- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
Тұлға проблемасы бiрқатар ғылымдардың социологияның, философияның, психологияның, педагогиканың, т.б. зерттеу объектiсiне жатады.Әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтiк өмiрге белсендi түрде араласатын, әлеуметтiк қатынастардың өзектi проблемаларының бiрi ретiнде зерттейдi.“Индивид” адам тегiнiң нақтылы өкiлi, жеке адам. Осы ұғымға қатысты индивидуалдық деген ұғым бар. Индивидуалдық- бұл әр адамның өзiне ғана тән жеке-дара қасиеттерiнiң жиынтығы, яғни бiр адамның екiншi адамнан айырмашылығы. Ал, “тұлға” дегенiмiз адамның табиғи биологиялық қасиетi ғана емес. Ол қоғаммен тығыз байланыстар, қатынастар негiзiнде қалыптасатын адамның мәнi. Тұлға- бұл индивидтiң дамуының қорытындысы, жемiсi, оның қоғамдық жағдайлардағы көрiнiсi. Адам- адам болып туылады, тұлға болып қалыптасады, яғни тұлға болып туылмайды. Адамды тұлға қылып қалыптастыратын қоғам, қоршаған әлеуметтiк ортасы.Адам қоғамсыз өмiр сүре алмайды.Демек адамның адамдық қасиеттерiн қалыптастыратын қоғамдық орта. Бiрақ, бұдан адамның биологиялық, психологиялық жақтары маңызды емес деген пiкiр тумауы керек. Анығында адамның өлшемi үш түрлi:
Биологиялық
Психологиялық
Әлеуметтiк
Биологиялық өлшем- бұл адам организмiнiң түр бейнесi, құрылысын және формаларын, оның атқаратын қызыметiн, ми, жүйке жүйесiн, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем- бұл адамның iшкi жан-дүниесiн, онда жүрiп жататын саналы және санадан тыс құбылстар мен процестер, сезiм жүйесiн қамтиды. Мысалы, адамның құмарлығы, жек көру, сүю, мақтаныш, қорлану, күйiнiш, нарзылық, ойлау еркi мен сипаты, темперамент, т.б. жатады.
Әлеуметтiк өлшем- адамды тұлға, яғни белгiлi бiр тип, бiрнеше адамның үлгiсi, бейнесi, моделi ретiнде қарайды. Әрбiр қоғам өзiне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады. Сондықтан тұлғаның әлеуметтiк өлшемi әр қоғамда әртүрлi болады. Әлеуметтануда тұлға негiзгi екi тұғыдан қарастырады:
1. Тұлғаны қоғамдық қатынастар жүйесiне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сiңiрiп, тұлға ретiнде қалыптасуын.
2. Әлеуметтiк қатынастардың және iс-әрекеттiң субъектiсi ретiнде тұлғаны қарастырады. Сонымен қорыта келгенде жаңа туылған сәби тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегiнiң өкiлi. Ол тұлға болу үшiн негiзгi екi шарт қажет:
1. Биологиялық, генетикалық дамудың алғышарттары;
2. Әлеуметтiк ортаның болуы қажет, өйткенi онда мәдени орта болады. Әлеуметтiк ортамен жас сәби әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтiк ортасыз сәби жан-жақты дами алмайды. Тұлғаның әлеуметтенуi Жоғарыда тұлға туралы бiраз сөз қозғадық. Тұлға дегенiмiз жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты терең жетiген адам. “Тұлға” адамның әлеуметтiк сапасын бiлдiредi, адам тұлға болып қоғамда, яғни әлеуметтiк ортада қалыптасады деген болатынбыз.Әлеуметтiк ортаға ата-анамызды, достарымзды, туысқандарымызды, әрiптетерiмiздi, әртүрлi iс-әрекет жасағанда қарым-қатынасқа түсетiн адамдарды жатқызуға болады. Бiз күнделiктi өмiрде айналамыздағы адамдар тарапынан әлеуметтенемiз. Сөйлеудi, жазуды, өзiмiздi ортада қалай ұстап, қалай жүрiп-тұру керек екендiгiн үйренемiз. Мектептерге, әртүрлi курстарға бару арқылы бiлiм аламыз, көп нәрселердi үйренемiз. Ортаға бейiмделу де әлеуметтенуге жатады. Бала туылғант кезiнен бастап жанұясында тәрбиеленедi, яғни жанұяда әлеуметтенедi.Адамға қартайған шағында зейнеткерлiк өмiрге, қартайғандыққа байланысты туындаған жағдайларға бейiмделуге, кейбiр iс-әрекеттерге дағдылануға тура келедi. Яғни әлеуметтену процесi үздiксiз жүре бередi. Әлеуметтену- бұл үйрену, бiлiм алу, тәрбие алу, меңгеру, бейiмделу болса, әлеуметтендiру- бұл үйрету, бiлiм беру, тәрбиелеу, меңгерту, бейiмдеу болады. Жоғарыда айтқанымыздай алғашында ата-анасы, содан соң мұғалiмдер, достар, жұмыс ұжымы, т.б. әлеуметтендiредi.Адам әлеуметтену процесiн өту арқылы қоғамдағы тәжiрибенi, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сiңiрiп, меңгерiп өмiрде қолданады. Сөйтiп қоғамды одан әрi жетiлдiрiп, дамыта отырып өзi жаңа сапа, қасиетке, тұлғалыққа ие болады.Әлеуметтендiрудiң нақтылы жолдары болады.Олар: а) iС әрекет, қызымет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.
ә) қарым-қатынас, бұл- адамдардың бiр бiрiмен ұдайы, үздiксiз алуан түрлi қатынастарда болуын талап етедi.
б) өзiндiк сана-сезiмдi дамыту, бұған ми және жүректiң өз бетiнше қызымет етуi жатады.
Әлеуметтендiрудi жүзеге асырушыларды әлеуметтендiру агенттерi деп атаймыз. Жанұядағы әлеуметтендiру агенттерiне –ата-ана, туыстар жатады. Сондай-ақ оқу орындары, армия, палиция, мемлекет, БАҚ, т.б. және осы мекемелерде жұмыс iстейтiндер әлеуметтендiру агенттерi болып табылады.
