Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Банктегі есеп.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
404 Кб
Скачать
☆

4. Банктің «Қаржылық нәтиже туралы» есебі (Пайда мен зиян туралы есеп) .

Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымын жеке ашып көрсету, банк үшін ақшаның болашақтағы ағымына капиталын ұсынған заңды және жеке тұлғалардың қарсылықтарын болжауға мүмкіндік берсді. Қаржылық қызметтен түскен жалпы түсімдер мен шыққан ақшалардыц негізгі түрлері бөлек көрсетілуі керек. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдарына келесілер жатады:

- акция эмиссиясынан түскен ақшалай түсімдер;

- банк акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін иемденушілерге ақшалай төлемдср;

- қарыздық міңдеттемелерді шығарудан түскен акшалай түсімдер

Ақша қозғалысымен байланыссыз операциялар - банк резервтерінің қозғалысындағы құрылған провизиялар айналымындағы, есептелінген амортизациядағы сыйақы алумен және төлеумен байланысты және байланысты емес есептелген табыс және шығыстардағы, банктің бөлінбеген таза табысындағы өзгерістер.

Келесілердің құрамындағы өзгерістер ашылу қажет:

- банк резервтеріндегі;

- қолда бар қалдықтарды ескере отырып құрылған резервтер және провизияларды құрауға кеткен нақты шығындар;

- есептелінген амортизациялардың;

- сыйақы алумен байланысты есептелген табыстар мен шығыс-тардағы;

- сыйақы алумен байланыссыз есептелген табыс және шығыстар;

- сыйакы алумен байланысты емес, есептелген табыстар мен шығыстардағы;

- банктің бөлінбеген таза табысындағы;

- басқа да есептелген табыстар мен шығыстардағы.

5.Банктің «Ақша қаражаттарының қозғалысы» және «Капиталдағы өзгерістер туралы» есептеріне сипаттама

Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.

Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан банктін таза табысы - тапқан табысы - егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егерде олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе онда ақшаның азаюымен байланысты болады.

№4-нысаны Банктер, меншікті капиталдың қозғалысы туралы есептегі капиталдың әрбір бабы бойынша, алынған табыстарды алу мен қайта бөлу, банктің акцияларын шығару мен кайта сатып алу, қайта бағалау нәтижесінде болатын өзгерістердің және капиталдағы басқа да өзгерістердің мәні мен сомасын ашып керсетулері керек.

Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.

Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтер болып табылады.

Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.