Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері

Мәдениет – ең алдымен адам мен қоғамға тән ой-қалып, қимыл-амал, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін құндылықтардың түйіні, адамдарды, қауымдастыққа, тұтастыққа біріктіретін әлеуметтік институт.Әлеуметтану ең алдымен қоғамның дамуы мен қызмет етуіне мәдениеттін тигізер әсерін зерттейді.«Мәдениет» ұғымы мен қатар «өркениет» («цивилизация») жиі пайдаланылып жүр, көп жағдайда бұлар синоним ретінде қолданылады. Мәдениет социумда орын алып жатырған барлық өзгерістерді басынан кеше отырып, әлеуметтік үдірістердін мәнің анықтауға өз үлесін қосады. Алғашында «мәдениет» сөзі жерді өңдеу тәсілі мағынасын білдірді ( colege – лат. өсіру, күту, ол туралы қайғыру). XYII-XYIII ғасырларда европаның қоғамдық санасының мәдениетке деген басқаша кең ұғымда қарауы, мәдениетті европаның өзіндік санасының орталық ұғымына айналдырды. XYIII-XIX ғасырларда Германияда, одан кейін Ресейде мәдениет пен өркениетке басқаша антитезистер беріле бастады. Мәдениет рухани, моралды және эстетикалық құндылықтарымен өркениетке қарсы тұрушы. Өркениет ең алдымен материалдық және технологиялық үдірістермен байланыста болса, ал мәдениет – адамдардың жоғарғы құндылықтарының негізінде қалыптасқан рухани, идеалды үдірістермен байланыста, яғни үдіріс категориясын жатсынушы.Мәдениет адам мен табиғат, адам мен қоғам, адам мен адам арасындағы жүйелік қатынас ретінде қарастырылады.Осылайша, мәдениет тірі адам қызметі ретінде оларды жасаушы және құндылықтардың жиынтығын (рухани және материалдық) таратушы, сонымен қатар сақтаушысы.Мәдениет әлеуметтануы мәдениет дамуының әлеуметтік заңдылықтарын зерттеумен

айналыса отырып, олардың адамдар әрекетінде пайда болуын, идея түрінде таралуын және сақталуын анықтайды.Кең мағынада мәдениет әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы ғана емес, ол қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін қамтып, өзінің ерекше дүниетанымымен басқаша қырынан қарайды. Кез келген мақсатты

әлеуметтік әрекеттерден мәдениеттің мәнің көруге болады: еңбектен, тұрмыстан, саясаттан, денсаулық сақтаудан, білім беруден және т.б. Тар мағынада мәдениет әлеуметтануы рухани салада ғана орын алатын пән

болып табылады.

Әлеуметтануда бөлудің біршама дәстүрлі формалары мен мәдени құбылыстард эмпирикалық талдаулар орын алады.

Тасмалдаушы – субъект бойынша мәдениет қоғамды тұтас бөліп

қарастырады. Осы тұста мәдениет әрдайым өз үйлесімділігін табалмай жатады. Мысалыға бүгінгі тандағы ұлттық мәдениеттерді, қоғам мен жеке мәдениет араларындағы келіспеушіліктерді келтіруге болады. Функционалдық ролі бойынша мәдениетті жалпы, яғни қоғамның барлық мүшелеріне қажет және ерекше, яғни тек кәсібіне ғана байланысты бөлуге болады. Бірақ та бұлардың арасында қатаң орын алған шекара жоқ, яғни олар қажеттіліктеріне байланысты бір біріне өтіп, қабылданып отырады. Пайда болуына байланысты (генезисіне) халықтық мәдениет, яғни нақты жеке авторының болмауы (мысалы, фольклор) және «ойшылдар

мәдениеті», яғни кәсіпқойлардан, интелегенциядан туылған; олардың авторын кездестіруге болады.

Мәдениеттің түріне байланыстыматериалдық мәдениет (мысалы, материалдық игіліктерге байланысты өндірілген мәдениеттер) және рухани мәдениет (өнер, шығармашылық, ғылым және т.б.) Мәдениеттің материалдық және рухани болып бөлінуі шартты түрде. Өзінің сипатына және «арнаулы мақсатына» байланысты мәдениет діни және зиялы болып бөлінеді.

. Танымдық қызмет – білімді, ақпаратты, мінез‑құлық үлгілерін, қызмет және ойлау әдістерін байыту. Мәдениеттің бұл әлеуметтік қызметінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе - мәдениет пен білімнің арақатынасы, бірлігі. Білусіз, білімсіз мәдениет қалыптаспайды. Білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғы шарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық та болып жатады. Бұл арада білімнің тәрбиеге негізделуі қажет дегеннен басқа ғылымның бет алды дамып, техниканың әлеуметтік қажеттілікке қайшы өсуінің шектелмеуі мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейдегі өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым‑техника арқылы қоршаған ортамыздың шындығын ашуға талпынсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтылсақ, ал моральдық таным арқылы жақсылықты жамандықтан айыра алсақ, барынша ізгілікті қасиеттерді игереміз.

2. Мәдениет адамды қалыптастырады, яғни тұлғаны әлеуметтендіреді. Бұл арада мәдениет пен адамның өзара қатынасына назар аудару керек. Өйткені мәдени кеңістіктегі қарым‑қатынас үдерісінде адам мәдениеттің иесі, оның жасаушысы бола отырып, осы мәдени үдеріс үстінде адамның өзі де қалыптасады. Осы арада ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың «Күтім, бап, үй жануарларының тұқымын қалай жаксартатын болса, мәдениет те адам организмін солай жаксартады» деген пікірін айта кетсек артық болмас.

Адам болып қалыптасудың негізгі шарттарының бірі ‑ ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы таңдаулыны алу, соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді.

3. Мәдениеттің жалғастық, мұрагерлік қызметі. Шын мәнісінде, қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, тіл мен діл, дін және өнер, білім мен ғылым және т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде адамның мәдени өресі артады, әлеуметтік тәжірибесі баи түседі.

4. Мәдениеттегі реттеушілік оның құндылықтары мен нормалары негізінде адамдардың қызметі мен мінез‑құлқының белгілі тәсілдерін ұсыну және олардың сақталуын қадағалау негізінде жүзеге асады. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ болады. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адами сан алуан белгілерді бойына жан-жақты толығырақ, тереңірек дарытқандығын айтамыз. Ол ‑ білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам.

5. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл - мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы ‑ әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Мәдениет құндылықтарды адам жас нәресте кезінен анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.

6. Мәдениеттің әлеуметтену функциясы – жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу, оларды адамның өмір бойына жалғасатын әлеуметтік мәдени үдерісіне қосу.

Қорыта келгенде, «мәдениет» ұғымы күнделікті тұрмысымызда жиі кездеседі. Алайда, оның терең мағынасына біз көп мән бере бермейміз. Барлығымыз да саналы, кейде санасыз түрде мәдениетке ұмтылып келеміз. Орыс халқының «Ғасыр өмір сүр, ғасыр бойы үйрен» деген сөзі осындайдан шыққан шығар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]