- •Тері шикізатының тауартануы
- •I тарау. Тері және тондық –үлбірлі шикізаттардың тауартану негіздері
- •Тері топографиясы.
- •Терінің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
- •Малды сою және терісін сыпыру.
- •Мал сою пункттері.
- •Терілерді сыпыру
- •III тарау. Былғары және тондық шикізатты бастапқы өңдеу және толық өңдеу
- •Терілерді шелдеу
- •Қиды қи жинағыш машинамен алу.
- •Былғары шикізаты мен тондық –үлбір шикізатты консервілеу. Сыпырылғаннан кейін теріде жүретін процестер.
- •IV тарау. Былғары шикізаты және тондық -үлбір
- •Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар
- •Малдың тері ауруларынан пайда болған тері ақаулар
- •Малдың тірі кезінде терілердің механикалық зақымдануынан пайда болған былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың ақаулары.
- •Малдың қате және жеткіліксіз азықтандырылуынан пайда болатын тері ақаулары.
- •Малды сою және терілерді сыпыру кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болатын ақаулар.
- •Тері ақаулары. (гост 3123-78,1134-73)
- •V тарау. Былғары шикізаты және тондық –үлбірлі
- •Түрлі әдістермен консервіленген былғары және тондық-үлбірлі шикізатты сақтаудың негізгі шарттары.
- •Сақтау үші шикізатты іріктеу
- •Шикізатты қатарларға салу.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Сақтау үші шикізатты іріктеу
Ұзақ уақытқа сақтауға салар алдында барлықшикізат мұқият түрде қаралуы қажет. Шіру, қызару, жүні жиду,қимен немесе кірмен қатты ластану сияқты ақаулары бар сулап тұздалған шикізатты ұзақ мерзімге сақтауға салуға болмайды. Ондай шикізаттың одан әрі бүлінуін болдырмау және бірінші кезекпен ұқсатуға тиіп жіберу үшін қосымша өндеу қажет.
Ұзақ сақтау үшін әбден тазартылған және дұрыс консервіленген (қалыпты тұздалған ), мал сою пунктері мен қасапханалардан, ет комбинаттарынан келіп түскен терілерді таңдап алған жөн.
Зеңмен (плесень) зақымданған құрғақтай тұздалған терілердің зең қабатын алып тастау үшін скипидармен сүрту одан кейін жақсылап кептірген жөн.
→ Ұзақ сақтауға арналған тұщы-құрғақ және құрғақтай тұздалғантерілер жақсы кептірілмеген және қаракүйімен және теріжегішпен зақымданбаған болуы қажет. ←
Қаракүйімен немесе теріжегішпен зақымданған шикізат бөліп алып, қоймадан тыс жерге мұқият қағып, түскен жәндіктердің бәрін өлтіреді. Тіпті аса мұқият қаққан күннің өзінде қаракүйімен теріжегіш дернәсілдерінің бір бөлігі теріде қалып қоюы мүмкін болғандықтан, бұл терілерді бөлек қатарларға салып, оларға нафталин қосылған парадихлорбензол, ДДТ немесе гексохлоран сеуіп, өндіріске мүмкіндігінше тез тапсыру қажет.
Шикізатты қатарларға салу.
Шикізатты күзгі-қысқы кезенде +10º-тан аспатын температурада ұзақ мерзімдік сақтауға салған дұрыс.
Терілерді сақтау үшін қатарларға салады. Бір қатарға тек бір түрлі терілерді салу ұсындаы.
Шикізатты дайындау ұйымдарының қоймаларында қысқа мерзімдік сақтауға салған кезде шикізатті бір қатарлы штабелге (қатарға) жайып, «балық тәрізді» немесе шикізат тиіп жіберу үшін теңделген кезде пакеттерге салады. Терілердің көп мөлшерін ұзақ мерзімдік сақтауға салған кезде оларды орташа (3*3м) немесе ірі өлшемі (5*5м) қатарларға салады. Суық уақытта салынған ірі қатарларда төменгі температура ұзарылақ сақталады, өткені мұндай қатарлар температура жоғарылаған кезде баяу жылиды, бұл шіріткіш бактериялардың дамуын баяулатады.
Сулап тұздау әдісімен консервіленген терілерді қатарларға ұзақ мерзімдік сақтауға салынған кезде оларды кардондық, жартылай кардондық әдістермен немесе алжапқыштап салады.
Терілерді кардондық әдіспен су өтпейтін еденге салады. Еденнің қатар салынатын бөлігіне қалындығы 10-15 см етіп тұздың тегіс қабатын себеді. Одан кейін алғашқы теріні тұз қабатынын үстіне шел қабатын жоғары қаратып, жон сызығы тұз қабатының шетімен дәлме-дәл келетіндей, яғни бір жатысы тұз қабаты үстінде, екінше жартысы оның шекарасынан асып салбырап тұратындай етіп салады. Бұл терінің жон бөлігіне 30 кг – ға жуық тұз себеді, және де тұз массасының негізгі бөлігін терінің ортасына себеді. Одан кейін терінің қатардың шетінен асып салбырап тұрған бөлігін оның ішіне қаратып бүктеп, онымен теріге жабылған тұзды жабады, және де терінің донның орта сызығы бойымен бүктелуін және қатардың сыртқы шекарасымен дәлме-дәл келуін қадағалайды (32 сурет).
32 сурет. Терілерді қатарға кардондық әдіспен салу: а-жанынан қарағандағы көрінісі, б-жоғарыдан қарағандағы көрінісі.
Екінші теріні де осы әдіспен қатардың шетінің бойымен, оның артқы бөлігі алғашқы терінің бүкіл алдынғы бөлігін жауып тұратындай етіп салады. Бұл теріге жонының бойымен тұз себеді және алғашқы пәрізді бүктейді. Қалған терілерді де салынатын қатардың 4 жағынан қатардың қабырғалары – кардонның түбі пайда болғанша салады. Кардонның осы бірінші қабатының ортанғы бөлігнде тереңдгі 40-50 см болатын шұңқыр пайда болады, оны жайып салынған терілер мен толтырады.
Салынған әр теріні антисептик қосылған тұзбен тұздайды. Шұңқыр толтырылған соң кардон қабырғасының екінше қабатын салады және қайтадан пайда болған шұңқырды терілерді жайып салып толтырады. Одан кейін кардонның үшінші қабатын және т.т. салады. Қатардың биіктігі қойманың өлшемдері мен терілер санына қарай 1,5 метрден 4 метрге дейін болуы мүмкін. Шикізаттың барлығы салынып болған соң қатардың үстінгі жағынан қалындығы 10-15 см тұз қабатын себеді.
Шикізатты кардондық әдіспен салу, көп жүмысты талап ететіндігіне қарамастан, қатардың ортанғы бөлігіне салынған шикізаттың негізгі массасын қызып кетуден, құрғаудан, немесе ылғалданудан сақтауға мүмкіндік береді.
Алжапқыштау (алжапқыштық әдіс) арқылы (33 сурет) терілерді сөрелерге (тауар асты жүкаяқтарға) салады.
33 сурет. Терілерді қатарға алжапқыштық әдіспен салу.
Терілердің алғашқы қабатын сөре шетіне жайып салып қатарластырып бір бірінен алшақтатып, терілердің сөре шетіне енінің немесе ұзындығының 2/3 – сіасып тұратындай етіп салады. Терілердің екінші қабаты да алшақтатылып, тек қатар шетіндегі терілерді шеттері қатардың шекарасымен тұспа-тұс түсетіндей етіп салынады.
Одан кейін 3-ші,4-ші және басқа қабаттар салынады. Биіктігі 30-40 см-ге жеткен кезде сыртқа шығарылған төменгі терілерімен (алжапқыштарымен) қатарды жанынан жабады.
Қатардың осылайша салынған бірінші қабатына сол тәртіппен екіншісі, және одан әрі, қатар қажетті биіктікке жеткенше салына береді.
Қой және ешкі терілері сақтауға салған кезде іріқара мал терілерінен алынған алжапқышты пайдалануға болады. Қатардың әр қабатындағы терілергі антисептик қосылған тұз себеді.
Шикізатты алжапқыштау жолымен салған кезде ол салудың кардондық әдісіне қарағнда сыртқы орта әсерінен әлсіздеу қорғалады.
Сақтау кезінде қатар басылып, алжапқыштар қатар қабырғаларынан сыдырылып қалады. Пайда болған ауа каналдары алжапқыштар мен тері шеттерінің құрғауына жағдай тудырады. Қатар ішіндегі терілерде ылғалдылықтын бірдей деңгей сақталады, ал нафталин мен парадихлор бензол өздерінің залалсыздандырғыш қасиеттерін сақтай отырып, өте баяу ұшады.
Бір қатар кемшіліктеріне қармастан бұл әдіс көп күш жұмсауды талап етпейтіндіктен салудың кардондаық әдісіне қарағанда кем қоладнылады.
Салудың жартылай кардондық әдісінде қатарды қалыптастырған кезде терілерді алжапқыштау кезінегідей салады, тек алжапқыш түзетін әр терінің жоны бойымен ораған кезде қатар ішінен салынған терілер шеттері мен бүйір жағындағы алжапқыштар аралындағы қалндығы 10 см-ге жуық тұз қабаты болатындай етіп тұз себеді. Қатардың үстінен тұз себеді.
Ұзақ мерзімдік сақтауға салынатын терілерді тұздау кезінде антисептиктер қосылған тұздың жұмсалу мөлшері орта есеппен тері салмағының 10%-ын құрайды. Қоспаны әзірлеген кезде антисептиктердің жұмсалуы мына мөлшерде (тұз салмағына пайыз бойынша)болады: Кремний-фторлы натрий 1-1,5 Парадихлорбензол 0,5-0,8
Нафталин 1-1,5
Бұзау, ересек бұзау, торпақ терілерін сақтауға салған кезде оларды таза тұздың кальциленген сода мен пардихлорбензол қоспасы мен тұздйды.
Тұщы құрғақ және құрғақтай тұздалған шикізатты бір бөлмеде, тек бөлек қатарларда сақтайды.Тұщы құрғақ және құрғақтай тұздалған терілерді тауар астына қоятын сөрелерге өлшемдері 4*3м немесе 6*6м болатын тікбұрышты қтарларға салады (24 сурет).
34 сурет. Тұщы құрғақ немесе құрғақтай тұздалған терілерді қатарларға салу.
Қатардың биіктігі қойма бөлмесінің биіктігі мен шикізат санына байланысты болады. Екі бүктетіліп кептірілген терілерді жонын қатар ішіне қаратып салады, жне шеткі терілердің кейбіреулерін ғана қатарды тегістеу үшін жонын сыртқа қаратып салаты. Тұщы- құрғақ және құрғақтай тұздалған терілерді сақтауға салған кезде оған парадихлорбензол мен ДДТ немесе гексохлоран қоспасын себеді, олар болмаған жайғдайда нафталин себеді.
Тұщы- құрғақ шикізаттың шел қабаты жағынан да, жүн жағынан да тұз себеді, ал құрғақтай тұздалған шикізаттың тек жүн жағынан тұз себеді. Тұщы- құрғақ шикізатты салу кезінде антисептиктердің жұмсау нормалары мынадай: нафталин – шикізат салмағының 2%, парадихлорбензол - 2% және кремний-фторлы натрий – 0,5%.
Кремний-фторлы натрийді нафталинмен аралыстыру ұсынылады.
Құрғақтай тұздалған шикізатты салу кезінде антисептиктер шығыны жартылай қысқарады.
Сақтау кезінде шикізаттың жағдайын бақылау.
Бұл бақылау қатар ішіндегі температураның қоймадагы ауа температурасымен салыстырғандағы өзгерісін байқау жолымен жүзеге асырылады.
Қатар ішіндегі температураны анықтау үшін ұзындығы 1,5 м арнаулы ағаш қораптар (науалар) салынады. Терілерді ірілендірілген қатарларға салу кезінде бұл қораптар жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктеріне салынады, ал орташа мөлшердегі қатарлардың тек ортасына салынады.
Қорапқа (науаға) жіп байланған термометр салынады, ал сыртқы саңлауы мақтадан немесе талшықтан (зығыр, кеңдір) жасалғантығынмен бітеледі.
Қатар ішіндегі температураны термопаралар көмегімен өлшеу әлдеқайда қолайлы әдіс болып табылады, олар да қораптар салынатын жерлерге орнастырылады, олардың компенсациялық сымдары бар ұштарын потенциометрлі қайта қосқышқа шығарылады, олар цех конторкасында немесе қоймада орналастырылады. Осындай құрылғы көмегімен қатарлар ішінің температурасын кез-келген уақытта жәнеөте тез және дәл тексеруге болады.
Жазғы уақытта қатар ішіндегі температурасын күн сайын, ал суық уақытта аптасына 1-2 рет тексереді. Термометрлер немесе термопаралар көрсеткіштері қойманың температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығы белгіленетін кестеге жазылады.Қатар ішіндегі температураны қойма температурасымен салыстырады. Егер қойма температурасы өзгеріссіз болған жағдайда қатар ішінің температурасы жоғарыласа, бұл қойма қызметкерлерінің назарын өзіне аударуға тиіс. Егер қатар ішіндегі температура 22º-тан жоғарыласа (егер қойма температурасы әлдеқайда төмен болса), онда қатарды бұзып, терілерді қарау қажет және бүлінгендерін қайта консервілеу қажет.
Жазғытұры жақындаған сайын қоймаға суық қысқы уақытта келіп түскен тұщы- құрғақ жәнеқұрғақтай тұздалған шикізат қатарларына ерекше назар аудару қажет. Көктем келген соң осы қатты мұздатылған терілерге қойманың жылыған ауасынан ылғал қонады. Осы себептен де қыста дайындалған тұщы- құрғақ жәнеқұрғақтай тұздалған шикізат көктемнің басында қатты ылғалданған болады. Егер мұндай шикізат қатарларын бұзбай терілерді кептірмесе , онда күнжылынған соң терілер қызып, көгеріп, шіри бастайды.
Жазғы уақытта тұщы- құрғақ және құрғақтай тұздалған шикізат қатарларында тері жегіштер көбейіп кетпеуін қадағалау қажет. Терілерде бұл зиянкестер пайда болған жағдайда барлық зақымданған шикізатты қағып, одан кейін күшті антисептиктермен өңдеу қажет.
Былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың зиянкестерімен күрес шаралары.
Сақтаудың қолайсыз жағдайларында шикізаттарға зиянкес жәндіктер (қаракүйе, тері жегіш), сондай-ақ кеміргіштер (егеуқұйрықтар, тышқандар) үлкен зиянкелтіруі мүмкін. Олардың іс-әрекетінің нәтижесінде тұщы- құрғақ және құрғақтай тұздалған шикізат пен одан алынған ылғары сапасын қатты төмендететін қаракүйе іздері, теріжегіш іздері пайда болады. Сол себептен де аталған зиянкестермен күресті мерзімінде ұйымдастырудың терілер сапасын сақтаудағы маңызы зор.
Зиянкес жәндіктермен күрестің химиялық, физикалық және механикалық әдістері бар.
Химимялық заттар жәндіктер (насекомдар) мен олардың дернәсілдер тікелей құртудың алдын алу (дезинсекция) үшін пайдаланылады.
Жәндіктер мен олардың дернәсілдерін құрту үшін терілер мен қойма бөлиелерін ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан) препараттарымен, нафталинмен, парадихлорбензолмен, хлорофоспен, дихлорэтанмен, гексахлоранмен (гексахлорциклогексанмен) өңдейді. Қоймалар дезинсекциясы ерте көктемде жүргізіледі.Бөлмені шаң мен қоқыстан мұқият тазартқан соң бағбандықта пайдаланылатын тозаңдағыштармен және бүріккіштермен немесе аэрозольдық генераторларды қолдана отырып аэрозольдық әдіспен тозаңдайды немесе бүркеді.қоймаларды тозаңдату үшін 12 %-дық немесе 25-30 %-дық ДДТ дустары немесе 12-25 %-дық гексахлоран дустары қолданылады. Қоймаларға ДДТ-ның су қосылған қоспасы шашылады. Қабырғалар мен төбені бор ерітіндісімен сылау жақсы нәтиже беріп жүр, ерітіндінің әр 1 литріне 20-30 %-дық ДДТ-ның 3-3,5 г қосылады. 5,5-10%-дық ДДТ дустарының әсерлігі аз болады.
ДДТ жәндіктің денесіне тиген жағдайда нерв жүйесіне әсер етеді, ал ДДТ жәндіктің ішіне келіп түссе, онда жәндіктерге салыстырмалы түрде баяу әсер етеді. ДДТ преператтары өз күшін алты айға дейін сақтайды.
Гексохлоран – жәндіктердің нерв жүйесіне күшті әсер ететін у, ол ДДТ – мен салыстырғанда жәндіктер үшін әлдеқайда токсикалы, адам үшін әлде қайда залалсыз.
ВНИИЖП соңғы уақытта қаракүйе мен теріжегішпен күрестің қойма бөлмелері мен терілерді қиыстырылған препарат пастасының сулы эмульсиясымен бүркіп өңдеу жолымен күресудің жаңа әсерлі әдісін ұсынды.Ол ДДТ – ның 20 салмақтық үлесінен, еріткіштің (скипидар немесе ксилол) 40 үлесінен, және эмульгатордың (ОП – 10 немесе ОП – 7 мен кір сабын)тұрады. Сондай – ақ сульфаттық негіз (6 салмақтық үлес) және су (10 үлес) қосылады.
Бұл препараттың эмульсиялары ұнтақ тәрізді препараттарға қарағанда әлдеқайда улы және ұзағырақ әсер етеді. Препарат эмульсияларымен өңдеу нәтижесінде жәндіктер алғашқы 5 тәулікте өледі. Препарат эмульсиялары қайтаөңдеусіз 1 жылдан астам уақыт әсер етеді. Жәндіктердің жұмыртқалары мен қуыршақтарына препарат әсер етпейді, бірақ препарат әсерінің ұзақ мерзімділігіне байланысты, пайда болған дернәсілдермен ересек жәндіктер әдетте өліп қалады.
Қойма бөлмелерімен шикізат дезинсекциялық препарат пастасының 1%-дың немесе 5%-дық сулы эмульсиясымен жүргізеді. Қойма алаңының 100 шаршы метріне 2 л эмульсия жұмсалады. КСРО-ның орталық және солтүстік аудандарында қойма бөлмелерін жылыны бір рет, көктемде өңдеу жеткілікті, ал оңтүстік ауданда бөлмелерді оған қосымша, жаз ортасында да өңдеген дұрыс.
Сондай-ақ шикізат пен қойма бөлмелерін хлорофостың 0,2 – 0,5 % ертіндісімен өндеу де жақсы нәтиже беріп жүр.
Жазғы уақытта ашық ауада салынған терілерді дихлорэтанмен өндеге болады, мақта және дәке кесектерін онымен сулап, оларды терілер немесе тендер арасына салады. Одан кейін қатарға брезент жабады.
Дихлорэтан адам үшін есірткі у болып табылады.
Ауа райы жылы болған кезде құрғақ терілерге парадихлорбензол сепкен дұрыс. Егер өндеген соң қатардың үстіне брезент жапса, онда бұл заттың буының әсерінен бірнеше күн ішінде теріжегіштің қоңыздары мен дернәсілдері өліп қалады.
Зиянды жәндіктермен ластанған шикізатты өндеу үшін парадихлорбензолдың ДДТ-мен немесе гексохлоранмен қоспасын қоладнған дұрыс. Қоспа құрамында 5% парадихлорбензол болған жағдайда бұл қоспа тез әсер етеді, ал гексохлоран немесе ДДТ бұл қоспа әсерінің ұзаққа созылуын қамтамасыз етеді.
Шикізатты өңдеуге қолданылатын нафталин жәндіктерді қуатын зат болып табылады. Нафталинмен өңделген шикізатқа қаракүйе көбелектері жұмыртқа салмайды, ал егер жұмыртқа өңдеуге дейін салынған болса, онда ол нафталин бар екендігіне қарамастан қалыпты дамиды.
Тері жегіштерге нафталин әсер етпейді. Зиянкес жәндіктермен күрестің физикалық әдістері сол, жәндіктер дами алмайтын немесе өліп қалатын физикалық орта тудыру болып табылады. Бұл әдістер мыналар: бөлмелердегі ауаның төмен температурасы және күн сәулесі.
10º-тан төмен температурада жәндіктердің дамуы тоқтайды, ал -15º температурада зиянкестер өліп қалады.
Жәндіктермен күрестің механикалық әдісі терілерді бөлемеден тыс жерге сілку және қағу және жиналған жәндіктерді өлтіру болып табылады.
Терілерге кеміргіштер (егеуқұйрықтар, тышқандар) елеулі зиян келтіреді, олар терілердегі ет пен май кесінділерін жеп, дерманы кеміріп тастайді.
Егеуқұйрықтар мен тышқандарды механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен өлтіреді. Механикалық әдістер түрлі тұзақтарды (тышқан ұстағыштар, егеуқұйрық ұстағыштар, қақпандар) қолдану болып табылады.
Биологиялық әдістер деп егеуқұйрықтар мен тышқандарға оларды көптеп қыратын арнаулы бактериялар жұқтыру болып табылады.
Химиялық әдістер деп ұландыратын түрлі улы заттарды – зооцидтерді қолдану болып табылады.
