Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық

“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.Бұл жөнiнде соңғы жылдары ұлт мәдениетiн ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзiнiң “Халықтар қалай пайда болады және жоғалады?” (изд-во Ленинградского университета, 1989) деген атақты еңбегiнде, дүние жүзiндегi халықтардың пайда болу, өсу, өркендеуiн және олардың бiртiндеп өшiп, жоғалу заңдылықтарын диалектикалық тұрғыда, тарих, география және биология (оның iшiнде экология және генетика саласы) ғылымдары негiзiне сұйене отырып, “этнос” туралы ғылыми дәйектi анықтама берген едi. Л.Гумилев “этнос” туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына тоқталады. Айталық, бiреулер“этнос дегенiмiз — шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер “этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi “этнос - сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы” дейдi. Бесiншiлерi “этнос” - белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары “этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк категория” дейді. Тарихтан белгiлi болғандай әр түрлi халықтар белгiлi бiр аймақта пайда болып, сол аймақтың өзiндiк ерекшелiгiне (климатына, өсiмдiгiне, жер бедерiне, географиялық аймақтың хайуанаттары мен жәндiктерiне) бейiмделiп, тiршiлiк етедi. Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап қалдырады. Осы ерекшелiктерiне сүйене отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы”(19,13) деген анықтама бередi.

Қазір әлемде үш мыңнан астам әр түрлі ұлттар, ұлыстар мен тайпалар мекендейді. Олар 250-дей мемлекеттерге біріккен. Сонымен катар олар көп ұлтты немесе көп тайпалы мемлекеттерде тұрады. Бұл қауымдастықтардың қалыптасуы мен дамуын әлеуметтану ғылымының бір саласы — этно әлеуметтану зерттейді. Ол ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік дамуы арқылы байланысқан, яғни өзара байланысқан этникалық және әлеуметтік құбылыстардың, әр түрлі этникалық қауымдастықтардағы этникалық процестердің кешенді мәселелерін зерттейді. Этникалық қауымдастық — бұл шығу тегінің ортақтығымен және бірлесе өмір сүрудің ұзақтығымен өзара байланысқан адамдардың топтары. Адамдар жылдар, ғасырлар бойы ұзақ бірлесе тіршілік еткен әрекеті кезінде әрбір топ шеңберінде оларды бір-бірінен ерекшелендіріп көрсететін тұрақты және ортақ белгілер қалыптасады. Мұндай белгілердің қатарына тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, қайсыбір халықтың немесе этностың қалыптасу үстіндегі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тағы басқалар жатады.

Бұл белгілер халықтың этникалық сана-сезімінде ұдайы жаңғырып, жетіледі, сол арқылы халық өзінің бірлігін,тұтастығын, ен алдымен өзінің шығу тегінің сол адамдардан бөтен еместігін, сөйтіп, әзінің этникалық жағынан туыс екендігін мойындайды. Тайпалар негізінен көне этникалық қауымдастықтарға жатады. Олар этностың алғашқы элементі болып табылады. Бұл — екі немесе бірнеше руларды әр түрлі байланыстар мен қатынастардың көмегімен біріктірген алғашқы ірі қауымдастық. Рулардың тайпаға бірігуі қандас туыстық пен ортақ аумақтың негізінде жүзеге асқан болса, ал тайпалардың өмірі мен әрекет - қызметі туыстық және әлеуметтік байланыстарға негізделген еді. Әрбір тайпаның өзіндік этникалық қауымдастық белгілері болады: олар бір-бірінен әздерінің шығу тегімен, тілімен, қалыптасқан әдет-ғүрып, салт-дәстүрлерімен, қарапайымнан салыстырмалы түрдегі жоғары дамыған материалдық және рухани мәдениетке жету көріністері арқылы ерекшеленді. Әрбір тайпада өзіндік этникалық сана-сезім қалыптасты. Этникалық сана-сезім этнонимге (атауға) ие болған. Тайпалар - алғашқы қауымдық құрылыстың ұйымдық түрі. Бұл құрылыс әр түрлі тарихи дәуірлерде, жер бетінің әр түрлі құрлықтарында пайда болып, өмір сүрді. Олар казіргі Азия, Америка, Африка мен Австралия құрлықтарының кейбір бөліктерінде әлі де өз дәстүрлерін жалғастырып, өмір сүріп келеді.

42.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]