Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ОЭ технари гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666 Кб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

  7. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

  8. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

  9. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Кейнстік үлгі.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік.Мультипликатор теориясы.

12-тақырып.Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде (1 сағат).

Дәріс жоспары.

1.Нарықты экономикалық ауытқымалы түрде дамуы.Циклдық ауытқудың сыртқы және ішкі себептері.

2.Экономикалық цикл және оның түрлері.

Барлық өндірісі дамыған елдерде экономикалық дамуы циклімен: күйзеліс, өрлеу, қайшылық, күйреу, қайта даму, қайта даму, қайта басылу, т.б. сипаттайды. Бұл қайталану дөнгеленіп жүрмейді, спирал сияқты жүзеге асады. Сондықтан циклдік прогрессивті формада дамуы, бір орнында тұрмайды. Циклдік экономиканың теңесуінің ауытқу жағдайына байланысты.

Ауытқудың үш түрі бар:

1.Нарықтық сұраныстың тауар мен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы,бұл қысқа және ұзақ мерзімді болады.

2.Құрал-жабдыққа, құрлысқа және т.б. сұраныстың өзгеруімен байланысты ауытқу (8-12жыл).

3.Өндірісте технологоиялық тәсілдің бір түрден екінші түрге өту ауытқуы.Ғалым Кондратьевтің іліміне байланысты, ұзақ мерзімді цикл 40-60 жылға созылады.

Экономикалық теорияда циклдік негізгі әр-түрлі айтылады.

-неокласскалық бағытта дағдарыста тез өтетін, кездейсоқ құбылыс деді:

-тұтыну жетімсіздігі концепциясында экономикалық дағдарыс, ұдайы өндіріс еңбекшілердің кедейшілігімен байланысты түсіндірді;

-XIX ғ.соңында несие-қаржылық коцепция циклы келді, ақша сұранысы және ұсынысы облысында бұзылу нәтижесі дағдарыспен үйлестірді.

-Маркстік концепцияда дағдарысты капитал ұдайы өндірісімен байланыстырып, негізгі қайшылық өндірістің қоғамдық сипаттамасы және капиталистік өзіндік иелену формасында қарастырылады.

-Кейнсиянстық теория ауытқудың жүйесін былай түсіндіреді: нарықтық механизм теңдігінің әлсіздігі және осыдан туындайтын өндірісті реттеуде мемлекеттің араласуын қолдады.

Қазіргі экономистерге цикл себебін үш тәсілмен түсіндіреді:

1.Бірінші тәсіл- цикл сыртқы фактормен түсіндіріледі(экзогенді).

2.Екінші тәсіл-ішкі фактор (эндогенді).

3.Үшінші тәсіл- синтезді.

Экономикалық цикл- жұмысбастылық, өндіріс және инфляция деңгейлерінің мерзімдік ауытқулары.

Циклділіктің себептері: дербес инвестициялардың мерзімдік азаюы, ақша массасы көлемінің ауытқулары, «негізгі капиталды игіліктердің» жаңаруы және т.б. Макроэкономикада экономикалық циклдар себептерін сипаттайтын жүйелі теория жоқ, дегенмен экономистердің басым бөлігі жиынтық шығындар деңгейі тікелей жұмысбастылық және өндіріс деңгейін анықтайды деп есептейді. Экономикалық циклдің негізгі фазалары жандану және құлдырау болып табылады.

Шынайы ЖІӨ номиналды ЖІӨ -нен ауытқиды- бұл ауытқуларды ЖІӨ дефляторы бекітеді. Потенциалды ЖІӨ қатысты өнім шығару көлемінің ауытқулары келесі көрсеткішпен сипатталады:

ЖІӨ Уақыт

мұндағы: Y- іс жүзіндегі өнім шығару көлемі; Y*- өндірістің потенциалды көлемі.

Потенциалы ЖІӨ (немесе экономикалық потенциал)- ресурстар толығымен қамтылған жағдайындағы өндіріс көлемі.

Ресурстардың толығымен қамтылуы – іске тартылмаған өндірістік қуаттылықты 10-20%, жұмыссыздықтың шынайы деңгейін 6,5-7,5% көлемінде демеп тұруды туындайды. Цикл фазаларының негізгі индикаторлары жұмысбастылық, жұмыссыздық және өнім шығару көлемі болып табылады.

Экономикалық цикл фазаларын диагностикалау макроэкономикалық болжаудың ең күрделі міндеті болып табылады. Өндіріс құралдары мен ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарларды өндіретін салалардағы өндіріс көлемімен жұмысбастылық деңгейлері экономикалық циклдің фазаларының өзгеруінен қатты әсер алады. Қысқа мерзімді пайдаланылатын тауарларды өндіретін салаларда осы екі көрсеткіштің ауытқуы аса маңызды емес. Оның себептері келесі жағдайлармен байланысты:

біріншіден, қондырғыны жаңартуды, жаңа ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарларды сатып алуды белгілі бір уақытқа кідіртуге болады, сондықтан құлдырау кезінде бұл тауарларға сұраныс күрт төмендейді. Сәйкесінше салада өнім шығару көлемі азаяды, ал жұмысбастылық өседі.

екіншіден, осы салаларда өндіріс жоғары шоғырландырылған болып келеді де, нарықта фирмалардың шамалы саны билік етеді. Нарықтың олигополиялық құрылымы фирмаларға құлдырау кезінде жұмысбастылық пен өнім шығарудың деңгейін жылдам төмендетіп, баға деңгейлерін салыстырмалы түрде тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ал, қысқа мерзімді пайдаланылатын тауарларды өндіру саласында, нарықтар бәсекелес, сондықтар фирмалар жұмысбастылықпен өнім шығару көлемін азайту арқылы бағалардың өсу тенденциясына әсер ете алмайды. Сәйкесінше, осы салаларда бағалардың ауытқуы жұмысбастылықпен өнім шығару көлеміне қарағанда маңыздырақ.

Экономика және экономикалық саясат ты бағалау үшін «кедейшілік индексі» пайдаланылады, ол макроэкономикалық тұрақсыздықтың негізгі көрсеткіштері -жұмысбастылық және инфляция деңгейлерінің жалпы сомасын туындайды.

СДЖ-на арналған бақылау тапсырмалары

1.Инвестициялардың тұрақсыздығын орта мерзімдік ауытқулардың маңызды факторы ретінде.

2.Аграрлық дағдарыстар олардың өнеркәсіптік дағдарыстан ерекшеліктері құрылымдық дағдарыстар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

  7. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

13-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде (1сағат).

Дәрістің жоспары.

1. Жұмыссыздық: мәні, себептері, нысандары.

2. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері және түрлері.

1) Жұмыссыз деп - статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар есептелінеді. Жұмысы бар- жұмыс басты болып жұмыспен толығымен қамтылған немесе толығымен қамтылмаған адамдар саналады. Жұмыссызбен жұмысбастылар жиынтығы жұмыс күшін құрайды.

Жұмыссыздық дәрежесі- жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады.

Жұмыссыздықтың негізгі типтері: фрикционды, құрылымдық және циклдік болып табылады.

Фрикционды жұмыссыздық жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі, осы категориядағы жұмыссыздардың еңбек нарығында сатуға келетін жұмыс дағдысы бар.

Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшіне сұраныстың құрылымын өзгертетін өндірістегі технологиялық түрленулермен байланысты. Бұл жұмыссыздық, экономикаға тиімсіз болғандықтан ескірген мамандық иелері арасында орын алады. Жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады, себебі осы категориядағы жұмыссыздар еңбегін ұсынуға дайын емес, олар біліктілігін жоғарлатуға немесе тұрғылық орнын ауыстыруға мәжбүр болады.

Циклдік жұмыссыздық - іс жүзіндегі жұмыссыздық деңгейінің шынайыдан ауытқуы. Циклдік құлдырау кезінде алдындағы екі жұмыссыздық түріне циклдік жұмыссыздық қосылады; циклдік жандану кезінде жұмыссыздықтың бұл түрі болмайды.

Фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық бірігіп, жұмыссыздықтың шынайы деңгейін (NAIRU) береді (немесе толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі), ол іс жүзіндегі жұмыссыздық деңгейінің кейіңгі он жылдағы (және болашақтағы 10 жылдағы) орташасы ретінде есептелінеді.

Шынайы жұмыссыздықтың болуының негізгі себептері:

1. жұмыссыздықтан сақтандыру жағдайында жұмысты іздеу уақытының ұзаруы;

2. еңбек ақы тұрақтылығы (қатаңдығы)- «күту жұмыссыздығын» тудырады. Күту жұмыссыздығы шынайы еңбек ақы оның тепе-тең деңгейінен артық болғанда пайда болады, б.а. осы еңбек ақы деңгейінде еңбек ұсынысы оның сұранысынан артық болады да, адамдар жұмысты төлемнің бекітілген ставкасы жағдайында алуды «күтеді». Оукен заңы жұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады:

Егер, жұмыссыздық іс жүзіндегі деңгейі шынайы деңгейінен 1%-ке жоғары болса, өндірістің іс жүзіндегі көлемі шынайы көлемінен β %-ке аз болады. Β – коэффициенті эмперикалық түрде анықталады да, әр елде әр түрлі болады. Көп жағдайда оның көлемі 2-ден 3-ке дейіңгі интервалға келеді, ол циклдік жұмыссыздықпен байланысты болған ЖІӨ мәнді жоғалтуларын көрсетеді.

Егер жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі алдындағы жылмен салыстырғанда өзгермесе, шынайы ЖІӨ-ң өсу қарқыны 3% тең. Бұл қарқын тұрғындар санының өсуімен, капитал өсімімен және ҒТП байланысты. Жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде (алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда) шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2% азаяды.

2) Инфляция- орташа баға деңгейінің өсуінің тұрақты тенденциясы. Инфляция жағдайында бағаның түрлері әр түрлі өзгереді: кейбір бағалар жылдам өседі, басқалары- баяу, үшіншілері мүлдем өзгеріссіз қалады.

Дефляция- орташа баға деңгейінің төмендеуінің тұрақты тенденциясы.

Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) –бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі. Макроэкономикалық модельдерде инфляция деңгейі келесідей берілуі мүмкін:

;

Р- ағымдағы жылдағы орташа баға деңгейі;

Р-1- өткен жылдағы орташа баға деңгейі;

Бағаның орташа деңгейі баға индексімен өлшенеді. Инфляция деңгейін анықтау үшін тұтынушылық бағалар индексі (СРІ) пайдаланылады.

Дезинфляция- инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны).

Инфляция түрлерін қарастырайық.

Сұраныс инфляциясы- толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық сұраныстың) артықшылығынан пайда болады.

Шығындар инфляциясы- өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуы және жиынтық сұраныстың азаюы салдарынан пайда болады. Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға әкеледі - өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі (стагнация мен инфляцияның ұштасуы).

Орташа шығындар артады - фирма пайдасы төмендейді - фирма өндірісі азаяды - жиынтық ұсыныс төмендейді-орташа баға деңгейі жоғарлайды - инфляция қарқыны артады.

Өндірістің орташа шығындарының артуының себептері:

  1. номиналды еңбек ақының артуы, ол еңбек өнімділігінің артуымен байланысты емес;

  2. шикізат бағасының артуы;

  3. салықтардың артуы.

Сұраныс инфляциясымен шығындар инфляциясы инфляциялық спиральді құрайды, онда экономикалық агенттердің инфляциялық күтімдері жіберу механизмінің ролін атқарады.

Егер үкіметпен Ұлттық Банкте инфляциялық күтімдерді басқаратын инструменттер болмаса, «еңбек ақы - баға» спираль негізінде гиперинфляция пайда болады- баға өсуінің жоғары қарқыны, басқарылмайтын инфляция, ол әсіресе өнім шығарумен жұмысбастылыққа жоярлық әсер тигізеді.

Инфляция табыстардың қайта бөлінуіне әр түрлі әсер етеді, ол инфляция күтілген немесе күтпеген болатындығына байланысты.

Күтілген инфляция жағдайында табыс алушы инфляция әсерін жоюға немесе азайтуға әрекет жасайды, бұл әрекеттер оның шынайы еңбек ақы көлемінде көрініс алады.

Күтілмеген инфляция бекітілген табыстардың барлық түрлерінің төмендеуіне әкеледі. Бұл инфляциядан ссуда алушылар ұтыста қалады, себебі қарыздар құнсызданған ақшщамен қайтарылады.

Жұмысбастылықты жоғарлату және жұмыссыздықты азайту сұраныс инфляциясын тудырады. Жұмысбастылықты шектеу және жұмыссыздықты көбейту арқылы инфляцияны төмендетуге болады. Демек, қысқа мерзімде жұмыссыздық және инфляция деңгейлері арасында кері байланыс байқалады, бұл байланыс Филипс қисығы.

π

и нфляция жоғары күтілетін

инфляция

төмен күтілетін

инфляция

u* u

жұмыссыздық

Жиынтық шығындарды басқаратын үкімет Филипс қисығында инфляция және жұмыссыздық

деңгейінің белгілі –бір комбинациясын таңдай алады. Бұл таңдау күтілетін инфляция қарқынына байланысты: неғұрлым күтілетін инфляция жоғары, Филипс қисығы соғұрлым жоғары.

СДЖ-на арналған бақылау тапсырмалары

  1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары.Филипс қисығы.

  2. Жұмыссыздық және оның түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

  7. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

14-тақырып. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары(1 сағат).

Дәрістің жоспары.

  1. Мемлекеттің табыстары мен шығындары. Мемлекеттік бюджет.

  2. Мемлекеттің бюджетті – салықтық саясаты.

  3. Мемлекеттің несие-ақшалық саясаты.

  4. Халықаралық экономикалық қатынастар.

1) Жабық экономикада өнімді тұтынудың 3 бағыты бар: тұтыну, инвестиция, мемлекеттік сатып алулар, таза экспорт 0-ге тең.

Мемлекеттік сатып алулар- үкімет және жергілікті және органдар сатып алатын тауарлары мен қызметтері. Мемелкеттік сатып алулар(G) -мемлекеттік шығындардың бір ғана түрі.

Тағы бір түрі- трансфертті төлемдер -үй шаруашылығына қайтарымсыз төлемдер, олар жәрдем ақылар мен әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы. Трансферттік төлемдер ЖІӨ есептеген кезде есепке алынбайды, себебі қайтарымсыз негізде беріледі, сондықтан G құрамына енбейді.

Трансферттік төлемдер тауарлар мен қызметтер сұранысына жанама әсер етеді, салыққа қарағанда қарама- қарсы әсер береді: үй шаруашылықтарының қолдағы табысын арттырады, ал салық оны азайтады.

Егер салық минус трансферттік төлемдер (Т) деп алсақ, қолдағы табыс (Y-Т), онда салықтың жағымсыз жағы мен трасферттік төлемдердің жағымды жақтары көрініс алады.

Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Мемлекеттік бюджет- ел иелігіндегі ақшалай ресурстардың орталықтандырылған қоры, ол мемлекеттік қажеттіліктерді қанағанттандыру және әлеуметті-экономикалық қызметтерді орындау үшін қажет қаражат қоры.

Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы (көбіне 1 жыл) мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп.

Мемлекеттік бюджет- заң шығарушы билік бекіткен күтілетін салықтық түсімдер мен жоспарланатын мемлекеттік шығындар сомасы.

Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.

Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға шығындар құрайды.

Мемлекеттік бюджеттің табыстар мен шығындар бөлігі үнемі сәйкес келе бермейді.

Егер, бюджеттің шығындар бөлігі табыстар бөлігінен артық болса G>Т - бюджет тапшылығы (дефициті) орын алады, бұл тапшылық мемлекеттік қарызды көбейту немесе қаржылық нарықтарда қарыз алу арқылы қаржыландырылады. Табыстар шығындардан артық болса G<Т- бюджет профициті немесе артықшылығы орын алады, бұл қаражат мемлекеттік қарызды жабуға немесе жабылмаған қарыздарды азайтуға бағытталды, ал G=Т- балансты бюджетті білдіреді.

Мемлекеттік бюджет дефициті үш түрлі болады:

іс жүзіндегі дефицит - үкіметтің іс жүзіндегі табыстарымен шығындары арасындағы жағымсыз айырмашылық;

құрылымдық дефицит- толық жұмысбастылық жағдайындағы ұлттық табысқа негізделген мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындары арасындағы айырмашылық;

циклді дефицит- мемлекеттік бюджеттің іс жүзіндегі және құрылымдық дефициттері арасындағы айырмашалық.

Мемлекеттік бюджеттің негізгі түсімдерін - салықтар құрайды, өнеркәсіпті дамыған елдерде олар бюджеттің 90% құрайды.

Салықтардың түрлері:

  • табыс салығы- жеке тұлғалар табысының және корпорациялар табысының салығы, оған жер және капиталмен мәмәлелерден салықтар да жатады;

  • корпорациялар салығы- АҚ таза пайдасынан алынатын салық, жеңілдіктерді алып тастағандағы жиынтық пайдадан алынады;

  • артық пайдадан алынатын салық – белгіленген мөлшерден артық пайдадан алынатын салық;

  • жанама салықтар- сәйкес тауарлар мен қызметтер бағасына қосымшалар түрінде болады, оларды соңғы есепте сол тауарларды тұтынушы төлейді, оларға ҚҚС, кеден салығы.

Салық салу нормасы- салық ставкасы- бір салымға келетін салық көлемі .

2) Кейнс кресті белгілі бір жоспарланған шығындар көлеміндегі (C,I,G,T) тепе-тең өндіріс көлемін көрсетеді. Тепе-теңдік ресерстар толығымен қамтылмаған жағдайда да орын алатындықтан (тиімсіз сұраныс салдарынан), сол үзіліс мемлекетті реттеу құралдары арқылы жойылады: мемлекеттік шығындар көлемін (G) және мем.бюджетке салықтық төлемдер көлемін(Т) өзгерту арқылы. Мемлекеттің осы шаралары бюджетті-салықтық саясаты шегінде жүзеге асырылады.

Бюджетті-салықтық саясат- үкіметтің мемлекеттік шығындарды, салық салуды және бюджет жағдайын өзгерту арқылы толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, төлем балансының теңдігін және инфляциясыз ЖІӨ өндіру арқылы экономикалық өсуге бағытталған шаралары.

Ынталандырушы бюджетті-салықтық саясаттың (фискалды экспансия)- қысқа мерзімдегі мақсаты- экономиканың циклді құлдырауын болдырмау өту үшін мемлекеттік шығындарды көбейту және салықтарды азайту немесе осы шараларды үйлестіру.

Тежеуші бюджетті-салықтық саясаттың (фискалды рестрикция)–мақсаты экономиканың циклді жандануын тежеу, ол мемлекетті шығындарды азайту және салықтарды көбейтуді немесе олардың комбинациясын туындайды.

Қысқа мерзімді бюджетті-салық саясаттың шаралары-мемлекеттік шығындар (МШ), салық және тепе-тең бюджет мультипликаторы эффектісін береді.

Бюджет тапшылығы да артықшылығы да экономикаға тұрақсыздандырушы әсер беретінін байқадық, сондықтан Үкімет тұрақтандыру саясатын жүргізеді.

Бюджет артықшылығының тұрақтандыру эффектісі әлеуметтік трансферттерді ұлғайту, мем.қарыздарды жабуды мем. басқа да шығындарды қаржыландырмауды білдіреді. Бюджет артықшылығы экономиканың жандануында орын алатындықтан, инфляциялық қысым туындайды,сондықтан кез-келген төлемдерді ұлғайту жиынтық шығындардың өсуін, сұраныс инфляциясын тудырады. Ал бюджет артықшылығын “қатырып тастау” жиынтық сұраныстың қысымын азйтады, экономикадағы инфляциялық “жарылысты” тежейді.

Бюджет дефициттің тұрақтандыру эффектісі оны қаржыландыру әдісінен тәуелді.

Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру әдістері:

  • несие-ақшалық эмиссия (монетизациялау);

  • қарыздарды тарту;

  • мем.бюджетке салықтық түсімдерді көбейту.

Дефицитті монетизациялау кезінде сеньораж қалыптасады- мемлекеттің ақша шығарудан алатын табысы. Сеньораж ақша массасының өсу қарқыны шынайы ЖІӨ өсу қарқынынан артық болуынан пайда болады, соның салдарынан орташа баға деңгейі артады. Нәтижесінде экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді де, олардың табысының бір бөлігі артқан баға арқылы мемлекетке пайда ретінде түседі.

Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдерді көбейту мәселесі бюджет тапшылығын қаржыландыру шегінен шығып кетеді: келешекте салықтық реформалауды талап етеді, себебі салық ставкасын азайтып салықтық базаны арттыруды көздейді.

Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының динамикасы арасындағы байланысты “Лаффер қисығы” деп атайды.

T Лаффер қисығы

А

В С

0 а 100 t

Лаффер бойынша салық ставкасының артуы шамасына қарай 0-100% дейін, салықтық түсімдер бастапқыда өседі де максимумға жетеді (А нүктесі) де, үлкен салық стакасына қарамастан төмендей бастайды, Лаффер оны жоғары сталық ставкасы экономикалық белсенділікті төмендетумен түсіндіреді.

Лаффер бойынша салық ставкасын азайту еңбекке, инвестициялауға, жинаққа, өндірісті ұлғайтуға қосымша ынталандырулар туғызады, нәтижесінде салықтық база көбейеді, салық төлеуден бас тарту төмендейді. Соның салдарынан мем. бюджет шығындары азайады: жұмысбастылықтың артуы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны азайтады, ал табыстың артуынан бюджетке түсімдердің көлемі артады,салық ставкасы төмен болса да.

3) Нарықтық экономикада банктік жүйе екі деңгейлі:

  • орталық немес ұлттық банк (эмиссионды);

  • коммерциялық (депозиттік)- олардың функциясы салымдарды тарту және несие беру, сөйтіп ашга ұсынысына әсерін тигізеді.

Ұлттық банк: айналымға ақша шығарады, елдің алтынвалюталы қорын,коммерциялық банктердің міндетті резертерін сақтайды, банкаралық есептік орталық, коммерциялық банкетреді несиелендіруші және үкіметтің қаржылық агенті. Барлық елдерде орталық банктер ақша-несие саясатын жүзеге асырады, коммерциялық банктердің қызметін реттейді.

Экономикадағы ақша ұсынысы Орталық банк, комм. банктердің шешімдірінен тәуелді. Орталық банк ақша ұсынысын ақша массасына және мультипликаторға әсер ету арқылы бақылайды.

Ақша саясатының мақсаттары:

соңғы мақсаттар: экономикалық өсу; толық жұмысбастылық; бағалар тұрақтылығы; тұрақты төлем балансы;

аралық мақсаттар: ақша массасы; процент ставкасы; айырбас курсы;

инструменттер: несиелеу лимиті- тікелей әсер ету; процент ставкасын тікелей реттеу, міндетті резерв нормасын өзгерту, есеп ставкасын өзгерту, ашық нарықтағы операциялар – жанама әсер ету.

Осы инстументтер арқылы ақша -несие саясатының мақсаттары жүзеге асырылады: белгілі бір деңгейде ақша массасын (қатаң монетарлы саясат) немесе процент ставкасын демеп тұру (икемді монетарлы саясат).

Ақша-несие саясатының вариантын таңдау ақшаға сұраныстың өзгерісініе тәуелді.

Мысалы: ақшаға сұраныстың артуы инфляциялық процестермен байланысты болса, қатаң саясатты жүргізген орынды.

Ұлттық Банк бір мезгілде ақша массасымен процент ставкасын бекіте алмайды. Осылайша, егер ақшаға сұраныс артқаннан процент ставкасы артады, оны тұрақтандыру үшін Банк ақша ұсынысын артырады да,с ұраныстың артуынан артқан процент ставкасын төмендетеді, нәтижесінде ақша ұсынысының қисығы, тепе-теңдік нүктесі қисық бойымен оңға ығысады.

R R R -процент ставкасы

LS М- ақша массасы

В В LS

∆ R ∆ R

А LD2 LD2

А

LD1 LD1

∆М М ∆М М

Қатаң ақшалық саясат Икемді ақшалық саясат

4) Әлемдік шаруашылық- ұлттық шаруашылықтарды тұтас халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне біріктіретін глобальды экономика.

Әлемдік шаруашылықта келесі нысандағы халықаралық экономикалық қатынастар қалыптасады:

1. Халықаралық сауда (ХС)- тауарлар мен қызметтер экспорты негізінде жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.

ХС себептері:

  • елдердің экономикалық ресуртармен қамтамасыз етілуінің теңсіздігі, ол тұрғындарды жетпейтін тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады;

  • елдердегі технология мен олардың деңгейінің әр түрлілігі, оларды айырбастау қажеттілігін тудырады.

ХС мәні келесіде:

  • ұлттық ресурстар базасының жеткіліксіздігімен күресі;

  • ішкі нарық сыйымдылығын кеңейту және ұлттық нарықпен әлемдік нарықтар арасында байланыс орнату;

  • шетелдік ресурстарды тарту арқылы өндіріс масштабын кеңейту.

ХС көлемін: экспорт, импорт, таза экспорт сипаттайды.

ХС пайдалылығы әр түрлі мектептерде әр түрлі анықталады:

  • меркантелистер импорттың экспорттан көп болуын жақтады;

  • А.Смит басқа елдерден тек осы елдегімен салыстырғанда аз шығындармен өндіретін тауарларды ғана сатып алу керектігін көрсетеді, ол “абсолютті артықшылық теориясы” деп аталлынды;

  • Д.Рикардо “салыстырмалы тықшылық теориясын” өңдеді, оған сәйкес қандай да бір тауарды шығару қай елде арзанға түссе, ол сол елде шығарылуы керек.

Елдер арасындағы импорт пен экспортты мемлекет келесі саясаттарды жүргізу арқылы реттейді:

  • Протекционизм- ұлттық экономиканы импорттық тауарлардан қорғауға және импортты шектеуге бағытталған саясат.

  • Фритредерлік- еркін сауда саясаты.

Ашық экономика- халықаралық қатынастырмен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуға негізделген экономикалық жүйе.

Жабық экономика- сыртқы экономикалық қызметі шектеулі, изоляцияға ұмтылатын, тәуелсіз шаруашылық бірлік.

Елдің сыртқы экономикалық қызметін сипаттайтын төлем балансы- белгілі бір уақыт аралығындағы шетелдерге төлемдер мен шетелден түскен түсімдер арасындағы өзара қатынасытар.

Сауда балансы- тауар экспорты мен импорты арасындағы өзара қатынастар.

  1. Капиталды шығару және халықаралық несие – ұлттық айналымнан капитал бөлігін алып басқа елдерде өндіріс процесіне араластыру. Оның мақсаты- капталды басқа елдегі тиімді өндіріске қатыстыру арқылы пайда табу. Шығарылатын капитал нысандары: кәсіпкерлік немесе ссудалық.

  2. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясы – еңбекке қабілетті тұрғындардың ұлттық шекарадан тыс жерлерге ауысуы, көші-қонуы. Оның себептері:

  • экономикалық: елде білікті мамандарға сұраныстың төмендеуі, ұсынысының артуы, еңбек ақыдағы халықаралық айырмашылықтар;

  • сыртқы экономикалық: демографиялық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық және т.б..

  1. Халықаралық еңбек бөлінісі- қандай да бір елдің басқа елдерге сату мақсатымен тауарлар мен қызметтің қандай да бір түріне мамандануы. Бастапқыда бұл процесс елде минералды ресурстардың болуымен және оның геогрфиялық ортасымен негізделді, 20 ғ. бастап, ол ҒТП және елдегі жұмыс күшінің деңгейімен байланысты болды.

  2. Халықаралық валюталық қатынастар.

Валюта- елдің ақша бірлігі. Халықаралық валюталық жүйе- орталық эмиссиялық банктердің сыртқы нарықтағы қызметін реттейтін ережелер, заңдар, тұжырымдар жиыны.

Елдер арасындағы есеп айырысу валюта курсы арқасында жүзеге асады. Валюта курсы- басқа елдің валютасының ақшалай құнымен берілген ұлттық валютаның ақшалай құнының бағасы. Валюта курсы қатаң және еркін болады: алтын стандарты кезінде орын алған қатаң курс орнына долларды алтынға айырбастауды ресми түрде тоқтанқаннан кейін (1971ж.) еркін курс келді, ол – алтынмен емес валютаға сұраныс пен ұсыныспен анықталатын валюта курсы.

Валюта курстарының өзара қатынастары екі әдіспен өзгертіледі:

  1. Девальвация- валюта курсын басқа валюталарға қарағанда төмендету.

  2. Ревальвация- валюта курсын басқа валюталарға қарағанда жоғарлату.

Ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға араластыру үшін ұлттық валюта конверттелінуші болуы керек.

Валютаның конверттелінушілігі- ұлттық валютаның әр түрлі халықаралық есептесуде еркін пайдаланылу мүмкіндігі.

Халықаралық валюталық жүйенің қызмет етуі- халықаралық қаржылық ұйымдармен жүзеге асырылады, олар: Халықаралық валюталық қор (МВФ), Халықаралық даму және реконструкция банкі, Дамудың халықаралық ассоциациясы, Экономикалық ынтымақтастық пен дамудың ұйымы.

СДЖ-на арналған бақылау тапсырмалары

1.Мемлекеттің реттеу объектілері

2.Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты.

3.Әлемдік интеграциялық процестер мен халықаралық экономикалық ұйымдарға Қазақстанның қатысуы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

15-тақырып.Экономикалық өсу (1 сағат).

Дәрістің жоспары.

1. Экономикалық өсу түсінігі мен факторлері.

2. Экономикалық өсудің кейнсиандық модельдері.

1) Алдыңғы бөлімдерде макроэкономикалық тепе-теңдіктің қысқа мерзімдегі аспектілері қарастырылды. Өндіріс көлемінің ауытқуы (Кейнс кресті, IS -LM моделі) көбіне жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндірілетін, сәйкесінше жиынтық ұсыныстың қысқа мерзімдегі аспектісі қарастырылды.

Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың динамикасының ұзақ мерзімдегі аспектісі деп қарастыруға болады. Экономикалық өсуді- экономикадағы шынайы өндіріс көлемінің ұлғайюының ұзақ мерзімді тендециясы деп қарастыруға болады.

Экономикалық өсу (ЭӨ)- белгілі бір кезеңдегі толық жұмысбастылық жағдайындағы елдің өндірістік потенциалын кеңейту нәтижесінде шынайы ЖІӨ артуы.

Демек экономикалық өсуді өлшеу үшін шынайы өндіріс көлемінің (ЖІӨ, ЖҰТ) абсолютті өсімі немесе жан басына шаққандағы өсімі көрсеткіштері қарастырылады:

∆Yt = ∆Yt - ∆Yt-1 мұндағы t – уақыт индексі.

Экономикалық өсу түрлері:

  • экстенсивті, егер өсу қосымша ресурстарды тарту арқылы

  • жүзеге асатын болса және қоғамдағы орташа еңбек өнімділігін өзгертпесе;

  • интенсивті, егер жетілген өндіріс факторларен, технологияны

  • пайдаланумен байланысты болса, демек олардың қайтарымын арттыру арқылы;

  • аралас өсу, егер өндіріс факторлерін азайту, өндіріс технологиясымен құралдарын жетілдіру арқылы жүзеге асырылса.

Экономикалық өсу факторлерін өсу типіне қарай топтайды:

  • экстенсивті өсу факторлері: капитал және еңбек шығындарының артуы жатады;

  • интенсивті өсу факторлеріне: технологиялық прогресс, жұмысшылардың білім және маманды өсуі, өндірісті басқаруды жетілдір және т.б.

Кейде дербес фактор ретінде өндіріс процесін кеңейту катализаторы - жиынтық сұраныс туындайды. Жиынтық сұраныстың өзгерісі жиынтық ұсыныстың өзгеруіне белгі береді, ол бизнестің инвестициялық мүмкіндіктері мен үкіметтің инвестициялық және ғылыми-техникалық саясаты арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде жиынтық сұраныстың масштабы мен құрылымы өзгереді, потенциалды ЖІӨ ұлғаяды, ЭӨ орын алады.

ЭӨ тежейтін факторлер де болады: ресурсты және экологиялық шектеулер, өндіріс шығындарын арттырумен байланысты әлеуметтік шығындардың кең спектрі және үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.

2) Басқа модельдер сияқты ЭӨ моделі де экономикалық процестердің теңдеу және графиктер түріндегі абстрактілі көрінісі, олар ЭӨ жекеленген жақтарын талдауға мүмкіндік береді.

Барлық модельдер өндіріс көлемінің артуы -ЭӨ еңбек (L) және капитал (K) факторлерінің әсерінен болатындығына сүйенеді. Еңбек сырттан әсерге аз шалдығады, ал капиталды инвестициялық саясат арқылы өзгертуге болады. Экономикадағы капитал қоры амортизация көлеміне азаятындығы белгілі.

ЭӨ кейнсиандық модельдері қысқа мерзімдегі модельдердегі инструменттерді пайдаланады, тек ұсыныс динамикасын анықтайтын факторлер қосылады. ЭӨ-ді стратегиялық айнымалы- инвестиция арқылы басқаруға болады.

Кейнсиандық модельдің қарапайым моделі - Е.Домар моделі. Домар моделі еңбек нарығында артық ұсыныстың болуын туындайды, нәтижесінде баға деңгейі тұрақты, капиталдың шығуы орын алмайды, К/Y қатынасы және жинақ көлемі тұрақты. Өнім көлемі іс жүзінде бір ресурстан тәуелді- капиталдан.

Экономикада сұраныс пен ұсыныстың өсу факторы инвестицияның өсімі болып табылады. Егер осы кезеңде инвестиция ∆I артса, мультипликатор эффектісіне сәйкес сұраныс көлемі артады:

∆YAD = ∆I *m =∆I ( 1/1-b)= ∆I(1/s)

мұндағы: m – шығындар мультипликаторы; b – тұтынуға шекті бейімділік; b -жинаққа шекті бейімділік.

Е. Домар теориясына сәйкес экономикада толық өндірістік қуаттылықтар пайдалану кезінде шынайы табыстың тепе-тең өсімі байқалады, ол жинақ нормасына және капиталдың шекті өнімділіге тура пропорционалды. Инвестиция және табыс бірдей қарқынмен өседі. Бұл тепе-теңдік келесі жағдайда бұзылады: егер жеке сектордың жоспарланған инвестициясының өсімі модельде берілген көлемнен ауытқыса.

Р.Ф.Харрод ЭӨ инвестицияның эндогенді функциясын еңгізу арқылы арнайы модел құрды, оның негізінде акселератор принципі және кәсіпкерлер күтулері жатыр.

Акселератор принципіне сәйкес табыстың кез-келген өсімі (азаюы) пропорционалды капитал салымдарының өсімін (азаюын) тудырады.

Кәсіпкерлер өз өндірісінің көлемін экономикадағы алдыңғы кезеңде болған жағдайларға қарап жоспарлайды: егер олардың сұранысқа қатысты жасалған болжамдары тура келіп, сұраныс ұсынысты теңдестірсе, осы кезеңде де кәсіпкерлер өндіріс көлемінің өсу қарқынын өзгеріссіз қалдырады; егер экономикада сұраныс ұсыныстан артық болса, олар өндірісті ұлғайту қарқынын күшейтеді; егер алдыңғы кезеңде ұсыныс сұраныстан артық болған болса, өсу қарқынын азайтады.

Жиынтық сұранысты анықтау үшін акселератор моделі пайдаланылады, сонымен қоса инвестициямен жинаққа теңдігі I=S.

Тепе-тең ЭӨ жиынтық сұраныспен жиынтық ұсыныстың теңдігін туындайды.

Р. Харрод S/ S -Y теңдігін “кепілді” өсу қарқыны деп атады. Осы қарқындыдемеп тұрып, кәсіпкерлер өз шешіміне қанағаттанады, себебі сұраныс ұсынысқа тең болады да, олардың күтулері орындалады. Өсудің осы қарқынында өндірістік қуаттылықтар толығымен пайдаланылады, бірақ толық жұмысбастылық үнемі қамтамасыз етілмейді.

Іс жүзіндегі және “кепілді” өсу қарқыны арасындағы қатынасты талдау келесідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлер жоспарлаған ұсыныстың өсу қарқыны кепілді өсу қарқынынан ерекшеленсе(асып кетсе немесе жетпейтін болса), жүйе біртіндеп тепе-тең жағдайдан алыстайды.

Р.Харрод “кепілді” өсу қарқынына қоса “табиғи” өсу қарқынын еңгізеді, ол - белсенді тұрғындар мен техникалық прогресс арқасында мүмкін болатын максималды қарқын. Бұндай өсу қарқынында еңбек және капитал факторлері толығымен қамтылады.

Егер “кепілді”өсу қарқыны > “табиғи” болса, еңбек ресурстарының жетіспеушілігінен іс жүзіндегі өсу қарқыны “кепілді”өсу қарқынынан аз болады: өндірушілер өз күтулерінен үмітін үзеді, инвестиция мен өндіріс көлемін азайтады, нәтижесінде жүйе депрессия жағдайында болады.

Егер “кепілді”өсу қарқыны < “табиғи” болса, іс жүзіндегі өсу қарқыны “кепілді”өсу қарқынынан артық болад, себебі артық жұмыс күші инвестицияны көбейтуге мүмкіндік береді, экономика “жарылысты” болады.

Экономикалық жүйенің идеалды дамуы келесі жағдайда орын алады: ресурстар толығымен қамтылып, өсу қарқынының барлық түрлері (“кепілді”, “табиғи”, іс жүзіндегі) тең болатын болса.

Инвестицияның “кепілді” өсу қарқынынан кез-келген ауытқуынан - жүйе тепе-тең жағдайдан ауытқиды, сұраныс пен ұсыныс арасында теңдіздік пайда болады, демек Р.Харрод моделінде динамикалық өсу тұрақсыз болып табылады

Экономикалық әдебиеттерде Е.Домар мен Р.Харрод мродельдерін бір модельге біріктіред. Екі модельден келесі тұрым жасауға болады: ЭӨ қарқыны жинаққа бейімділікпен анықталады, ал динамикалық тепе-теңдік толық емес жұмысбастылық жағдайында да орын алады.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Кейнстік өсу үлгісінің мәні және ерекшеліктері

2.Е.Домар және Р.Ф.Харрод теория.

3.Р.Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.