Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.

Әлеуметтену мәселесі жөнінде көптеген ойтұжырымдарды екі қарама-қайшы бағыттағы көзқарастарға топтастыруы мүмкін болады.Біріншіден Э. Дюркгейм және оның ізбасарлары жақтайды.“Әлеуметтену” ұғымын енгізген де-Дюркгейм. Бұл көзқарасқа сәйкес айтылатын, не байқауға болатын, нәрселердің бәрінің шығу тегі жеке емес, қоғғамдық сипат алады. Бұл тұрғыдан әлеуметтенуді әдістемелік және өктемдік тәрбиеге Теңестіреді: қандай ереже, ойды,жүріс-тұрысты білдіретің тәсілдің, қимыл-амалдардың қайсысы топ жеке адамға үйретуші болады. Әлеуметтену сонымен мінез құлықтың дағдылы қалыптарына сендіру, үйрету арқылы өтеді: әр адам олар бойынша өзінің жеке жүріс-тұрысының үлгісін жасайды. Осылай әлеуметтенудің мақсаты болатын қоғамның біртектілігіне жетуді қамтамасыз етуге талпыныс жасалынады, әлеуметтену арқылы әр келесі ұрпақ бұрынғы түсініктер, әдеттер мен дағдыларды мұра етеді, сөйтіп қоғамның жаңа жағдайларына бейімделеді. ХХ ғасырда социологиясында нығайтылатын түсініктер-ойтұжырымдар әлеуметтенудің көптеген ерекшеліктерін ескеруге бет бұрды. Осы тектес көзқарастарда адамның жасы мен ұрпақ арасындағы айырмашылықтары ескерілмейді, ал онысы жансақ пікірді тудырады; қоғам бірқалыпты, өзгермейтін, шексіз, бітпейтін ұрпақтан тұратындай көрсетіледі.

Американ психологы А.Маслоу өзінің «Мен» өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды» Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті - манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.

Манипуляторларды салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды өзіне және өзгелерге қатынасын, негізгісі күнделікті өмірдегі мінез көріністеріне байланыстыдеп көрсетеді. Э.Шостром манипулятордың сегіз түрін анықтайды:

-Диктатор (мінезінде ашық күшті мәнерге тән);

-Шүберек (таусылмайтын ойында беріліп ойнау сипаты тән);

-калькулятор(салқын, үнемшілдік тән);

-жабысқақ (қорғансыздықты имитациялау мен үнемі қорғанды қажет ету тән);

-Б-ұзақы (айналасындағыларды өз қызығушылығына қарай террорлау тән);

-жақсы жігіт (өзін тақтада деп ойнақтау тән);

С-от (жазалау позициясымен объектіге қатынасын манипуляциясын демонстрациялау тән);

-қорғаушы (өз мақсатына байланысты оларды қорғаушы рольін екі жүзділікте ойнау тән).

Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық талдауда Юнганың типологиясы: экстровертті және интровертті түрлері ерекше маңызға ие. Бұл типтерді толықтыру мақстында психикалық төрт процесті: ойлау, эмоция, түйсік, интуиция қатысымен төрт түрі ішінара бөлді. Оларды: ойлағыштық, эмоциональдық, түйсінушілік, интуитивтік тип деп төртке бөлді. Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды:

-Үйірсек тип;

-Агрессивті тип;

-Жатырқаушы тип.

Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип. Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.

Жатырқаушы тип – мұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді.Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.

Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:

-Гормониялық тұлға;

-Конфликтілі,қайшылықты тұлға;

-Импульсивті тұлға.

Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.

Конфликтілі, қайшылықты тұлға – мінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.

Импульсивті тұлға – тек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты.Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.

21

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]