Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы

«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.

Көп уақытқа деін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді.

Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді. «Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар. Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Қоғам” деген ұғым социология ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделiктi өмiрде бұл ұғымды кеңiнен қолданамыз. (Бiз “Қазақ қоғамы”, “Америка қоғамы”, “Жапон қоғамы” деп айтамыз, бiрақ мәнiне үңiле бермеймiз). ғалымдардың өздерi бұл ұғымның мәнiн ашуда қиындықтарға душар болуда. Бұл ұғымның көптеген мәнi бар. Бiз “кәсiби қоғам” десек онда бiрдей кәсiпке ие адамдар тобы туралы айтып отырмыз. Егер “жоғарғы қоғам” деп айтсақ онда белгiлi бiр әлеуметтiк қабатты (жоғарғы класс) құрайтын, ортақ құндылықтар мен өмiр салты бар адамдар тобы туралы айтып отырғанымызды бiлдiредi. Ал белгiлi бiр географиялық аумағы бар, ортақ заң жүйесi және ұлттық бiрлiгi бар Қазақстан қоғамы десек , бұл жерде басқа мағына бередi.Социология қоғам ұғымын осы мағынада қолданады, осы мағынада зерттейдi.

Өзiмiз байқап отырғанымыздай қоғам ұғымы мағынасында мемлекет ұғымына өте ұқсас және көп уқыт бойы бұл екi ұғым бiр мағынада қаралып келдi. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған италияндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ал, бұл ұғымдардың айырмашылығын немiс философы Гегель теориялық жағынан негiздеп, дәлелдедi.

”Мемлекет”, “қоғам”, “ел” деген ұғымдарды синоним ретiнде түсiну әлiде кездеседi. Әрине бұл атаулардың арасында жақындық болғанмен, оларда айырмашылықтар бар. Егер оларға жеке тоқталар болсақ, қоғам бiр-бiрiмен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қауымдастығы, тобы, мемлекет сол қоғамды басқаратын билiк органы, ал, ел әлгi аталған қоғам қалыптасып, мекендейтiн белгiлi бiр территория. Яғни, қоғам белгiлi бiр географиялық шекарасы, ортақ заң жүйесi, белгiлi бiр ұлттық, әлеуметтiк мәдени бiрлiгi бар адамдар бiрлестiгi. Қоғамға берiлген анықтамалардың бәрiнде қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердiң жүйесi ретiнде қарастыру тән.

Қоғам ұғымына анализ жасай отырып, Марш (1967) әлеуметтiк бiрлестiктердi қоғам деп санау үшiн қажет талаптарды аықтауға тырысты.

1. Тұрғылықты территория. Мысалы, Қазақсан өзiнiң шекарасында.

2. Қоғамның толықтырылып ,өсiп отыруы. (Бала туылу арқылы көбею маңызды).

3. Мәдениеттiң дамуы. Қоғамдық өмiрдiң барлық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн мәдениет моделдерi (үлгiлерi) көптүрлi болуы мүмкiн

4. Саяси тәуелсiздiк.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]