Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз

Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй. Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. "Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. "Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады.

Институт- бұл белгiлi бiр әлеуметтiк қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған рөлдер мен статустардың жиынтығы. Институтар адамдардың iс-әрекетерiн , қызыметiн ұйымдастырады.

Қолғамда әлеуметтiк топтардың сан алуан түрлерi бар. Оларды жақсырақ түсiну үшiн төмендегi үшбелгiсi арқылы жiктеуге болады.Тұрақтылық дәрежеСiне қарай үшке бөлiнедi.

1. Қысқа мерзiмдiк байланысқа негiзделген тұрақтылығы төмен топтар, оларды квази топтар депте атайды. Мәселен, бұл топқа театрдағы көрермендердi, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристiк топ немесе митингiге қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсiз әрi кездейсоқтық сипаты басым болады.

2. Тұрақтылығы орташа топтар.(еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы,т.б.)

3. Тұрақтылығы жоғары топтар ( ұлттар, таптар, т.б.).

Көлемiне қарай үшке бөлiнедi.

1. Үлкен әлеуметтiк топтар немесе қауымдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтiк жiктер, кәсiби бiрлестiктер,.);

2. Орташа әлеуметтiк топтар (бiр аймақтың тұрғындары);

3. Кiшi топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлерi, оқу топтары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат мүдделерi жақын болады.

Мазмұнына қарай беске бөлiнедi.

1. Әлеуметтiк экономикалық топтар (касталар, сословиелер, таптар);

2. Әлеуметтiк этникалық топтар (ру, тайпа, ұлттар, ұлыстар);

3. Әлеуметтiк демографиялық топтар (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер);

4. Әлеуметтiк кәсiби топтар (шахтерлер, мұғәлiмдер, дәрiгерлер, инженерлер);

5. Әлеуметтiк территориялық топтар (аймақтың, обылыстың, ауданның, қаланың, селоның тұрғындары.

“Институт” деген термин бірнеше мағынада қолданылады. Европалық тілдерге бұл термин латынның igstitutum – құрылғы, құрылым деген сөзінен енген. Социологтар хұқықтанушылардан алып, өзіндік мағына берді. Әлеуметтік институт - бұл ең алдымен қоғамдық қатынастардың белгілі саласын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады. Мағыналық жағынан – бұл белгілі тұлғалардың белгілі жағдайларда мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеттер стандарттарының белгілі жиынтығы.

Осылайша әлеуметтік институт – бұл әлеуметтік тәжірибенің тұрақты – типі мен формалары. Осылардың көмегімен қоғамдық өмір ұйымдастырылады, қоғамдық әлеуметтік ұйымдардың шеңберінде байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығы қамтамассыз етіледі. Әлеуметтік институттар – бұл мыңдаған жылдар бойы мәдени эволюциямен жинақталған қоғамның өмір сүруінің мықты құралы болып табылады. Өмір сүру үшін қоғам өзінің бастапқы қажеттіліктерін қанағатандыру қажет. Бұл үшін қоғамда белгілі әлеуметтік иститутар құрылған:

- ұрпақ жалғастыру қажеттілігі (жанұя және неке институты);

- әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздік;

- қажеттілігі (саяси институттар, мемлекет);

- өмір сүру құралдарын табу қажеттілігі ( экономикалық инститтуттар, өндіріс);

- білім беру, (жасөспірімге) өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтендіру, кадр дайындау (білім беру институттары, ғылым мен мәдениетті қосқанда);

- рухани мәселелерді шешу қажеттілігі (дін институттары);

Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.Өзінің функцияларын іс-жүзіне асыра отырып, әлеуметтік институттар құрамындағы тұлғалардың іс-әрекеттерін стандартты іс-әрекеттерге сай болса қолдайды, керісінше индивидттердің іс-әрекеттері стандартты іс-әрекеттердің талаптарынан ауытқыса оларды бақылап, бір ретке келтіріп отырады. Әлеуметтік институттар нақты және латентін функцияларды атқарады. Нақты функциялар күтімді, қажетті және өте тез танылады. Бұл ең алдымен:

1) қоғамдық қатынастардың қайта толтырылуы және бекітілуі.

2) Реттеушілік функциясы.

3) Интегративті (біріктіруші) функциясы.

4) Тасмалдаушы функциясы.

5) Коммуникативті (байланыс) функциясы.

Латентті функциялар – бұл алдын – ала жоспарланбаған, нақты емес жасырын формаға ие түрде іс-жүзіне асырылады.

Қоғам әлеуметтік ұймдардың болуы мүмкін емес. Әлеуметтік ұйым (француздың), organisation – құрастырып жатырмын, қалыптастырып жатырмын – (кейбір) өзара байланысқан спецификалық мақсаттарға қол жеткізу мен жоғары формалданған құрылымды қалыптастыратын кейбір қатыастардың жүйелерін құрайтын кейбір көптеген индивидтерді біріктіретін белгілі құрылым

Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:

- бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

- қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);

- тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);

- білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);

- рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]