- •Сырттай және қашықтықтан оқыту бойынша пәннің оқу-жұмыс бағдарламасына Дәрістер
- •5В071100 «Геодезия және картография» мамандығы
- •Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •1. Нарықтың мәні және түрлері, негізгі қызметтері
- •3.Бәсеке: түсінігі және түрлері
- •Сұраныс және ұсыныс теориялары
- •2. Нарықтағы тепе- теңдік
- •Сұраныс және ұсыныс икемділігі
- •15.Халықаралық валюта-қаржы жүйесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Ұсынылатын әдебиеттер
Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.
Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.
Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.
Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.
Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.
С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.
11-тақырып.Макроэкономикалық тепе-теңдік(1 сағат).
Дәріс жоспары:
1.Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы.
2.Инвестиция және оның функционалдық рөлі.
3. Мультипликатор.
1) Макроэкономикада AD-АS үлгісі жалпы экономикада өнім шығару көлемімен баға деңгейінің өзгерісін зертейтін негізгі құрал болып табылады. Бұл модель көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының әртүрл іварианттары сипатталады. Жиынтық сұраныс (AD) – экономикада өндірілген соңғы тауарлармен қызметтерге жұмсалған барлық шығындардың сомасын туындайды. Ол экономикадағы жиынтық шығару мен жалпы баға арасындағы байланысты сипаттайды. Егер экономика толық жұмысбастылыққа жақын болса, жиынтық сұраным өсімі өндіріс көлемін ұлғайтумен қоса, баға өсіміне де әкеледі.
Жиынтық сұраныстың компонеттері:
тұтынушылық тауарлармен қызметтерге сұраныс;
инвестициялық тауарларға сұраныс;
тауарлармен қызметтерге мемлекеттің сұранысы;
шет ел азаматтарының экспортке деген сұранысы.
Бұлардың кей біреуі тұрақты, жай өзгереді, мысалы 1-і, кей біреулері- неғұрлым өзгермелі.
Мысалы, инвестициялық шығындар, экономикалық белсенділіктің өзгерісіне әкеледі.
AD (ағылшыннан aggregate demand) жиынтық сұраныс қисығы- әр мүмкін баға деңгейінде тұтынушылар сатып алуға дайын тауарлармен қызметтер саны. AD қисығының бойымен жылжу –жиынтық сұраныстың жалпы баға деңгейінің динамикасына байланысты өзгерісін көрсетеді. Бұл байланыстың көрінісін ақшаның сандық теориясы теңдігінен алуға болады:
MV=PY
, бұдан
немесе
мұндағы M- экономикадағы ақша көлемі;
V- ақша айналымының жылдамдығы;
P- экономикадағы баға деңгейі, баға индексі;
Y- сұранысқа сәйкес өндірудің нақты көлемі.
Сұранысқа бағадан тыс бағалық емес факторлер де әсер етеді: тұтынушылардың әл-ауқаты, тұтынушылардың күтулері, салықтар, проценттік ставка, сыртқы нарықтағы жағдайлар, валюта курсының өзгерісі және т.с.с.
Ақшаның сандық теориясының теңдігі де екі бағалық емес факторды көрсетеді: ақша ұсынысы –M және олардың айналымының жылдамдығы- V. Бағалық емес факторлердің өзгерісі AD қисығын ығыстырады. Мысалы ақша ұсынысының көбеуі, төлеу қабілеттілігі бар сұраныстың өсіміне әкеледі, AD қисығы оңға ығысады, ал әлемдік нарқтағы мұнайға сұраныстың азаюы, сәйкесінше экспорттың азаюы бағасының өсуі AD қисығының солға ығысуына әкеледі.
Р
Р
AD1 AD2 AD2 AD1
.
Ү
Ү
-2-
Жиынтық ұсыныс - экономикада өндірілген соңғы тауарлармен қызметтердің жалпы саны. Кейде бұл түсінік ЖІӨ-ң синонимі ретінде пайдаланылады. АS (ағылшыннан aggregate supply) қисығы экономикада өндірушілер әр түрлі бағалар деңгейінде жиынтық өнімнің қандай көлемін ұсына алатындығын көрсетеді.
Ұсыныстың бағалық емес факторлері: технология, ресурс бағасы, салықсалудағы өзгерістер және т.с.с. Бұл факторлердің әсері графикте АS қисығының ығысуына әкеледі. АS қисығы классикалық және кейнсиандық мектептерде әр түрлі сипатталады. Жиынтық ұсыныстың бір фактор әсерінен өзгерісі әр түрлі болуы мүмкін, ол қай уақыт аралығындағы өзгеріс есепке алынатындығына байланысты. Макроэкономикадағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (көбіне 2-3 жылға дейін) кезеңдер арасындағы айырмашылық номиналды және нақты айнымалылар әрекетімен байланысты.
Классикалық модель экономиканың ұзақ мерзімдегі әрекетін сипаттайды. Классикалық теорияда ЖҰ талдау келесі жағдайларға негізделеді: нарықтар бәсекелес, өндіріс көлемі баға деңгейінен емес, тек өндіріс факторлерінен тәуелді, технологиядағы өзгерістер баяу жүреді, экономика өндіріс факторлерінің толығымен қамтылуы жағдайында қызмет етеді, баға және номиналды еңбек ақы- икемді, олардың өзгерісі нарықтардағы тепе- теңдікті қамтамасыз етеді.
Классикалық модельде АS қисығы, факторлердің толығымен қамтылуы жағдайындағы өндіріс көлеміне, тігінен.
Классикалық модельдегі АS қисығының пішіні еңбек нарығының талдауымен байланысты, себебі еңбек қысқа кезеңдегі өндіріс көлеміне әсер ететін негізгі фактор болып табылады, тек шамалы қысқа мерзімді өзгерістер болады. Жалпы баға деңгейінің өсуі шынайы еңбек ақы көлемін төмендетеді, демек еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артық болады. Бұл жағдай номиналды еңбек ақының өсуіне әкеледі, нәтижесінде, шынайы еңбек ақы бастапқы жағдайына келеді. Осыдан еңбек нарығындағы тепе- теңдік қалпына келеді, демек өнім шығару көлемі өзгеріссіз қалады. Номиналды еңбек ақыны түзету жылдам жүзеге асады, сондықтан бағаның қандай да бір өзгерісінде жиынтық ұсыныс потенциалды Y* деңгейінде өзгеріссіз қалады.
АS қисығының ығысуы өндіріс факторлері немесе технологияның өзресіне кезінде орын алуы мүмкін. Егер бұндай өзгерістер орын алмаса, онда АS қисығы ұзақ мерзімде (LRAS –ұзақ мерзімдегі жиынтық сұраныс) шынайы өндіріс көлемінде болады, ал жиынтық сұраныстың кез- келген өзгеріс тек баға деңгейінде көрініс алады.
Кейнсиандық модель экономиканы қысқа мерзімде қарастырады. Кейнсиандық теорияда ЖҰ талдау келесі жағдайларға негізделеді: экономика өндіріс факторлерінің толығымен қамтылмауы жағдайында қызмет етеді, баға және номиналды еңбек ақы- қатаң, олар нарық өзгерісінен баяу әсер алады, нақты көлемдер (шығару көлемі, шынайы е.а.) нарық өзгерісінен жылдам әсер алады.
Кейнсиандық модельде АS қисығы жоғарыдағы жағдайларда көлденең немесе оның жағымды қисаюы байқалады. Қысқа мерзімде жиынтық сұраныс көлемі жиынтық ұсыныс көлемінен тәуелді. , демек жиынытық сұнарысты өзгерісін өнім шығару көлемі өзгертеді, содан кейін бұл өзгеріс баға өзгерісінде көрініс алады.
Кейнсиандық тұрғыдан, егер үкімер экономикадағы өнім шығару көлемін ұлғайтқысы келсе, фискалды және ақша саясаты арқылы жиынтық сұранысты ынталандыруы керек, мысалы- салықтарды азайту.
АD және АS қисықтарының қиылысуы экономикадағы өнім шығарумен баға деңгейінің тепе–тең көлемін анықтайды. Экономикада тепе- теңдік бұзылатын болса, жылдам әрекет негізінде қысқа мерзімді тепе- теңдік орнаталылады, ал ол тұрақты ұзақ мерзімді тепе-теңдік жағдайына өтеді. Бұл әрекеттер баға корректировкасы (түзету)арқылы жүзеге асады.
Мысалы, ақша массасының көбеюі саладарынын жиынтық сұраныс көлемі көбейді, қысқа мерзімдегі тепе- теңдік В нүктесіндеорнады, ал баға деңгейі өзгеріссіз қалды. Жиынтық сұраныстың ұлғаюы өндіріс көлемін ұлғайтады, тауарлар біраз уақыт ескі бағамен сатылады. Бірақ уақыт өте келе, өндіріс шығындары көбейеді, нәтижесінде тауарлар бағасы көтеріледі. Сәйкесінше жиынтық сұраныс азая бастайды, экономика өнім шығарудың бастапқы көлеміне оралады (В -С), бірақ жоғары баға деңгейінде.
Ұзақ мерзімді тепе- теңдік С- нүктесінде бекітіледі. АD өзгерісіне қарай бағаны түзету жай өтеді, ал жығару көлемімен жұмысбастылық жаңа жағдайларға жылдам икемделеді.
Жиынтық сұраныс азайған уақытта (ақша ұсынысының азюы, салықтардың өсуі) АD қисығы солға ығысады, бұл жағдай қысқа мерзімдегі тұрақты баға жағдайындағы өнім шығару көлемінің азайғанын көрсетеді. Келешекте бағаны төмендетуге түзету экономиканы қалыпты жағдайға әкеледі. Графикте ол АD қисығының бойымен төмен Y* деңгейіне дейін жылжуды көрсетеді.
Жиынтың сұраныстың бірінші компоненті- тұтынушылық шығындар салыстырмалы түрде тұрақты болса, екінші компонент- инвестиция керісінше, өзгермелі.
2) Инвестиция- пайда табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында мемлекеттік немесе жеке капиталды ұзақ мерзімді салымдары.
Инвестицияның негізгі түрлері:
өндірістік инвестиция;
тауарлы- материалды запастарға инвестиция;
тұрғын үй құралысына инвестициялар.
Сонымен қоса жиынтық, таза, автономды және индуцирленген инвестиция түрлерін айырады.
Жиынтық инвестициялар- ескі қондырғыны ауыстыруға (амортизация) кеткен шығындар мен өндірісті ұлғайтуға салынған инвестициялардың өсімінің сомасы.
Таза инвестициялар- негізгі капитал амотризациясын алып тастағандағы жиынтық инвестиция.
Автономды инвестициялар- ҒТП нәтижесінде пайда болған жаңалықтармен негізделген инвестициялар.
Автономды инвестициялардың қарапайым функциясы келесі түрде беріледі:
Мұндағы: I – жиынтық табыстан автономды инвестициялық шығындар;
e –сыртқы экономикалық факторлермен анықталатын автономды инвестициялар (пайдалы қазбалар қоры және т.б.); R – проценттің шынайы ставкасы;
d-инвестицияның процент ставкасының динамикасына сезімталдылығының эмпирикалық коэффициенті.
Индуцирленген инвестиция – сұраныстың өсуі саладарынан жаңа өндірістік қуаттылықтарды қалыптастыруға бағытталған капитал салымдары.
Инвестицияға қажеттілік инвестициялық сұраныс ретінде туындайды.
Инвестициялық сұраныс- кәсіпкерлердің ескірген капиталды қалпына келтіруге және оны ұлғайту үшін өндіріс құралдарына сұранысы.
Инвестицияға сұранысты анықтайтын негізгі факторлар:
таза пайданың күтілетін нормасы;
проценттің шынайы ставкасы
Олардың арасындағы байланыс келесідей: егер пайданың күтілетін нормасы жоғары болса, инвестиция өседі. Процент ставкасы- фирманың ақшалай капиталды қарызға алуы үшін төлейтін бағасы.
Егер пайданың күтілетін нормасы (мысалға 10%) процент ставкасынан артық болса (мысалға 7%), инвестиция пайдалы болады, және керісінше.
Осы факторлерден бөлек келесі факторлер де әсерін тигізеді: салық салу деңгейі; өндіріс технологиясындағы өзгерістер; қолда бар негізгі капитал; экономикалық күтулер; жиынтық табыстың динамикасы.
Жиынтық табыстың өсуі автономды инвестицияны көбейтеді. Инвестиция кәсіпкерлік пайдадан қаржыландырылады, ал ол пайда жиынтық табыстың Y өсуіне қарай өседі, демек инвестиция жиынтық табыстың Y өсі шамасына қарай өседі. Жиынтық табыстың өсу шамасына қарай тек өндірістік инвестиция көлемі ғана емес, тауарлы- материалды запасқа, тұрғын –үй құрылысына инвестициялар да өседі.
3) Тепе-тең өнім шығару деңгейі Y0 жиынтық шығындардың кез-келген компонентінің өзгерісінен ауытқуы мүмкін: тұтыну, мемлекеттік сатып алулар, немесе таза экспорт. Кез-келген компоненттің өзгерісі жоспарланған шығындар қисығын ығыстырады да, тепе-тең өнім шығару көлемінің артуына әкеледі. Ал жиынтық сұраныстың кез-келген компонентінің азаюы, тепе-тең өнім шығару көлемімен жұмысбастылықтың төмендеуіне әкеледі.
Автономды шығындардың кез-келген компонентінің өсімінің ΔА=Δ(a+I+G+g) жиынтық табыстың көбірек өсіміне әкелуі мультипликатор эффектісі арқасында жүзеге асады.
Автономды шығындар мультипликаторы- тепе- тең ЖІӨ-ң өзгерісінің автономды шығынның кез-келген компонентінің өзгерісіне қатынасы:
m=
мұндағы: m- автономды шығындар мультиплпикаторы, ΔY –ЖІӨ өзгерісі, ΔА –Y динамикасына тәуелсіз автономды шығындар өзгерісі.
Мультипликатор жиынтық табыстың өзгерісі (өсуі, азаюы) автономды шығындардың өзгерісінен қаншалықты артық екендігін көрсетеді. Автономды шығынның бір компонентінің бір рет өзгеруі- ЖІӨ бірнеше рет өзгеруіне әкеледі.
Мультипликатор–экономикалық тұрақсыздықтың факторы, іскерлік белсенділіктің ауытқуын күшейтуші. Сондықтан, бюджетті-салық саясатының басты міндетінің бірі- экономиканы тұрақтандырушы жүйелерін құру, ол жүйе МРС көлемін азайту арқылы мультипликация эффектісін әлсіретуге бағытталған.
