- •1.1 Ваюталық операциалар түсінігі және оларды жүргізу тәртәбі
- •1.2 Валюталық операциаларды есепке алу негіздері
- •1.3.Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша қаражатының есебі
- •1.4.Бағамдық айырмашылық есебі
- •6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»
- •7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар».
- •1.5. Ақша эквиваленттерінің есебі
- •2.1.Дебиторлық берешектердің түсінігі, оның түрлері және мінездемесі
- •2.2 Алынуғаа шоттардың есебі және оны тану
- •2.3.Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі
- •Және бағадан жасалған жеңілдіктер есебі
- •2.4. Алынуға тиісті вексельдер есебі
- •2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері
- •30.12.2009 Жылға төлем мерзімдері бойынша алуға арналған шоттарды талдау
- •2.5. Күмәнді талаптар есебі
2.4. Алынуға тиісті вексельдер есебі
Вексель (promissory note) – бұл талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде белгілі бір ақша сомасын сөзсіз төлеу міндеттемесі.Векселге қол қоятын және сол арқылы төлеуге міндеттенетін тұлға, вексел беруші болып аталады. Вексель бойынша төлем алатын тұлға ремитент болып аталады. Егер төлеу мерзімі бір жылдан аз мерзімді құраса, ремитент оны баланста, қысқа мерзімді активтер түрінде алған вексель ретінде көрсетуі тиіс, ал вексель беруші, өз кезегінде, оны, қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімінде берілген вексель ретінде көрсетеді.
Мысалы, номиналы 1 млн. теңге 5 айдан кейін өтелетін, жылдық 8% ставка бойынша жоғарыда берілген вексель мынадай түрде есептеліп шығарылады:
1 млн.* 8/100* 5/12 = 35360 теңге – саудалық пайыз.
Өтейтін сома. Вексель бойынша пайыз төленетін жалпы сома өтеу сомасы болып аталады. Ол вексельдің номинал құнынан және ссудалық пайыздан қалыптасады. Біздің мысалымызда:
1 млн. теңге + 36360 теңге = 1 036 360 теңге
Пайызсыз вексель
Вексель есебі және есептік ставка.
Вексельді есепке алу – яғни, аванспен ссудалық пайыз алу. Есептік ставка шегерілетін ссудалық пайыз сомасын білдіреді (біздің мысалымыз бойынша 36 360 теңге).
Есепке алынған вексель бойынша төлемдер.
Егер тұлға вексельге қарызға ақша алатын болса, онда ол номинал құнына тең немесе вексель номиналы бойынша соманы алады. Егер алынған вексельдің есебі жүргізілетін болса, онда заемшы алатын сома, есепке алынған вексель бойынша төлем болып аталады және келесі түрде есептеліп шығарылады:
Төлем = өтеу сомасы = ссудалық пайыз = 1 млн. – 36 360 = 963 640 теңге.
Бухгалтерлік есепте вексельдермен жасалатын операциялар үшін 1280,2180 шоттарына аналитикалық шоттар ашуға болады: мысалы: 1281 «Қысқа мерзімді вексельдер» және 2181 «Ұзақ мерзімді вексельдер».
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1. |
Вексель алу (номинал құны) |
1211,2111 |
1210,2110 |
2. |
Вексельді өтеу: • номиналға • ссудалық пайызға |
1010,1030 1010,1030 |
1211,2111 6110 |
3. |
Белгіленген мерзімде вексельді төлеуден бас тарту • номинал
• ссудалық пайызға |
1210,2110, Субшот Төлеуден бас тарту 1210,2110/ субшот төлеуден бас тарту |
1211,2111
6110 |
|
• оларды қарау кезінде |
7340,7110, 1290 |
1210,2110 төлеуден бас тарту субшоты |
4. |
Векселдер есебі (банкке немесе өзге қаржы ұйымдарына векселдер сату) а) номинал = 200 мың теңге б) ссудалық пайыз = 12% мерзімі 90 күнге в) банктің есептік ставкасы 15% мерзімі 60 күнге = 2575 теңге |
1030
7310 |
1211,2111
1030 |
