- •1.1 Ваюталық операциалар түсінігі және оларды жүргізу тәртәбі
- •1.2 Валюталық операциаларды есепке алу негіздері
- •1.3.Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша қаражатының есебі
- •1.4.Бағамдық айырмашылық есебі
- •6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»
- •7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар».
- •1.5. Ақша эквиваленттерінің есебі
- •2.1.Дебиторлық берешектердің түсінігі, оның түрлері және мінездемесі
- •2.2 Алынуғаа шоттардың есебі және оны тану
- •2.3.Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі
- •Және бағадан жасалған жеңілдіктер есебі
- •2.4. Алынуға тиісті вексельдер есебі
- •2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері
- •30.12.2009 Жылға төлем мерзімдері бойынша алуға арналған шоттарды талдау
- •2.5. Күмәнді талаптар есебі
2.5. Күмәнді талаптар есебі
Қазіргі уақытта ұйымдардың көпшілігі резерв әдісін пайдаланады, бұл әдіс бойынша шығыстардың қандай да бір бөлігі күні бұрын үмітсіз қарыздарға бөлінеді. Күмәнді қарыздардың жалпы сомасы бағаланады және бұл сома бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыздан (берешектен) шегерімдер ретінде және кірістер мен шығыстар туралы Есепте шығыстар ретінде көрсетіледі. Мысалы, егер ұйым 19 000 теңге сомасында күмәнді дебиторлық қарыз (берешек) күтіп отырған болса, резерв жасай отырып, күмәнді қарыз бойынша шығысты көрсететін, келесі бухгалтерлік хаттама жазылады.
7440 «Резерв жасау және үмітсіз талаптарды есептен шығару» шотының Дебеті – 19 000 теңге 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотының Кредиті – 19 000 теңге.
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер алуға арналған шоттарға қарсы қарсышот болып саналады және оның алдындағы бухгалтерлік хаттамалар беру уақытында күмәнді дебиторлық қарыздардың (берешектің) көздерін анықтау қиын болғандықтан да пайдаланылады. Таза дебиторлық қарыз (берешек) (күмәнді қарыздар бойынша резервті шегергендегі) алуға арналған шоттардың болжанып отырған таза өзіндік құны болып саналады.
Бұл ретте мынадай екі фактіні назарға алу қажет:
1) нақты дебиторлық қарызды (берешекті) есептен шығару;
2) бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыздың (берешектің) түсуі.
Бухгалтерлік хаттама (проводка) күмәнді қарыздарға түзетулер енгізу бойынша алдағы күмәнді дебиторлық қарыздар (берешектер) үшін күмәнді қарыздар бойынша резерв жасайды. Бұл кезде алуға арналған кейбір шоттар үмітсіз қарыздар ретінде анықталады, резервтің бұл бөлігінің ендігі уақытта керегі жоқ.
Белгілі бір үмітсіз дебиторлық қарызды (берешекті) есептен шығару бойынша бухгалтерлік хаттама мынадай;
1290 «Күмәнді талаптар бойынша резервтер» шотының дебеті 11 000 теңге 1210,2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегі»шоттарының кредиті .Аталған бухгалтерлік хаттама кіріске де, өтелмеген дебиторлық қарыздың (берешектің) таза сомасына да әсерін тигізбейді. Есептен шығару бойынша бухгалтерлік хаттама, ұйым дебиторлық қарызды (берешекті) үмітсіз деп танығаннан кейін ғана барып жүргізіледі (мысалы, заңға сәйкес талап қою мерзімі өткеннен кейін).
Бұл сомалар (немесе оның бір бөлігі) үмітсіз дебиторлық қарыз (берешек) ретінде есептен шығарылғаннан кейін, уақыт өте келе осы сома шотқа келіп түсуі мүмкін. Дебитордың қаржылық жағдайының жақсаруы нәтижесінде осындай жағдай болуы мүмкін. Бухгалтерлік жазбалар бұл ретте «сторномен» өшіріледі немесе қарызды (берешекті) қалпына келтіру бойынша кері бухгалтерлік хаттама (проводка) беріліп, содан кейін алынған ақшамен жабылады. Мысалы, «АА» компаниясы бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз (берешек) бойынша 1600 теңгені жабуға жағдайы бар. Есептен шығарылған дебиторлық қарызды (берешекті) қалпына келтіру және өтеу бойынша бухгалтерлік проводкалар:
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» кредиті 1600 теңге («АА» компаниясының субшоты),
1290 «Күмәнді талаптар бойынша резервтер» шотының кредиті 1600 теңге,
содан кейін:
1030 шотының дебеті 1600 теңге
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебеті 1600 теңге
