Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ОЭ технари гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666 Кб
Скачать
☆
  1. Сұраныс және ұсыныс теориялары

Сұраныс нарықтық баға қалыптастырудың бір жағы.

Сұраныс- белгілі бір уақытта, қалыпты баға жағдайында сатып аланатын тауарлар саны.

Ақша қаражатымен қамтамасыз етілген сұраныс төлемқабілетті сұраныс деп аталынады.

Сұранысқа көптеген факторлер әсер етеді, солардың ең маңыздысы-баға. Бағамен сұраныс арасында кері байланыс, баға өскен сайын сұраныс төмендейді және керісінше. Осы байланыс сұраныс заңы деп аталынады. Бұл байланысты қисықта көрсетуге болады.

Группа 785

1-сурет. Сұраныс қисығы

Графиктегі D қисығы сұраныс қисығы, Р –баға, Q- сүраныс көлемі. D қисығы солға төмен орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс кері. Сұраныс көлемінің графикалық өзгеруі сұраныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауарды сатып алу көлемі азайғанда байқалады. Сонымен қоса егер сұраныс бағалық емес факторлер әсерінен өзгеретін болса, қисықтың өзіде ығысуы мүмкін. Бағалық емес факторлерге келесілер жатады:

  • тұтынушылық талғамның өзгеруі;

  • сатып алушылар саны;

  • тұтынушылар табысы;

  • алмастырғыш және байланысты тауарлар бағасы;

  • сатып алушылар күтулері;

Группа 797

2-сурет. Сұраныс өзгерісі

2) Ұсыныс- өндірушінің нарықта сататын тауарларының саны. Баға жоғарлаған сайын өндірушілердің нарықта сатқысы келетін тауарларының саны артады және керісінше. Баға және ұсынылатын тауарлар саны арасындағы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталынады. Бұл байланысты графикте үсыныс қисығы түрінде беруге болады.

Графиктегі S қисығы ұсыныс қисығы, Р –баға, Q- сүраныс көлемі. S қисығы оңға жоғары орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс тура. Ұсыныс көлемінің графикалық өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауарды ұсыну көлемі өзгергенде бақалады. Сонымен қоса егер бұрыңғы шығындар көлемінде ұсынылатын тауарлар саны артса, ұсыныс қисығы оңға ығысады, ал тауарлар саны азайса, солға ығысады. Ұсыныс қисығының ығысуы бағалық емес факторлер әсерінен болады, ол факторлер:

  • ресурстар бағасының өзгерісі;

  • технология;

  • салық және дотациялар;

  • басқа тауарлардың бағасы.

Группа 290

3-сурет. Ұсыныс қисығы

Группа 304

4-сурет. Ұсыныс өзгерісі

2. Нарықтағы тепе- теңдік

Нарықта сұраныс пен ұсыныс әрдайым бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады.

Сұраныс және ұсыныс қисықтарын бір графикке орналастыру арқылы нарық тепе-теңдігін көрсетуі болады. Бұл сызбаны кейде Маршалл кресті деп те атайды. Егер сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңессе, онда мұндай жағдайды нарық тепе- теңдігі деп атайды және бұл теңдестікке сәйкес келетін баға - тепе-теңдік баға (Р0), ал тау­ар көлемі - тепе-теңдік көлем (Q0) деп аталады.

Баға Р0-ге тең болғанда ғана сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болады (QD = Qs)

5Группа 329 .-суреттегі S және D қисықтарының қиылысу нүктесі тепе-теңдік жағдайы деп аталып, Р0 - теңдестік бағасын, ал Q0 сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тең болатын теңдестік көлемін көрсетеді.

5-сурет. Нарықтағы тепе-теңдік

Егер баға тепе-тең бағадан жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артық болады. Ұсыныстың сұраныстан артық болуы - тауар артықшылығына әкеледі. Ал тепе-тең бағаның төмендеуінен сұраныстың ұсыныстан артық болуы- дефицитке әкеледі.