Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Банктегі есеп.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
404 Кб
Скачать
☆

12. Банктің қаржылық есептілігі және оның элементтеріне сипаттама.

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. ХҚЕС не сәйкес банктің қаржылық есептілігінің элементтері қаржы жағдайын көрсететін және шаруашылық қызмет нәтижесін көрсететін элементтерден тұрады. Қаржы жағдайын көрсететін элементтерге актив, міндеттеме және меншікті капитал жатады. Активтер шот жоспарының 1-ші класына жатады. Активтер ұйымның ақша-қаражаттары, ҚР –ң ҰБ –дегі депозиттері, басқа банктегі депозиттері, құнды қағаздар, несиелер мен лизингтер, НҚ т.б. ктивті шоттар- мүліктер есебін, олардың құрамы мен орналасуы б-ша жүргізуге арналған. Міндеттемелер- банктің шаруашылық қызметіне сәйкес сырттан тартылған қаражаттар, банктің басқа банк алдындағы қарыздары, бюджет алдындағы міндеттемелері жатады. Банктің меншікті капиталы оның пассивінің 10-20 % ғана құрайды.ол банк тұрақтылығын көрсетуде маңызды көрсеткіш.

Ал, шаруашылық қызмет нәтижесін көрсететін элементтер пайда және зиян. Пайда- банктің басты мақсаты бос ақша қаражаттарын сырттан тарта отырып, оны белгілі бір көздерге орналастыру. Банк сырттан жеке және заңды тұлғалардан депозиттер қалыптастырады да ол қаражатты мүмкіндігінше жылдам несие ретінде басқа тұлғаларға ұсынады. Нәтижесінде, банк пайыз есептеу арқылы депозитке пайыз есептеп зиян шегеді, ал несие пайыздары арқылы пайда алады. Сонымен қатар банк дәстүрлі емес басқа да операциялардан пайда таба алады егер лицензиясы болса. Әр бір жүргізілген операциялары үшін банк міндетті түрде комиссионный ұстап отырады. Осы пайдалар мен зияндардың нәтижесінде қорытынды пайда/зиян/ пайда болады.

13.Банктің қаржылық есептілігі, оның нысандары, жасау және ұсыну тәртіптеріҚаржылық есептілік өзінің мәні, функциялары, көлемдері бойынша елеулі айырмашылығы бар және қаржылық жай-күйді, қаржылық нәтижені, ақша қаражатының қозғалысын және банктің капиталындағы есепті кезеңдегі өзгерістерді түсінуді жақсартуға себепші болатын сомалар бойынша жеке желілік баптардан тұруы тиіс. ХҚЕС не сәйкес банктің қаржылық есептілігі; 1.Қаржы жағдайы туралы есептілік 2. Пайда және зиян туралы есептен; 3. Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен

4, меншікті капиталдың қозғалысы жайлы есебінен тұрады. Сондай ақ түсініктеме хаттың орны ерекше,онда бар ақпараттар ашып көрсетіледі. Банктегі қаржылық есепті жасауды және ұсынуды есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер.ҚР комерциялық банктерінің бас бухг лауазымына тек кәсіби бухгалтерлер тағайындалады және тағайындауды ұлттық банк жүзеге асырады. Қаржы жағдайы туралы есептіліктің негізі баланс.Баланс- бұл шаруашылық суб-ң ресурстары мен олардың құрылу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт мерзімінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бух есеп әдістемесі. Бух баланс есепті кезеңдегі ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі мәліметтердің көзі. Баланс екі бөліктен Актив және Пассив жағынан тұрады.Банктегі бух есептің типтік шоттар жоспары қаржылық есептің элементтерін топтауға және оларды құндық мәнде, ағымдық көрсетуге арналған. Бухгалтерлік есепте банкте балансты күнде құрастырып, орталық банкке есептілік өткізіп отырады.Себебі, банк қаражаттарының көп бөлігі сырттан тартылған қаражат болғандықтан.Банктің пайда және зиян туралы есептілігі 4-5 класс шоттары арқылы құрылады. Онда қызмет көрсетуден түскен табыстар мен шығыстар есебі көрсетіледі. Меншікті капитал қозғалысының есебі. Банктің меншікті капиталы оның пассивінің 10-20 % ғана құрайды.ол банк тұрақтылығын көрсетуде маңызды көрсеткіш.Ақша қаражаттарының қозғалысы есебінде ақша қаражаттарының инвестициялық, оперативтік және қаржылық болып бөлінеді.

Банктің ақша қаражатының қозғалысы туралы есебі банктің таңдауы бойынша тікелей немесе жанама әдіспен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалады. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап банктің ақша қаражатының қозғалысы туралы есебі тікелей әдіс бойынша жасалады. Бухгалтерлік баланстан, пайда және зиян туралы есептерден, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен, капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұратын банктің қаржылық есептілігі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалады.        Исламдық банктің қаржылық есептілігі қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жасалатын инвестициялық депозиттердегі өзгерістер жөніндегі есептен тұрады.        Қаржылық есептілік өзінің мәні, функциялары, көлемдері бойынша елеулі айырмашылығы бар және қаржылық жай-күйді, қаржылық нәтижені, ақша қаражатының қозғалысын және банктің капиталындағы есепті кезеңдегі өзгерістерді түсінуді жақсартуға себепші болатын сомалар бойынша жеке желілік баптардан тұруы тиіс.