- •1.1 Ваюталық операциалар түсінігі және оларды жүргізу тәртәбі
- •1.2 Валюталық операциаларды есепке алу негіздері
- •1.3.Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша қаражатының есебі
- •1.4.Бағамдық айырмашылық есебі
- •6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»
- •7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар».
- •1.5. Ақша эквиваленттерінің есебі
- •2.1.Дебиторлық берешектердің түсінігі, оның түрлері және мінездемесі
- •2.2 Алынуғаа шоттардың есебі және оны тану
- •2.3.Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі
- •Және бағадан жасалған жеңілдіктер есебі
- •2.4. Алынуға тиісті вексельдер есебі
- •2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері
- •30.12.2009 Жылға төлем мерзімдері бойынша алуға арналған шоттарды талдау
- •2.5. Күмәнді талаптар есебі
2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері
Егер тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қол ақшаға тікелей өткізілмесе, онда сатып алушылар бойынша талаптардың бір бөлігі өндірілмей қалуы мүмкін. Бұл, ұйымның өнімдерді несиеге қаншалықты абайлап сатқанына, сондай-ақ қарыздарды алудың пайдаланатын тетігінің қаншалықты тиімді екеніне қатыссыз түрде болатын жағдай болып саналады.
Атап айтқанда қарыздардың (берешектің) қай уақыттан үмітсіз қарызға айналатынын анықтауға мүмкіндік беретін, қандай да болсын бір тәсіл жоқ. Борышқордың шартқа сәйкес төлем жасай алмайтындығы немесе белгіленген мерзімде векселден бас тартылды деп хабарлау фактісі, әлі де, аталған қарыз (берешек) алынбайтын болды дегенді білдірмейді. Борышқордың банкроттығы неғұрлым дәл көрсеткіштің бірі болып қызмет етеді. Өзге көрсеткіштердің ішінен борышқор – ұйымды тарту, қарызды өндіру үшін қайыра ұмтылыс жасап көрудің сәтсіз болуы, сондай-ақ талап қою мерзімі өткеннен кейін өндіріп алуға тыйым салынушылықты атауға болады.
Егер күмәнді дебиторлық қарыз (берешек) ықтимал және бағалау мүмкін болатын болса, оны бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету қажет болады.
Сәйкестік принципі, күмәнді дебиторлық қарыздан (берешектен) шеккен залалдардың оны өткізген есепті кезеңде танылған болуын талап етеді. Болжанып отырған күмәнді дебиторлық қарыз (берешек) шығыс ретінде күмәнді қарыздарға – операциялық қызмет бойынша шығыстарда көрсетіледі.
Дебиторлық қарыз (берешек) есебінің екі тәсілі бар: тікелей есептен шығару есебі және резерв есебі.
Тікелей есептен шығару әдісі – бұл шығыстар нақты шоттарды танығаннан кейін барып қана тікелей төлеуге үмітсіз ретінде есепке алынатын әдіс. Аталған әдіс, бухгалтерлік есеп көзқарасы тұрғысынан аса жақсы әдіс болып саналмайды, өйткені үмітсіз қарыздар (берешек) бойынша шығыстар, тауарларлың немесе көрсетілетін қызметтердің тиісті партиясы (тобы) сатылған кезеңге емес, ол анықталған есепті кезең залалдарына жатқызылады.
Қаржылық есептілікті жасау кезінде қандай шоттар төленбейтінін алдын-ала топшылау мүмкін емес екендігімен байланысты, күтілетін залалдарды жабатын соманы бір жыл бұрын айқындау қажет болады. Әрине, олар маңызды түрде бір-бірінен өзгешеленуі мүмкін. Бухгалтердің ағымдағы экономикалық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, өткен жылдар тәжірибесін негізге ала отырып, есеп жасауы қажет болады. Мысалы, дағдарыстар кезінде күмәнді талаптар бойынша залалдар экономикалық кезеңге қарағанда көп болады. Бірақ та күмәнді қарыздардың сомаларына қатысты түпкі шешімді басшылық қабылдайды. Мұндай шешім бухгалтер жүргізетін, аналитикалық жұмыстар нәтижесінде алынған обьективті ақпараттарға, сондай-ақ, соның көмегімен салымшылар, банкирлер, кредиторлар және т.б. ұйымның шаруашылық қызметін бағалайтын белгілі бір жанама факторлардың деректеріне негізделеді. Ескерілетін факторлардан тыс күмәнді қарыздар бойынша болжанатын залалдар нақты болуы тиіс.
Күмәнді талаптарды бағалаудың мынадай екі әдісі қолданылады:
1) орындалған жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден, өткізілген көлемнен пайыз әдісі;
2) төлем мерзімдері бойынша шоттар есебінің әдісі.
Орындалған жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден, өткізу көлемінен пайыз әдісі сәйкестік принципіне тірек жасайды. Күмәнді дебиторлық қарыздар (берешектер) нәтижесінде туындайтын шығыстарды дәл өлшеу аталған әдістің мақсаты болып саналады. Өткен жылдар тәжірибесіне (кем дегенде оның алдындағы үш жыл алынады) сүйене отырып, күмәнді қарыздардан шеккен нақты залалдар мен орындалған жұмыстарға (көрсетілген қызметтердің), өткізілген көлемнің арасындағы қатынастың орташа пайызы есептеліп шығарылады. Бұл пайыз күмәнді қарыздың мөлшерін анықтау үшін өткізу көлеміне, орындалған жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) қолданылады.
2009 жылдың 30 желтоқсанындағы жағдай бойынша «АБС» компаниясының шоттарын қарастырып көреміз.
6010 «Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған кіріс |
645 000 |
6020 «Сатылған өнімдерді қайтару» |
40 000 |
6030 «Сатудан жасалған жеңілдіктер» |
5000 |
1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» |
3600 |
Мысалы, соңғы үш жылдағы күмәнді қарыздар бойынша ысыраптар мынадай теңгені құрады:
№ 9-кесте
Жыл |
Өткізілді |
Күмәнді қарыздар бойынша ысырап |
Пайыз |
2007 |
520 000 |
10 200 |
1,05 |
2008 |
595 000 |
13 900 |
2,3 |
2009 |
585 000 |
9900 |
1,6 |
Барлығы |
1 700 000 |
34 000 |
2,0 |
«АБС» компаниясының басшылығы, өткізу кезіндегі күмәнді қарыздардың үлесі орташа 2% деңгейінде болады. Осылайша, 2009жылдағы күмәнді қарыз (берешек) сомасы есептеліп шығарылады:
0,02* (645 000 – 5000 – 40 000) = 0,02* 600 000 = 12 000
Есептеулер нәтижелері 2009 жылғы 30 желтоқсанда келесі бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:
Д-т 7440- 12 000 теңге
К-т 1290- 12 000 теңге
Осылайша, 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотының сальдосы 15 600 теңгеге тең болады. Бұл сома – 2007 жылы тауарлар өткізуден төленбеген шоттар бойынша болжанатын қарыздар – 12 000 сомадан және өткен жылдардың төленбеген шоттар сомасы – 3600 теңгеден қалыптасады.
Өткізілген көлемнен, орындалған жұмыстардан (көрсетілген қызметтерден) пайыз әдісі кірістер мен шығыстар туралы Есепке тірек жасайды. Осы әдіс бойынша дебиторлық қарыздың (берешектің) таза өзіндік құнын әрқашанда өлшеуге болмайды, бірақ та әдіс қарапайым және жүзеге асырылуы үнемді болып саналады.
Төлем мерзімдері бойынша шоттар есебінің әдісі. Бұл әдіс таза дебиторлық қарыздың (берешектің) бухгалтерлік қалдығына негізделген және болжанып отырған күмәнді дебиторлық қарыздың (берешектің) пайызын анықтау үшін өткен жылдардың мәліметтері пайдаланылады. Таза дебиторлық қарызды (берешекті) алу үшін күтіп отырған ақша сомасын бағалау әдістің негізі болып табылады. Бірінші әдіске қарамақайшылық, төлем мерзімдері бойынша шоттар есебінің әдісі, есепті күнге дебиторлық қарыздың (берешектің) таза өзіндік құнын есептеу үшін қажет күмәнді қарыздар бойынша резервтің түпкі сальдосын есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Күмәнді қарыздар бойынша резервтің ағымдағы қалдығы тиісті талап етілетін қалдыққа дейін түзету енгізуші бухгалтерлік хаттамамен (проводкамен) жаңаланып отырады. Күмәнді қарыз осы түзету енгізілген сомаға дебеттеледі. Күмәнді қарыздар бойынша талап етілетін резерв қалдығын есептеу үшін:
-Жалпы дебиторлық қарызға (берешекке) негізделген, бірыңғай аралас ставка;
-Алуға арналған шоттарға бөлек әрбірінің мерзіміне негізделген бірнеше ставкалар қолданылады.
«АБС» компаниясының деректерін қарастырып көреміз (теңгемен)
