- •1.Банктің құрылымдық бөлімшелеріне сипаттама. Банктегі есеп жүйесін ұйымдастыру.
- •2.Банк балансының құрылымына сипаттама.
- •3. Банктегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспары. Аналитикалық және синтетикалық есеп.
- •4. Қолма қолсыз есеп айырысулардың мәні және оны жүзеге асыру тәртіптері. Қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысу формалары.
- •5.Депозиттік операциялар туралы түсінік. Депозиттердің түрлері, олардың есебін жүргізетін шоттарға сипаттама
- •7.Коммерциялық банкте кассалық жұмысты ұйымдастыру тәртібі. Қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру тәртіптері.
- •2.Банктегі бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне сипаттама
- •4. Банктің «Қаржылық нәтиже туралы» есебі (Пайда мен зиян туралы есеп) .
- •5.Банктің «Ақша қаражаттарының қозғалысы» және «Капиталдағы өзгерістер туралы» есептеріне сипаттама
- •6.Банк кірістері мен шығыстарының бухгалтерлік есепте көрініс табуы. Қаржылық нәтижені анықтау
- •8. Несиелер және дебиторлық қарыздар бойынша шығындарды жабуға резервтерді құру тәртібі және олардың есебі.
- •10. Негізгі құралдардың экономикалық мәні. Банктегі негізгі құралдар есебі.
- •11.Материалды емес активтердің экономикалық мәні. Банктегі материалды емес активтермен операциялар есебі
- •12. Банктің қаржылық есептілігі және оның элементтеріне сипаттама.
- •14.Банктегі жарғылық капиталын қалыптастыру ерекшеліктері және оның есебін ұйымдастыру
- •15.Банктегі резервтік капиталын қалыптастыру ерекшеліктері және оның есебін ұйымдастыру
- •16.Қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың несиелік қабілеттілігін анықтау әдістемесі
2.Банктегі бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне сипаттама
3.Банк балансы және оның қаржылық есептіліктегі алатын орны. Бух баланс – банк қаражаттары құрамы ж/е олардың қалыптасу көздері туралы ақпараттарды белгілі бір күнде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын б/к есеп әдістемесі. Бухгалтерлік баланс есепті кезеңдегі ұйымның қаржылық жағдайы туралы мәліметтердің маңызды көзі б.т.
Банктің бух/к балансының құрылымы.
А |
П |
І. Активтер 1) қолма-қол АҚ-ры 1.1. Шетел валюта 1.2. Ұлттық валюта 2) ҰБ-гі депозиттері (ҰБ-гі корр-к шоты) 3) Басқа банк-р-гі депозиттер 4) Бағалы қағаздар 5) Бағалы құнды металдар (құйма түріндегі) 6)Несиелер мен лизингтер 7) Басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған инв-р 8) Қайтару мерзімі кейінге шегілдірілген клиенттің міндеттері 9) НҚ 10) МЕА 11) Өзге де активтер |
ІІ. Міндеттемелер 1)Депозиттер -талап ету уақытына дейінгі деп-р -мерзімді деп-р -жинақ салымдары -депозиттік сертификаттар 2) ҚР-сы ҰБ алдындағы қарыздары 3) Банктің айналысқа шығарған бағалы қағаздары 4) Басқа банктер мен ұйымдар алдындағы қарыздар 5) Хал-қ қарж-қ ұйымдар алдындағы қарыздар 6) Уақытында қайтарылмаған банктің міндеттемелері 7) Басқа да қарыздар 8) Өзге де міндеттемелер ІІІ. Меншікті капитал 9) ЖК 10) Қосымша капитал 11) Резервтік капитал 12) НҚ-рды қайта бағалау қоры 13) Қайта бағалау б/ша резервтер 14) Өндірістік ж/е әлеу-к даму қорлары (өткен жылдағы бөлінбеген таза табыс) 15) Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян) |
Нақты тәжірибеде банк балансы тігінен жасалады, яғни пассивтері активтерден кейін орналасады. Баланс-ң актив пен пассив б/ша қорытындылары баланс валютасы д/а. Баланстың активіндегі ж/е пассивіндегі әрбір жеке қаражат-р баланс баптары д/а. Барлық жағдайда баланс-ң актив ж/е пассив қорытындылары тең болуы қажет.
Банк балансында активтер олардың өтімділігіне, ал міндеттемелері олардың талап ету деңгейлеріне байланысты орналасады. Қаржылық жағдай туралы есеп беру (баланс) Ол бухгалтерлер жасайтын орталық есеп берудің бірі болып табылады. Бір жағынан активтерді, ал екінші жағынан пассивтерді бейнелейтін, белгілі бір уақыт мерзіміндегі банк жағдайын көрсететін оны субъектінің фотосуреті деп қарауға болады. Банктің бухгалтерлік балансы - қаржылық есеп берудің басты нысаны (формасы). Баланстық есеп беру (бухгалтерлік баланс) банкті меншікті капиталдар мен міңдеттемелер көзіне тең активтер ресурстарын ұстаушы ретінде керсетеді (1-қосымша). Сөйтіп, бухгалтерлік баланс банктің қаржылық жағдайын көрсетеді. Ол банктің қаржылық жағдайын айқындайды және оған барлық капиталды қарсы қояды. Оны келесі теңдеу арқылы көрсетуге болады:
Экономикалық ресурстар = Пайда болу көздері (1)
Экономикалық ресурстар бұл - активтер, ал пайда болу көздері меншікті және қарызға алынған болып бөлінеді және баланста жеке капитал мен міндеттеме ретінде бейнеленеді, сондықтан келесі теңдеу шығады:
Активтер = Меншікті капитал + Міндеттеме (2)
Банктің баланстық есеп беруінде активтер бабы өтімділік принципі бойынша көрсетілген, өтімді құралдар ең бірінші болып келеді. Міндеттеме бабы банк балансында мерзімдік принципі бойынша көрсетілген, ал мерзімсіз жеке капитал келесі пассивтің аяғында орналасады. Банктің баланстық есеп берулері немесе мерзімі ұзартылған балансы әдетте белгілі бір анықталған мерзімге жасалынады, бірақ бухгалтерлік жедел басқару мақсатында жұмыс балансы деп аталатын тұрақты балансы болуы керек. Оның баланстық есеп беруден айырмашылыгы мынада: жұмыс балансында табыс және шығыс шотын қоса бухгалтер әрбір баланстық шотты жеке көре алады, ал баланстық есеп беруде табыс және шығыс шоты көрсетілмейді, олар бөлінбеген табыс шотында ғана беріледі. Сонымен қатар баланстық есеп беруде жекелеген шоттарды баптар бойынша топтастыру жүргізіледі және баптар әдетте өтімділіктің азаюы ретімен орналасқан. Банктің баланстық есеп беруін, кәсіпорынның баланстық есеп беруінен негізгі айырмашылық сипаты - оған көптеген қаржы активтердің келіп түсуі, негізінен несиелер, материалдық қорлардың болмауы, несиелік қарыздар санының көп-тігі және құрылыс, құрал-жабдықтар сияқты негізгі құралдардың санының аздығы. Бұл айырмашылық бухгалтерлік есеп принципінің айтарлықтай нақты бірін - сақтық принципін пайдалану қажеттігін тудырады.
