- •Сырттай және қашықтықтан оқыту бойынша пәннің оқу-жұмыс бағдарламасына Дәрістер
- •5В071100 «Геодезия және картография» мамандығы
- •Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Нарықтың мәні және түрлері, негізгі қызметтері
- •3.Бәсеке: түсінігі және түрлері
- •Сұраныс және ұсыныс теориялары
- •2. Нарықтағы тепе- теңдік
- •Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •15.Халықаралық валюта-қаржы жүйесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Ұсынылатын әдебиеттер
Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.
Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.
Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.
Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.
Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.
С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.
Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.
7– тақырып. Кәсіпорын капиталдың айналымы мен толық айналымы.
(1 сағат)
Дәрістің жоспары.
1. Негізгі және айналмалы капитал айналымы. Амортизация.
2. Инвестиция және оның түрлері.
Кез-келген фирманың мақсаты оның капиталының айналымда болып ұдайы өндірілуінде.
Жеке ұдайы өндіріс- тауар өндіріп, табыс табы мақсатымен өндіріс факторлерін біріктіріп өндіріп алудың үздіксіз процесі. Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымы болып табылады.
Капиталдың ауыспалы айналымы- өндіріс факторлерінің құнының өндіріс және айналыс сферарасы арқылы қозғалысы, нәтижесінде олар үш кезеңнен өтіп, сәйкесінше өндіргіштік, ақшалай және тауарлы формаға айналады.
Өндірістік цикл кезеңдері:
ӨҚ
А – Т .... Ө ..... Т '– А'
ЖК
А- бастапқы капитал (ақша); Т- тауар; ЖК – жұмыс күші; ӨҚ- өндіріс құралдары; Ө – өндіріс процесі;
Т '–өндірілген тауарлар мен қызметтер; А' – өскен бастапқы капитал.
Әр кезең белгілі бір қызмет атқарады:
бірінші кезеңде өндіріс жағдайлары қалыптасады;
екіншіде тауарлар мен қызметтер өндірісі жүзеге асады;
үшіншіде тауарлар мен қызметтер сатылып, пайда алынады.
Үнемі жаңарып отыратын ауыспалы айналым процесі - айналым деп аталынады.
Ауыспалы айналым мен айналым арасында айырмашылық бар: бір ауыспалы айналымда (мысалы, аяқ киімнің бір партиясының өндірісі) фирмаға салынған ақшаның тек бір ғана бөлігі қайтады, бір айналым кезінде барлық салынған ақша көлемі қайтады, ол үшін бірнеше ауыспалы айналым қажет болуы мүмкін.
Айналым уақытымен жылдамдығы болады.
Айналым уақыты- ресурстар өндіріс және айналыс сферасын өтіп, бастапқы формасына қайтып келетін уақыт аралығы. Айналым уақыты өндіріс және айналым уақытынан тұрады.
Айналым жылдамдығы – бір жыл ішіндегі ресурстардың айналым саны.
Айналым саны – келесі формуламен анықталады:
n = O / t
мұндағы, n – бір жылдағы айналым саны; O –уақыт өлшемі (1 жыл); t – осы ресурстардың айналым уақыты.
Айналым өндірістік капиталмен жүзеге асады.
Өндірістік капитал - ақшалай формада берілген, өндірістік циклде айналатын өндіріс факторлері. Ол екіге бөлінеді: негізгі және айналмалы.
Айналмалы капитал- өндіріс процесіне бір рет қатысып, өз құнын дайын өнімге толығымен өткізетін құралдар, олар материал, шикізат және т.б.
Негізгі капитал- өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.
Өндіріс процесі кезінде негізгі капитал физикалық және моралды тозуға шалдығады.
Физикалық тозу-негізгі капиталдың өндіріс процесінде пайдалануына жарамай қалуы, істен шығуы.
Моралды тозу- негізгі капиталдың оның жаңа түрінің пайда болуы салдарынан құнсыздануы, оны пайдалану шығынды.
Негізгі капиталдың моральды және физикалық тозуы амортизация деп атылынады.
Амортизация – белгілі бір уақыт аралығындағы негізгі капитал тозуының құндық бағасы.
Амортизация нормасы – амортизациялық төлемдердің белгіленген жылдық мөлшері, ол негізгі капиталдың құны қанша жыл ішінде қайтарылуы керектігін көрсетеді.
Амортизацияны есептеудің екі әдісі бар:
1. қарапайым амортизация - капитал құнын жыл сайын бірдей мөлшерде шегеріп, амортизациялық қорға аудару.
2. жылдамдатылған амортизация - амортизация нормасын екі есе арттыруды білдіреді, ол ҒТП байланысты, соның арқасында қондырғыны пайдалану мерзімі азаяды.
Негізгі қорды (капиталды) пайдалануды сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
қор қайтарымы - бір теңге қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді.
ҚҚ = Q / Қнег
ҚҚ- қор қайтарымы, Q- шығарылған өнім құныі, Қнег - негізгі өндірістік қорлардың құны.
материал сыйымдылығы –1 теңге айналым қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді.
МС= Қайн / Q
МС- материал сыйымдылығы, Қайн – айналмалы қор.
Негізгі және айналмалы капиталдан бөлек, айналыс қорлары болады.
Айналыс қорлары - өнімді өткізумен байланысты айналымда болатын қорлар. Айналыс қорларына салынған ақшалай қаражат- айналыс құралдарын құрайды.
Айналыс құралдарының тиімділігі - айналым коэффициенті, ол бір жылда өткізілген өнім құнының айналыс құралдарының қалдығына қатынасы.
Инвестиция- пайда табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында мемлекеттік немесе жеке капиталды ұзақ мерзімді салымда.
Инвестицияның негізгі түрлері:
өндірістік инвестиция;
тауарлы- материалды запастарға инвестиция;
тұрғын үй құрылысына инвестициялар.
Сонымен қоса жиынтық, таза, автономды және индуцирленген инвестиция түрлерін айырады.
Жиынтық инвестициялар- ескі қондырғыны ауыстыруға (амортизация) кеткен шығындар мен өндірісті ұлғайтуға салынған инвестициялардың өсімінің сомасы.
Таза инвестициялар- негізгі капитал амотризациясын алып тастағандағы жиынтық инвестиция.
Автономды инвестициялар- ҒТП нәтижесінде пайда болған жаңалықтармен негізделген инвестициялар.
Инвестициялық сұраныс- кәсіпкерлердің ескірген капиталды қалпына келтіруге және оны ұлғайту үшін өндіріс құралдарына сұранысы.
Инвестицияға сұранысты анықтайтын негізгі факторлар:
таза пайданың күтілетін нормасы;
проценттің шынайы ставкасы
Олардың арасындағы байланыс келесідей: егер пайданың күтілетін нормасы жоғары болса, инвестиция өседі. Процент ставкасы- фирманың ақшалай капиталды қарызға алуы үшін төлейтін бағасы.
Егер пайданың күтілетін нормасы (мысалға 10%) процент ставкасынан артық болса (мысалға 7%), инвестиция пайдалы болады, және керісінше.
Осы факторлерден бөлек келесі факторлер де әсерін тигізеді: салық салу деңгейі; өндіріс технологиясындағы өзгерістер; қолда бар негізгі капитал; экономикалық күтулер; жиынтық табыстың динамикасы.
СДЖ арналған бақылау жұмысы
1. Инвестициялар өндіріс қорларын қаржыландыру көзі.
2. Қорлардың айналым жылдамдығы.
