- •Тері шикізатының тауартануы
- •I тарау. Тері және тондық –үлбірлі шикізаттардың тауартану негіздері
- •Тері топографиясы.
- •Терінің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
- •Малды сою және терісін сыпыру.
- •Мал сою пункттері.
- •Терілерді сыпыру
- •III тарау. Былғары және тондық шикізатты бастапқы өңдеу және толық өңдеу
- •Терілерді шелдеу
- •Қиды қи жинағыш машинамен алу.
- •Былғары шикізаты мен тондық –үлбір шикізатты консервілеу. Сыпырылғаннан кейін теріде жүретін процестер.
- •IV тарау. Былғары шикізаты және тондық -үлбір
- •Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар
- •Малдың тері ауруларынан пайда болған тері ақаулар
- •Малдың тірі кезінде терілердің механикалық зақымдануынан пайда болған былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың ақаулары.
- •Малдың қате және жеткіліксіз азықтандырылуынан пайда болатын тері ақаулары.
- •Малды сою және терілерді сыпыру кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болатын ақаулар.
- •Тері ақаулары. (гост 3123-78,1134-73)
- •V тарау. Былғары шикізаты және тондық –үлбірлі
- •Түрлі әдістермен консервіленген былғары және тондық-үлбірлі шикізатты сақтаудың негізгі шарттары.
- •Сақтау үші шикізатты іріктеу
- •Шикізатты қатарларға салу.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болатын ақаулар.
Қате сақтау және тасымалдау кезінде теріде мынадай ақаулар пайда болады: теріжегіш ізі, қаракүйе ізі, тот дағы және басқалар.
Теріжегіш ізі – құрғақтай тұздалған терінің шел қабатының немесе бет жағындағы тері жегіш қоңыз дернәсілдері жеген жерлер. Былғары шикізатының ең көп таралған бүлдіргіштері тері жегіштердің үш түрі: тікенекті, ветчиналық және Фриш тері жегіші болып табылады.
Терінің тері жегіш бүлдірген бөліктері терең, делінген каналдар мен екі жағына өтіп кеткен тесіктермен сипатталады. Былғары шикізатының ең көп таралған бүлдіргіштері тері жегіштердің үш түрі: тікенекті, ветчиналық және Фриш тері жегіші болып табылады. Тері жегіштердің бұл түрлері жұмыртқа, дернәсілдері және қуыршақ сатыларын орта есеппен 50-60-тан 70-100 күнге дейін өтеді. Тері жегіш қоңыздың өмір сүру ұзақтығы 70-100 күн болады. Ұрғашылары 25-50 күн ішінде 18 -тан төмен емес температурада 10-17 ретке дейін жұмыртқалайды, әр жолы 10 жұмыртқаға дейін болады. 2-3 күннен кейін +26-27 -та тері жегіштің құрт тәрізді пішінді, әуелде ақ түсті, соңынан қоңыр түсті тығыз хитин қабықпен қапталған, қалың ұзын түкті дернәсілдері пайда болады. Олар өте мешкей болады.жас дернәсілдері теріні тек бет жағынан жесе ересейген соң теріні тесіп кеміріп тастайды, теріні ересек жәндіктер де бүлдіреді. Тері жегіштер қоңыз сатысында қозғалыссыз күйде қыстайды, тек көктем келген соң жанданады. Тері жегіш түскен шикізатты жұмыртқалары, дернәсілдер қаптары, дерніһәсілдердің өзінен,қуыршақтардан және ересек қоңыздардан біледі. Тері жегіштердің ұнатып мекендейтін жерлері: терілердің шеттері,қылшық жамылғылар, қатпарлар мен бүктесіндер, шел қабатының және кесектеп кептірілген терілер болып табылады. Былғары шикізатына тері жегіштердің келтіретін зияны аса үлкен болады. (30 сурет).Бұл зиянкестер бір қоймадан екіншісіне тез жайылады, өйткені олар былғары шикізатының бар екендігін алыстан сезеді.
Қаракүйе жеген жерлер – терінің бет қабатын қаракүйе жұлдыз құрттың зақымдануынан пайда болатын, әжептәуір кең таралған ақау. Қаракүйенің түрлері көп. Барлық жерлерде көйлек қаракүйесі, тон қаракүйесі және жиһаз қаракүйесі кең таралған. Қаракүйенің жұмыртқадан жұлдыз құртқа, қуыршаққа, көбелекке дейінгі бүкіл дамуы 40-60 күннен 200 күнге дейін созылады және қаракүйенің түріне, оның мекенің жағдайларына (температура, жарық, ылғалдылық, тамақ сапасы) байланысты болады.
Қаракүйе көбелектері жұлдыз құраттың тағамы болып табылатын терінің жүн жамылғысына жұмыртқалайды.(31 сурет)
Ересек қаракүйе шикізатқа тікелей зиян келтірмейді, өйткені оның ауыз аппараты еметін типті, қылшықпен, терімен, қатты тағаммен қоректенуге бейімделмеген. Жұлдыз құрттар аса мешкей, жақтары күшті, кеміргіш типті болады, олар жасырын өмір сүреді. Қаракүйе көбінесе қараңғы жерлерге жайылады. Қаракүйе жылдың әсіресе жылы уақытында ерекше күшті көбейеді. Пешпен жылытылатын бөлмелерде қаракүйе бүкіл жыл бойы дамиды және төрт ұрпақ береді.шикізаттың қаракүйемен ластанғандығының өзіне тәнбелгісі сол - тері бетінде қаракүйе гусеницасы бөліп шығаратын, өрмекшінің өрмегіне ұқсасжібек тәрізді массаның болуы. Бұл жіптерден гусеницалар мөлдір түтікшелер – өздері жүретін жолдар жасайды, соның бойымен олар өз осьтерін айнала отырып жылжып, шикізатты жейді. Бұл арада қаракүйе бүлдірген бөліктертерінің жалаңаштанып тақырланған жерлері және қаракүйе жеген жүндер арқылы оңай табылады. Күманды жағдайларда теріні ақырын соғып көру керек. Егер ол қаракүйемен зақымданған болса онда жүні түсіп қалады және зақымданған бөліктер әлдеқайда айқын көрінеді.
Терілерді кеміргіштердің зақымдауы – майынан нашар арылған, әсіресе тұщы-құрғақ терілерді көбінесе кеміргіштер бүлдіреді, олар терілерді жейді және қатарлар ішінен өздері жүретін ұзын жолдарды кеміріп салып алады.
Көгеру – тұщы-құрғақ терілер шел қабатындағы жұқа жасылтым немесе ақшыл-түсті тозаң қабаты, ол қойма бөлмесі ауасының жоғары ылғалдылығы жағдайында зең саңырауқұлағының қызметінен пайда болады. Көгеру қатты дамыған кезде жүннің жидуіне, тері беріктігінің төмендеуіне әкеп соғады, өйткені зеңнің кейбір түрлері терінің ақуыздарының ыдырауы есебінен дамиды. Мұндай терілерден алынған жартылай фабрикат біркелкі боялмайды. Бұл ақау шіруге теңестіріледі.
Тот дағы – булы немесе сулап тұздалған тері темір заттармен ұзақ уақыт жанасқан жағдайда теріде пайда болатын, қарақоңыр түсті тот дақтары. Тот дақтары беткі дақтар, яғни терінің тек шел қабаты зақымдалғанда және терең дақтар – терінің ішкі қабаттарына тереңдеп еніп кеткен дақтар деп бөлінеді. Терінің жүнмен қорғалатын беткі жағында едәуір сирек кездеседі. Беткі дақтарды теріден қымыздықты – қышқыл никельдің 1%-дық ерітіндісімен жуып кетіруге болады.терең тот дақтары бар терілерден алынған былғарының бет жағында сарғылт, жайылған дақтары болады,олар көбінесе осал және сынғыш келеді де, бүктеген кезде сыдырылып алынады.
Сынықтар – құрғақ немесе аязға қатырылған терілерді өлшеу, түсіру немесе қатарларға салу кезінде салақ қарағандықтан сызаттануы және жарылуы. Дайын былғарының бет жағындағы, теріде түрлі тереңдікке жеткен сызаттар түрінде білінеді. Бұл сызаттың болуына жол бермеу үшін шикізатты аязға үсітуге немесе шектен тыс кептіруге болмайды, оны күтіп ұстау керек.
Тұрмыстық тері –тұрмыстық деп біраз уақыт бойы шаруашылықта кілемшелер, төсеніштер түрінде немесе басқа мақсаттарға біраз пайдаланылған терілерді айтады. Мұндай терілердің қылшық жамылғысы ұйысқан немесе қырылған болады. Шел қабаты әдетте сары, тері асты май қабатының қабыршығы жарылған болады, немесе қара, лас, көбіне сынықтармен зақымданған боллады. Тұрмыстық терілер стандарттан тыс шикізатқа жатады.
