Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚЕ-1-2 лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

1.3.Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша қаражатының есебі

ҚР-дағы резидент және резидент емес ұйымдар шетел валютасымен операцияларды жүргізетін болса банкіде шетел валюталық ақша қаражатының есебіне арнайы ағымдағы шот ашады. Резидент және резидент емес ұйымдар үшін ҚР-да банкіде шетел валюталық шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі «Екінші деңгейдегі банктерде клиенттерге шоттар ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» ҚР ҰБ қаулысымен айқындалған. Ағымдағы шетел валюталық ақша қаражатының есебіне шот ашу үшін банкіге талабына сәйкес керекті құжаттар тапсырылады. Банкіде шот ашу туралы шешім қабылданғаннан кейін клиенпен шетел валюталық шот бойынша келісім шарт құрылады.

Шетелдік валютадағы операциаларды жургізу үшін ұйымдар талаптарға сай толтырылған құжаттарды банкіге тапсыру керек; олар:

  • қол ақша түрінде шетел валютасының банкіге түсуі кіріс валюталық ордермен рәсімделеді. Банкінің мөрімен және кассирдің, орындаушы мен бақылаушы тексерушінің қолымен расталған банктің кіріс ордерінің көшірмесі шығыс валюталық кассалық ордерін ұйымда жазу үшін негіз болады;

  • қол ақша түрінде шетел валютасын банкіде беру шығыс валюталық ордермен рәсімделеді. Оның көшірмесі кіріс валюталық кассалық ордерін ұйымда жазу үшін негіз болады;

  • шет елдегі алушыға валюта аудару үшін «Аудару өтінішін» банкіге жазып беру жолымен рәсімделеді;

  • банкіден қол ақшалай шетел валютасын сатып алу үшін «Шетел валютасын сатып алуға өтініш» толтырылады.

Шетелдік валютадамен жургізілген операциаларды көрсету үшін банк ұйымдарға тағайындалған мерзімде олардың шотынан көшірме тапсырып отырады, әр операцияны дәлелдейтін құжаттарымен бірге. Егер ұйым бірнеше шетел валютасын қолданатын болса әр валютаның қалдығы мен қозғалысы туралы банк жеке көшірме (бірнеше) тапсырып отырады. Бастапқы құжаттарда және көшірмеде шетел валютадағы ақша екі валютада көрсетіледі - шетелдік және функционалдық (ұлттық, операция жіргізілген күндегі бағаммен. Банкіден түскен көшірме(көшірмелер) ұйымның бухгалтериясында күрделі тексеруден өткізіледі де, оған өңдеу жүргізіледі.

Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша қаражатының есебіне 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары» шотына ұйымның жұмыс есеп шоттар жоспарында 1032 «Ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары» атаулы арнайы шотын қарастыру қажет. Онда 1031 шот «Ағымдағы банктік шоттардағы тенгемен ақша қаражаттары» деп аталады, есеп функционалдық (ұлттық) валютада жүргізіледі. Ол үшін шетел валюта сомасы функционалдық (ұлттық) валютаға

аударылады сол күнгі бағаммен. Сонымен сыртқы экономикалық қатынастар бойынша жүргізілген операциалар ҚР ұйымдарында теңгемен есепке алынады шетел валютасын нарықтық бағам бойынша теңгеге аудару арқылы.

Мысал. Банктегі ағымдағы шотқа шетелдік валютадағы ақша қаражаты тускен аванс ретінде шетелдік сатып алушысынан 100 000 рубль. Сол күнгі нарықтық бағам 1рубльге 4-00 тенге. Тускен ақшаның есепке алу құны болады 400 000 тенге (100 000х4).

1032 «Ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары» шотында операциялар келесідей корреспонденциялар бойынша есепке алынады.

Ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасындағы ақша қаражаттарының есебі

Рет №

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

Ағымдағы банктік шотқа шетел валютасы түскенде:

Сатылған өнімдер, товарлар, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін төлемдер

1032

1210

2

Ұйымның кассасынан түскен шетел валютасындағы ақша

1032

1012

3

Шетел құрылтайшысынан ұйымның жарғылық капиталына салымы

1032

5110

4

Шетел валютасындағы алынған несие

1032

3010,4010

5

Шетел сатып алушылардан аванстар алу

1032

3510,4410

Ағымдағы банктік шоттан шетел валютасы жұмсалғанда:

6

Шетелдік ұйымдарға аванстар аударылған

1610,2910

1032

7

Ұйымның кассасына шетел валютасы берілген

1012

1032

8

Шетел жеткізушілеріне міндеттемелер өтелгенде

3310

1032

9

Шетел валютасында алынған міндеттемелерді өтеу

3010,4010

1032

10

Банк көшірмесін тексерген кезде анықталған қателерге:

  • қате есепке алынған сомаларға

  • қате есептен шығарылған сомаларға

1032

1280

3390

1032

Егер ұйым бірнеше шетел валютасымен операциялар жүргізетін болса , әр валюта бойынша талдау есепті арнайы валюталық карточкада ұйымдасты-рады. Ай сайын әр валютаға жеке валюталық карточка ашылады. Онда банк көшірмесі арқылы шетел валютаның қозғалысы мен қалдығы екі (шетел, ұлттық) валютада бухгалтерлік корреспонденциялар бойынша көрсетіледі. Ай соңында валюталық карточкада жазылған операциалардың жиынтығы есеп шоттар бойынша шығарылады және ай соңына шетел валютадағы ақша қалдығы есептеледі. Сол қалдыққа бағамдық айырма шығарылып (+,-) оған корреспонденция беріледі де, сомасы валюталық карточкаға жазылады. Содан кейін шетел валютасының ай соңына қалддығы шетел және тенгемен көрсетіледі. 1032 «Ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары» шоты бойынша синтетикалық және талдау есебі №2 журнал – ордерде және оның ведомосінде жүргізіледі. №2 журнал – ордерде және оның ведомосінде жазулар тек қана функционалдық (ұлттық) валютамен жүргізіледі.

Валюталық карточка

Валюта түрі- АҚШ доллары 1.01 қалдық 10 000 доллар. Сомасы 1 200 000 тенге

5

Дата

Курс

валюты

в тг

1032 шоттың дебеті басқа шоттар

кредитінен

Дебетің барлығы

1032 шоттың кредиті басқа шоттар

дебетінен

Кредитің барлығы

Қалдық

1210

3510

6250

$

Сома, тг

3310

1012

7430

$

Сома, тг

$

Сома, тг

$

тенге

$

тенге

тенге

$

тенге

$

тенге

тенге

1.01

120

50000

5 800000

200 000

50000

6000000

-

-

60000

7200000

5.01

121

20000

2420000

20000

2420000

-

-

80000

9620000

16.01

122

-

-

40000

4800000

80000

40000

4880000

40000

4740000

25.01

124

-

-

10000

1240000

10000

1240000

30000

3500000

31.01

125

250 000

-

250 000

-

30000

3750000

Барлығы

50000

5800000

20000

2420000

450000

70000

8670000

40000

4800000

10000

1240000

80 000

50000

6120000

30000

3750000

Ай соңындағы шетел валютасының қалдығы 30000 доллар.

Оның есептегі құны-3 500 000 тенге.

Ай соңындағы бағам бойынша құны 30 000х125= 3 750 000 тенге

Ай соңындағы қалдыққа есептелген бағам айырмасы 3 750 000 -3 500 000 =250 000 тенге

Бағам айырмасын есепке алу керек келесі корреспонденция бойынша:

Дебет 1032 250000

Кредит 6250 250000