Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с книга кож. 11.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

V тарау. Былғары шикізаты және тондық –үлбірлі

ШИКІЗАТТЫ САҚТАУ

Тұтыну кооперациясы дайындаған былғары және тондық- үлбірлі шикізат әдетте аудандық дайындау кеңселерінде өте қысқа мерзімде сақталады. Әдетте, сақтауға және тасымалдауға арналған «жою» жағдайына келтірген соң, шикізат қоймаларда тек тиеуге арналған партияларды жинақтау үшін ғана қалдырылады.

Тасымалдау үшін өзен көлігін пайдаланатын немесе темір жолдан алыс орналасқан және қыста қолайлы қатынас жолдары жоқ кеңселер қоймаларында шикізат әжептәуір ұзақ уақыт, кейде навигация ашылғанға дейін сақталады.

Шикізатты әсіресе дайындау маусымы кезінде дайындау ұйымдары мен ет ұқсатушы кәсіп орындардан келіп түскен шикізаттын көп саны жинақталып қалатын шикізат базалары мен былғары шикізатын бастапқы өндеу зауыттарында сақтаудын маңызы ерекше зор.

Шикізатты қате сақтау дермаколлагенінің қайта оңалмастай құрылымдық өзгерістеріне шикізаттарды микроағзалардың, зиянды жәндіктердің бүлдіріуіне және т.т. әкеп соқтыруы мүмкін.

Түрлі әдістермен консервіленген былғары және тондық-үлбірлі шикізатты сақтаудың негізгі шарттары.

Былғары және тондық- үлбірлі шикізатты арнайы жабдықталған төбесі жабылған бөлмелерде – шикізат қоймаларында сақтайды.

Ерекше жағдайларда ғана (егер қоймада бос алаң болмаса және т.т.) терілерді қоймадан тыс жерлерге сақтауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда қатар (штабель) бетондалған алаңға салынуы және жанбыр мен күн сәулесі әсерінен қорғау үшін қалын брезентпен жабылуы қажет.

Жаңбырдан су болған сулап тұздалған терілерде тұз бен басқа консервілеуші заттардың бірбөлігі сумен шайылып кетеді, дерма тіндері қатты суланады және олардың ішінде тұз ерітіндісінің концентрациясы шіріткіш процесстерге тосқауыл болуға жеткіліксіз болады.

Консервілеудің құрғақтай тұздалған әдісіндегі терілер суланған кезде пайда болған тұз ерітіндісінің концентрациясы одан да төмен болады, өйткені тұздау кезінде оларға жайып салып сулап тұздалған терілерге қарағанда тұздың 50 %-ке жуығы ғана жұмсалады.

Консервілеудің тұщы-құрғақ әдісіндегі терілер суланса олар тіпті тез шіри бастайды.

Терілерге күннің тура түскен сәулесі әсер еткен жағдайда онң ашық қалған бөліктері, сондай – ақ жоғарғы жағындағы терілер аса қатты кеуіп, күстену деп аталатын ақау пайда болады. Шикізатты төбесі жабылмаған не тақтайланбаған темір шатырлы бөлмелерде сақтамау қажет, өйткені темірдің аса жоғары жылу өткіздігіштігі салдарынан мұндай шатыр күн сәулесінен тез қызады, қойма температурасы жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендеді. Түнгі уақытта (әсіресе күзде) ауа температурасы қатты төмендеген кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шұғыл өседі, соның нәтижесінде ылғал конденсацияланып, қатарларға щық түрінде қонады, бұл шикізаттың шіріткіш микроағзалармен бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.

Қойма терезелерінің өлшемдері кішірек боолуы керек олардың шыныларының жалпы ауданы еден ауданының 1/16 бөлігінен аспауы қажет. Шыныларды көк не ақ бояумен бояған тиімді. Бұл күн сәлесінің әсерінің белсенділігітөмендетеді және қойманы шыбындардың жиналуынан сақтайды. Қойманың жарықталу деңгейін реттеу үшін терезелердің қақпатары болғаны дұрыс.

Қойма қабырғалары оларда зиянды жәндіктер тығылатындай және оны зарарсыздандыру кезінде оларды өлтіру қиын болатндай саңылаулар мен сызаттар болмауы үшін мұқият сыланыпғ ағартылуы қажет.

Қойманың сулап тұздалған шикізатты сақтайтын бөлімшелерінің едені су өтпетін болуы қажет.

Шикізатты тиеу және шығару үшін қойма есіктері кең болуы ұсынылады. Қойманың биіктігі 2,5-3 метрден кем болмауы керек.

Қойманы ұдайы желдетіп отыру үшін желдеткіш құрылғылар болуы қажет. Сулап тұздалған былғары шикізатын құрғақтай тұздалған және тұщы-құрғақ шикізаттан бөлек сақтау қажет.

Сулап тұздалған шикізатты құрғақ шикізатпен бірге сақтаған кезде сонғылары гигроскоптығы жоғары болғандықтан суланып, шіри бастайды.

Сулап тұздалған терілерге арналған шикізат қоймасын жартылай төледегі бөлмелерде орналастырған тиімді, өйткені оларды әлдеқайда төмен температура мен әлдеқайда жоғары салыстырмалы ылғалдылықты ұстап тұруға болады.

Былғары шикізаттын сақтауға салған кезде қойма қабырғалары мен қатарлар арасында, сондай-ақ қатарлар аралығында терілерді тасымалдау үшін қажетті өтпе жолдар қалдыру керек.

Қойманы қалыпты толтырған кезде ондағы шикізат көлемі қойманың бүкіл көлімінің 50%-дан аспауы қажет.

Сақтау кезінде сақтаудың гигротермиялық тәртіптің маңызы зор, ол қоймадағы температура мен салыстырмалы ылғалдылық арқылы анықталады.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп ауаның бір куб метіріндегі су буы салмағының сол температурадағы және қысымдағы ауаның бір куб метрін қанықтыруға қажетті су буы салмағына қатынасын айтадаы.

Ұсақ шикізатты сақтау кезіндегі ауаның ең қолайлы температурасы 4-5º, ал ірі шикізат үшін – 8-10º. Мұндай температурада сулап тұздалған шикізат тіпті 1 жылдан артық уақыт сақталған күнде де бактериялық бүлінуге ұшырамайды.

10-20º темературада ірі былғары шикізатты жыл бойы, ал ұсақ былғары 3-6 ай сақтана алады. Аталған температурамен быр мезгілде ауаның қажетті салыстырмалы ылғалдылығын да сақтау қажет, ол сулап тұздалған шикізат үшін 70-80% болуы қажет. салыстырмалы ылғалдылық 70%-дан кем болса сулап тұздалған шикізат құрғай бастайды, ал ылғалдылық 80%-дан жоғары болса, микроағзалардың көбейуі күшейеді және терілер бұзылады.

Тұщы-құрғақ және құрғақтай тұздалған терілерді сақтаған кезде салыстырмалы ылғалдылықтын маңызы зор, ол қойма температурасы 1ден 30º-қа дейін болғанда 60-70% болуы керек. Ауаның әлдеқайда жоғары салыстырмалы ылғалдылығы кезінде терілер ауадағы ылғалды жұтып, бұл қатарлардағы шіру процессіне қолайлы жағдай тудырады.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы температураға байланысты болады. Ауа температурасы төмендеген жағдайда оның салыстырмалы ылғалдылығы жоғарылайды және керісінше, температура жоғарылаған сайын ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендейді.

Ірі кәсіпорындардың қоймаларында температура мен ылғалдылқты желдеткіш құрылғылар, колариыерлер және суытқыш батареялар көмегімен реттейді.

Дайындау кеңселері қоймаларында салыстырмалы ылғалдылық 70%-дан төмендеген жағдайда сулап тұздалған шикізат қатарларын тұз ерітіндісімен суланған кеңеппен немесе жөкемен жабу қажет. Ауаның ылғалдылғын арттыру үшін еднге су төгеді.

Қоймадағы ауаның ылғалдылығы 80%-дан жоғары, ал қоймадан тыс жерде құрғақ болған жағдайда шикізат сақаталатын бөлмені желдету қажет. Қойма бөлмесіндегі температура мен ауа ылғалдылығын бақылау үшін термометрлер мен психрометрлер қолданылады.

Психрометр деп тақтайшаға бекітілген 2 термометрді атайды. Термометрлердің бірінің сынап шаригі бір ұшы су құйылған ыдысқа малулы дәкемен оралған болады.

Су дәкенің бойымен жоғары көтеріліп, термометрдің сынап шаригін сулап, біртінде бүланып, температураны төмендетеді.

Ауа температурасы неғұрлым жоғары және оның ылғалдылығы төмен болған сайын, құрғақ және суланған (шаригі дәкемен оралған) термометрлер көрсеткіштерінің айырмасы солғұрлым жоғары болады.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен психрометриялық кесте (3 кесте) бойынша анықталады.

3 кесте

Құрғақ және сулы термометрлер көрсеткіштерінің айырмасы

Құрғақ термометр көрсеткіштері градус бойынша

0

2

4

6

8

10

12

14

16

18

20

22

24

26

28

30

0

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

1

81

84

85

86

87

88

89

90

91

91

91

92

92

92

93

93

2

63

68

70

73

75

76

78

79

81

82

83

83

84

85

85

86

3

45

51

56

60

63

65

68

70

71

73

74

76

77

78

78

79

4

28

35

42

47

51

54

57

60

62

64

66

68

69

71

72

73

5

11

20

28

35

40

44

48

51

54

56

59

61

62

64

65

67

6

-

-

14

23

28

34

38

42

45

48

51

54

56

58

59

61

7

-

-

-

10

18

24

26

33

37

41

44

47

49

50

53

55

8

-

-

-

-

7

14

20

25

30

34

37

40

43

45

48

50

9

-

-

-

-

-

4

11

17

22

26

30

34

37

40

42

44

10

-

-

-

-

-

-

-

9

15

20

24

28

31

34

37

39

Бұл кестені былайша пайдаланады. Мәселен, психрометрдің құрғақ термометрі 22º, суланған термометрі 19º көрсетсін делік. Сонымен, олардың көрсеткіштерінің айырмасы 3º-қа тен. Салыстырмалы ылғалдылық 2 кесте бойынша 76% болады.

Тұщы-құрғақ және құрғақтай тұздалған шикізат қойма ауасының температурасы +10º-ке дейін болған жағдайда жақсы сақталады. Температура әлдеқайда жоғары болған жағдайда және салыстырмалы ылғалдылық 60%-дан кем болса терілер құрғап, қатты әрі сыңғыш келеді, сондай – ақ шикізаттың зиянды жәндіктері – қаракүйемен теріжегіштің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалады. Құрғақ шикізатты жазғы уақытта сақтаған кезде ең жоғарғы температура 30 º-танаспауы қажет.