Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚЕ-1-2 лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

2.2 Алынуғаа шоттардың есебі және оны тану

Алуға арналған шоттар мен векселдер өтімді активтердің өзге бір маңызды бөлігі болып саналады. Олар шоттар негізінде, аудару арқылы есеп айырысу бойынша, кейін төлеу жағдайында, сатып алушыларға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату, өткізу және босату нәтижесінде туындайды. Басқалай айтқанда, кейін төлеу жағдайы жабдықтаушының (жеткізушінің) сатып алушыға несие беруін білдіреді. Тауар (қызмет, жұмыстар) сататын ұйымдардың төлем қабілетті сатып алушылармен ғана қарым-қатынаста болғысы келетіні заңды болып саналады.

Алуға арналған шоттар есебінде қою және көрсету, ең алдымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату мен және №18 «Түсім» Халықаралық қаржылық есеп стандартында реттелген (бірқатар өзгешеліктермен қатар «Кіріс» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартымен бірқатар ортақ ережелері бар) түсімдердің пайда болуымен, танылуымен және есебімен байланысты аспектілерді өткізуден түскен түсімдердің құрамымен байланысты болады.

Түсім – бұл капиталдың ұлғаюына әкелетін, компанияның экономикалық алатын пайдаларының жалпы түсімі. Түсім, компания беретін кез келген сауда немесе көтерме сауда жеңілдіктерінің сомаларын ескере отырып алынған немесе өтеледі деп күтілген әділ құны бойынша бағалануы тиіс.

Түсімді тану, алуға арналған шоттар есебінде ресімдеу және көрсету өлшемдері болып мына оқиғалар саналады:

- сатушыдан маңызды тәуекелдер мен басымдықтардың сатып алушыға өтуі;

- меншік құқығының өтуі;

- баланс күніне мәмілелердің аяқталғандық дәрежесі, кейбір уақытта ол №11 «Мердігерлік шарттары» Халықаралық қаржылық есеп стандарты, «дайындық әдісі»;

- егер мәміле нәтижесін бағалау қиынға түссе, онда түсім танылған және өтелген шығындар мөлшерінде танылады.

Дебиторлық қарыздың (берешектің) туындауы түсімдерді танумен және алуға арналған шоттарды қоюмен байланысты. Бұл ретте мерзімінде өтелмеген дебиторлық қарыз (берешек) күмәнді қарыз болып танылады. Олардың есебі төменде беріліп отыр.

№18 Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес, тауарларды сатуға қайта сату үшін жасалған (шығарылған) немесе сатып алынған тауарлар кіреді. Сатуға арналған негізгі құралдар мен өзге мүліктер осы ұғымды береді.

Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес, шартта келісілген көлемде немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тапсырманы компанияның орындауы қызметтер көрсету болып түсіндіріледі.

Алуға арналған шоттар пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивидендтер алу үшін компанияның активтерін пайдалану кезінде туындайды. Мұндай жағдайларда есепте тану және көрсету өлшемдері болып мыналар саналады:

- экономикалық пайдалану ықтималдығының болуы;

- алуға арналған түсімдер сомасын сенімді бағалау мүмкіндігі.

Бұл ретте алуға арналған шоттар:

- пайыздар бойынша пропорционал уақытша негізде танылатынын (айлар, жылдар бойынша және т.б.);

- лицензиялық төлемдер шартқа сәйкес есептеу әдісі бойынша танылатынын;

- оны алуға акционерлердің құқығы белгіленген кезде дивидендтер танылатынын есте ұстау қажет.

Дебиторлық қарыздың (берешектің) пайда болуы түсімдерді танумен және алуға арналған шоттармен байланысты болады. Бұл ретте шарт бойынша мерзімінде өтелмеген дебиторлық қарыз (берешек) күмәнді болып танылады.

Осылайша, алуға арналған шоттар – тауарлар, жұмыстар, қызметтер сату кезінде түсімдердің құралуынан туындайтын қысқа мерзімді өтімді активтер. Кейде арнаулы әдебиеттерде оларды кәсіпкерлік мақсатта несиеге сату деп атайды. Мұндай несие жиі түрде коммерциялық несие деп аталады.

Бухгалтерлік есепте 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шот бойынша мынадай жазбалар жасалады:

№

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

Шот-фактуралар бойынша тиеліп жөнелтілген немесе сатылған туарлар, ТМҚ, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

  • Шарттағы қызметтер

  • ҚҚС сомасына

1210

1210

6010

3130

2

Сатып алушы қарызды (берешекті) аудару арқылы төледі:

  • Есеп шотқа

  • Кассаға

  • Вексель берді

  • Алынған аванстармен төледі

1030

1010

1211

3510,4410

1210

1210

1210

1210

3

Төлем мерзімінің өтуі бойынша қарыздар (берешектерді) үмітсіз деп танылған жағдайларда

7110,7330,

7470

1210,

2110

4

Күмәнді талаптар бойынша резерв есебінен қарыздарды (берешектерді) есептен шығару

1290

1210,

2110

Кейбір уақыттарда алдағы сатып алуларға болжам жасау кезіндегі қателіктерден клиенттер шоттар бойынша белгілі бір сомаларды артық төлейді. Егер дебиторлық қарыздарды (берешектерді) тіркеу журналындағы сатып алушылардың аналитикалық шоттары кредиттік сальдоға ие болса, онда бұл баланыстағы 1210, 2110 синтетикалық шоттарының сальдосына әсер етпеуі тиіс. Кредиттік сальдоға ие сатып алушылар шоттарының сомасы қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде танылуы тиіс, өйткені компания, олар арқылы төлеген сомалар бойынша сатып алушылар алдында жауап береді.

Көптеген бөлшек сауда фирмаларының дебиторлық қарызының (берешегінің) маңызды бөлігін төлемдерді бөліп төлеу арқылы, тауарларды несиеге сату бойынша шоттар құрайды. Әмбебап дүкендер, тұрмыстық техника дүкендері мен бөлшек сауда дүкендерінің желілері өз клиенттеріне тауарлар сатып, есеп айырысуларды белгілі бір уақыт аралығында бірнеше төлемдер жасау жолымен жүргізеді. Кейбір компаниялардың миллион долларды бөліп алуға арналған шоттары бар. Бірақ та ол бойынша төлемдер 24 айдың ішінде және одан да көп мерзім ішінде түсуі мүмкін. Егер саудаға несие берудің осындай әдісі аталған салада дәстүрлі түрде қолданылса, бөліп төлеуге берілген дебиторлық қарыз (берешек) өтімді активтерге жатқызылады. Бөліп төлеуге тауарлар сату бухгалтерлік есептің арнайы ережелері бойынша жүзеге асырылады. Онымен «Саудадағы бухгалтерлік курсы» таныстырады.

Шаруашылық жүргізу тәрбиесінде, сатып алу бағасы мен қарызды (берешекті) өтеу сомасы арасындағы айырмашылық есебінен алдағы уақытта кіріс алу мақсатында дебиторлық қарыздарды (берешекті) сатып алу жағдайлары кездеседі. Тиісінше сатып алған актив қаржы құралдарына жатқызылады және №1130 «Өтегенге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар» шотында есепке алынады.