Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ОЭ технари гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666 Кб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

6- тақырып. Жеке ұдайы өндіріс теориясының негіздері.(1 сағат)

Дәрістің жоспары.

1.Жеке ұдайы өндірістің сипаттамасы.

2.Факторлардың тиімділік көрсеткіштері ретінде жалпы, орта және шектеулі өнімдер.

3. Өндірушінің пайдасын көбейту мен шығынын азайту.

    1. Кәсіпорынның жеке ұдайы өндірісі- бұл еңбекті жеке бөлуге негізделген, тауар шығару, экономика буындарындағы бірқатар оқшауланған шеңберіндегі табысты алу мақсатындағы өндіріс факторын өндірудің бірігуінің үнемі қайталанып отыратын үдерісі.

Өндіріс факторлары – бұлар ерекшк тауарлар және олардың нарықта өзінің ерекшеліктері бар:

    1. Өндірістің экономикалық және технологиялық барлық факторы өзара байланысты және бөлек пайдаланылуы мүмкін емес. Тауар өндіру үшін өндірістің барлық үш факторына және белгілі бір өзара қатынастарға ие болу қажет.

    2. Әр факторға сұраныс мөлшері басқа факторлардың бағасының деңгейіне байланысты: мысалы, жұмыс күшіне сұраныс тек еңбекақы мөлшерінен ғана емес, сонымен бірге, қанша машина, шикізат және олардың бағасы қандай болуына қатысты.

    3. Өндіріс факторына сұраныс пен олардың бағасының деңгейі адам үшін қажетті тауарларды шығару үшін жұмыс күші мен өндіріс құралы қажет болғандықтан, тұтынушы сұранысына байланысты туынды болып табылады.

Өндірістік қызмет – бұл өнімдерді көп шығару мен өнідіріс факторының шығынының жиынтығының арасындағы өзара байланысты анықтаушы техникалық қатынастар.

У= f (а1, а2, а3,….. аn ),

Мұнда у - өндірілетін өнім саны,

а1, а2, а3,….. аn - өндіріс факторлары.

Өндірістік міндеттің мәні өнім шығарудың бір және сол көлемін қамтамасыз факторларының әр түрлі үйлесуі кезіндегі баламалы мүмкіндіктерінің болуын көрсетеді.

Өндірістің негізгі факторы еңбек және капитал болып табылады. Сондықтан өндірістік міндетті мынадай түрде жазуға болады:

У= F(K, L )

Бұл міндеттің графигі жазықтықта изокванты деп аталады.

Изокванта шығарылатын өнімдердің біркелкі көлемін алуға мүмікіндік беретін, факторлардың (K және L) комбинациясының жиынтығын көрсетеді.

К

L

Изокоста – бұл біркелкі сомалы шығын құнын қамтамасыз ететін, еңбек пен капиталдың барлық мүмкін үйлесімділігін көрсететін түзу сызық. Изокоста графигі.

K K

L L

Изокоста Шығынның ең аз мөлшері

Изокванта мен изокостаның жанасу нүктесінде, белгілі бір шығару көлемін қамтамасыз ететін, шығынның ең аз дейгейіне қол жетеді.

2) Өнімдер жиынтығы (жалпы) - өндірістің қалған факторларының өзгермеуі кезіндегі зерттелетін факторлардың белгілі бір санында жүргізілетін өнімдер көлемі. Оны қорытындылайтын факторы деп атайды және өндірістік қызметтерінде У әрпімен белгілейді.

Жинақты көрсеткіштермен бірге, экономикалық талдаумен қатар орта және шектеулі өнімдердің көрсеткіштерін пайдаланады.

Өндірістің өзгерісті факторының орта өнімі зерттелетін фактордың көлеміне жиынтықты өнімнің (У) қатынастары есебінде анықталады және осы факторды тиімді пайдаланумен қайтарылуын сипаттайды. Мысалы, еңбектің орта өнімі (АРЛ) былай анықталады:

АРL=У /L

Бұл көлем тауар өнімінің уақыт бірлігінде жасалғанын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.

Капиталдың орта өнімі (АРк) келесі жағдайда есептеледі:

АРL=У /К.

Осы көрсеткіш негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көрсетеді және ол қор қайтарылымы деп аталады.

Соған сәйкес факторлардың шектеулі өнімі өндіріс нәтижелерінің өсуінің соған сәйкесті факторларының өсуіне қатынастары ретінде анықталады және өндіріс факторының жаңа тартылған өндіріс үдерістерін тиімді пайдалануын көрсетеді, яғни, капитал мен еңбек үшін олардың шектеулі өнімдері былай есептеледі:

MPK=ΔУ/ΔK.

MPK=ΔУ/ΔL.

Еңбектің шектеулі өнімі көбеюіне қарай тұрақты факторларының өзгермейтін кезінде ауыспалы факторды пайдаланудан өндіріс қысқарады. Бұл факт азаюдағы шектеулі өндірудің заңы түрінде қалыптасады. Сондықтан белгілі бір сәттің конусына жалғасатын ауыспалы ресурстардың бірлігін өзгермейтін, бекітілген ресурстарға қосу, ауыспалы ресурстың әрбір жалғасатын бірлігіне есептегендегі кішірейетін, қоспалы немесе шектеулі өнім береді.

3) Бәсекелесті өндірушінің алдында үш өзара байланысты мәселе тұрады:

1. Өндіру қажет пе?

2. Егер қажет болса, өнімдердің көлемі қандай болу керек?

3. Мұндай жағдайда қандай пайда алынады?

Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін үш мүмкін жағдайды қарастыру қажет, оның әрбіреуінде өндірістің осы немесе басқа стратегиясы таңдап алынады. Барлығы нарықтағы өнімнің бағасы қандай болатынына байланысты. Бұл тәуекелділікті анықтау үшін, пайда формуласын білу қажет:

П= TR-TC= P*Q-AC*Q= (P – AC) * Q

Мұндағы: П- пайда

TR- фирманың жалпы табысы

TC – жалпы шығындар

Р- тауар бағасы

Q-өнім саны

АС- өндірістің орташа шығыны.

Бірінші жағдайды қарастырайық:

Пайданы көбейту жағдайы.

Бәсекелесті фирманың ең жоғары пайдасына теңдесуі орындалатын өнімдерді шығару кезінде қол жеткізеді:

Р= МС

Бұл пайданы көбейту жағдайы болып табылады. Екінші – шығынды азайту жағдайы.

Қашан өнімнің бағасы ең аз мүмкін орташа жалпы шығыннан төмен, ал ең аз мүмкін орташа өзгерісті шығыннан көп болса, яғни

АС min <Р< АС min,

Онда фирма жалпы өзгерісті шығынды жабатын (бұл Р<AVC min) жалпы және жекелей тұрақты табысты алады. Фирма өндірісті жалғастырғаннан жабылғандағы нәтижесінен гөрі, залалды аз көреді. Ы с ы рабы аз, шығару көлемі Р= МС теңдігінде болады.

Үшінші жағдай – қысқа мерзімді уақытта фирма қызметін тоқтату.

Баға төменгі мүмкін орта өзгерісті шығыннан төмен түскенде, яғни Р<АVСmin өндірістің көлемі болмайды, ондай кезде фирма ең кемінде өзгерісті шығынды жаба алады. Өндіруді жалғастырып, ол тұрақты шығынның құнынан гөрі, үлкен залал шегеді, оның ішінде: ТС барлық шығындарына ы сырап те болады. Яғни, фирмаға жабылған пайдалы.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Жеке ұдайы өндірәістің даму жолдары.

2.Қазіргі кезеңдегі өндіріс технологиясының басты ерекшеліктері.