теріні жазып салып, оның ұзынынан немесе енінен созылуына жол бермейді.
Терінің
ұзындығы мен енін өлшеген кезде 0,5дм
және одан артық болса, оны 1
деп есептейді, ал 0,5
-ден
кем болса есептелмейді. Ал рамаға тартып
кепілген қой мен ешкі терлері ауданын
10%-ға кеміте отырып қабылдайды.
Тері ауданын өлшеу үшін метр немесе дециметраждық планшет қолданылады. Дециметраждық планшет рамаға салынған фанер болып табылады, ол әрқайсысының өлшемдері 1 болатын 120 жасушаға бөлінген болады (6-сурет).
6-сурет. Дециметраждық планшет.
Теріні планшет үстіне құйыршық сызығын планшеттік төменгі шетімен үйлестіріп, теріні оң жақ шетін оң жақ қолтықтан 3-4 см төмен нүктесін планшетті он жақ шетімен үйлестіріп салады. Терінің ұзындығы мен енің планшет рамкасында вертикалдық және горизонтал бағыттарда орналасқан сандар арқылы анықтайды. Ұзындығы мен енінің шеткі нүктелеріне перпендикулярлы түрде жүргізілген сызықтардың қиылысқан жеріндегі квадратта көрсетілген сан терінің ауданын көрсетеді.
Терінің салмағы. Былғары шикізатының көптеген түрлерін сатып алу кезінде олардың таза салмағы бойынша қабылдайды. Терінің салмағы әр теріні жеке-жеке кәдімгі ондық шамадағы немесе циферблатты, 100г-ға дейіңгі дәлдіктегі таразыда өлшейді. Терінің салмағы оның өлшеміне, қалыңдығына, тері жамылғысының қалындығына, консервілеу әдісіне және түрлі ауырлатқыш заттардың (қи, етпен май кесінділері, тұяқ, мұйіз және т.т.) болуына байланысты болады. Жаңа сыпырылған терінің салмағы сондай-ақ малдардың түріне, жасына, жынысына, тұқымына және қоңдылық деңгейіне байланысты өзгереді. Жаңада сыпырылған (консервіленбеген)терілердің таза салмағын сыпырылған соң екі сағаттан кешіктірмей, суыған соң анықтайды, ал жуылған терілердікін олардың суы толық ағып біткен соң анықтайды. Консервіленген терілер салмағын терілердегі түрлі ауырлатқыштарды, терілердің кем тұздалуын, сондай-ақ артық тұздалуын (кеуіп кетуін) ескере отырып анықтайды. Барлық ауырлатқыштар мен кем тұздалғаны үшін терінің нақтылы салмағын кемітеді, ал артық тұздалғаны үшін үстеме қосады. Салмағы бойынша қабылданатын терілер үшін консервіленген терілер салмағының олардың булы күйіндегі негізгі бастапқы салмағына % бойынша мынадай ара қатынастар белгіленген: булы, жаңа сыпырылған – 100%, мұздатылған – 95%, сулап тұздалған (жайып сап тұздап консервіленген) – 87%, тұздықтап оған жалғас жазып салу – 83%, құрғақтай тұздау – 50%, тұщы - құрғақ - 40%.
Бұл ара қатынастар едәуір мөлшерде мыналарға байланысты өзгереді: сулап тұздалған терілерде – олардың артық тұздалу деңгейіне, ал құрғақтай тұздалған, және тұшы тұздалған терілерде – олардың қоршаған ортадағы ылғалды жұту деңгейіне байланысты өзгереді, өйткені бұл терілер жоғарғы мөлшердегі гигроскоптығымен ерекшеленеді.
Терінің қалындығы. Терінің өндірістік тағайындалуы мен тауарлық қасиеттерін анықтайтын маңызды қасиеттерінің бірі оның қалыңдығы болып табылады.
Былғары шикізатының әр түрлерінде булы терілердің қалыңдығы 0,2 мм – 250мм аралығында ауытқиды. Терінің қалыңдығы жануардың түріне ғаңа емес, сонымен қатар жынысына, жасына, тұқымына, күтіп ұстау және азықтандыру жағдайларына, теріні консервілеу әдісіне және оның топографиялық бөліктеріне байланысты болады. Әдетте еркек малдардың терілерінің қалыңдығы әркелкі болады, және ұрғашы малдар терілерінен едәуір қалың болады; малдың жасы өскен сайын оның терісінің қалындығы біртіндеп ұлғал береді. Консервілеудің тұщы-құрғақ әдісінде терінің қалыңдығы 25-40 %-ке, құрғақтай тұздаған кезде 20-30%-ке азаяды. Тері терлік тұсында аса қалын болады, ол етек тұсында және мойнында (бұқалар терісінен басқа жұқалау болады және шап тұсында және алдыңғы аяқтардың ішкі жағында ерекше жұқа болады).
Терілер қалыңдығын өлшеу үшін Мейснер қалыңдық өлшегіші қолданылады. Онымен терінің тұздан, ет пен май кесінділерінен алдын – ала тазартылған кез-келген учаскесінің қалындығын өлшеуге болады (сынамалар кесіп алмай және қылшықтамай). Мейснер қалыңдық өлшегіші таға тәрізді металл станина мен екі сирақтан (беттен) тұрады, олар қиылған конусқа ұқсас болады. Төменгі беті қозғалмайды. Ал жоғарғы беті рычаг көмегімен көтеріледі. Теріні сирақтардың арасына кіргізіп (жоғарғы сирағын алдын ала рычаг көтеріп тұрады). Рычагті одан кеін босатады және сонда тері екі жағынан сирақтармен қысылып қалады. Циферблаттағы есептегіштің тілі осы терінің 0,1 мм-ге дейіңгі дәлдіктегі қалыңдығын көрсетеді.
Ірі терілер қалыңдығын анықтауға арналған стандарттық нүкте (Н) деп жота сызығынан (СТ) 200мм қашықтыққа орналасқан сызық (ЛМ) пен артқы аяқтардың астыңғы шұңқырларына жанасатын сызықтан (ВГ) 250мм қашықтықта жатқан сызықпен (ИК) қиылысқан жеріне орналасқан нүктені айтады (7-сурет).
7-сурет. Терілер қалыңдығын өлшеудегі стандарттық нүктелер.
Терінің тығыздығы. Былғары жартылай фабрикатының физикалық – механикалық қасиеттері (беріктігі, созылғыштығы, тозуға қарсылығы, суға және температура әсеріне қатынасы және басқалар) былғары шикізаттың тығыздығына тікелей байланысты болады.
Терінің тығыздығы ең әуелі дерманың торлы қабатындағы коллаген талшықтары будаларының өрілу сипаты, термостаттық және торлық қабаттардың қалыңдықтарының ара қатынасына, термодағы майлар мен бос дәнекер ткан қабаттарының болуына және дерманың қылшық қапшықтары мен тері бездері мен қопсытылуының аздаған деңгейіне байланысты анықталады.
Терінің тығыздығын органолептикалық жолмен – терлік бөлігін қолмен ұстап көру арқылы анықтайды. Сулап тұздап консервіленген тығыз терілер ұстап көрген кезде серпінді, шеміршек тәрізді дермамен сипатталады, ал тығыз еместері – серпінділігі аз, бос, қамыр тәрізді дермамен сипатталады. Терінің тығыздығын сипаттайтын қосымша көрсеткіштер ретінде микроскоптық талау мәліметтері пайдаланылады: тығыз терілерде талшықтардың өте тығыз өрімі байқалады, онда талшықтар аралығы тіпті білінбейді немесе будалар аралығында кішірек (талшықтар жуандығынан аз) аралықтар көрінеді. Керісінше, тығыз емес терілерде талшықтар ретсіз, будалар өрімдері өте бос, талшықтар аралықтары олардың жуандығынан артық болады.
Үзуге беріктігі. Былғары жартылай фабрикатының үзуге беріктігі бастапқы шикізаттың беріктігіне байланысты болады. Терінің үзуге беріктігі негізінде оның қалыңдығы мен тығыздығы бойынша анықталады. Сондай–ақ ол едәуір мөлшерде терінің ылғалдылығына, теріде май қоспаларының болуына және дерманың қылшық түбірлерімен және тері бездерімен тесілуіне сондай-ақ бастапқы өңдей сипатына және терінің басқа бір қатар өзгерістеріне байланысты болады. Былғары және қой терісі – тон шикізатының әрқилы түрлерінің үзілуін және ұзаруын сынауды ғылыми-зерттеу кезінде Шоппер жүйесіндегі маятникті диномометрлермен жүргізеді. Созу кезіндегі беріктік шегін анықтау нәжижесі (Еп4) мына формула бойынша есептеледі:
Еп4
=
;
мұндағы РВ – үзу кезінде түскен күш, кг.
F- үлгінің үзу учаскесіндегі көлденен қимасының ауданы, мм2.
РВ шамасын диномометр шкаласы бойынша алады, ал F шамасын үлгінің енін (мм) үзілген учаскенің қалындығына (мм) көбейту жолымен есептеп шығарады. Үлгінің қимасы ауданының бірлігінің үзуге қарсылығы (салыстырмалы беріктігі) кг/мм2 арқылы көрінеді.
Үзу кезіндегі ұзару Ер мына формула бойынша есептеледі:
Ер
=
* 100 ;
мұнда
=
-
- үзілу сәтіндегі ұзару, мм;
- үлгінің жұмысшы бөлігінің үзілу
сәтіндегі ұзындығы, мм;
- үлгінің жұмысшы бөлігінің бастапқы
ұзындығы, мм.
Үзу кезіндегі ұзару үлгінің жұмысшы бөлігінің бастапқы ұзындығының пайызы бойынша анықталады.
