- •1.Банктің құрылымдық бөлімшелеріне сипаттама. Банктегі есеп жүйесін ұйымдастыру.
- •2.Банк балансының құрылымына сипаттама.
- •3. Банктегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспары. Аналитикалық және синтетикалық есеп.
- •4. Қолма қолсыз есеп айырысулардың мәні және оны жүзеге асыру тәртіптері. Қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысу формалары.
- •5.Депозиттік операциялар туралы түсінік. Депозиттердің түрлері, олардың есебін жүргізетін шоттарға сипаттама
- •7.Коммерциялық банкте кассалық жұмысты ұйымдастыру тәртібі. Қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру тәртіптері.
- •2.Банктегі бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне сипаттама
- •4. Банктің «Қаржылық нәтиже туралы» есебі (Пайда мен зиян туралы есеп) .
- •5.Банктің «Ақша қаражаттарының қозғалысы» және «Капиталдағы өзгерістер туралы» есептеріне сипаттама
- •6.Банк кірістері мен шығыстарының бухгалтерлік есепте көрініс табуы. Қаржылық нәтижені анықтау
- •8. Несиелер және дебиторлық қарыздар бойынша шығындарды жабуға резервтерді құру тәртібі және олардың есебі.
- •10. Негізгі құралдардың экономикалық мәні. Банктегі негізгі құралдар есебі.
- •11.Материалды емес активтердің экономикалық мәні. Банктегі материалды емес активтермен операциялар есебі
- •12. Банктің қаржылық есептілігі және оның элементтеріне сипаттама.
- •14.Банктегі жарғылық капиталын қалыптастыру ерекшеліктері және оның есебін ұйымдастыру
- •15.Банктегі резервтік капиталын қалыптастыру ерекшеліктері және оның есебін ұйымдастыру
- •16.Қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың несиелік қабілеттілігін анықтау әдістемесі
8. Несиелер және дебиторлық қарыздар бойынша шығындарды жабуға резервтерді құру тәртібі және олардың есебі.
Банк өзінің несиелік портфеліне ай сайын жіктеу жүргізеді. Ол б-ша Ұлттық банкке есеп беріп отырады. Жіктеу кезінде несиенің сапасына клиенттердің несиелік тарихына және несиелік қабілетіне көңіл бөлінеді. Соған байланысты банктен берілген несиелер мынандай белгілері б-ша жіктеледі:1. Стандартты неиелер- провизия қалыптастырылмайды.
2. Күмәнді несиелер: 1- категория б-ша қаржылық жағдайы тұрақты бірақ белгілі бір дәрежеде банкті қанағаттандырмайтын көрсеткіштері бар-5% көлемінде, 2- категория –дебиторлық қарыздары мен қорларының үлесі көп-10 %, 3- категория- несие б-ша негізгі қарыз н-е сияқыны қайтару б-ша төлемдер 30-күнге дейін кешіктірілген-20% , 4- кат- 60-күнге дейін кешіктірілген-25%, 5-кат- 90 күнге дейін және келісімшарт мерзімі бірнеше рет ұзартылған-50%, 6- к-я 90 күннен жоғары 100% провизия есептеледі.Қалыптастырылған резерв банк шығындарына жатқызылады және олар банк табысы есебінен құрылады.Диверсификация –қалыптасқан резервті кл-ге бөліп беру.Несиелеудің негізгі қағидаларының бірі – төлемділік болып табылатындықтан, несиені пайдаланғандығы үшін алдын-ала берілген пайызды есептеу қажет. Бірақ мерзіміне байланысты кейбір несиелер кешіктіріліп немесе мүлде қайтарылмау тәуекелділігі міндетті түрде болады.Мерзімі өткен сәттен бастап банк міндетті тұлғаға пайыздан бөлек пения есептеуді бастайды және ол тұлғаның несиелік тарихына кері әсер етеді. Дебиторлық қарыздар да белгілі бір критерийлерге сәйкес қайтарылуына қарай кешіктірілуі немесе мүлде қайтарылмауы мүмкін/ борышқор тұлға банкрот болуы мүмкін, хабарсыз кетуі т.б. себептермен/.Қарыз алушы несие сомасын уақытында қайтармаған жағдайда ол сома кешіктірілген қарыздар сомасына жатқызылады:
Дт 1424 / банк несиелері б-ша клиенттердің мерзімі өткен қар-ы/
Кт 1411,1417
Клиент белгілі бір мерзім өткен соң қарыздарын өтемесе, онда резерв құрылады/ провизия/.
Дт 5456 / Клиен-ге берілген несиелер мен қарж лизинг б-ша жалпы резервтерге қаржы бөлу.
Кт 1465 / банктің несиелік опер-ы б-ша болған шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер/
Қайтарылмаған несие провизия есебінен жабылады.
Дт 1465
Кт 1424
Қарыздар ұйым банкрот болса, жойылса н/е басқа себептер туса, деб.қарыздарды өндіріп алу күмәнді деп танылады. Күмәнді болып мерзімінде төленбеген деб.қарыз, мерзімі көрсетілмеген болса, онда төлеу мерзімі өтіп кеткен және кепілдермен қамтамасыз етілмеген қарыз есептеледі.Үмітсіз деб.қарыздарды есептен шығарумен б-ты мүмкін болатын шығындарды өтеу мақсатында күмәнді талаптар б-ша резервтер құрылады. Бұл резервтер де жоғарыда көрсетілгендей тәртіпте болады.
9.Банк қызметкерлеріне еңбек ақы есептеу және төлеу есебі.Еңбекақы-бұл қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты ж/е лауазым нұсқауына б/ты төлем. Еңбекті ұйымдастыру және жалақыландырудың экономикалық құрал ретінде маңызы өте зор. Қалыптасқан нарықтық қатынастар жағдайында еңбекті ұйымдастырумен ақы төлеу мәселесіне қойылатын талаптар төмендетілген емес. Жұмыс күшіне деген бағаның нарықтық реттелуіне сүйене отырып, үкімет мемлекеттің реттеуші функцияларын азайтуда. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдарды еңбек ұйымдастыру мен жалақандыру саласында тәуелсіз.Еңбекақы дегеніміз - еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алынады. Сыйақыларды жазу үшін басқару аппараттарының басшы қызметтеріне статистикалық есептің деректері, жедел есептің деректері негіз болып табылады. Моральдік факторлар ескеріледі. Бұл тақырыптың өзіндік маңыздылығы кез келген кәсіпорын мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу, қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселесінің бірі. Белгілі уақыттағы ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу, еңбекақы есебін маңызды элементі болып табылады. Еңбектің күрделілігіне, мамандық дәрежесіне қарай еңбекақы төленеді. Маңызды элементінің бірі тиісті еңбекақымен қатар қосымша төлемдер жүргізіледі. Сол қосымша ақылар құрамына жас өспірімдерге еңбекақы төлеу. Әрине, белгіленген заңға сәйкес қысқартылған жұмыс күніне байланысты еңбекақы төленеді. Ең маңыздысы күндізгі ақыға қарағанда тарифтік мөлшері жоғары болады.
Жалақыны есептеу кезінде келесі бухгалтерлік жазу жазылады:
Жалақы есептелді
Дт 5720-5721 «Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар ойынша шығыстар»
Кт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Міндетті зейнетақы аударымдары есептелді және ұсталынды
Дт2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Кт 2851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа д: міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».
Бұл сома зейнетақы қорына аударылғанда:
Дт 2851
Кт 1051
Және сол уақытта әлеуметтік салықты есептеу жүргізіледі:
Дт 5729 «Өзге төлемдер»
Кт 2851«Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».
Жалақыны беру кезінде:
Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».
Жеке табыс салығын аудару кезінде:
Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
Әлеуметтік салық есептелгенде:Дт 5721Кт 5763
Бюджетке аударылғанда жағдайда:
Дт 5763
Кт 1051
