Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ОЭ технари гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666 Кб
Скачать
☆
  1. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.

Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Икемділік ЭТ маңызды түсініктерінің бірі. Өз өніміне сұраныстың икемділігін дұрыс анықтай отырып фирма мүмкін болатын шығындар мен пайдасын анықтай алады.

Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады

EDP = (ΔQ/Qd)/(ΔP/P)∆ Q%

  1. ЕPD = ─────

  2. ∆ Р%;

  3. ∆ Q%

  4. ЕPD = ─────

  5. ∆ Р%;

  6. ∆ Q%

  7. ЕPD = ─────

  8. ∆ Р%;

  9. ∆ Q%

  10. ЕPD = ─────

  11. ∆ Р%;

  12. ∆ Q%

  13. ЕPD = ─────

  14. ∆ Р%;

  15. ∆ Q%

  16. ЕPD = ─────

  17. ∆ Р%;

  18. ∆ Q%

  19. ЕPD = ─────

  20. ∆ Р%;

  21. ∆ Q%

  22. ЕPD = ─────

  23. ∆ Р%;

Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:

  1. Егер Ed (p) >1, онда сұраныс икемді, демек бағаның бір процентке өзгеруі сұраныстың одан артық процентке өзгеруіне әкеледі;

  2. Егер Ed(p) < 1, онда сұраныс икемсіз, демек бағаның бір процентке өзгеруі оған деген сұраныстың қажет көлемге өзгеруіне әкелмейтіндігін, немесе бұл өзгеріс бағаның өзгерісінен аз болатындығын көрсетеді.

  3. Егер Ed (p)=1, онда бірлік икемділікті сұраныс, демек бағаның бір процентке өзгеруінен тауардың көлемі сол мәнге өзгеретіндігін көрсетеді.

  4. Егер Ed (p)=0, сұраныстың нольдік икемділігі, демек бағаның өзгеруінен сұраныстың өзгеруі болмайды.

  5. Егер Ed (p)=∞, шексіз икемділікті сұраныс, демек бағаның кез-келген шексіз өзгеруі сұраныстың шексіз өзгеруін тудырады.

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.

EPI = (ΔQ/Qd)/(ΔI/I)

Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді.

EDxy = (ΔQ/Qd)/(ΔPy/Py)

мындағы ΔQ/Qd – X тауарына сұраныстың өзгерісі;  ΔPy/Py- Y тауарына бағаның өзгерісі.

  1. Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

ESP = (ΔQ/Qs)/(ΔP/P)

6- тақырып. Фирма қызметінің экономикалық негіздері

Дәріс жоспары

1. Өндіріс шығындары және оның классификациясы.

2. Кәсіпорын пайдасы.

1) Тұтынушының тауарды сатып алудағы мақсаты пайдалылық болса, өндірушінің мақсаты өндіріс шығындарын азайту. Шығындар ұсыныс көлеміне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтан, өнімнің қандай көлемін өндіру керектігін анықтағау үшін фирма шығындарын талдауы керек.

Шығындар- иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.

Экономикалық әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т.б. рестуратарды өндіруге жұмсалымдарды расходы білдіреді. «Шығындар» - олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс заладарын білідіреді.

Шығындардың әр түрлі классификациясы бар.

1. Бағалау әдісіне қарай шығындар: бухгалтерлік және экономикалық болып бөлінеді.

Бухгалетр іс жүзіндегі шығындарды есептейді, оның мақсаты – жүргізілген опреацияларды сипаттау. Демек, бухгалтерлік шығындар- белгілі бір өнім көлемін өндіруге кеткен өндіріс фактрорлерінің құны.

Экономист бухгалтерге қарағанда болашақты ойлайды, ол бір ресурсты қандай жолдармен пайдалануға болатынын қаранстырады. Сондықтан жіберіліп алған мүмкіндіктер шығыны болады немесе альтернативті шығындар.

Альтернативті шығындар – ресурстарды тиімді пайдаланғаннан табуға болатын ақша сомасы.

2. Қаражаттың пайда болуына қарай альтернативті шығындар: сыртқы және ішкі болып бөлінеді (нақты және нақты емес).

Сыртқы (нақты) – фирманың шикізат, қондырғы, көлік, энергияны сырттан сатып алуға жұмсаған алтернативті залалдары, демек кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алулары. Бұл шығындар бухгалтерлік есептерде көрініс алады.

Ішкі (нақты емес) – меншік және өз қажеттілігіне пайдалананылатын ресуртарға жұмсалатын альтернативті шығындар. Демек, нақты емес шығындар – фирма ресурстарын сатқаннан түсетін табыстың жоғалтулары.

Экономикалық шығындар – фирма иелігіндегі жерден жіберіліп алған рента көлемі, қондырғыға салынған ақшадан процент, өз фирмасында жұмыс істейтіндердің еңбек ақысы.

3. Өндіріс көлеміне әсер ету шамасына қарай шығындар: тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

Тұрақты шығындар (FC) - өндіріс көлеміне тәулсіз болатын шығындар, оларға: амортизация, рента, жал төллемдері жатады, олар кәсіпорын тоқтап тұрса да төленуге тиіс.

Өзгермелі шығындар (VС) – өндіріс көлемінен тәуелді болатын шығындар, оларға: шикізат материалға, еңбек ақы шығындары жатады, бұл шығындар өндірістің өсу шамасына қарай артады.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы жиынтық шығындарды (ТС) құрайды.

ТС =FC+ VС

4. Өнім бірлігіне жұмсалуына қарай шығындар: орташа жиынтық және орташа тұтақты, орташа өзгермелі болып бөлінеді.

Орташа жиынтық (АТС) – жиынтық шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.

АТС = ТС / Q

Орташа тұрақты шығындар (АFС) – жалпы тұрақты шығындардың көлемінің өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.

АFС= TFC / Q

Орташа өзгермелі шығындар (АVС)- жалпы өзгермелі шығындардың көлемінің өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.

Орташа шығындар қисығы U нысанында. Алдымен орташа шығындар өте жоғары. Ол үлкен тұрақты шығындар өнімнің шамалы көлеміне келетіндігімен байланысты. Өнім өндірісінің ұлғаюы шамасына қарай тұрақты шығындар өнімнің көбірек санына келеді де, орташа шығындар азаяды, минимумға түседі М нүктесіне келеді. Өндіріс көлемінің артуы орташа шығындар көлеміне тұрақты шығындар емес, өзгермелі шығындар әсер етеді. Сондықтан табыстың азаюы заңына сәйкес өзгермелі шығындар артады.

5. Фирма шығара алатын максималды өнім көлемін есептеу үшін шекті шығындар пайдаланылады.

Шекті шығындар (МС) – әр қосымша өнім бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

МС = ΔТС / ΔQ , мұндағы Q=1.

Бұл шығындарды анықтау фирма стратегиясы үшін қажет. Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шекті шығындар өзгермелі шығындар өсіміне тең болады.

Қосымша өнім бірлігін өндіру қосымша шығындарды тудырады, сонымен қоса шекті табыс әкеледі. Шекті шығындар шекті табыстан аз болғанға фирма өндірісін кеңейтеді. Егер шекті шығындар шекті табыстан артық бола бастаса, фирма зардап шегеді.

2) Нарықтық экономикада пайда – кәсіпкерлік фактордан алынатын табыс, демек пайда факторлы табыс.

Пайда көбіне жиынтық табыстар мен жиынтық шығындар арасындағы айырмашылық.

Қалыпты пайда- ресурсты өндіріс процесіне тарту және оны сол өндірісте демеп тұру үшін қажет кәсіпкердің минималды табысы.

Экономистер мен бухгалтерлер пайданы да әр түрлі қарастырады.

Бухгалтерлік пайда - фирманың жалпы түсімінен сыртқы шығындарды алып тастағанда туындайды.

Экономикалық пайда – барлық шығындарды(сыртқы және ішкі) алып тастағандағы жалпы түсім.

Пайданың функциялары:

1. экономикалық пайда алуды күту ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға ынталаныдырады;

2. экономикалық пайданың болуы ресурстарды альтернативті пайдаланудың әдістерінде тиімді пайдалануға итермелейді.

Пайда өндірісті ұлғайтуға ынталандыру туғызумен қоса сол ұлғайтуларды қажыландырудың қайнар көзі болып табылады. Неғұрлым жоғары пайда табатын кәсіпорындар сол пайданың бір бөлігін өндірісті ұлғайтуға немесе жаңартуға, демек инвестиция салуға жұмсайды.

7- тақырып.Нарық құрылымы. Жетілген және жетілмеген бәсеке

Жоспар

1. Бәсеке – нарықтың басты категориясы.

2. Бәсекелік күрес түрлері. Жетілген және жетілмеген бәсеке.

3. Монополия. Монополияға қарсы саясат.

1) Нарықтық экономимканың негізгі ерекшелігі- таңдау еркіндігі. Бірақ таңдау еркіндігі экономикалық сәттілікті қамтамасыз етед, оған бәсекелік күрес әкеледі.

Бәсеке- (латыннан- тіресу) нарықтық экономиканың қатысушылары арасындағы тауарды өндіру, сату және сатып алудың неғұрлым жақсы жағдайларына тай-таласы. Бәсеке баға, сұраныс, ұсынс сияқты нарықтың элементі болып табылады, оның маңызды категориясы. Бәсеке- катал құбылыс болып табылады. Оның келесі жағымсыз жақтары бар:

  • қалпына келмейін ресурстар ұтымсыз пайдаланаады;

  • көпшілік тұтынатын тауарлар мен қызметтер өндірісін қамтамасыз етпейді (қоғамдық көлік, дол және т.б.);

  • ғылым, білім саласының дамуына жағдайлар тудырмайды;

  • қоғамның кластарға бөлінуіне, әлеуметтік әділетсіздіктің пайда болуына кедергі жасайтын механизмі жоқ.

Жағымды жақтары:

  • өндірушілерді өндірістің өзгермелі жағдайларына жалдам бейімделуіне итермелейді;

  • өндірушілермен тұтынушыларға еркін таңдау және әрекет етуді қамтамасыз етеді;

  • жаңа техника мен технологияның еңгілізуін қамтамасыз етеді;

  • өндірушілерді әро түрліқажеттіліктерді қанағаттандыруға итермелейді, тауарлар мен қызметтер сапасын арттырады.

Сонымен қоса әділетсіз де бәсеге боладыю

Әділетсіз бәсеке- нарықта ғы бәсеке құқығымен нормаларын бұзумен байланысты бәсекелік күрес әдістері. Олар: бағалар демпингі, бәсекелестің қызметіне бақылау жүргізу, бәсекелестер дискриминациясы. Бәсекенің бұл түрі заңмен рұқсат етілмейді және қудаланады.

2) Бәсеке әр түрлі нысандарда болуы мүмкін:

  1. Салааралық (әр түрлі салалардағы тауарлар арасында) және сала ішілік (ұқсас таурлар арасында);

  2. Бағалық және бағалық емес;

  3. Жетілген және жетілмеген.

Бағалық бәсеке - тауарлар мен қызметтерді бәскекелес бағасынан төмен бағамен

сатуды туындайды. Ол үшін шығындар немесе пайда көлемі азайтылады.

Бағалық емес бәсеке – техникалық жетістіктер арқасында неғұрлым сапалы және

сенімді тауарлар сатуға негізделген. Бұл келесі шараларды жүргізуді білдіреді: өнім дифференциаяциясы, өткізу арқылы өнім диффиерециацися, жаңа тауарлы маркалар бәсекесі.

Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады. Жетілген бәсеке бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:

  1. нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- біріен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмететеді;

  2. айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;

  3. сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;

  4. нарыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың бірігуіне себептер жоқ.

Жетілген бәсекеге толығымен жету мүмкін емес, оған тек жақын болуға болады,

жетілген бәсеке 19ғ ортасына дейін орын алды. 19ғ. ортасынан бастап ҒТП дамуымен өндірісті шоғырландыру процесі жүреді, бұл процесс ірі және өте ірі кәсіпорындар, демек монополияның пайда болуына әкелді.

Нарықта монополисттің пайда болуымен жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.

3) Монополия- жекеленген өндіруші нарықты үстемдік етіп, осы тауар нарығын бақылауға алғанда пайда болады.

Монополияның мақсаты- нарықта өндіріс көлемімен бағаны бақылау арқылы максималды мүмкін табысты алу.

Монополия бірнеше кәсіпорындардың бірігуінің арқасында болады, олардың келесідей ұйымдық нысандары бар:

  • картель- өндірілетін өнім көлемінің квотасы және сату нарықтарын бөлу туралы келісім;

  • синдикат- өнімді өткізуді бірлесіп ұйымдастыру мақсатымен бірігу;

  • трест- монополия, оған кіретін фирмалар меншігін, өндірісін және өнім өткізуін біріктіреді;

  • концерн- әр түрлі салаларда фирмалар, олардың ортақ технологиясы, бірлескен қаржы орталығы бар;

  • конгломерат- ірі корпорациялардың өз қызметімен байланысы жоқ салаларға енуге негізделген бірлестік.

Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген етеді, демек бәсеке монополиялық немесе жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілмеген бәсеке нарығы- еркін бәсеке нарығының ең болмағанда бір жағдайы орындалмайтын нарық.

Жетілмеген бәсекені үш типке бөледі:

  • Монополиялық бәсеке

  • Олигополиялық бәсеке

  • Таза монополия.

Э.Чемберлин Дж. Робинсон, Дж.Хикс жетілмеген бәсеке механизмін зерттеуге үлкен үлестерін қосты. Талицада бәсеке түрлері мен нарықтық құрылымдар берілген.

Бәсеке түрлері

Бәсеке түрлерін анықтайтын белгілер

Бақылау дәрежесі.

Жетілген

- осы өнім түрін өндіретін фирмалардың саны көп;

- өндірілетін өнім біртекті;

-салалар арасындағы байланыстарда шектеу жоқ;

- тұтынушылар мен өндірушілерде толық ақпараттың болуы.

бағаларды бақылаудың жоқтығы

Жетілмеген

1. Монополия

осы өнімді тек бір ғана фирма шығарады (сала бір фирмадан құралады)

бағаны бақылау жоғары деңгейде

2. Олигополия

- осы өнім түрін шығаратын фирмалардың аз саны;

- өндірілетін өнім ұқсас немесе шамалы ерекшеленеді;

бағаны жартылай бықылау

3. Монополиялық бәсеке

- өндірушілер саны көп;

- өндірілетін өнім ерекшеленедіұқсас немесе шамалы ерекшеленеді;

бағаны әлсіз бақылау

Монополиямен күресте мемлекет монополияға қарсы заңнамаларды пайдаланады, олар мемлекеттің пайдаланатын заңдар пакеті. Моноплияға қарсы заңнамалардың негізі АҚШ-та салынды. Олар негізгі үш заң актілеріне сүйенеді:

  1. Шерман заңы (1890ж.) – бұл заң сауда моноплиясына, баға келісімдеріне тыйым салды;

  2. Клейтон заңы (1914ж.) - баға дискриминациясына, әр түрлі бірлесулерге тыйым салды;

  3. Робинсон- Пэтмэн заңы (1936ж.) – «баға қайшысына» тыйым салды.

Қазіргі монополияға қарсы заңдардың екі бағыты бар: бағаны бақылау және компаниялардың бірігуін бақылау.

8- тақырып.Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижелерін өлшеу

1. Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.

2. Макроэкономикалық көрсеткіштер.

3. Ұлттық экономика құрылымы және ҰШЖ.

1) Макроэкономика /грек тілінен-үлкен/- жалпы ұлттық экономиканың әрекетіменг даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бөлігі.

Макроэкономика - экономиканы тұтас жүйе ретінде қарастырады, ондағы субъектілер: мнмлекет /үкімет/, Ұлттық Банк және т.б.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, ЖҰӨ, ҰТ және т.б., олар жаопы халық щаруашылық сипаттайды.

Макроэкономика экономикалық теориядан 20ғ. 30-жылдарында бөліріп шықты, оған Дж. М.Кейнстің ғылыми еңбектері әсер етті. Кейнс теориясы экономиканы жүйе ретінде мемлекеттік реттеу қажеттілігіне негіз берін, макроталдау қажеттілігін көрсетті.

Макроталдау әдісі - модель құру. Модель- негізгі факторлерді ғана көрсететін қарапайым теориялық кесте. Модельдер қысқа мерзімді – /1 жылға дейін/, және ұзақ мерзімді / 1 жыодан артық уақытқа/ болады.

Макроэкономикалық саясат – қоғамның стратегиялық даму жне жаңару міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ететін экономикалық мақсаттар мен шаралар жүйесі.

Ұлттық экономиканың дамуын сипаттайтын негізгі көлсеткіш – ұлттық байлық.

Ұлттық байлық – қоғамда жинақталған тұтынушылық құндардың жиынтығы. Оған мүлік /негізгі және айнымалы қорлар, үй мүлігі/, табиғи ресурстар /жер оның қойнауы, орман/, заттандырылмаған байлық /ұлттың денсаулығы, рухани байлығы, білім және ғалыми потенциал/.

2) Қоғамның гаруашылық қызметінің жалпылама көрсеткіші- бір жылда өндірілген қоғамдық өнім болып табылады, оны бірнеше көрсеткіштермен сипаттайды:

  1. Жиынтық немес жалпы ұлттық өнім /ЖҰӨ/ - ел ішінде 1 жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнының сомасы.

  2. Ұлттық табыс /ҰТ/ - 1 жылда құрылған құннан тұратын өндіріс нәтижесі, ол ЖҰӨ-амортизация немес барлық өндіріс факторлерінен алынған табыстар сомасы ретінде есептелінеді: еңбек ақы + рента+ процент+ пайда.

  3. Таза ұлттық табыс – ол ЖҰӨ +жанама салықтар ретінде есептелінеді де, ұлттық табысты нарықтық бағамен есесптеу үшін қолданылады.

  4. Жалпы ішкі өнім /ЖІӨ/ - ел ішінде тек меншік өндіріс факторлерін пайдаланып өндірілген өнімдер мен қызметтер құны.

  5. Қосылған құн /ҚҚ/

ЖҰӨ екі әдіспен есепетелінеді:

  • шығындар бойынша есептегенде тұтынуға жұмсалған барлық шығындар қосыоады: тұрғындардың тұтыну шығындары /С/, ұлттық экономикаға жиынтық инвестициялар /І / , мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатыап алулары /С/және таза экспарт Х /экспорт - импорт/.

ЖҰӨ= І + C+ С + Х

  • табыстар бойынша есептегенде өндіріс факторерінің иелерінің табыстарының сомасы ретінде есептелінеді немесе халық шаруашылығының салаларының табыстарының сомасы ретінде:

ЖҰӨ=ЕА+Р+ПР +П+жанама салықтар+амортизация

ЖҰӨ есепетеу кезінде өндірілген өнімдер 1 рет ғаңа есептелуі тиіс:

- соңғы өнім соңғы, тұтыну үшін сатып алынған тауарлар маен қызметтердің саны;

- аралық өнім, соңғы өнімдерді өндірі үшін, әрі қарай өңделу үшін тұтынылатын тауарлар мен қызметтер;

Тұрғындардың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

  • жеке табыс /ЖТ/ - жеке тұлға немесе жанұяның салықты төлегенге дейіңгі алған табысы. ЖТ табыс+ трансферттік төлемдер

  • қолдағы табыс /ҚТ/ - салық төленгеннен кейін қалатын табыс. ҚТ ЖТ- салықтар.

ЖҰӨ номиналды және нақты болып беріледі:

    1. номиналды ЖҰӨ - ағымдағы бағамен беріледі;

    1. нақты ЖҰӨ тұрақты немесе базисті жылдағы бағамен теріледі.

Нақты ЖҰӨ номиналды ЖҰӨ баға индексі /ЖҰӨ дефляторы/

Баға индексі- жанұя бір жылда тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгерісі.

    1. потенциалды ЖҰӨ- толық жұмысбастылық кезіндегі өндіріс көлемі.

3) Ұлттық экономика құрылымы: ұдайы өндірістік және салалық болады.

- Ұдайы өндірістік құрылым – қоғамдық өніміді тоғайымдылығы бойынша жіктеуді туындайды.

- Салалық құрылым шаруашылық жүйені негізгі қызмет түрлері бойынша жіктелуі.

А.Фишер, К.Кларк *үш сектор* теориясы бойынша ұлттық шаруашылық үш секторге бөлінеді:

  • *біріншілік секторге* - шынайы ресурстарды алу. Пайдалану. өндірумен байланысты салалар кіреді, олар ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы.

  • *екіншілік секторге* - өңдеу өнеркәсібі салаларынан тұрады;

  • *үшіншілік сектор* қызмет салалары жатады: көлік, байланыс, коммуналды шаруашылық, құрылы, сауда, қаржы, білім, денсаулық, мемлекет аппарат, қорғаныс және т.б.

Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы есептелінеді:

Ұлттық шоттар жүйесі /ҰШЖ/ - бір жағында ресусратрдың көзі, екігші жағында олардың пайдаланылуы көрініс алған арнайы таблицалар мен баланстар. Бұл есеп жүйесі нарықтық экономикасы бар елдерге тән есеп жүйесі, анық мақсаты- ұлттық өнімнің өндірісі, бөлінуі жіне тұтынулуы туралы сандық ақпарат беру.

9- тақырып. Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы. Инфляция және жұмысссыздық – экономикалық тұрақсыздық көрініс

і

1Экономикалық өсу, оның типтері, қарқыны және модельдері.

  1. Экономикалық өсу факторлары.

1) Макроэкономикалық тепе-теңдік- қоғамдық ұдайы өндірістің негізгі мәселесі, экономикалық процестердің теңділігін сипаттайттын категория. Тепе-теңдік- қоғамның жағдайы, бұл жағдай оның барлық мүшелерін қанағаттандырады.

Тепе-теңдік жағдайы тек жетілген бәсекенің идеалды жағдайларында ғана мүмкін.

Тепе-теңдік жартылай және жалпы болады:

Жартылай тепе-теңдік- жеке нарықта қалыптасады, ол тауар, қызмет, өндіріс факторлері нарығындағы тепе-теңдік.

Жалпы тепе-теңдік- барлық нарықтарды бір уақытта жиынтық сұраныс сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдікгі орнаған ұлттық экономика жағдайы.

Жиынтық ұсыныс (АS) - бағаның әр түрлі деңнейлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалры көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: табиғи және еңбек ресурстарының саны және сапасы, негізгі капитал қоры, технология деңгейі.

Жиынтық сұраныс (AD) - тұтынушылар, кәсіпорындар мен мемелекет бағаның әр түрлі деңгейлерінде сатып алуға дайын ұлттық өндірістің шынайы көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: еңбек ақы, мемлекеттің фискалды саясаты –салық және несие саясаты, тұрғындардың жинақтауға бейімділігі.

Тұтас экономикалық жүйедегі тепе-теңдік- макроэкономикалық тепе-теңдік деп аталынады, ол келесі пропорциялар түрінде көрініс алады:

  1. өнімді өндірумен тұтыну арасында;

  2. айналымға салынған капиталмен оның пайдаланылуы арасынды;

  3. тауар ұсынысымен сұранысы арасында;

  4. материалды және қаржылық ағымдар арасындағы.

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі жалпы экономикалық тепе-теңдік жағдайы. Жоғары баға жиынтық ұсыныстың өсуін ынталандырады (өндіріс кеңейеді) және сол уақытта жиынтық сұраныстың көлемін азайтады.

2) Жүйенің жалпы экономикалық тепе-теңдігі – қоғамдық өндіріспен (жиынтық ұсыныс) қоғамдық тұтыну (жиынтық сұраныс) балансталған экономика жағдайы. Осы теңдікке жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстан бөлек жиынтық тұтыну және инвестиция да әсер етеді.

Тұтыну – жиынтық шығындарлың басты құраушысы, оның қайнар көзі қолдағы табыс болып табылады. Табыстың қалған бөлігі жинаққа жіберіледі.

Жинақ- тұтынуға жұмсалмайтын табыс бөлігі.

Табыс= жинақ+тұтыну.

Инвестиция- табыс табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында мемлекеттік немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімді салымдары.

Экономикалық өсу- барлық елдер алдында тұрған орталық экономикалық мәселе. Экономикалық өсу динамикасы бойынша ұлттық экономиканың даму деңгейін, тұрғындардың өмір сүру жағдайын сипаттайды.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің ортақ анықтамасы жоқ. Кейбір экономикстер ЭӨ-ді екі әдіспен есептеуге болады дейді:

  • ЖҰӨ есептеу арқылы.

  • ЖҰӨ-ң жан басына шаққандағы өсімін есептеу арқылы.

Экономикалық өсу екі түрлі болады:

Интенсивті өсу- ұлттық өнімді техника мен технологияны жэетілдіру арқылы ұлғайту.

Экстенсивті өсу- қосымша өндіріс факторлерін пайдаланғаннан ұлттық өнімнің артуы.

Аралас өсу (нақты)- өндіріс факторлерін азайту және жаңа техникамен технологияны еңгізу арқылы өндірістік қуаттылықты арттыру.

Экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен %- пен есептелінеді.

Экономикалық өсудің мақсаты тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту болы табылады. Экономикалық өсудің жағамсыз салдады да бар:

  • қоршаған ортаның ластатуына әкеледі;

  • кейбір тұрғындарда болашаққа деген сенімсіздікті тудырады;

Экономикалық өсу көптеген факторлермен анықталады: ұсыныс факторлері, сұраныс факторлері және бөлу факторлері.

Ұсыныс факторлері: жиынтық ұснысқа әсер ететін факторлер.

Сұраныс факторлері: жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлер.

Бөлу факторлері: ресурстар өнім артуын қамтамасыз ететіндей бөлінуі тиіс.

Өсу факторлеріне экономикалық өсудің екі моделі қарастырылады:

Көп факторлы модель: аталған факторлерінін барлығының әсерінен болған экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл модельді өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды.

Екі факторлы модель: еңбек және капитал арқылы болған экономикалық өсуді сипаттайды.

10- тақырып. Өмір сүру деңгейі және халықтың әл-аухатының мәселелері

11- тақырып. Елдің банк жүйесі. Мемлекеттің ақша-несие саясаты

12- тақырып. Мемлекеттің бюджет жүйесі

13- тақырып. Әлемдік экономика

14- тақырып.Әлемдік экономика және халықаралық мамандандыру