- •1.Банктің құрылымдық бөлімшелеріне сипаттама. Банктегі есеп жүйесін ұйымдастыру.
- •2.Банк балансының құрылымына сипаттама.
- •3. Банктегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспары. Аналитикалық және синтетикалық есеп.
- •4. Қолма қолсыз есеп айырысулардың мәні және оны жүзеге асыру тәртіптері. Қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысу формалары.
- •5.Депозиттік операциялар туралы түсінік. Депозиттердің түрлері, олардың есебін жүргізетін шоттарға сипаттама
- •7.Коммерциялық банкте кассалық жұмысты ұйымдастыру тәртібі. Қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру тәртіптері.
- •2.Банктегі бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне сипаттама
- •4. Банктің «Қаржылық нәтиже туралы» есебі (Пайда мен зиян туралы есеп) .
- •5.Банктің «Ақша қаражаттарының қозғалысы» және «Капиталдағы өзгерістер туралы» есептеріне сипаттама
- •6.Банк кірістері мен шығыстарының бухгалтерлік есепте көрініс табуы. Қаржылық нәтижені анықтау
- •8. Несиелер және дебиторлық қарыздар бойынша шығындарды жабуға резервтерді құру тәртібі және олардың есебі.
- •10. Негізгі құралдардың экономикалық мәні. Банктегі негізгі құралдар есебі.
- •11.Материалды емес активтердің экономикалық мәні. Банктегі материалды емес активтермен операциялар есебі
- •12. Банктің қаржылық есептілігі және оның элементтеріне сипаттама.
- •14.Банктегі жарғылық капиталын қалыптастыру ерекшеліктері және оның есебін ұйымдастыру
- •15.Банктегі резервтік капиталын қалыптастыру ерекшеліктері және оның есебін ұйымдастыру
- •16.Қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың несиелік қабілеттілігін анықтау әдістемесі
10. Негізгі құралдардың экономикалық мәні. Банктегі негізгі құралдар есебі.
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады. Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін. Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.Өндірістік бяғыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады. Келесі топтарға бөлінеді: а) ғимарат және құрылыс;ә) компьютерлер;б) көлік құралдары;в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;г) басқа да негізгі құралдар. Банктердегі Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады: • бастапқы;• ағымдағы;• баланстық;• өтімділік.
Негізгі кұралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-офисінде негізгі қүралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі. Франт-офистен негізгі күралдарды , кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі қүралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде керсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады.егізгі құралдардың әрбір заттарының құнын типтік Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу: • сатып алынатын негізге құралдар үшін (50% аспайтын) алдын ала төлеу кезінде: Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • соңғы есеп айырысу сомасына: Дт 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • негізгі құралдарды кірістеу: Дт 1652 «Жер, үйлер және ғимараттар» 1653 «Компьютер жабдықтары» 1656 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; • құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша: Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал- жабдықтар» ;:. Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; • жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер: Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы боиынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала төлеу сомасына: Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»; • негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомала- рына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде: Дт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт 1856 «Күрделі каржы салымы бойынша дебиторлар»; • Салык заңдылықтарына сәйкес салық салу айналымының үлес салмағы бойынша есептелген ҚҚС бойынша жүргізілетін есептеу сомасына: Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт 1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».
